ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 27-бабының 2 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 2-бабының 2) тармақшасы негізінде Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы № 31/3-VI "Тіркелген салық мөлшерлемелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-191 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 шілдеде жарияланған) шешімі;
2) Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 5 наурыздағы № 41/4-VI "Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы № 31/3-VI "Тіркелген салық мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5783 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 20 наурызда жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | О. Тлеукенов |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | А. Светаш |