Тіркелген салық мөлшерлемелері туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы № 31/3-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2018 жылғы 10 шілдеде № 5-1-191 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 52/12-VІ шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 23.12.2019 № 52/12-VI шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 546-бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Өскемен қаласының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері белгіленсін.

      2. "Тіркелген салық ставкалары туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы № 13/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-103 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 12 наурызда "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессияс төрағасы Ю. Миронова
      Қалалық маслихаттың хатшысы А. Светаш

  Өскемен қалалық мәслихатының
2018 жылғы 22 маусымдағы
№ 31/3 -VI шешіміне қосымша

Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 05.03.2019 № 41/4-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіштермен)

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

12

Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

12

Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1,7

Ойын жолы

22,5

Карт

2,1

Бильярд үстелі

8

Уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті

12


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады