Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 23.12.2019 № 52/12-VI шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 546-бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Өскемен қалалық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы № 31/3-VI "Тіркелген салық мөлшерлемелері туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-191 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 шілдеде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Бахыт |
Қалалық маслихаттың хатшысы | А. Светаш |
Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 5 наурыздағы № 41/4-VI шешіміне қосымша |
|
Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 22 маусымдағы № 31/3-VI шешіміне қосымша |
Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері
Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың мөлшерлемесі (айлық есептік көрсеткіштермен) |
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 12 |
Бiреуден көп ойыншының қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 12 |
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер | 1,7 |
Ойын жолы | 22,5 |
Карт | 2,1 |
Бильярд үстелі | 8 |
Уәкілетті ұйымның елді мекенде орналасқан айырбастау пункті | 12 |