Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 28.06.2024 № 28/153-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 505-бабына, 509-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Семей қаласы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемесі бойынша салық салынатын Семей қаласы бойынша автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлер үшін базалық салықтық мөлшерлемесі автотұрақтардың (паркингтердің) санатына байланысты осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.
3. Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген басқа санаттардағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын жақын орналасқан елді мекен болып Семей қаласы айқындалсын.
4. Семей қаласы мәслихатының 2011 жылғы 24 маусымдағы № 38/260-ІV "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 27 шілдедегі № 5-2-146 болып тіркелген, 2011 жылғы 6 қыркүйектегі № 62 "Семей Таңы" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының | |
төрағасы | Р. Хазипов |
Қалалық мәслихаттың | |
хатшысы | Б. Ақжалов |
2019 жылғы 22 сәуірдегі № 37/257-VI шешiмге 1-қосымша |
Автотұрақтар (паркингтер) санаттары
№№ | Автотұрақтар (паркингтер) түрлері | Санаттар |
1. | Жабық үлгідегі жерүсті автотұрақтар (паркингтерге), ашық үлгідегі автотұрақтар (паркингтерге) | 1-санат |
2. | Өзге мақсаттағы ғимараттарға жапсарлай салынған автотұрақтар (паркингтерге), өзге мақсаттағы ғимараттарға кіріктірілген автотұрақтар (паркингтерге) | 2-санат |
3. | Ғимараттардың астында жерасты, жертөле, цоколь немесе жерүсті төменгі қабаттарда орналасқан автотұрақтар (паркингтерге) | 3-санат |
2019 жылғы 22 сәуірдегі № 37/257-VI шешiмге 2-қосымша |
Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері
№№ | Автотұрақтар (паркингтер) санаттары | Алаңның бір шаршы метріне есептегенде автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге) | Базалық мөлшерлемелердің ұлғаюы |
1. | 1-санат | 8,20 | 10 есе |
2. | 2-санат | 8,20 | 9 есе |
3. | 3-санат | 8,20 | 8 есе |