Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 505-бабына, 509-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес, Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Семей қаласы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жеріне арналған базалық салықтық мөлшерлемесі бойынша салық салынатын Семей қаласы бойынша автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлер үшін базалық салықтық мөлшерлемесі автотұрақтардың (паркингтердің) санатына байланысты осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.
3. Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген басқа санаттардағы жерлерге салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелері қолданылатын жақын орналасқан елді мекен болып Семей қаласы айқындалсын.
4. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 37/257-VI "Семей қаласы бойынша автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5931 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласы мәслихатының төрағасы | |
Д. Шакаримов |
Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 28/153- VIII шешіміне 1 - қосымша |
Автотұрақтар (паркингтер) санаттары
№ | Автотұрақтар (паркингтер) түрлері | Категории |
1 | Жабық үлгідегі жерүсті автотұрақтар (паркингтерге), ашық үлгідегі автотұрақтар (паркингтерге) | 1-санат |
2 | Өзге мақсаттағы ғимараттарға жапсарлай салынған автотұрақтар (паркингтерге), өзге мақсаттағы ғимараттарға кіріктірілген автотұрақтар (паркингтерге) | 2-санат |
3 | Ғимараттардың астында жерасты, жертөле, цоколь немесе жерүсті төменгі қабаттарда орналасқан автотұрақтар (паркингтерге) | 3-санат |
Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 28/153- VIII шешіміне 2 - қосымша |
Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері
№ | Автотұрақтар (паркингтер) санаттары | Алаңның бір шаршы метріне есептегенде автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салықтық мөлшерлемелер (теңге) | Базалық мөлшерлемелердің ұлғаюы |
1 | 1-санат | 8,68 | 10 есе |
2 | 2-санат | 8,68 | 9 есе |
3 | 3-санат | 8,68 | 8 есе |