Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2011 жылғы 24 маусымдағы N 38/260-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2011 жылғы 27 шілдеде N 5-2-146 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 37/257-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 22.04.2019 № 37/257-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" кодексінің 381 бабына, 386 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мелекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Автотұрақтар (паркингтер) санаттары автотұрақтың түріне қарай 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген қала жерлеріне салынатын 8,2 теңге мөлшерінде белгіленген базалық салық ставкасы автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына қарай 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.

      3. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Семей қаласына жататын басқа санаттағы жерлерге салынатын салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық ставкасы қолданылатын жақын жатқан елді мекен Семей қаласы ретінде анықталсын.

      4. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қалалық мәслихат


сессиясының төрағасы

Р. Хазипов



Қалалық мәслихаттың хатшысы

Қ. Мирашев


  2011 жылғы 24 маусымдағы
№ 38/260-IV шешімге
1-қосымша

Семей қаласы бойынша автотұрақтың түріне қарай автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

п/п

Автотұрақтардың түрлері

Санаттары

1.

Жер үсті жабық түрдегі автотұрақтар, ашық түрдегі автотұрақтар

1-санат

2.

Пандусы (рампасы) бар автотұрақтар

2-санат

3.

Механикаландырылған автотұрақтар

3-санат


      Қалалық мәслихаттың хатшысы Қ. Мирашев

  2011 жылғы 24 маусымдағы
№ 38/260-IV шешімге
2-қосымша

Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге салынатын салық ставкасын автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына қарай ұлғайту туралы

п/п

Автотұрақтардың санаттары

салық ставкасын ұлғайту мөлшері

1.

1-санат

10 есе

2.

2-санат

9 есе

3.

3-санат

8 есе


      Қалалық мәслихаттың хатшысы Қ. Мирашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады