Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 36/2-VІ шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 маусымда № 6031 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 қарашадағы № 10/17-VIII шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 29.11.2023 № 10/17-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Абай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы, мәслихат хатшысы Е. Лдибаев

  Абай аудандық мәслихатының
2019 жылғы 18 маусымдағы
№ 36/2-VI шешімімен
бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 05.10.2022 № 28/6-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірдегі қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Абай ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Шығыс Қазақстан облысының статистика органы есептейтін, мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – "Абай облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді – Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 27.04.2023 № 2/9-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай түрде көрсетілетін көмек түсініледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.

      5.Осы Қағидалар Абай ауданының аумағында тіркелген адамдарға қолданылады.

      6.Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 10 бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12 -бабының 2) тармақшасында, 13- бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға, әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

2 тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Мерекелік күндерге әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына ақшалай төлемдер түрінде бір рет көрсетіледі:

      1) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, көпбалалы отбасыларға – 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде.

      2) Жеңіс күні – 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға – 1 500000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына– 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға– 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға– 50 000(елу мың) теңгемөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы) – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға– 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдар және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына– 70 000 (жетпіс мың) теңге мөлшерінде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 100 000 (жүзмың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде немесе майданда болуына байланысты жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшірлерге– 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      1986–1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына–100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде.

      3) Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан:

      саяси қуғын-сүргіндер құрбандары, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккен адамдарға – 13 000 (он үш мың) теңге мөлшерінде.

      4) Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 30 тамыз:

      1 топтағы мүгедектігі бар адамдарға және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне) – 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді – Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 27.04.2023 № 2/9-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      8. Әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайда деп танылған мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі:

      1) өмірлік қиын жағдайда деп танылған тұлғалар (отбасыларға) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінің екі еселенген шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы ескеріле отырып бір рет көрсетіледі, келесі негіздер бойынша:

      жетімдік;

      ата-ана қамқорлығының болмауы;

      кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық;

      кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;

      туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі;

      дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;

      әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі;

      жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы салдарынан және (немесе) мүгедектігі бар адамдар өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау;

      баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы;

      пробация қызметінің есебінде болу;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) пайда болу орны бойынша өмірлік қиын жағдайда қалған сәтінен бастап үш ай ішінде жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай бір рет беріледі.

      Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды.

      Өмірлік қиын жағдай туындаған кезеңде берілетін әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      9. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      10. Мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне Үлгілік Қағидалардың 13-тармағына сәйкес құжаттардың тізбесін қоса бере отырып өтініш ұсынады.

      11. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру аудан бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүргізіледі.

      12. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

3 тарау. Қорытынды ереже

      13. Әлеуметтiк көмек ұсынудың мониторингiсі және оларға есеп жүргізуді уәкiлеттi орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.

  Абай аудандық мәслихатының
2019 жылғы 18 маусымдағы
№ 36/2-VІ шешіміне қосымша

Абай аудандық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 шілдедегі № 22/5-V "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 14 тамыздағы № 3455 болып тіркелген, 2014 жылғы 25-31 тамыздағы "Абай елі" газетінде жарияланған) шешімі;

      2. Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 шілдедегі № 29/5-V "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 шілдедегі № 22/5-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 27 шілде № 4063 болып тіркелген, 2015 жылғы 15-23 тамыздағы "Абай елі" газетінде жарияланған) шешімі;

      3. Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 қазандағы № 31/5-V "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 шілдедегі № 22/5-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 30 қазанда № 4207 болып тіркелген, 2015 жылғы 19-30 қарашада "Абай елі" газетінде жарияланған) шешімі;

      4. Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 маусымдағы № 3/6-VІ "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 шілдедегі № 22/5-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 8 шілде № 4594 болып тіркелген, 2016 жылғы 16-23 шілдеде "Абай елі" газетінде жарияланған) шешімі;

      5. Абай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 12/5-VІ "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 шілдедегі № 22/5-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылы 5 шілдеде № 5113 болып тіркелген, 2017 жылғы 15-22 шілдеде "Абай елі" газетінде жарияланған) шешімі;

      6. Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 22/8-VІ "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 шілдедегі № 22/5-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылы 19 сәуірдегі № 5-5-143 болып тіркелген, 2018 жылғы 1-7 мамырдағы "Абай елі" газетінде жарияланған) шешімі.

"Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан"

Решение маслихата Абайского района Восточно-Казахстанской области от 18 июня 2019 года № 36/2-VІ. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 24 июня 2019 года № 6031. Утратило силу решением Абайского районного маслихата области Абай от 29 ноября 2023 года № 10/17-VIII

      Сноска. Утратило силу решением Абайского районного маслихата области Абай от 29.11.2023 № 10/17-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Абайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Абайского районного маслихата согласно приложению к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии, секретарь маслихата Е. Лдибаев

  Утверждены решением
Абайского районного маслихата
от 18 июня 2019 года
№ 36/2-VI

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан

      Сноска. Правила в редакции решения Абайского районного маслихата области Абай от 05.10.2022 № 28/6-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее - Правила) разработаны в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее – Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления размеров и перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – уполномоченная организация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения;

      2) специальная комиссия - комиссия, создаваемая решением акима Абайского района, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;

      3) прожиточный минимум - необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемый органами статистики области Абай;

      4) праздничные дни - дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      5) среднедушевой доход семьи (гражданина) - доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      6) трудная жизненная ситуация - ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;

      7) уполномоченный орган - государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Абайского района области Абай";

      8) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решением акимов соответствующих административно - территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью, и подготовки заключений;

      9) предельный размер -утвержденный максимальный размер социальной помощи.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными решений Абайского районного маслихата области Абай от 27.04.2023 № 2/9-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 12.07.2023 № 4/13-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом в денежной форме отдельным категориям нуждающихся граждан в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к праздничным дням.

      4. Социальная помощь предоставляется единовременно и (или) периодически (ежемесячно).

      5. Настоящие Правила распространяются на лиц, зарегистрированных на территории Абайского района.

      6. Лицам, указанным в статьях 16, 20 Закона Республики Казахстан "О социальной защите лиц с инвалидностью в Республике Казахстан" и в подпункте 2) статьи 10, в подпункте 2) статьи 11, в подпункте 2) статьи 12, в подпункте 2) статьи 13, статьи 17 Закона Республики Казахстан "О ветеранах", социальная помощь оказывается в порядке, предусмотренном настоящими Правилами.

      Сноска. Пункт 6 с изменением, внесенным решением Абайского районного маслихата области Абай от 12.07.2023 № 4/13-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи и установления размеров социальной помощи

      7. Социальная помощь к праздничным дням оказывается единовременно, в виде денежных выплат следующим категориям граждан:

      1) Международный женский день – 8 марта:

      многодетным матерям, награжденным подвесками "Алтын алқа", "Күміс алқа", или получившим ранее звание "Мать-героиня", а также награжденным орденами "Материнская слава" I и II степени, многодетным семьям –в размере 15000 (пятнадцать тысяч) тенге.

      2) День Победы - 9 мая:

      ветеранам Великой Отечественной войны – в размере 1 500 000 (один миллион пятьсот тясыч) тенге;

      несовершеннолетним узникам концлагерей, гетто и других мест принудительного содержания, созданных фашистами и их союзниками в период Второй мировой войны– в размере 100 000 (сто тысяч) тенге;

      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее – Союза ССР) за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны– в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны– в размере 70 000 (семьдесят тысяч) тенге;

      супруге (супругу) умершего лица с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, или лица, приравненного по льготам к лицам с инвалидностью вследствие ранения, контузии, увечья или заболевания, полученных в период Великой Отечественной войны, а также супруге (супругу) умершего участника Великой Отечественной войны, партизана, подпольщика, гражданина, награжденного медалью "За оборону Ленинграда" или знаком "Жителю блокадного Ленинграда", признававшихся лицами с инвалидностью в результате общего заболевания, трудового увечья и других причин (за исключением противоправных), которые не вступали в повторный брак;– в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях – в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам, из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988 – 1989 годах, эвакуированным (самостоятельно выехавшим) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии – в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      лицам, которым инвалидность установлена вследствие катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции и других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, ядерных испытаний, и их дети, инвалидность которых генетически связана с радиационным облучением одного из родителей – в размере 70000 (семьдесят тысяч) тенге;

      военнообязанным, призывавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий – в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим автомобильных батальонов, направлявшимся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий – в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим летного состава, совершавшим вылеты на боевые задания в Афганистане с территории бывшего Союза ССР – в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      рабочим и служащим, обслуживавшим советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья, либо награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий – в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшим задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке в период с сентября 1992 года по февраль 2001 года – в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      военнослужащим, которым инвалидность установлена вследствие ранения, контузии, увечья, полученных при защите бывшего Союза ССР, исполнении иных обязанностей воинской службы в другие периоды или вследствие заболевания, связанного с пребыванием на фронте, а также при прохождении воинской службы в Афганистане или других государствах, в которых велись боевые действия – в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      семьям военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане или в других государствах, в которых велись боевые действия – в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      "военнослужащим, а также лица начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшие участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе - в размере 150 000 (сто пятьдесят тысяч) тенге;

      3) День Независимости -16 декабря:

      жертвам политических репрессий, лицам, пострадавшим от политических репрессий, имеющим инвалидность или являющимся пенсионерами – в размере 13000 (тринадцать тысяч) тенге;

      лицам подвергшимся репрессиям за участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, за исключением лиц, осужденных за совершение умышленных убийств и посягательство на жизнь работника милиции, народного дружинника в этих событиях, в отношении которых сохраняется действующий порядок пересмотра уголовных дел- в размере 200 000 (двесте тысяч) тенге;

      4) День Конституции Республики Казахстан -30 августа:

      лицам с инвалидностью первой группы и детям с инвалидностью в возрасте до 18 лет (одному из родителей или иным законным представителям детей с инвалидностью) - в размере 15 000 (пятнадцать тысяч) тенге;

      единовременная социальная помощь лицам, сопровождающим лиц с инвалидностью первой группы и ребенка с инвалидностью на санаторно-курортное лечение, предоставляется без учета среднедушевого дохода в размере семидесяти процентов от гарантированной суммы, предоставляемой в качестве возмещения стоимости санаторно-курортного лечения, определяемой уполномоченным органом в области социальной защиты населения на основании заявления с приложением документов, предусмотренных пунктом 13 Типовых правил.

      Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенными решений Абайского районного маслихата области Абай от 27.04.2023 № 2/9-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 12.07.2023 № 4/13-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Социальная помощь оказывается отдельным категориям нуждающихся граждан, оказавшимся в трудной жизненной ситуации единовременно и (или) периодически (ежемесячно):

      1. Лицо (семья) может быть признано находящимся в трудной жизненной ситуации по следующим основаниям:

      сиротство;

      отсутствие родительского попечения;

      безнадзорность несовершеннолетних, в том числе девиантное поведение;

      нахождение несовершеннолетних в специальных организациях образования, организациях образования с особым режимом содержания;

      ограничение возможностей раннего психофизического развития детей от рождения до трех лет;

      стойкие нарушения функций организма, обусловленные физическими и (или) умственными возможностями;

      ограничение жизнедеятельности вследствие социально значимых заболеваний и заболеваний, представляющих опасность для окружающих;

      неспособность к самообслуживанию в связи с преклонным возрастом, вследствие перенесенной болезни и (или) лиц с инвалидностью;

      жестокое обращение, приведшее к социальной дезадаптации и социальной депривации;

      бездомность (лица без определенного места жительства);

      освобождение из мест лишения свободы;

      нахождение на учете службы пробации;

      2) гражданам (семьям), пострадавшим вследствие стихийного бедствия или пожара по месту возникновения стихийного бедствия или пожара, в течение трех месяцев с момента наступления данной ситуации, предоставляется единовременно без учета среднедушевого дохода.

      Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия.

      Предельный размер социальной помощи оказываемой при трудной жизненной ситуации, составляет 100 (сто) месячных расчетных показателей.

      Сноска. Пункт 8 с изменением, внесенным решением Абайского районного маслихата области Абай от 12.07.2023 № 4/13-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Порядок оказания социальной помощи, основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи определяется согласно Типовым правилам.

      10. Социальная помощь к праздничным дням оказывается по списку, утверждаемому местным исполнительным органом по представлению уполномоченной организации либо иных организаций без истребования заявлений от получателей.

      Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи в уполномоченный орган или акиму сельского округа представляет заявление с приложением перечня документов согласно пункту 13 Типовых правил.

      11. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом района на текущий финансовый год.

      12. Социальная помощь предоставляется в денежной форме через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций, путем перечисления на счета получателей.

Глава 3. Заключительное положение

      13. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".

  Приложение к решению
Абайского районного маслихата
от 18 июня 2019 года № 36/2-VI

Перечень утративших силу некоторых решений Абайского районного маслихата

      1. Решение Абайского районного маслихата от 22 июля 2014 года № 22/5-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 14 августа 2014 года за № 3455, опубликовано в газете "Абай елі" от 25-31 августа 2014 года);

      2. Решение Абайского районного маслихата от 13 июля 2015 года № 29/5-V "О внесении изменения в решение Абайского районного маслихата от 22 июля 2014 года № 22/5-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 27 июля 2015 года за № 4063, опубликовано в газете "Абай елі" от 15-23 августа 2015 года);

      3. Решение Абайского районного маслихата от 20 октября 2015 года № 31/5-V "О внесении изменения в решение Абайского районного маслихата от 22 июля 2014 года № 22/5-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 30 октября 2015 года за № 4207, опубликовано в газете "Абай елі" от 19-30 ноября 2015 года);

      4. Решение Абайского районного маслихата от 17 июня 2016 года № 3/6-VІ "О внесении изменения в решение Абайского районного маслихата от 22 июля 2014 года № 22/5-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 8 июля 2016 года за № 4594, опубликовано в газете "Абай елі" от 16-23 июля 2016 года);

      5. Решение Абайского районного маслихата от 26 июня 2017 года № 12/5-VІ "О внесении изменений в решение Абайского районного маслихата от 22 июля 2014 года № 22/5-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 5 июля2017 года за № 5113, опубликовано в газете "Абай елі" от 15-22 июля 2017 года);

      6. Решение Абайского районного маслихата от 28 марта 2018 года № 22/8-VІ "О внесении изменения в решение Абайского районного маслихата от 22 июля 2014 года № 22/5-V "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 19 апреля 2018 года за № 5-5-143, опубликовано в газете "Абай елі" от 1-7 мая 2018 года).