Абай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 маусымдағы № 36/2-VI "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 2/9-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 5 мамырда № 64-18 болып тіркелді. Күші жойылды - Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 қарашадағы № 10/17-VIII шешімі

      Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Абай аудандық мәслихатының 29.11.2023 № 10/17-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Абай аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы18 маусымдағы № 36/2-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6031 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      2 тармақтың 3) , 9)тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Шығыс Қазақстан облысының статистика органы есептейтін, мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;";

      "9) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.";

      7 тармақтың 2) тармақшасының бірінші және төртінші абзацтары жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдарға – 1 500000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;";

      "1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға– 50 000(елу мың) теңгемөлшерінде;";

      7 тармақтың 2) тармақшасы он алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "1986–1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына–100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде.";

      7 тармақ 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының Конституциясы күні – 30 тамыз:

      1 топтағы мүгедектігі бар адамдарға және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне) – 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерінде.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға
      М. Нұрсұлтанұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады