Ескерту. Күші жойылды – Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 18.11.2019 № 40/326-VI (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)-тармақшасына және 7-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 409 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларына өзгерістер енгізілгендіктен, Жарма аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 9/73-VI "Жарма ауданыны бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарын көму тарифтерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4846 болып тіркелген) шешімі, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкестеу және Жарма аудандық мәслихатының сессиясында оның қабылдануына дейін қолданылуы тоқтата тұрылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | М. Абдрахманов |
Мәслихат хатшысы | А. Сахметжанова |