Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы №3-2/615 "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10087 тіркелді) бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі бекітілсін.
2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 маусымдағы №182 "Сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4843 тіркелген, 2017 жылы 30 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.Есенғалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Сатқановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Г. Искалиев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 205 қаулысымен бектілген |
Сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі
Ескерту. Норматив жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.07.2024 № 178 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Ф | Ауыл шаруашылық өнімінің атауы | Тереңдете өңделген өнімнің атауы | Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативі, теңге/килограмм |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Сүт | Сары май | 30,4 |