Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № 28-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 қыркүйекте № 5776 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 38-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 30.09.2020 № 38-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4643 тіркелген, 2017 жылғы 12 қаңтарда "Орал өңірі" газетінде жарияланған), мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен қосымша берілетін дәрілік заттар мен мамандандырылған емдік өнімдер":

      реттік нөмірі 11 – жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11.

Крон ауруы

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша орташа ауыр немесе ауыр дәрежедегі ауруында

Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді;
Устекинумаб, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат, алдын ала толтырылған шприцте инъекцияға арналған ерітінді

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері редакциядағы 13, 14, 15, 16, 17, 18 – жолдармен толықтырылсын:

      "

13

Созылмалы С вирустық гепатиті

Диспансерлік есепте тұрған балалар

Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі

Софосбувир +Ледипасвир, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

14

Гемотологиялық аурулар, гемобластоза және апластикалық анемияны қоса алғанда

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Верификацияланған диагнозда ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері

Третиноин, капсулалар; Элтромбопаг, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар; Бендамустин, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ;
Руксолитиниб, таблеткалар

15.

Қан ұю факторларының тұқым қуалаушылық тапшылығы

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша

Қан ұюының VIII факторы және Виллебранд факторы вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған құтыдағы лиофилизат

16

Аяқталмаған остеогенез

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Туа біткен аномалия (қан ақаулары), қисаю және хромосомдық бұзылыстар

Ибандрон қышқылы, қабықпен қапталған таблеткалар, көктамыр ішіне инъекцияға арналған ерітінді;
Памидрон қышқылы, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат

17

Идиопатиялық өкпенің фиброзы

Диспансерлік есепте тұрған ересектер

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша

Пирфенидон, капсулалар;
Нинтеданиб, капсулалар

18

Жүректің ишемиялық аурулары

Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар

Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша

Ривароксабан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

      ".

      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

О внесении изменения и дополнения в решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 9 декабря 2016 года № 8-9 "О дополнительном предоставлении лекарственных средств и специализированных лечебных продуктов отдельным категориям граждан при амбулаторном лечении бесплатно и на льготных условиях"

Решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 28 августа 2019 года № 28-5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 3 сентября 2019 года № 5776. Утратило силу решением Западно-Казахстанского областного маслихата от 30 сентября 2020 года № 38-3

      Сноска. Утратило силу решением Западно-Казахстанского областного маслихата от 30.09.2020 № 38-3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" от 18 сентября 2009 года и Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 9 декабря 2016 года № 8-9 "О дополнительном предоставлении лекарственных средств и специализированных лечебных продуктов отдельным категориям граждан при амбулаторном лечении бесплатно и на льготных условиях" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4643, опубликованное 12 января 2017 года в газете "Приуралье") следующие изменение и дополнение:

      в приложении к указанному решению "Дополнительно предоставляемые лекарственные средства и специализированные лечебные продукты отдельным категориям граждан при амбулаторном лечении бесплатно и на льготных условиях":

      строку, порядковый номер 11 изложить в следующей редакции:

      "

11.

Болезнь Крона

Все категории, состоящие на диспансерном учете

При средней или высокой степени активности по решению врачебно-консультативной комиссии медицинской организации с участием профильных специалистов

Адалимумаб, раствор для инъекций;
Устекинумаб, концентрат для приготовления раствора для инфузий, раствор для инъекций предварительно заполненных шприцах

      ";

      дополнить строками, порядковые номера 13, 14, 15, 16, 17, 18 следующего содержания:

      "

13

Хронический вирусный гепатит С

Дети, состоящие на диспансерном учете

Все стадии и степени тяжести

Софосбувир +Ледипасвир, таблетки, покрытые пленочной оболочкой

14

Гематологические заболевания, включая гемобластозы и апластическую анемию

Все категории, состоящие на диспансерном учете

Все стадии и степени тяжести при верифицированном диагнозе

Третиноин, капсулы; Элтромбопаг, таблетки, покрытые пленочной оболочкой; Бендамустин, порошок лиофилизированный для приготовления концентрата для приготовления раствора для инфузий;
Руксолитиниб, таблетки

15.

Наследственные дефициты факторов свертывания крови

Все категории, состоящие на диспансерном учете

По решению врачебно-консультативной комиссии медицинской организации с участием профильных специалистов

Фактор свертывания крови VIII и фактор Виллебранда лиофилизат для приготовления раствора для внутривенного введения во флаконе

16

Незавершенный остеогенез

Все категории, состоящие на диспансерном учете

Врожденные аномалии (пороки крови), деформации и хромосомные нарушения

Ибандроновая кислота, таблетки, покрытые пленочной оболочкой, раствор для внутривенных инъекций;
Памидроновая кислота, концентрат для приготовления раствора для инфузий

17

Идиопатический легочный фиброз

Взрослые, состоящие на диспансерном учете

По решению врачебно-консультативной комиссии медицинской организации с участием профильных специалистов

Пирфенидон, капсулы;
Нинтеданиб, капсулы

18

Ишемическая болезнь сердца

Все категории, состоящие на диспансерном учете

По решению врачебно-консультативной комиссии медицинской организации с участием профильных специалистов

Ривароксабан, таблетки, покрытые пленочной оболочкой

      ".

      2. Руководителю аппарата областного маслихата (А.Султанов) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      3. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.