Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 30.09.2020 № 38-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 8-9 "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4643 тіркелген, 2017 жылғы 12 қаңтарда "Орал өңірі" газетінде жарияланған), мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында "Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен қосымша берілетін дәрілік заттар мен мамандандырылған емдік өнімдер":
реттік нөмірі 11 – жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"
11. | Крон ауруы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша орташа ауыр немесе ауыр дәрежедегі ауруында |
Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді; |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері редакциядағы 13, 14, 15, 16, 17, 18 – жолдармен толықтырылсын:
"
13 | Созылмалы С вирустық гепатиті | Диспансерлік есепте тұрған балалар | Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі | Софосбувир +Ледипасвир, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар |
14 | Гемотологиялық аурулар, гемобластоза және апластикалық анемияны қоса алғанда | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Верификацияланған диагнозда ауыртпалықтың барлық сатылары мен дәрежелері |
Третиноин, капсулалар; Элтромбопаг, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар; Бендамустин, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат дайындауға арналған лиофилизацияланған ұнтақ; |
15. | Қан ұю факторларының тұқым қуалаушылық тапшылығы | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша | Қан ұюының VIII факторы және Виллебранд факторы вена ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған құтыдағы лиофилизат |
16 | Аяқталмаған остеогенез | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Туа біткен аномалия (қан ақаулары), қисаю және хромосомдық бұзылыстар |
Ибандрон қышқылы, қабықпен қапталған таблеткалар, көктамыр ішіне инъекцияға арналған ерітінді; |
17 | Идиопатиялық өкпенің фиброзы | Диспансерлік есепте тұрған ересектер | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша |
Пирфенидон, капсулалар; |
18 | Жүректің ишемиялық аурулары | Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар | Бейінді мамандардың қатысуымен медициналық ұйымдардың дәрігерлік-консультациялық комиссиясының шешімі бойынша | Ривароксабан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар |
".
2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.