Батыс Қазақстан облысы аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № 28-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 қыркүйекте № 5778 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 12 қазандағы № 14-7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 12.10.2022 № 14-7 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидалары бекітілсін.

      2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 23 қаңтардағы №22-4 "Батыс Қазақстан облысының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде №3826 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 наурыздағы "Орал өңірі" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының 2019 жылғы
28 тамыздағы №28-2 шешімімен
бекітілген

Батыс Қазақстан облысының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Батыс Қазақстан облысының аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидалары (бұдан әрі–қағидалар) Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінің аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету тәртібін белгілейді.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңдарына сәйкес дайындалды.

      3. Осы Қағидаларда келесі түсініктер қолданылады:

      1) ветеринария (ветеринария саласы) – жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы;

      2) ветеринариялық құжаттар – уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары беретін ветеринариялық сертификат; мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы, жануарға, жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;

      3) ветеринариялық паспорт – уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануарлардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетіледі;

      4) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік– жануарлардың саулығы, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың тағамдық қауіпсіздігі, аумақтың ветеринариялық-санитариялық салауаттылығы, халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілетін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің жай-күйі;

      5) ветеринариялық іс-шаралар – жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені;

      6) жануарлардың аса қауіпті аурулары– уәкілетті орган айқындайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына немесе өлуіне, үлкен әлеуметтік-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар аурулары;

      7) иттер мен мысықтарды бірдейлендіру жөніндегі дерекқор – иттер мен мысықтардың жеке нөмірі туралы, ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін мәліметтер базасы;

      8) ветеринарлық емхана – ветеринарлық емдеу-сауықтыру қызметімен және ауру жануарларға ветеринарлық көмек көрсетумен айналысатын ұйым;

      9) мемлекеттік ветеринариялық ұйым - жануарларға жұқпалы ауруларға қарсы екпе жүргізуді жүзеге асыратын және қаңғыбас жануарларды аулаумен айналысатын жергiлiктi атқарушы орган құрған ұйым;

      10) бірдейлендіруге арналған микрочип – жануардың жеке нөмірі туралы ақпараты бар тері астына енгізілетін электрондық микроқұрал

      11) қаңғыбас жануарлар – адамның қарауынсыз қалған немесе жартылай еркін топ болып құрылған, адамның қадағалауынсыз көбеюге қабілетті үй жануарлары.

      4. Осы Қағидалардың сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

2. Иттер мен мысықтарды тіркеу және күтіп ұстау тәртібі

      5. Батыс Қазақстан облысының аумағындағы барлық иттер мен мысықтар міндетті түрде иттер мен мысықтарды бірдейлендіру жөніндегі дерекқорында тіркеуге жатады.

      6. Тіркеу мемлекеттік ветеринариялық ұйымда немесе ветеринариялық емханада жүргізіледі.

      7. Мемлекеттік ветеринариялық ұйым немесе ветеринариялық емханада тіркелген үй жануарлары мен олардың иелері туралы ақпаратты иттер мен мысықтарды бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға енгізеді.

      8. Иттер мен мысықтарды тіркеу кезінде иесінің төлемі есебінен ветеринарлық паспорт беріледі.

      9. Тіркеу кезінде мемлекеттік ветеринариялық ұйымында немесе ветеринариялық емханада жануарға иесінің төлемі есебінен сәйкестендіру микрочипі енгізіледі. Барлық иттер мен мысықтар үшін чиптеу немесе таңба (татуировка) салу процедурасы міндетті болып табылады. Иесіз жануарлар жергілікті бюджет есебінен бірдейлендірілуге жатады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 09.12.2020 № 40-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Иттер мен мысықтарды тіркеу немесе қайта тіркеу кезінде иелері мынадай:

      1) иесі туралы мәлімет;

      2) иесінің нақты тұрғылықты мекен-жайы;

      3) иесінің байланыс нөмірі;

       4) жануардың лақап аты, жынысы, туылған күні, түсі, тұқымы;

      5) қажет болғанда, егер мұндай бар болса, жануардың шығу тегінің нөмірі туралы ақпаратты ұсынады.

      11. Иттер мен мысықтың иесі мемлекеттік ветеринариялық ұйымға немесе ветеринариялық емханаға Батыс Қазақстан облысының иттер мен мысықтарды бірдейлендіру жөніндегі дерекқорынан тіркеуден шығару үшін немесе қайта тіркеу үшін жануардың әкетілуі (сатылу, жоғалу, көшу, басқа бір адамға тапсырылу) туралы хабарлауға міндетті.

      12. Үй жануарын жансыздандыру (эвтаназия) кезінде немесе өліп қалған жағдайда ветеринарлық паспорт бұрын жануар тіркелген ұйымға тапсыруға жатады.

      13. Тіркелген ит пен мысық иесінің меншігі болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалады.

      14. Иттер мен мысықтардың иелері санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларды, сондай-ақ ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды және ветеринарлық нормативтерді сақтаулары қажет.

      15. Иттер мен мысықтарды жеке тұрғын үйлерде және көп қабатты тұрғын үйлердің пәтерлерінде ұстауға болады, алайда иттерді тұрғын үй-жайларда және көп пәтерлі тұрғын үйлерде ұстаған кезде иелерімен тыныштықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданылады.

      16. Иттер мен мысықтарды көпшілік пайдаланатын (ас үйлер, дәліздер, баспалдақ алаңдары, жертөлелер, үйдің шатырлары, лоджиялар, балкондар және басқа да қосалқы үй-жайлар) орындарда, көпқабатты үйлердің маңындағы аумақтарда және тұрғын үй-жайларда (жеке тұрғын үй қорындағы үйлердің маңындағы аумақтардан басқа), қонақ үйлер мен жатақхана дәліздерінде ұстауға болмайды.

      17. Қонақ үйлерде иттер мен мысықтар иелерінің әкімшіліктің келісуімен санитариялық-гигиеналық қағидаларды сақтай отырып, қоныстануға рұқсат беріледі.

      18. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына, сауда және өндірістік дүкендердің бөлмелеріне, мектепке дейінгі және білім мекемелеріне, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы ғимараттарға, сонымен қатар медициналық, емдеу-профилактикалық денсаулық сақтау мекемелеріне иттер мен мысықтарды әкелуге және ұстауға болмайды.

      19. Жеке тұрғын үй-жайлардың иелері иттерді олардың қашып кете алмайтын жеке қоныс шекарасында ұстауы тиіс, иттің бары жөнінде үй-жай ауласының кіреберісіндегі қақпада ескерту тақтасы болуы керек.

      20. Иттер мен мысықтардың қатысуымен көрмелер, жарыстар, аттракциондар мен өзге де іс-шаралар өткізуге тек ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның келісімі, жұқпалы ауруларға зертханалық өтуі, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қала немесе аудан әкімінің келісімі болған жағдайда жол беріледі.

      Осы аталған іс-шараларға ветеринариялық паспорты бар иттер мен мысықтар соңғы вакцинация мен дегельминтизациядан өткен уақыты туралы белгі болған жағдайда жіберіледі.

      21. Одан әрі ұстау мүмкіндігі болмаған жағдайда, иттер мен мысықтар басқа иесіне берілуі немесе қаңғыбас жануарларды ұстау мен аулауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымға тапсырылуы керек.

      22. Иттер мен мысықтардың иелері мынадай талаптарды сақтаулары тиіс:

      1) иттер мен мысықтарды осы қағидалар талаптарына сәйкес күтіп-ұстауды қамтамасыз етуі;

      2) айналасындағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап, санитариялық-эпидемиологиялық ережелер және нормаларды, сонымен қатар ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер және ветеринариялық нормативтерді сақтаулары;

      3) құтыру ауруына күдіктену ретінде қаралатын иттер мен мысықтардың адамдарды тістеген, сілекейлеген, тырнап алған барлық жағдайларды ветеринариялық және тиісті денсаулық сақтау мекемесіне дереу хабарлауы керек;

      4) жануардың кенеттен өлуі жағдайында, ауруға күдікті болып саналған ит пен мысықтарды ветеринарлық қызмет мамандарының келуіне дейін оқшауландырып немесе қоғамдық көліктерді пайдаланбай, шұғыл түрде жануарды ветеринариялық дәрігерге жеткізуі керек;

      5) иттер мен мысықтардың өлексесін мал қорымында жоюды ұйымдастыру бойынша шұғыл шаралар қолдану;

      6) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өздерінің иттері мен мысықтарын уақтылы вакцинациялануын және диагностикасын қамтамасыз ету керек.

      23. Көрсетілген инфекцияға қарсы иммунизация (вакцинация) процедураларын бұрын өтпеген иттер мен мысықтардың құтыру ауруының бекітілген фактілеріне күдіктенген жағдайда алып қоюға, қажет болған жағдайда жойылуға жатады.

      Адамдардың және жануарлардың денсаулығына аса қауіп төндіретін иттер мен мысықтарды алып қою және жою Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы №7-1/559 "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы"бұйрығымен бекітілген жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою не оларды алып қолмай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу қағидаларына(Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9891 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      Ит немесе мысық оның иелерінен егер де олар адамды қауып алған немесе тырнап алған жағдайда, жануардан адамға жұғатын аса қауіпті, жұқпалы және вирусты аурулардың барлығына зерттеу жүргізу үшін алынады.

      Егер жануар клиникалық сау болып танылған жағдайда, ол иесіне қайтарылады.

3. Иттер мен мысықтарды серуендету

      24. Иттер мен мысықтарды серуендеткен кезде, олардың иелері мынадай талаптарды сақтауы қажет:

      1) иттер мен мысықтарды аулаларда, балалар алаңдарында, мектепке дейінгі мекемелердің учаскелерінде, мектеп алаңдарында, емдеу-профилактикалық және медициналық денсаулық сақтау мекемелерінің аумақтарында, стадиондарда, саябақтарда, скверлерде серуендетпеуге. Егер иттер мен мысықтар подъездерде, баспалдақ алаңдарында, спорттық, балалар алаңдарында, газондарда, тротуарларда, саябақ және скверлер аумақтарында нәжісін қалдырған жағдайда, оны иттер мен мысықтар иелері дереу жинауы керек;

      2) адамдар көп жиналатын орындарда және басқа қоғамдық жерлерде иттерді қысқа тізгінде және тұмылдырықта ұстауы;

      3) адамдар аз жерлерде иттерді ұзын тізгінмен серуендетуге (иттердің декоративті түрлерінен басқалары) жол беріледі. Қоршалған серуендету орындарында, сонымен қатар алаңқайларда, адамдар жоқ кезде иттерді тізгіннен жіберуге рұқсат етіледі;

      4) иттер мен мысықтарды серуендеткен кезде (сағат 23.00-ден 6.00-ге дейін) олардың иелері жеке тұлғалардың демалысы мен тыныштығына кедергі туғызбай, тыныштықты сақтау шараларын қабылдауы қажет;

      5) мас күйдегі тұлғалар мен 16 жасқа толмаған балаларға иттерді серуендетуге және олармен қоғамдық жерлерде жүруге жол берілмейді;

      6) иттер мен мысықтарды жағажайларда серуендетуге, қоғамдық шомылу орындарында, тоғандарда, фонтандарда, су айдындарында және су бөгеттерінде шомылдыруға және жуындыруға жол берілмейді.

      25. Иттер автобустарда жинақтаушы алаңдарда тұмылдырық кигізілген және қысқа тізгінде тасымалданады. Декоративті түрдегі иттер мен мысықтарды сөмкелерде, арнайы торларда (тасымалдауға арналған контейнерлерде) немесе олардың нәжістерін жинап алатын ыдысы болған жағдайда қолға ұстап тасымалдауға болады. Ауру иттер мен мысықтарды қоғамдық көлікте тасуға жол берілмейді.

4. Қорытынды жағдайлар

      26 .Осы Қағидаларды бұзғаны үшін иттер мен мысықтардың иелері Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 408-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек на территории Западно-Казахстанской области

Решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 28 августа 2019 года № 28-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 3 сентября 2019 года № 5778. Утратило силу решением Западно-Казахстанского областного маслихата от 12 октября 2022 года № 14-7

      Сноска. Утратило силу решением Западно-Казахстанского областного маслихата Западно-Казахстанской области от 12.10.2022 № 14-7 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" от 5 июля 2014 года, Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, "О ветеринарии" от 10 июля 2002 года, Западно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила содержания и выгула собак и кошек на территории Западно-Казахстанской области.

      2. Признать утратившим силу решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 23 января 2015 года №22-4 "Об утверждении Правил содержания и выгула собак и кошек на территории Западно-Казахстанской области" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №3826, опубликованное 7 марта 2015 года в газете "Приуралье").

      3. Руководителю аппарата областного маслихата (А.Султанов) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

  Утверждены решением
Западно-Казахстанского
маслихата от 28 августа
2019 года №28-2

Правила содержания и выгула собак и кошек на территории
Западно-Казахстанской области

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила содержания и выгула собак и кошек на территории Западно-Казахстанской области (далее– Правила) определяют порядок содержания и выгула собак и кошек на территории Западно-Казахстанской области.

      2. Правила разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" от 5 июля 2014 года, Законами Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23января 2001 года, "О ветеринарии" от 10 июля 2002 года.

      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) ветеринария (область ветеринарии) – область специальных научных знаний и практической деятельности, направленная на изучение болезней и пищевых отравлений (поражений) животных, их профилактику, диагностику, лечение и ликвидацию, обеспечение соответствия объектов государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора требованиям законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии, а также защиту населения от болезней, общих для животных и человека;

      2) ветеринарные документы– ветеринарный сертификат, выдаваемый государственными ветеринарно-санитарными инспекторами города республиканского значения, столицы, района, города областного значения на объекты государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора; ветеринарно-санитарное заключение, выдаваемое государственными ветеринарными врачами; ветеринарная справка, выдаваемая специалистом в области ветеринарии государственных ветеринарных организаций, созданных местными исполнительными органами, на животное, продукцию и сырье животного происхождения, об эпизоотической ситуации на территории соответствующей административно-территориальной единицы, а также аттестованным ветеринарным врачом подразделения производственного контроля по определению соответствия животных, продукции и сырья животного происхождения ветеринарным нормативам в порядке, утвержденном уполномоченным органом;

      3) ветеринарный паспорт– документ установленной уполномоченным органом формы, в котором в целях учета животных указываются: владелец, вид, пол, масть, возраст животного;

      4) ветеринарно-санитарная безопасность–состояние объектов государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора, при котором обеспечиваются здоровье животных, пищевая безопасность продукции и сырья животного происхождения, ветеринарно-санитарное благополучие территории, защита населения от болезней, общих для животных и человека, а также соответствие объектов государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора требованиям законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии;

      5) ветеринарные мероприятия – комплекс противоэпизоотических, ветеринарно-санитарных процедур, направленных на предотвращение возникновения, распространения или ликвидацию болезней животных, включая их профилактику, лечение или диагностику; обезвреживание (обеззараживание), изъятие и уничтожение животных, зараженных особо опасными болезнями, представляющими опасность для здоровья животных и человека; повышение продуктивности животных; обеспечение безопасности продукции и сырья животного происхождения, кормов и кормовых добавок, включая идентификацию сельскохозяйственных животных, в целях защиты здоровья животных и человека от заразных болезней, в том числе общих для животных и человека;

      6) особо опасные болезни животных – болезни животных, сопровождающиеся быстрым или широким распространением, высокой заболеваемостью или летальностью животных, большим социально-экономическим ущербом, включая болезни, общие для животных и человека, определяемые уполномоченным органом;

      7) единая база идентификации собак и кошек – база данных, предусматривающая единую, многоуровневую систему регистрации данных об индивидуальном номере собак и кошек, о его ветеринарных обработках, а также данных о владельце собак и кошек.

      8) ветеринарная клиника – организация, занимающаяся ветеринарной лечебно-профилактической деятельностью и оказанием ветеринарной помощи больным животным;

      9) государственная ветеринарная организация – организация, созданная местным исполнительным органом, осуществляющая проведение вакцинации животных против заболеваний и занимающаяся отловом бродячих животных;

      10) идентификационный микрочип – электронный микроприбор, вживляемый под кожу животного, содержащий информацию об идентификационном номере животного;

      11) безнадзорные (бродячие) животные – домашние животные, оставшиеся без ухода человека или образовавшиеся полусвободные группировки, способные размножаться вне контроля человека.

      4. Контроль за соблюдением настоящих Правил осуществляют государственные органы, уполномоченные на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

2. Порядок регистрации и содержания собак и кошек

      5. Все собаки и кошки, на территории Западно-Казахстанской области, подлежат обязательной регистрации в единой базе идентификации собак и кошек.

      6. Регистрация производится в государственной ветеринарной организации или в ветеринарных клиниках.

      7. Государственная ветеринарная организация или ветеринарная клиника вносит информацию о зарегистрированных домашних животных и их владельцах в единую базу идентификации собак и кошек.

      8. При регистрации собак и кошек за счет оплаты владельца животного выдается ветеринарный паспорт.

      9) При регистрации в Государственной ветеринарной организации или ветеринарной клинике животному вводится идентификационный микрочип за счет владельца животного. Процедура чипирования или клеймения (нанесение татуировки) является обязательной для всех собак и кошек. Безнадзорные животные подлежат идентификации за счет местного бюджета.

      Сноска. Пункт 9 - в редакции решения Западно-Казахстанского областного маслихата от 09.12.2020 № 40-5 (вводится в действие с 01.01.2020).

      10. При регистрации или перерегистрации собак и кошек владельцы предоставляют следующие данные:

      1) данные владельца;

      2) фактический адрес местожительства владельца;

      3) контактный номер владельца;

      4) кличку, пол, дату рождения, окрас, породу животного;

      5) при необходимости информацию о номере родословной животного, если таковая имеется.

      11. Владелец собаки и кошки обязан информировать государственную ветеринарную организацию или ветеринарную клинику о выбытии (продажа, пропажа, переезд, передача другому лицу) животного для снятия его с учҰта или перерегистрации в единой базе идентификации животных Западно-Казахстанской области.

      12. При умерщвлении (эвтаназии) или гибели домашнего животного ветеринарный паспорт подлежит передаче в организацию, где ранее было зарегистрировано животное.

      13. Зарегистрированная собака и кошка является собственностью владельца и охраняется законодательством Республики Казахстан.

      14. Владельцам, содержащих собак и кошек необходимо соблюдать санитарно-эпидемиологические правила и нормы, а также ветеринарные (ветеринарно-санитарные) правила и ветеринарные нормативы.

      15. Допускается содержание собак и кошек в индивидуальных жилых домах и квартирах многоэтажных домов, однако, при их содержании в жилых помещениях и многоквартирных жилых домах владельцами принимаются меры по обеспечению тишины.

      16. Не допускается содержание собак и кошек в местах общего пользования (кухни, коридоры, лестничные площадки, подвалы, чердаки, лоджии, балконы и другие подсобные помещения), на придомовых территориях многоэтажных домов и жилых помещений (кроме придомовых территорий домов индивидуального жилищного фонда), в гостиницах и в коридорах общежитий.

      17. Разрешается поселение в гостинице владельца с собакой или кошкой по согласованию с администрацией и при соблюдении санитарно-гигиенических правил.

      18. Не допускается содержать и приводить собак и кошек на предприятия общественного питания, в торговые и производственные помещения магазинов, в дошкольные и образовательные учреждения, в здания социально-культурного назначения, а также в медицинские, лечебно-профилактические учреждения здравоохранения.

      19. Владельцы частных жилых помещений должны содержать собак в границах личного подворья, исключающих их побег, иметь предупредительную табличку о наличии собак при входе на подворье.

      20. Проведение выставок, соревнований, аттракционов и других подобных мероприятий с участием собак и кошек допускается только при наличии согласования уполномоченного государственного органа в области ветеринарии, лабораторного обследования на инфекционные болезни, санитарно-эпидемиологического надзора и согласия акима города или района.

      К участию в данных мероприятиях допускаются собаки и кошки при наличии ветеринарного паспорта с отметкой о дате последней вакцинации и дегельминтизации животного.

      21. При невозможности дальнейшего содержания, собаки и (или) кошки должны быть переданы другому владельцу или сданы в специализированную организацию осуществляющую отлов и содержание бродячих животных.

      22. Владельцы собак и кошек должны соблюдать следующие требования:

      1) обеспечивать надлежащее содержание собак и кошек в соответствии с требованиями настоящих Правил;

      2) принимать необходимые меры по обеспечению безопасности окружающих, соблюдению санитарно-эпидемиологических правил и норм, а также ветеринарных (ветеринарно-санитарных) правил и ветеринарных нормативов;

      3) немедленно сообщать в ветеринарное и соответствующее учреждение здравоохранения обо всех случаях укуса, ослюнения, оцарапывания собак и кошек людей, которые следует рассматривать как подозрение на заболевание бешенством;

      4) в случае внезапного падежа животного, при подозрении на заболевание, изолировать собак и кошек до прибытия специалистов ветеринарной службы или незамедлительно доставить животное к ветеринарному врачу, не пользуясь общественным транспортом;

      5) принять безотлагательные меры по организации утилизации трупов павших собак и кошек на скотомогильниках;

      6) обеспечивать своевременную вакцинацию и диагностику своих собак и кошек для обеспечения ветеринарно-санитарной безопасности.

      23. В случае, установления фактов подозрения на заболевания собак и кошек бешенством, ранее не прошедших процедуры иммунизации (вакцинации) против указанной инфекции подвергаются изъятию, а при необходимости последующему уничтожению.

      Изъятие и уничтожение собак и кошек, представляющих особую опасность для здоровья животных и человека, осуществляется в соответствии с Правилами обязательного изъятия и уничтожения животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющие опасность для здоровья животных и человека, либо их обязательного обезвреживания (обеззараживания) и переработки без изъятия утвержденных Приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 октября 2014 года №7-1/559 "Об утверждении нормативных правовых актов в области ветеринарии" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов №9891).

      Собака или кошка могут быть изъяты у владельца в случаях, нанесения ими покусов, царапин человеку, для проведения исследования на предмет наличия особо опасных, инфекционных и вирусных болезней, передающихся от животного к человеку.

      В случае, если животное признано клинически здоровым, оно возвращается владельцу.

3. Выгул собак и кошек

      24. Выгуливая собак и кошек, их владельцы должны соблюдать следующие требования:

      1) не выгуливать собак и кошек во дворах, на детских площадках, участках детских дошкольных учреждений, школьных дворах, территориях лечебно-профилактических и медицинских учреждениях здравоохранения, стадионах, парках, скверах. Если животное оставило экскременты в подъездах, лестничных площадках, спортивных, детских площадках, газонах, тротуарах, территориях парков и скверов, они убираются немедленно владельцем собак и кошек;

      2) в местах скопления людей и других общественных местах, держать собак на коротком поводке и в наморднике;

      3) в малолюдных местах допускается выгул собак на длинном поводке (за исключением собак декоративных пород). В огороженных местах выгула, а также на пустырях, при отсутствии людей разрешается отпускать собак с поводка;

      4) при выгуле собак и кошек (с 23.00 до 6.00 часов) их владельцы принимают меры по соблюдению тишины, не препятствующих нормальному отдыху и спокойствию физических лиц;

      5) не допускается выгуливать собак и кошек, и появляться с ними в общественных местах лицам в нетрезвом состоянии и детям младше 16лет;

      6) не допускается выгуливать собак и кошек на пляжах, купать и мыть животное в общественных местах купания, прудах, фонтанах, водоемах и водозаборах.

      25. Собаки перевозятся в автобусах на накопительных площадках, с намордником и на поводке. Собак декоративных пород и кошек допускается перевозить в сумках, в специальных клетках (контейнерах для переноса), либо на руках при наличии тары для экскрементов животного. Перевозка больных собак и кошек в общественном транспорте не допускается.

4. Заключительные положения

      26. За нарушение настоящих Правил владельцы собак и кошек несут ответственность в соответствии со статьей 408 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" от 5 июля 2014 года.