Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 12.05.2020 № 67 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Жәнібек ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Жәнібек ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 37 "Жәнібек ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4778 тіркелген, 2017 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы (А.Молдағалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Абдоловқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жәнібек ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 5 маусымдағы №109 қаулысына қосымша |
2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атаулары | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ананың бір айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге) | |||
3 жасқа дейін | 3 жастан 6 жасқа дейін | |||||||
Бөбекжай (жергілікті бюджет) | ||||||||
1 | Жасқайрат ауылы | Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Ақбота" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 40 | 42206 | 3800 | 4000 | ||
2 | Борсы ауылы | Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Балапан" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 25 | 50156 | 3800 | 4000 | ||
3 | Ақоба ауылы | Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Балауса" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 26 | 52817 | 3800 | 4000 | ||
4 | Қамысты ауылы | Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Балбұлақ" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 35 | 50302 | 3800 | 4000 | ||
5 | Тау ауылы | Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Қайрат" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 40 | 47533 | 3800 | 4000 | ||
6 | Ұзынкөл ауылы | Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Ұзынкөл" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 25 | 62690 | 3800 | 4000 | ||
Мектеп жанындағы толық күндік балабақша (жергілікті бюджет) | ||||||||
7 | Жақсыбай ауылы | "М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақша" мемлекеттік мекемесі | 30 | 29225 | 3600 | 3850 | ||
8 | Талов ауылы | "Ғ.Сарбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақша" мемлекеттік мекемесі | 20 | 29733 | 3600 | 3850 |