Жәнібек ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 5 маусымдағы № 109 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 6 маусымда № 5706 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 67 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 12.05.2020 № 67 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Жәнібек ауданы бойынша 2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Жәнібек ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 37 "Жәнібек ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4778 тіркелген, 2017 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы (А.Молдағалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Абдоловқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  Жәнібек ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 5 маусымдағы
№109 қаулысына қосымша

      2019 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атаулары

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Ай сайын 1 тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ананың бір айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге)

3 жасқа дейін

3 жастан 6 жасқа дейін

Бөбекжай (жергілікті бюджет)

1

Жасқайрат ауылы

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Ақбота" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

40

42206

3800

4000

2

Борсы ауылы

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Балапан" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

25

50156

3800

4000

3

Ақоба ауылы

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Балауса" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

26

52817

3800

4000

4

Қамысты ауылы

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Балбұлақ" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

35

50302

3800

4000

5

Тау ауылы

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Қайрат" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

40

47533

3800

4000

6

Ұзынкөл ауылы

Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Ұзынкөл" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

25

62690

3800

4000


Мектеп жанындағы толық күндік балабақша (жергілікті бюджет)

7

Жақсыбай ауылы

"М.Б.Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақша" мемлекеттік мекемесі

30

29225

3600

3850

8

Талов ауылы

"Ғ.Сарбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақша" мемлекеттік мекемесі

20

29733

3600

3850


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады