Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 05.06.2019 № 109 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Жәнібек ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата - ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Жәнібек ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі "2016 жылға Жәнібек ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" №70 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4427 тіркелген, 2016 жылғы 3 маусымда "Шұғыла" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы (Ж.Абдолов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Меңешовке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н.Қарағойшин |
2017 жылғы 10 наурыздағы №37 аудан әкімдігінің қаулысына қосымша |
Жәнібек ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата – ананың ақы төлеу мөлшері
№ | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік – аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Ай сайын тәрбиеленушіге мемлекеттік білім беру тапсырысы (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдар ата – ананың 1 айдағы ақы төлеу мөлшері (теңге) | ||
3 жасқа дейін (көп емес) | 3 жастан 7 жасқа дейін (көп емес) | |||||||
Балабақшалар (жергілікті бюджет) | ||||||||
1 | Жасқайрат ауылы | Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Ақбота" балабақшасы | 37 | 36103 | 36103 | 3100 | 3264 | |
2 | Борсы ауылы | Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Балапан" балабақшасы | 25 | 48960 | 48960 | 3100 | 3264 | |
3 | Ақоба ауылы | Балабақша "Балауса" аудандық білім беру бөлімінің мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 40 | 32271 | 32271 | 3100 | 3264 | |
4 | Қамысты ауылы | Балабақша "Балбұлақ" Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 35 | 43700 | 43700 | 3100 | 3264 | |
5 | Жәнібек ауылы | Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Балдәурен" сәби – балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 100 | 33183 | 33183 | 4152 | 4334 | |
6 | Тау ауылы | Балабақша "Қайрат" Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 38 | 40965 | 40965 | 3100 | 3264 | |
7 | Ұзынкөл ауылы | Балабақша "Ұзынкөл" Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 40 | 36523 | 36523 | 3100 | 3264 | |
8 | Жәнібек ауылы | Жәнібек ауданының білім беру бөлімінің "Жәнібек балалар бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 75 | 33555 | 33555 | 4152 | 4334 | |
Мектеп жанындағы толық күндік балабақша (жергілікті бюджет) | ||||||||
1 | Жақсыбай ауылы | Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "М.Б. Ықсанов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп – балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 30 | 24108 | 24108 | 3100 | 3264 | |
2 | Талов ауылы | Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Ғ.Сарбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп- балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 20 | 21548 | 21548 | 3100 | 3264 | |
Ұлттық фонд | ||||||||
1 | Жәнібек ауылы | Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің "Алтын ұя" бөбекжайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 290 | 19354 | 19354 | 4800 | 5000 |