ЗҚАИ-ның ескертпесі ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Сырым ауданының мемлекеттік бас ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 1-19/756 ұсынысы негізінде, Бұлдырты ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округінің Бұлдырты ауылы аумағында ірі қара мал арасында қарасан ауруының пайда болуына байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 25 қазандағы №23 "Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округінің Бұлдырты ауылы аумағында карантин белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5846 тіркелген, 2019 жылы 31 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Бұлдырты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (С. Кубаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Е. Макашев |