Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округінің Бұлдырты ауылы аумағында карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 25 қазандағы № 23 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 қазанда № 5846 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 27 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округі әкімінің 19.12.2019 № 27 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Сырым ауданының мемлекеттік бас ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 10 қазандағы № 1-19/652 ұсынысы негізінде, Бұлдырты ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округінің Бұлдырты ауылы аумағында ірі қара мал арасында қарасан ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. Бұлдырты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (С. Кубаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі Е. Макашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады