Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округінің Бұлдырты ауылы аумағында карантин тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 27 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 19 желтоқсанда № 5899 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Сырым ауданының мемлекеттік бас ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 1-19/756 ұсынысы негізінде, Бұлдырты ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округінің Бұлдырты ауылы аумағында ірі қара мал арасында қарасан ауруының пайда болуына байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.

      2. Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 25 қазандағы №23 "Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округінің Бұлдырты ауылы аумағында карантин белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5846 тіркелген, 2019 жылы 31 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Бұлдырты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (С. Кубаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Е. Макашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады