Шыңғырлау ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерін қызметтік, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға арналған шығыстарды өтеудің қағидаларын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қазандағы № 182 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 24 қазанда № 5844 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 20 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 24.02.2020 № 20 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысын басшылыққа ала отырып, Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған аудандық бюджет қаражаты есебінен Шыңғырлау ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерін қызметтік, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға арналған шығыстарды өтеудің қағидалары бекітілсін.

      2. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы (Т.М.Сағынгереев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Ғ. Бейсенге жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ғ. Бейсен

  2019 жылғы 21 қазандағы № 182
Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген

Аудандық бюджет қаражаты есебінен Шыңғырлау ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерін қызметтік, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы аудандық бюджет қаражаты есебінен Шыңғырлау ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерін қызметтік, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға арналған шығыстарды өтеудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі – Үкімет қаулысы) сәйкес әзірленді және бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының шегiнде және шет мемлекеттерге қызметтiк iссапарларға арналған шығыстарды өтеу тәртiбiн айқындайды.

      2. Іссапар жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға арналған шығыстарын өтеу қағидалар

      3. Іссапарға жiберiлген қызметкердiң мынадай шығыстары өтеледi:

      1) iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде тәулiкақы төленедi;

      2) тұрғын үй-жайды жалдау бойынша:

      Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттiк мекемелердiң басшылары мен басшыларының орынбасарлары үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi шығыстарды өтеу нормасы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында тәулігіне айлық есептік көрсеткіштің он еселеген мөлшерінде, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – айлық есептік жеті еселеген мөлшерінде, аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде – айлық есептік көрсеткіштің бес еселеген мөлшерінде;

      Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу нормасы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында тәулігіне айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерінен, аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде – айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен және ауылдық округтерде айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;

      3) іссапарда болатын жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру бойынша (іссапарға жіберілген адамға әкімшілік тиісті қозғалыс құралын ұсынатын жағдайлардан басқа) көрсетілген жол жүру құжаттарының (жол жүру билеті мен отырғызу талонының, автобуспен жол жүрген кезде тек жол жүру билетінің) негізінде темiржолмен жүрген кезде – купе вагонының (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орындық купе вагондарды қоспағанда) тарифі бойынша; су жолдарымен, тас және топырақ жолдармен – сол жергiлiктi жерде қолданылып жүрген жол жүру құны бойынша; ерекше жағдайларда (Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберілген жағдайда, транзитпен жүріп өткен кезде, аталған көлік құралдары болмаған немесе іссапар шұғыл болған кезде) мемлекеттiк мекеме басшысының бұйрығына (өкiміне) сәйкес темiржол көлiгiмен жол жүрген кезде жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орындық купе тарифтері бойынша және әуе көлiгiмен экономикалық класс тарифі бойынша; Шыңғырлау ауданының мемлекеттік органының басшысы, басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарларына әуе көлiгiмен жол жүрген кезде экономикалық класс тарифі бойынша;

      4) жол жүру билеттерi мен қонақүйдегі орынды броньға қоюдың, iссапарға жiберiлген жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру кезiнде поездарда төсек-орын жабдықтарын пайдаланудың құны, сондай-ақ жол жүру билеттерін қайтарғаны немесе ауыстырғаны үшін комиссиялық алымдар мен айыппұлдарды осы шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде;

      5) iссапарға жіберілген жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру құжаттары болмаған кезде шығыстар осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген көлiкпен (әуе көлiгiн қоспағанда) жол жүрудiң ең төменгi құны бойынша өтеледi;

      6) темiржол станциясына, айлаққа, әуежайға, егер олар елдi мекен шегінен тыс орналасса, растайтын құжаттар болған кезде автокөлiкпен (таксиден басқа) жол жүру бойынша;

      7) мемлекеттік мекеменің басшысы, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының рұқсатымен мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары жақын аудан және облыс орталықтарына қызметтік автокөлікпен іссапарға жіберілген кезде көлік шығыстары;

      8) Қазақстан Республикасынан тыс жерге тікелей рейс болмаған жағдайда, мемлекет ішінде жұмыс орнынан жөнелту (ұшу) орнына және кері қарай жол жүру жөніндегі шығыстар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" бұйрығымен бекітілген Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының 161 "Ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар" ерекшелігі бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Бұл ретте шақыру бойынша мемлекет ішінде жұмыс орнынан жөнелту (ұшу) орнына және кері қарай жол жүру жөніндегі шығыстар шақырушы тараптың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      4. Іссапарға жiберiлген қызметкер тұрғылықты тұратын жерiне күн сайын қайту мүмкiндiгi болатын жерге iссапарға жiберiлген кезде шығыстар мынадай тәртiппен өтеледi:

      1) егер iссапарға жiберiлген қызметкер жұмыс күнi аяқталғаннан кейін өз еркiмен iссапар орнында қалса, онда тәулiкақыларды өтеу және көлiктiк шығыстарға ақы төлеу осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) егер iссапарға жiберiлген қызметкер тұрақты жұмыс орнына күн сайын қайтып келсе, онда тәулiкақы төленбей, жол жүру құжаттары болған кезде көлiктiк шығыстар ғана өтеледi.

      Қызметкердің iссапар орнынан тұрақты жұмыс орнына күн сайын қайтып келе алуы – келе алмауы туралы мәселені әрбiр нақты жағдайда қашықтықтың ұзақтығын, көлiк қатынасының жағдайларын, орындалатын тапсырманың сипатын, сондай-ақ қызметкерге демалыс үшiн жағдай жасаудың қажеттiгін ескере отырып, iссапарға жiберiлетін адам жұмыс iстейтiн Шыңғырлау ауданының мемлекеттiк мекемелерінің басшыларымен шешіледі.

      5. Iссапарға жiберiлген қызметкерге уақытша жұмысқа жарамсыздығы жағдайында оған жалпы негіздермен тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстар өтеледi (iссапарға жiберiлген қызметкер стационарлық емдеуде жатқан жағдайды қоспағанда) және ол өзіне жүктелген қызметтiк тапсырманы орындауға кiрiскенше немесе тұрақты жұмыс орнына қайтып келгенше барлық уақыт ішінде, бiрақ 40 күннен артық емес уақыттың iшiнде тәулiкақы төленедi.

      Іссапарға жiберiлген қызметкердiң уақытша жұмысқа жарамсыздығы, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша тұрақты жұмыс орнына келе алмауы белгіленген тәртiппен куәландырылуы тиiс.

      Уақытша жұмысқа жарамсыздық кезеңiнде iссапарға жiберілген қызметкерге жалпы негіздермен уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша әлеуметтiк жәрдемақы төленедi. Уақытша жұмысқа жарамсыздық күндерi iссапардың мерзiмiне енгiзiлмейдi.

      6. Іссапарға жiберiлген қызметкерге iссапарға кетер алдында жол жүру ақысын, тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстарды төлеуге тиесiлi сомалар және тәулiкақы беріледi. Іссапардан оралғаннан кейiн қызметкер бес жұмыс күнi iшiнде іссапар бойынша шығыстар туралы растаушы құжаттарды қоса бере отырып, іссапар туралы есеп береді.

3. Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидалар

      7. Шет мемлекеттерге қызметтік іссапарлар кезінде шығыстар Үкімет қаулысының 3-тарауының талаптарына сәйкес өтеледi.

Об утверждении Правил возмещения расходов на служебные командировки, в том числе в иностранные государства сотрудников местных исполнительных органов Чингирлауского района

Постановление акимата Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 21 октября 2019 года № 182. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 24 октября 2019 года № 5844. Утратило силу постановлением акимата Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 24 февраля 2020 года № 20

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 24.02.2020 № 20 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      Руководствуясь Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 мая 2018 года № 256 "Об утверждении Правил возмещения расходов на служебные командировки за счет бюджетных средств, в том числе в иностранные государства" акимат Чингирлауского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила возмещения расходов на служебные командировки за счет средств районного бюджета, в том числе в иностранные государства сотрудников местных исполнительных органов Чингирлауского района.

      2. Руководителю аппарата акима Чингирлауского района (Т.М.Сагингереев) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан и в средствах массовой информации.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Г. Бейсен.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности акима района Ғ. Бейсен

  Утверждены
постановлением акимата
Чингирлауского района
от 21 октября 2019 года № 182

Правила возмещения расходов на служебные командировки за счет средств районного бюджета, в том числе в иностранные государства сотрудников местных исполнительных органов Чингирлауского района

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила возмещения расходов на служебные командировки за счет средств районного бюджета, в том числе в иностранные государства сотрудников местных исполнительных органов Чингирлауского района (далее – Правила) разработаны в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 мая 2018 года №256 "Об утверждении Правил возмещения расходов на служебные командировки за счет бюджетных средств, в том числе в иностранные государства" (далее – Постановление Правительства) и определяют внутренний порядок возмещения расходов за счет средств районного бюджета на служебные командировки в пределах Республики Казахстан и иностранные государства.

      2. Командировкой является направление работника по распоряжению работодателя для выполнения трудовых обязанностей на определенный срок вне места постоянной работы в другую местность, а также направление работника в другую местность на обучение, повышение квалификации или переподготовку.

2. Правила возмещения расходов на служебные командировки в пределах
Республики Казахстан

      3. Командированному работнику возмещаются следующие расходы:

      1) за каждый день нахождения в командировке выплачиваются суточные в размере двух месячных расчетных показателей;

      2) по найму жилого помещения:

      для руководителей и заместителей руководителей государственных учреждений местных исполнительных органов Чингирлауского района Западно-Казахстанской области, норма возмещения расходов по найму жилого помещения в сутки в размере десятикратного размера месячного расчетного показателя в городах Нур-Султан, Алматы, Шымкент, Атырау, Актау и Байконыр, семикратного размера месячного расчетного показателя – в областных центрах и городах областного значения, пятикратного месячного расчетного показателя – в районных центрах и городах районного значения и поселке Боровое Бурабайского района Акмолинской области;

      для работников государственных учреждений норма возмещения расходов по найму жилого помещения в сутки не должна превышать семикратного размера месячного расчетного показателя в городах Нур-Султане, Алматы, Шымкенте, Атырау, Актау и Байконыре, трехкратного размера месячного расчетного показателя - в областных центрах и городах областного значения, двухкратного размера месячного расчетного показателя - в районных центрах, городах районного значения и поселке Боровое Бурабайского района Акмолинской области и однакратного размера месячного расчетного показателя - в сельских округах:

      3) по проезду к месту командирования и обратно к месту постоянной работы (кроме случаев, когда администрацией предоставляются командированному соответствующие средства передвижения) на основании предъявленных проездных документов (проездной билет и посадочный талон, по проезду автобусом только проездной билет) при проезде по железным дорогам – по тарифу купейного вагона (за исключением вагонов с двухместными купе с нижним расположением мягких диванов, мягкими креслами для сидения с устройством по регулированию его положения; по водным путям, по шоссейным и грунтовым дорогам – по существующей в данной местности стоимости проезда; в исключительных случаях (при транзитном переезде в случае командирования за пределы Республики Казахстан, отсутствии названных транспортных средств или срочности командировки) в соответствии с приказом (распоряжением) руководителя государственного учреждения железнодорожным транспортом – по тарифу вагонов с двухместными купе с нижним расположением мягких диванов, мягкими креслами для сидения с устройством по регулированию его положения и воздушным транспортом – по тарифу экономического класса; воздушным транспортом – по тарифу экономического класса – руководителю, первому заместителю и заместителям руководителя государственных учреждений Чингирлауского района;

      4) стоимость бронирования проездных билетов и места в гостинице и пользования постельными принадлежностями в поездах при проезде к месту командирования и обратно к месту постоянной работы, а также комиссионных сборов и штрафы за возврат или обмен проездных билетов при наличии документов, подтверждающих эти расходы;

      5) при отсутствии проездных документов к месту командирования и обратно к месту постоянной работы расходы возмещаются по минимальной стоимости проезда транспортом (за исключением воздушного), указанным в подпункте 3) настоящего пункта;

      6) по проезду автотранспортом (кроме такси) к железнодорожной станции, пристани, аэропорту, если они находятся за пределами населенного пункта, при наличии подтверждающих документов;

      7) транспортные расходы при направлении руководителя государственного учреждения, а также с разрешения первого руководителя государственного учреждения заместителя руководителя государственного учреждения, в командировку на служебном автотранспорте в близлежащие районные и областные центры;

      8) в случае отсутствия прямого рейса за пределы Республики Казахстан от места работы расходы по проезду от места работы к месту отправления (вылета) и обратно внутри государства осуществляются за счет средств администратора бюджетных программ по специфике 161 Единой бюджетной классификации "Командировки и служебные разъезды внутри страны", утверждҰнной приказом Министра финансов Республики Казахстан от 18 сентября 2014 года № 403 "Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан".

      При этом расходы по проезду от места работы к месту отправления (вылета) и обратно внутри государства по приглашению осуществляются за счет средств приглашающей стороны.

      4. При командировках в местность, откуда командированный работник имеет возможность ежедневно возвращаться к месту постоянного жительства, расходы возмещаются в следующем порядке:

      1) если командированный работник по окончании рабочего дня по собственной воле остается в месте командирования, то возмещение суточных и оплата транспортных расходов осуществляется в соответствии с пунктом 3 настоящих Правил;

      2) если командированный работник ежедневно возвращается к месту постоянной работы, то возмещаются только транспортные расходы при наличии проездных документов без выплаты суточных.

      Вопрос о том, может ли работник ежедневно возвращаться из места командировки к месту постоянной работы, в каждом конкретном случае решается руководителями государственных учреждений Чингирлауского района, в котором работает командированный, с учетом дальности расстояния, условий транспортного сообщения, характера выполняемого задания, а также необходимости создания работнику условий для отдыха.

      5. В случае временной нетрудоспособности, командированному работнику на общем основании возмещаются расходы по найму жилого помещения (кроме случаев, когда командированный работник находится на стационарном лечении) и выплачиваются суточные в течение всего времени, пока он не приступит к выполнению возложенного на него служебного поручения или не вернется к месту постоянной работы, но не свыше 40 дней.

      Временная нетрудоспособность командированного работника, а также невозможность по состоянию здоровья вернуться к месту постоянной работы должны быть удостоверены в установленном порядке.

      За период временной нетрудоспособности командированному работнику выплачивается на общих основаниях социальное пособие по временной нетрудоспособности. Дни временной нетрудоспособности не включаются в срок командировки.

      6. Командированному работнику перед отъездом в командировку выдается сумма, причитающаяся на оплату проезда, расходов по найму жилого помещения и суточные. По возвращении из командировки работник в течение пяти рабочих дней представляет отчет о командировке с приложением подтверждающих документов о расходах по командировке.

3. Правила возмещения расходов на служебные командировки в иностранные государства

      7. При служебных командировках в иностранные государства расходы возмещаются в порядке требований главы 3 Постановления Правительства.