Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қазандағы № 182 "Шыңғырлау ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерін қызметтік, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарларға арналған шығыстарды өтеудің қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5844 тіркелген, 2019 жылы 28 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы (Т.М.Сағынгереев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Ғ.С.Бейсенге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Әкімнің уақытша міндетін атқарушы | А. Бисембаев |