БҰЙЫРАМЫН:
1. "Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10524 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырда "Әділет" ақпаратты-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4–бабы 2-тармағының 7) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларында:
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Бірінші басшының не бірінші басшы міндетін атқарушы болып тағайындалғаны туралы бұйрықтың көшірмесін табыс ете отырып, бірінші басшы міндетін атқарушы тұлғаның қолымен расталуы тиіс.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Спиртті өткізу үшін 2-жеткізуші мен 2-алушы уәкілетті органның аумақтық органдарына құрамында мынадай:
1) 2-жеткізуші – 2-алушы туралы, спирттің сұратылып отырған көлемі мен сатылу күні, 2-алушының уәкілетті тұлғасы туралы;
2) 2-алушы – 2-жеткізуші туралы, сатып алынатын көлем мен көлікті жіберу күні (теміржол цистерналары үшін – тиеуге қойған жеткізу күні) және уәкілетті тұлға туралы ақпараты бар хабарламаны жолдайды.
Этил спирті құбыржолымен тасымалданған жағдайда 2-жеткізуші мен 2-алушы уәкілетті органның тиісті аумақтық органдарын сұратылған және босатылатын көлемі, спиртті сату (тиеп жөнелту) күні мен уақыты, сондай-ақ 2-алушының этил спиртін алу үшін жіберілген уәкілетті тұлғасы туралы хабарлайды.
2-алушы мен 2-жеткізуші бір тұлғада әрекет етсе және бір аумақта орналасқан жағдайда, уәкілетті тұлға туралы деректерді ұсыну талап етілмейді.
Жоғарыда көрсетілген хабарламалар 2-жеткізуші мен 2-алушының бірінші басшыларының не бірінші басшы міндетін атқарушы болып тағайындалғаны туралы бұйрықтың көшірмесін табыс ете отырып, бірінші басшының міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылып бекітіледі.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Бірінші Орынбасары - Қаржы министрі |
А. Смаилов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
Әкімшілік деректерге арналған нысан www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру ұйымдарының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының этил спиртін пайдалануы туралы есеп нысаны
_____ жылғы________ тоқсандағы есепті кезең
Индексі: дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін ұйымдардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының (1-алушы) ЭСПЕН
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Ақпарат ұсынатын тұлғалар шеңбері: денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган, есептіден кейінгі айдың 10-ы күніне кешіктірмей
Ұсынылады: этил спиртінің өндірісі мен айналымы саласында
Мемлекеттік кірістер органының коды
ЖСН/БСН
Субъектінің атауы
р/с | Алушының атауы |
БСН/ | Есепті жылға белгіленген квота, сусыз (жүз пайыз) спирт литрмен | Есепті тоқсан үшін іс жүзінде алынған этил спиртінің, (өсу қорытындысы мен) литрі, сусыз (жүз пайыз) спирт | Есепті тоқсан үшін іс жүзіндегі этил спиртінің қалдығы литрмен, сусыз (жүз пайыз) спирт |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Мекенжайы ________________________________________________
Телефон____________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _______________________________
Орындаушы _____________________________________ ___________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) қолы
Басшы немесе
оның міндетін атқарушы тұлға ___________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде) қолы
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның мөр орны
Ескертпе: есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген
Аббревиатурларды ашып жазу:
ЭСПЕН – дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін ұйымдардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының (1-алушы) этил спиртін пайдалануы туралы есеп;
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
р/с – реттік саны.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанына қосымша |
"Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру ұйымдарының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының этил спиртін пайдалануы туралы есеп нысаны" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны толтыру бойынша түсіндірме
(Индексі: дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін ұйымдардың және Қазақстан Республикасының мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының (1-алушы) ЭСПЕН, кезеңділігі: тоқсан сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру ұйымдарының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының этил спиртін пайдалануы туралы" нысанды толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру ұйымдарының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының этил спиртін пайдалануы туралы есеп (1-алушы) белгіленген квота және Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру ұйымдарының және Қазақстан Республикасының мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының этил спиртін іс жүзінде пайдалануы туралы мәліметтерді қамтиды (бұдан әрі – Есеп).
3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган есепті толтырылады және этил спиртінің өндірісі мен айналымы саласындағы уәкілетті органға тоқсан сайын ұсынылады.
4. Есеп тоқсан сайын есептіден кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей ұсынылады.
2-тарау. Есеп толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысан мынадай үлгіде толтырылады:
1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда алушының атауы көрсетіледі;
3-бағанда жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
4-бағанда есепті жылға белгіленген квота, сусыз (жүз пайыз) спирт литрмен көрсетіледі;
5-бағанда есепті тоқсан ішінде іс жүзінде алынған этил спирті (өсу қорытындысымен) литрмен, сусыз (жүз пайыз) спирт көрсетіледі;
6-бағанда есепті тоқсан ішінде іс жүзінде этил спиртінің қалдығы литрмен, сусыз (жүз пайыз) спирт көрсетіледі.