"Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 176 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 43 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 сәуірде № 20378 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 176 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19612 болып тіркелген, 2019 жылғы 25 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы (бұдан әрі - Ұлттық Банк туралы заң), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі - Банктер және банк қызметі туралы заң), "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы (бұдан әрі - Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға (бұдан әрі - заңды тұлға) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру тәртібін айқындайды.

      Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда, Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңда, "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында және "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына көрсетілген мәндерінде қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы 3 және 4-тараулармен толықтырылсын:

      "3-тарау. "Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібі

      12. Көрсету процесінің сипаты, нысаны, мазмұны мен нәтижесі қамтылатын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге мәліметтер Қағидаларға 1-1-қосымшада белгіленген.

      13. Ұлттық Банктің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш келіп түскен күні оны қабылдайды, тіркейді және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі - жауапты бөлімше) орындауға жібереді. Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері түскен кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Өтініш беруші өтінішті "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жіберген кезде жеке кабинетте нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып сұрау салудың мемлекеттік қызмет көрсетуге қабылданғаны туралы мәртебесі автоматты түрде көрсетіледі.

      14. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда, жауапты бөлімше өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды және жібереді.

      15. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі белгіленген жағдайда, жауапты бөлімше өтініш тіркелген күннен бастап 17 (он жеті) жұмыс күні ішінде құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияның (бұдан әрі - лицензия) не дәлелді бас тартудың жобасын дайындайды.

      Ұлттық Банктің басшылығы 3 (үш) жұмыс күні ішінде лицензияны не дәлелді бас тартуды келіседі және қол қояды.

      Ұлттық Банктің басшылығы лицензияны не дәлелді бас тартуды келіскеннен кейін және қол қойған соң жауапты бөлімшенің қызметкері шешім қабылданған күні өтініш берушіге көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін жібереді.

      "Электрондық үкіметтің" веб-порталында көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі өтініш берушіге уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жеке кабинетіне жіберіледі.

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

      4-тарау. Ұлттық Банктің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      17. Ұлттық Банктің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Ұлттық Банк басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шағымның шығыс нөмірі және берілген күні көрсетіледі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      Ұлттық Банктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша Ұлттық Банктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеу күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      18. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";

      осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда 1-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2020 жылғы "____" _____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      2020 жылғы "____"___________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасының
2020 жылғы 3 сәуірі
№ 43 қаулысына
қосымша
Банкноттарды, монеталарды
және құндылықтарды
инкассациялау айрықша қызметі
болып табылатын заңды
тұлғаларға лицензия
беру қағидаларына
1-1-қосымша

"Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

2.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал).

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Өтініш порталда тіркелген күннен бастап:
лицензия берген кезде - 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде;
лицензияны қайта ресімдеген кезде - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
көрсетілетін қызметті алушы бөлініп шығу және бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны қайта ресімдеген кезде - 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей;
лицензияның телнұсқаларын берген кезде - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақының мөлшері және оны алу тәсілдері

1) лицензия беру үшін лицензиялық алым 400 (төрт жүз) айлық есептік көрсеткішті құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды;
3) лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 (он) пайызын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеуді екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы жүзеге асырады.

7.

Жұмыс кестесі

Порталдікі - жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 176 қаулысымен бекітілген Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға лицензия беру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жарғының электрондық көшірмесі;
3) Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауды жүзеге асыру үшін қажетті үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктердің электрондық көшірмелері;
5) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атқарушы органның басшысы туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі.
Заңды тұлға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияның телнұсқасын алу үшін портал арқылы электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түріндегі сұрау салу;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алымға төленгені туралы электрондық құжат.
Заңды тұлға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға берілген лицензияны қайта ресімдеу үшін портал арқылы электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш;
2) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;
3) ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеуге негіз болып табылатын өзгерістер туралы ақпаратты құрайтын құжаттардың көшірмелері (PDF форматындағы құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде).

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

1) Қазақстан Республикасының заңдарында заңды тұлғалардың осы санаты үшін тыйым салынған қызмет түрімен айналысу;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушы Қағидалардың 2-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмейді;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялануға тиіс қызметті немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі (үкімі) бар;
5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы борышкерге уақытша лицензия беруге тыйым салынған;
6) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) ондағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған.
Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттар тиісінше ресімделмеген жағдайда Ұлттық Банк лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда және көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 8 ноября 2019 года № 176 "Об утверждении Правил выдачи лицензии юридическим лицам, исключительной деятельностью которых является инкассация банкнот, монет и ценностей"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 3 апреля 2020 года № 43. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 апреля 2020 года № 20378

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п.5

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 25 ноября 2019 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам оказания государственных услуг" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 8 ноября 2019 года № 176 "Об утверждении Правил выдачи лицензии юридическим лицам, исключительной деятельностью которых является инкассация банкнот, монет и ценностей" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 19612, опубликовано 25 ноября 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах выдачи лицензии юридическим лицам, исключительной деятельностью которых является инкассация банкнот, монет и ценностей, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила выдачи лицензии юридическим лицам, исключительной деятельностью которых является инкассация банкнот, монет и ценностей, (далее - Правила) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан" (далее - Закон о Национальном Банке), от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" (далее - Закон о банках и банковской деятельности), от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях" (далее - Закон о разрешениях и уведомлениях), от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" и определяют порядок выдачи юридическим лицам, исключительной деятельностью которых является инкассация банкнот, монет и ценностей, (далее - юридическое лицо), лицензии на инкассацию банкнот, монет и ценностей.

      В Правилах используются понятия, применяемые в значениях, указанных в Законе о государственных услугах, Законе о разрешениях и уведомлениях, Законе Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года "Об информатизации" и Законе Республики Казахстан от 7 января 2003 года "Об электронном документе и электронной цифровой подписи".";

      дополнить главами 3 и 4 следующего содержания:

      "Глава 3. Порядок оказания государственной услуги "Выдача лицензии юридическим лицам, исключительной деятельностью которых является инкассация банкнот, монет и ценностей" (далее – государственная услуга)

      12. Перечень основных требований к оказанию государственной услуги, включающие характеристики процесса, форму, содержание и результат оказания, а также иные сведения с учетом особенностей предоставления государственной услуги установлен в приложении 1-1 к Правилам.

      13. Работник Национального Банка, уполномоченный на прием и регистрацию корреспонденции, в день поступления заявления осуществляет его прием, регистрацию и направление на исполнение в подразделение, ответственное за оказание государственной услуги (далее – ответственное подразделение). При поступлении заявления после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года прием заявлений осуществляется следующим рабочим днем.

      При направлении заявителем заявления через веб-портал "электронного правительства" в личном кабинете автоматически отображается статус о принятии запроса на оказание государственной услуги с указанием даты и времени получения результата.

      14. Работник ответственного подразделения в течение 2 (двух) рабочих дней со дня регистрации заявления проверяет полноту представленных документов.

      В случае установления факта неполноты представленных документов ответственное подразделение в течение 2 (двух) рабочих дней со дня регистрации заявления готовит и направляет письменный мотивированный отказ в дальнейшем рассмотрении заявления.

      15. При установлении факта полноты представленных документов ответственное подразделение в течение 17 (семнадцати) рабочих дней со дня регистрации заявления рассматривает документы на предмет их соответствия требованиям законодательства Республики Казахстан, готовит проект лицензии на инкассацию банкнот, монет и ценностей (далее – лицензия) либо мотивированного отказа.

      Руководство Национального Банка согласовывает и подписывает лицензию либо мотивированный отказ в течение 3 (трех) рабочих дней.

      После согласования и подписания руководством Национального Банка лицензии либо мотивированного отказа, работник ответственного подразделения в день принятия решения, направляет заявителю результат оказания государственной услуги.

      На веб-портале "электронного правительства" результат оказания государственной услуги направляется заявителю в личный кабинет в форме электронного документа, удостоверенного электронной цифровой подписью уполномоченного лица.

      16. Информация о стадии оказания государственной услуги обновляется в автоматическом режиме в информационной системе мониторинга оказания государственных услуг.

      Глава 4. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) Национального Банка и (или) его должностных лиц по вопросам оказания государственной услуги

      17. Обжалование решений, действий (бездействий) Национального Банка и (или) его должностных лиц по вопросам оказания государственной услуги производится в письменном виде на имя руководителя Национального Банка.

      В жалобе услугополучателя указываются его наименование, почтовый адрес, исходящий номер и дата подачи жалобы.

      Жалоба подписывается услугополучателем.

      Подтверждением принятия жалобы является ее регистрация (штамп, входящий номер и дата) в канцелярии Национального Банка с указанием фамилии и инициалов лица, принявшего жалобу, срока и места получения ответа на поданную жалобу.

      Жалоба услугополучателя по вопросам оказания государственной услуги, поступившая в адрес Национального Банка, рассматривается в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      В случае несогласия с результатами оказанной государственной услуги услугополучатель обращается с жалобой в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, рассматривается в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.

      18. В случае несогласия с результатами оказанной государственной услуги услугополучатель обращается в суд в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.";

      дополнить приложением 1-1 в редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Департаменту наличного денежного обращения в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктом 2) настоящего пункта и пунктом 3 настоящего постановления.

      3. Департаменту информации и коммуникаций – пресс-службе Национального Банка Республики Казахстан обеспечить в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Национального Банка
Республики Казахстан
Е. Досаев

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство национальной
экономики Республики Казахстан
"____"____________2020 года

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство цифрового развития,
инноваций и аэрокосмической
промышленности Республики Казахстан
"____"____________2020 года

  Приложение
к постановлению Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 3 апреля 2020 года № 43
  Приложение 1-1
к Правилам выдачи лицензии
юридическим лицам,
исключительной деятельностью
которых является инкассация
банкнот, монет и ценностей

Стандарт государственной услуги "Выдача лицензии юридическим лицам, исключительной деятельностью которых является инкассация банкнот, монет и ценностей"

1.

Наименование услугодателя

Национальный Банк Республики Казахстан

2.

Способы предоставления государственной услуги

Веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz, www.elicense.kz (далее – портал).

3.

Срок оказания государственной услуги

С даты регистрации обращения на портале:
при выдаче лицензии - в течение 20 (двадцати) рабочих дней;
при переоформлении лицензии - в течение 3 (трех) рабочих дней;
при переоформлении лицензии в случае реорганизации услугополучателя в форме выделения или разделения - не позднее 20 (двадцати) рабочих дней;
при выдаче дубликатов лицензии - в течение 2 (двух) рабочих дней.

4.

Форма оказания государственной услуги

Электронная (полностью автоматизированная).

5.

Результат оказания государственной услуги

Уведомление о выдаче лицензии, переоформлении лицензии, выдаче дубликата лицензии, либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги.
Форма результата оказания государственной услуги: электронная

6.

Размер платы, взимаемой с услугополучателя при оказании государственной услуги, и способы ее взимания в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан

1) лицензионный сбор за выдачу лицензии составляет 400 (четыреста) месячных расчетных показателей;
2) лицензионный сбор за переоформление лицензии составляет 10 (десять) процентов от ставки при выдаче лицензии;
3) лицензионный сбор за выдачу дубликата лицензии составляет 10 (десять) процентов от ставки при выдаче лицензии.
Оплата лицензионного сбора осуществляется через банки второго уровня или организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций, в безналичной форме через платежный шлюз "электронного правительства".

7.

График работы

Портала – круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни, согласно Трудовому кодексу Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется на следующий рабочий день).

8.

Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги

1) заявление по форме согласно приложению 1 к Правилам выдачи лицензии юридическим лицам, исключительной деятельностью которых является инкассация банкнот, монет и ценностей, утвержденным постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 8 ноября 2019 года № 176 (далее – Правила);
2) электронную копию устава;
3) электронные копии правоустанавливающих документов на помещения, необходимые для осуществления инкассации банкнот, монет и ценностей указанные в подпункте 1) пункта 2 Правил;
4) электронные копии свидетельств о регистрации транспортных средств, указанных в подпункте 2) пункта 2 Правил;
5) электронную копию сведений о руководителе исполнительного органа по форме согласно приложению 2 к Правилам.
Для получения дубликата лицензии на инкассацию банкнот, монет и ценностей юридическое лицо представляет в электронном виде посредством портала следующие документы:
1) запрос в виде электронного документа, удостоверенного электронной цифровой подписью заявителя;
2) электронный документ об уплате лицензионного сбора за выдачу дубликата лицензии, за исключением случаев уплаты через платежный шлюз "электронного правительства".
Для переоформления лицензии на инкассацию банкнот, монет и ценностей юридическое лицо представляет в электронном виде посредством портала следующие документы:
1) заявление о переоформлении лицензии по форме согласно приложению 4 к Правилам в виде электронного документа, удостоверенного электронной цифровой подписью заявителя;
2) электронный документ, подтверждающий уплату лицензионного сбора за переоформление лицензии, за исключением случаев уплаты через платежный шлюз "электронного правительства";
3) электронные копии документов, содержащих информацию об изменениях, послуживших основанием для переоформления лицензии, за исключением документов, информация из которых содержится в государственных информационных системах (в виде электронных копий документов в формате PDF).

9.

Основания для отказа в оказании государственной услуги, установленные законодательством Республики Казахстан

1) занятие видом деятельности, запрещенным законами Республики Казахстан для данной категории юридических лиц;
2) не внесен лицензионный сбор;
3) услугополучатель не соответствует квалификационным требованиям, установленным пунктом 2 Правил;
4) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о приостановлении или запрещении деятельности, подлежащих лицензированию;
5) судом на основании представления судебного исполнителя временно запрещено выдавать услугополучателю-должнику лицензию;
6) установлена недостоверность документов, представленных заявителем для получения лицензии, и (или) данных (сведений), содержащихся в них.
Национальный Банк отказывает в переоформлении лицензии в случае ненадлежащего оформления документов, указанных в пункте 8 Стандарта.

10.

Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги

Адреса мест оказания государственной услуги размещены на портале и на официальном интернет-ресурсе услугодателя: www.nationalbank.kz, раздел "Государственные услуги".
Услугополучателю открыт доступ для получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством Единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг.
Контактные телефоны справочных служб по вопросам оказания государственной услуги размещены на официальном интернет-ресурсе услугодателя: www.nationalbank.kz, раздел "Государственные услуги". Единый контакт-центр по вопросам оказания государственных услуг: 8-800-080-7777, 1414.