Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 "Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 56 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 сәуірде № 20466 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 18 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 13.01.2023 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 "Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9561 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 маусымда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

      5-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексерістің қорытындылары;";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Конкурсты өткізу туралы хабарландыру Бас прокуратураның, конкурсты жариялаған прокуратура органының, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурстарында жарияланады.

      Негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыста болу кезеңіне бос лауазымға орналастыру үшін конкурс өткізілген жағдайда мұндай шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.".

      14-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі, сондай-ақ құжаттарды қабылдау мерзімі мен орны (конкурсты жүргізу туралы соңғы жарияланым күнінен бастап жеті жұмыс күні) қамтылуы тиіс.".

      осы Қағидаларға 1-қосымшада:

      1-тараудың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бас прокуратураның аудандық органдары:

      Қала, аудан прокуроры және оған теңестірілген прокурор;

      Қала, аудан прокурорының және оған теңестірілген прокурордың орынбасары;

      Қала, аудан прокуратурасының және оған теңестірілген прокуратураның бөлім бастығы.".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Қағидалардың 1-қосымшасының 1-тарауының 3-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Казақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Г. Нурдаулетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері

      агенттігі

      ______________________

      "____" __________ 2020 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады