Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, уақытша басқарушыны таңдау қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 426 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 сәуірде № 20515 болып тіркелді.

      2014 жылғы 7 наурыздағы "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, уақытша басқарушыны таңдау қағидаларын бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары-
Қаржы министрінің
2020 жылғы 29 сәуірдегі
№ 426 бұйрығына
1 қосымша

Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, уақытша басқарушыны таңдау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, уақытша басқарушыны таңдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2014 жылғы 7 наурыздағы "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабы 1-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, уақытша басқарушыны таңдау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) борышкер – өзіне қатысты Заңда көзделген рәсімдер қолдану үшін негіздер бар немесе қолданылған, дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға (дара кәсіпкер) немесе заңды тұлға;

      2) уәкілетті органның аумақтық органдары – облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері тұлғасында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары.

2-тарау. Уақытша басқарушы ретінде таңдалуға жататын әкімшілер топтарын қалыптастыру

      3. Уақытша басқарушы ретінде таңдалуға жататын әкімшілер аясын айқындау мақсатында уәкілетті органның аумақтық органы мынадай топтарды қалыптастырады:

      1-топ – бұдан бұрын оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізбеген, сондай-ақ борышкерлердің уақытша басқарушысы немесе уақытша әкімшісі ретінде сайланбаған әкімшілер;

      2-топ – оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізумен айналыспайтын, сондай-ақ борышкерлердің уақытша басқарушысы немесе уақытша әкімшісі болып табылмайтын әкімшілер;

      3-топ – оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізумен айналысатын, сондай-ақ бір және одан да көп борышкердің уақытша басқарушысы немесе уақытша әкімшісі болып табылатын әкімшілер.

      4. Уәкілетті органның аумақтық органы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілер жатқызылған топтарды, сондай-ақ өзге де мәліметтерді көрсетумен, уақытша басқарушы ретінде таңдалуға жататын әкімшілердің тізімін жүргізеді.

      Уақытша басқарушы ретінде таңдалуға жататын әкімшілер тізімі уәкілетті органның аумақтық органының интернет-ресурсында орналастырылады және әкімшілерді борышкерлердің банкроттықты, оңалтуды, уақытша басқарушылары, сондай-ақ уақытша әкімшілері ретінде тағайындалуына (сайлануына) қарай жаңартылады.

3-тарау. Уақытша басқарушыны таңдау тәртібі

      5. Уақытша басқарушыны таңдауды кредитор тұрғылықты жерінің мекенжайы борышкер тіркелген тиісті облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астанада болатын, әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғаларды хабардар ету тізілімінде тұрған тұлғалар қатарынан жүзеге асырады.

      6. Уақытша басқарушыны таңдау 1-топқа кіретін әкімшілер қатарынан жүзеге асырылады.

      1-топта бірнеше әкімші болған жағдайда, әкімші ретінде ең аз жұмыс өтілі бар тұлға уақытша басқарушы болып сайланады.

      7. Тағайындаудан бас тартқан не 1-топта әкімшілер болмаған жағдайда, уақытша басқарушыны таңдау 2-топқа кіретін әкімшілер қатарынан жүзеге асырылады.

      2-топта бірнеше әкімші болған кезде борышкерді банкрот деп тану туралы өтініш берілген күнтізбелік жыл ішінде ең аз оңалту және банкроттық рәсімдер санын аяқтаған тұлға уақытша басқарушы болып сайланады.

      Егер борышкерді банкрот деп тану туралы өтініш күнтізбелік жылдың бірінші тоқсанында берілген болса, борышкерді банкрот деп тану туралы өтініш берілген жылдың алдындағы жылында ең аз оңалту және банкроттық рәсімдер санын аяқтаған тұлға уақытша басқарушы болып сайланады.

      Аяқталған рәсімдердің саны бірдей болған кезде әкімші ретінде ең аз жұмыс өтілі бар тұлға борышкердің уақытша басқарушысы болып сайланады.

      8. Тағайындаудан бас тартқан не 2-топта әкімшілер болмаған жағдайда, уақытша басқарушыны таңдау 3-топқа кіретін әкімшілер қатарынан жүзеге асырылады.

      3-топта бірнеше әкімші болған кезде, ең аз өндірістер саны бар тұлға сайланады.

      Өндірістердің саны бірдей болған кезде әкімші ретінде ең аз жұмыс өтілі бар тұлға уақытша басқарушы болып сайланады.

      9. Уақытша басқарушыны таңдау кезінде Заңның 9-бабына сәйкес борышкерге үлестес тұлғалар қаралмайды.

      10. Заңның 12-бабының 5-тармағымен көзделген жағдайларда уақытша басқарушыны тағайындауға кедергі келтіретін мән-жайлар анықталған не осы тараумен белгіленген уақытша басқарушыны таңдау тәртібі сақталмаған кезде уәкілетті органның аумақтық органы үш жұмыс күні ішінде кредиторға уақытша басқарушы ретінде сайланған тұлғаны тағайындаудан уәжді бас тартуды жолдайды.

      11. Уәкілетті органның аумақтық органы осы Қағидалардың 10-тармағымен көзделген негіздер бойынша уақытша басқарушы ретінде сайланған тұлғаны тағайындаудан бас тартқан жағдайда, кредиторға уәжді бас тартуды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде, осы тараумен белгіленген тәртіпті сақтаумен, тағайындаудан бас тартылған тұлғаны есепке алмай, уақытша басқарушыны тағайындау үшін өзге тұлғаны сайлау қажет.

      12. Кредитор уәкілетті органның аумақтық органына Заңның 44-бабының 3-тармағымен көзделген тәртіпте борышкерді банкрот деп тану туралы өтініштің көшірмесін жолдаған кезде уақытша басқарушы ретінде сайланған тұлға туралы мәліметті қоса жолдайды.

      13. Уәкілетті органның аумақтық органы кредитор таңдаған тұлғаны бұйрық шығару жолымен тағайындайды.

      Уақытша басқарушыны тағайындау туралы бұйрықты шығару соттың банкроттық туралы істі қозғау туралы ұйғарымды шығару күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

      14. Уақытша басқарушыны тағайындау туралы бұйрық екі данада шығарылады және уәкілетті органның аумақтық органының басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды және мөрмен куәландырылады.

      Бұйрықтың бір данасы уақытша басқарушыға бұйрықтың екінші данасына алғаны туралы қол қоюмен қолма-қол табыс етіледі, бұйрықтың екінші данасы уәкілетті органның аумақтық органында сақталады.

      15. Уақытша басқарушының өз өкілеттігін орындауға кірісуі тағайындау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап саналады.

      16. Уәкілетті органның аумақтық органы, егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, уақытша басқарушы ретінде тағайындалған әкімшілердің тізімдері (бұдан әрі – Тізімдер) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастарылады.

      Тізімдер уақытша басқарушылардың тағайындалуына қарай жаңартылады және уәкілетті органның аумақтың органының интернет-ресурсында орналастырылады.

      Тағайындалған уақытша басқарушылар туралы мәліметтер аталған уақытша басқарушы тағайындалған борышкерлер бойынша қорытынды есепті бекіту туралы сот ұйғарымының заңды күшіне енуінен кейін Тізімдерден алып тасталады.

  Егер салықтар және кедендік
төлемдер бойынша кредитор,
мемлекеттік орган немесе
мемлекет қатысатын заңды
тұлға өтініш беруші болып
табылса, уақытша
басқарушыны таңдау
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, уақытша басқарушы ретінде таңдалуға жататын әкімшілер тізімі

Өңір

Әкімшінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

Әкімшінің жеке сәйкестендіру нөмірі

Әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар хабардар етілетін тұлғалар тізіліміне енгізілген күні

Әкімші ретінде жұмыс өтілі (жылдар бойынша)

Оңалту немесе банкроттық рәсімі жүзеге асырылып жатқан борышкерлер саны

Ағымдағы (алдыңғы) жылы оңалту және банкроттық рәсімдері аяқталған борышкерлер саны

Әкімші уақытша басқарушы немесе уақытша әкімші болып табылатын борышкерлер саны

1-топ

1









2









2-топ

1









2









3-топ

1









2









  Егер салықтар және кедендік
төлемдер бойынша кредитор,
мемлекеттік орган немесе
мемлекет қатысатын заңды
тұлға өтініш беруші болып
табылса, уақытша басқарушыны
таңдау қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор, мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, уақытша басқарушы ретінде тағайындалған әкімшілер тізімі

Өңір

Әкімшінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

Әкімшінің жеке сәйкестендіру нөмірі

Борышкердің атауы/ дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

Борышкердің жеке/бизнес сәйкестендіру нөмірі

Кредитордың атауы

1







2







      кестенің жалғасы

Банкроттық туралы істі қозғау туралы сот ұйғарымының күні

Уақытша басқарушы ретінде тағайындалған бұйрықтың күні

Уақытша басқарушы ретінде тағайындалған бұйрықтың нөмірі








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады