"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 бұйрығына 1-қосымша |
"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.
2. "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
3. "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттарды қабылдау үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, бұған қоса осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткердің сауалнамасын және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда тиісті санаттар бойынша конкурсқа қатысушы үміткерлер үшін жұмыс орнын сақтау шартымен маман даярлауға жұмыс берушінің өтінімін қоса сұрау береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесінде белгіленеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтінішті қараудың жай-күйі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Үміткердің жеке басын куәландыратын, еңбек қызметін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмені, ауылдық елді мекеннен шыққан үміткердің тұрғылықты жері туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) оларда қамтылған деректерді (мәліметтерді) толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың осы тармағында көрсетілген мерзім ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Ұсынылған құжаттардың толық фактісі анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде олардың "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағытын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды және конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы немесе құжаттарды жеке тәртіппен қарау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне жіберу туралы қолхат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Құжаттарды қарау және құжаттарды қабылдаудың жалпы мерзімі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етуге.
8. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші табылған сәттен бастап дереу көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерін хабардар етеді.
Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Көрсетілетін қызмет беруші осы Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акті бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Қызмет берушінің атауы | "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы |
2 | Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады |
3 | Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі |
Конкурсқа қатысуға рұқсат туралы немесе Министрлікке жеке тәртіппен қарау үшін құжаттар жіберу туралы қолхат немесе "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының 5-тармағында, сондай-ақ осы тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті алушы толтырған және порталда автоматты түрде қалыптастырылған "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер сауалнамасын; |
9 | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызмет |
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясы санаттарының бірі бойынша көрсетілетін қызметті алушыға бір рет тағайындалған жағдайда; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, сондай-ақ бір реттік парольді "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген субъектінің ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы жолдау жолымен мемлекеттік қызмет алуға мүмкіндігі бар. |
"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
ҮМІТКЕРДІҢ "БОЛАШАҚ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН САУАЛНАМАСЫ/АНКЕТА ПРЕТЕНДЕНТА ДЛЯ УЧАСТИЯ В КОНКУРСЕ НА ПРИСУЖДЕНИЕ МЕЖДУНАРОДНОЙ СТИПЕНДИИ "БОЛАШАК"
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тегі/Аты/Әкесінің аты (болған жағдайда)/Фамилия/Имя/Отчество (при наличии)/жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес баспа әріптермен толтырылады/(заполняется печатными буквами согласно документу, удостоверяющему личность)
Болжанып отырған оқу/тағылымдамадан өту елін көрсетіңіз/Укажите предполагаемую страну прохождения обучения/стажировки | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Болжанып отырған оқу/тағылымдамадан өту тілін көрсетіңіз/Укажите предполагаемый язык прохождения обучения/стажировки | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасы/тағылымдама/Программа обучения/стажировка | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Магистратура | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Өз бетімен түскен/ Самостоятельно поступивший | Ауылдық елді мекеннен/ Из сельского населенного пункта | Медициналық қызметкер/ Медицинский работник | Инженерлік-техникалық қызметкер/ Инженерно-технический работник | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Докторантура Резидентура | Тағылымдама/Стажировка қызметкердің санаты/категория работника______________________________________ ______________________________________ ______________________________________ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
"Болашак" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандықтың толық атауы және коды/Полное наименование специальности и код согласно Перечню приоритетных специальностей для присуждения международной стипендии "Болашак" | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Шетелдегі жоғары оқу орны/шетелдік ұйым*/ Высшее учебное заведение за рубежом/зарубежная организация *Шетелдік жоғары оқу орындарына/мекемелерге оқу/тағылымдамадан өту үшін өз беттерінше түскен тұлғалар толтырады/* Заполняется лицами, самостоятельно поступившими в зарубежные вузы/организации на академическое обучение/для прохождения стажировки | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бұл кестені "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ қызметкерлері толтырады/Данная таблица заполняется работниками АО "Центр международных программ" | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1. ЖЕКЕ АҚПАРАТ/ЛИЧНАЯ ИНФОРМАЦИЯ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1. Жеке куәліктің деректері/Данные удостоверения личности Берген мекеме/Кем выдан Берілген күні - қолданылу мерзімі/ Дата выдачи - срок действия |
2. Төлқұжат деректері/Паспортные данные Берген мекеме/Кем выдан Берілген күні - қолданылу мерзімі/Дата выдачи – срок действия | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5. Туған күні/айы/жылы/День/месяц/год рождения |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
8. *Байланыс деректері /Контактные данные | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Коды, үй телефоны/Код, домашний телефон/ |
Ұялы телефонының нөмірі/ Сотовый номер телефона | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Коды, жұмыс телефоны/Код, рабочий телефон |
Қосымша байланыс телефондары/Дополнительные телефоны | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
e-mail (Электрондық поштаңызды үнемі тексеру қажет/Необходимо регулярно проверять электронную почту) Қосымша e-mail / Дополнительный e-mail | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
9. Тұрғылықты орны (толық мекенжайы, индексі)/Место проживания (полный адрес, индекс) |
10. Тіркелген орны (толық мекенжайы, индексі)/ Место прописки (полный адрес, индекс) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
/*Міндетті түрде толтырылады/*Заполняется в обязательном порядке | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
11. Жақын туған-туысқандары/ата-анасы/жұбайы/балалары туралы мәліметтер/Сведения о ближайших родственниках/родители/супруг(а)/дети: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туысқандық дәрежесі/ Степень родства |
Аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда)/ |
Жұмыс/оқу орны, |
Үй мекенжайы, | Ата-анаңыздың қызмет ету саласын көрсетіңіз/ Укажите сферу деятельности родителей | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Әкесі/ Отец | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Анасы/Мать | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жұбайы/ Супруг(а) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Балалары/ Дети | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2. БІЛІМІ/ОБРАЗОВАНИЕ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
12. Жоғары білім/Высшее образование | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоғары білім беру ұйымының атауы/Наименование организации высшего образования |
Жоғары білім беру ұйымының орналасқан жері/ Местонахождение организации высшего образования | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасы/Программа обучения |
Диплом қосымшасы бойынша орташа балы/ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мамандығы/Специальность: ________________________________________________________ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу шарттары/Условия обучения Государственный образовательный грант | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу тілі/Язык обучения | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мерзімі/Сроки обучения | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
3. КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІ/ПРОФЕССИОНАЛЬНАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
13. Еңбек ету қызметі/Трудовая деятельность | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Айы және жылы/Месяц и год | Жұмыс орнының атауы/ Наименование места работы | Лауазымы/ Должность | Жұмыс орнының орналасқан мекен-жайы/Адрес места работы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Келген/Прием | Кеткен/Уход | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
4. КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ/ИНФОРМАЦИЯ ПО УЧАСТИЮ В КОНКУРСЕ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
14. Шет тілі бойынша арнайы емтихан немесе тест тапсырғаны туралы ақпарат/Информация о сдаче специализированного экзамена или теста по иностранному языку | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тесттің ресми атауы |
Нәтижесі |
Тапсырған күні | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
15. Мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтайтын арнайы емтихан (ҚАЗТЕСТ/QAZAQ RESMI TEST) тапсырғаны туралы ақпарат/Информация по сдаче специализированного экзамена по определению уровня знания государственного языка (КАЗТЕСТ/QAZAQ RESMI TEST) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тесттің ресми атауы |
Нәтижесі |
Тапсырған күні | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
5. ОҚУ/ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ/ИНФОРМАЦИЯ ОБ ОБУЧЕНИИ/ ПРОХОЖДЕНИИ НАУЧНОЙ СТАЖИРОВКИ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
16. Оқу/Ғылыми тағылымдамадан өту мерзімі/Сроки обучения/прохождения научной стажировки: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқудың/ғылыми тағылымдаманың басталуы/Начало обучения/прохождения научной стажровки | Оқудың/ғылыми тағылымдаманың аяқталуы Конец обучения/прохождения научной стажировки | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
17. Сіздің шетелдегі оқуыңыз "Болашақ" бағдарламасынан (грант/стипендия және басқалары) басқа көздерден қаржыландырылуы мүмкін бе?/Предполагает ли Ваше обучение за рубежом финансирование за счет иных источников, кроме программы "Болашак" (грант/стипендия и прочее)? |
Иә/Да ☐ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
22. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мен_____________________________________, |
Я___________________________________________, | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
оқу/тағылымдамадан өту үшін үміткер, осы сауалнамада көрсетілген барлық ақпараттың толық және нақты болып табылатынын растаймын. |
претендент(ка) на обучение/прохождение стажировки подтверждаю, что вся информация, представленная мною в данной анкете является полной и достоверной. | Иә/Да ☐ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидасының және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарының талаптарымен таныстым | Ознакомлен(а) с требованиями Правил отбора претендентов для присуждения международной стипендии "Болашак" и Направлениями расходования международной стипендии "Болашак", утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 июня 2008 года № 573. | Иә/Да ☐ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
оқу/тағылымдамадан өту конкурсына қатысу барысында "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ алған менің сауалнамалық деректерімді, тестілеу мен әңгімелесу нәтижелерін сараптамалық комиссия мен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия мүшелеріне және шетелдік серіктестерге, мемлекеттік органдарға, ғылыми-зерттеу институттарына, сарапшыларға және өзге де мүдделі ұйымдарға, сонымен қатар іріктеу конкурсы нәтижелерін "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ ресми сайтында орналастыру жолымен берілуіне қарсы емеспін. | не возражаю о передаче моих анкетных данных, результатов тестирований и собеседований, полученных АО "Центр международных программ" в ходе моего участия в конкурсе на обучение/прохождение стажировки, членам экспертной комиссии и Республиканской комиссии по подготовке кадров за рубежом, зарубежным партнерам, государственным органам, научно-исследовательским институтам, экспертам и иным заинтересованным организациям, а также путем размещения на официальном сайте АО "Центр международных программ" результатов конкурсного отбора. | Иә/Да ☐ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мен _____________________________________, Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болған жағдайда (толық) үміткер тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен әңгімелесуде аудио/бейне түсірілім жасауға өзімнің рұқсатымды беремін. | Я____________________________________, Фамилия, Имя, Отчество (при наличии) полностью претендент(ка) на обучение/прохождение стажировки даю свое согласие на аудио/видео съемку персонального собеседования с членами независимой экспертной комиссии. | Иә/Да ☐ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға келісемін. |
согласен (согласна) на использование сведений, составляющих законом тайну, содержащихся в информационных системах. | Иә/Да ☐ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ЖҰМЫС ОРНЫН САҚТАУ ШАРТЫМЕН МАМАН ДАЯРЛАУҒА ӨТІНІМІ/ЗАЯВКА РАБОТОДАТЕЛЯ НА ПОДГОТОВКУ СПЕЦИАЛИСТА С УСЛОВИЕМ СОХРАНЕНИЯ МЕСТА РАБОТЫ
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ _____ | "____" ___________20____ жылы/года |
Жіберуші ұйымның атауы/Наименование направляющей организации
Пошталық индексі, мекен-жайы/Почтовый индекс, адрес | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Код, телефон | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)____________/Ф.И.О. (при наличии) направляемого претендента | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
"Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу ақпараты: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үміткердің санатын белгілеу/Указать категорию претендента | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы жұмыс өтілі/Общий стаж работы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағыттаушы ұйымдағы жұмыс өтілі/Стаж работы в направляющей организации | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жұмыс істейтін құрылымдық бөлімше/ Структурное подразделение | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үміткердің лауазымы/Должность претендента | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Конкурсқа қатысу туралы деректер (үміткер толтырады): | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тағылымдамадан өту елі/Страна для прохождения стажировки | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тағылымдамадан өту мамандығы/ Специальность для прохождения стажировки | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тағылымдамадан өту тілі/Язык прохождения стажировки | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Шетелдегі жоғары оқу орны/шетелдік ұйым*/ Высшее учебное заведение за рубежом/зарубежная организация | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ РАСТАУ /ПОДТВЕРЖДЕНИЕ РАБОТОДАТЕЛЯ |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 бұйрығына 2-қосымша |
Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы ақпарат беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.
2. "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты, түлегі мәртебесі туралы ақпарат беру (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) үшін жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) "электрондық цифрлық қолтаңбамен" қол қойылған өтінімін береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларының қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) келтірілген.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – үшінші тұлғалар) басқа жеке тұлғаға қатысты электрондық нысанда оның келісімі болған жағдайда портал арқылы көрсетіледі.
Үшінші тұлғалар портал арқылы қызметті алуға сұрау жібереді. Үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы өзіне қатысты порталдағы "жеке кабинеттен" ұсынылған мәліметтер сұратылатын адамның келісімі болған жағдайда, сондай-ақ порталда тіркелген адамның ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы, бір реттік парольді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен орындалады.
Өзіне қатысты мемлекеттік қызмет көрсетуге мәліметтер сұратылатын адамның келісімі (бас тартуы) сұрау салуды алған сәттен бастап 2 (екі) сағат ішінде жіберіледі. Келісімді алған кезде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып, автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі үшінші тұлғаның "жеке кабинетіне" жіберіледі.
4. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметке сұрау салудың қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу, күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) портал арқылы өтінім түскен сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарының, түлектерінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) көрсетілетін қызметті алушының ЖСН-мен сәйкестігін тексереді және ЖСН сәйкес келген жағдайда стипендиаттың мәртебесі туралы ақпаратты автоматты түрде қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті алушының ЖСН-ні "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарының ЖСН-мен АЖ-ге сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту автоматты түрде қалыптастырылады.
6. "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының (бұдан әрі – стипендиат) мәртебесі туралы ақпаратта АЖ-де қамтылған мәліметтер:
стипендиаттың тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) ;
стипендиаттың туған күні;
стипендиатқа "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі комиссия хаттамасының нөмірі мен күні;
берілетін мамандық;
шетелдік жоғары оқу орнының және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымның атауы;
оқу елінің атауы;
диплом бойынша мамандығы (бітірген жағдайда);
диплом бойынша мамандығы (бітірген жағдайда);
оқу кезеңі (стипендиат оқуда болған жағдайда, оқу кезеңінде оқудың басталу күні көрсетіледі, бүгінгі күні оқудан өту белгісі қойылады).
ақпарат берілген күннен бастап 3 ай ішінде жарамдылық мерзімін көрсету.
7. Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
8. Құжаттарды қабылдаудың немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың жалпы мерзімі 30 (отыз) минутты құрайды.
9. Көрсетілетін қызметті беруші Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етуге.
10. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші табылған сәттен бастап дереу көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерін хабардар етеді.
Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
12. Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
13. Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
14. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
16. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
17. Көрсетілетін қызмет беруші осы Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акті бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына қосымша |
Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы. |
2. | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz (бұдан әрі – портал). |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 30 (отыз) минут |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының мәртебесі туралы ақпарат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 5-тармағында, сондай-ақ осы тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы немесе Министрлікке жеке тәртіппен қарау үшін құжаттар жіберу туралы қолхат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" жолданады және сақталады. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің, ақпарат нысандарының жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлік қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу. |
9. | Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызмет |
1) "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарының ЖСН көрсетілетін қызметті алушының ЖСН-мен сәйкес келмеген жағдайда; |
10. | Өзге де талаптар мемлекеттік қызметті көрсету ескерілген ерекшеліктері |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, сондай-ақ бір реттік парольді "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген субъектінің ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы жолдау жолымен мемлекеттік қызмет алуға мүмкіндігі бар. |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 бұйрығына 3-қосымша |
"Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі –Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға кететіндер үшін кепіл хатын беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.
2. "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
3. "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепіл хатын алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге тікелей не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепіл хатын алу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қызметті берушіге тікелей не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы тапсырады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат мемлекеттік қызметтер тізбесінде белгіленеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
5. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
6. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Мемлекеттік корпорациясы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын курьер арқылы жеткізеді.
Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
8. Көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтінішті қараудың жай-күйі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
9. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы құжаттары тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Қағидаларының осы тармағында көрсетілген мерзім ішінде, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды.
Ұсынылған құжаттардың толық фактісі анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде олардың "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағытын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысында, "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8880 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
10. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.
11. Көрсетілетін қызметті беруші "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатты не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорациясына мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жолдайды.
12. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлік қолтаңбасымен қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
13. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілін) ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация бір айдың ішінде нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияның сұранысы бойынша бір айдың ішінде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
15. Көрсетілетін қызметті беруші Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етуге.
16. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші табылған сәттен бастап дереу көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерін хабардар етеді.
Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Көрсетілетін қызмет беруші осы Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акті бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ӨТІНІШ
Мен, _______________________________________, маған мына төмендегілерге (қажеттісін белгілеңіз) ұсыну үшін қаржылық кепілдік хатын беруіңізді сұраймын
Елшілік______________________________________________________________ | |
ЖОО_________________________________________________________________ |
Елшілікте сұхбат өтуге жоспарланған күн: 20____жылғы "__" _________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпиядан құралған мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20_____жылғы "___" _________ Қолы ______________
"Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 2-қосымша |
"Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Қызмет берушінің атауы | "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары |
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: |
3 | Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі |
көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап: |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: | электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде |
5 | Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі |
"Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын не осы тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат нысандарының жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкіл) өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда бар деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын (көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға) тапсыру үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минут. |
"Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.) (болған жағдайда) ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолжазба
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" АҚ филиалының № ___ бөлімшесі (мекенжайын көрсетілуі тиіс) мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінде көзделген Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын, атап айтқанда төменде берілген құжаттарды Сіз толық тапсырмағандықтан, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады (мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесіне сәйкес мемлекеттік қызметтің атауын көрсету қажет):
Жоқ құжаттар атауы:
1) ________________________
2) ________________________
3) ...
Осы қолжазба әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада құрылған.
_____________________________________________________________
ТАӘ (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (болған жағдайда) (қолы)
Орындаушының ТАӘ (болған жағдайда) ________________
Тел. ______________
Алған: ТАӘ (болған жағдайда) /қызмет алушының қолы
20___жылғы "___"______________
_____________________________
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 бұйрығына 4-қосымша |
"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына (әрі қарай – Заң) сәйкес әзірленген және "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.
2. "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. "Болашақ" халықаралық стипендиясының шығыстарын өтеу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өз қаражаты есебінен шеккен шығыстар сомасын растайтын құжаттарды қоса отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті тікелей көрсетілетін қызмет берушіге береді.
Процесс сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып өзге мәліметтерді қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) берілген.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері келу тәртібімен (сәйкестендіру үшін) ұсынылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты салыстырып тексереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарын қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының деректерін "Болашақ" халықаралық бағдарламасының стипендиаты мәртебесінің бар-жоғын, көрсетілетін қызметті алушыны орналастыру және оқыту жөніндегі мәліметтерді тексереді.
Тізбенің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші шығыстарды өтеу бойынша қаражатты аудару туралы немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды шешім қабылдайды.
Құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын, бұған дейінгі төлемнің болуын және Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының шығыстарын растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігі келген кезде шығыстарды өтеу ведомосын дайындайды және оны басшылыққа бекітуге береді.
Басшылық бекіткеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші шығыстарды өтеу бойынша қаражатты көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына теңгемен аударады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Құжаттарды қараудың және көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына шығындарды өтеу үшін қаражатты аударудың немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың жалпы мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.
7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етуге.
8. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші табылған сәттен бастап дереу көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-инфрақұрылымға жауапты қызметкеріне хабар береді.
Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер, техникалық ақаулық туралы хаттама толтырады және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесі кезінде көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Көрсетілетін қызмет беруші осы Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акті бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Шығыстарды өтеуге өтініш
"Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалған күннен бастап пайда болған менің шығыстарымды өтеуіңізді сұраймын.
№ | Атауы | Төлем нысаны* | Сомасы | Валюта |
1 | ||||
2 | ||||
3 | ||||
Барлығы: |
Ескертпе: *төлем онлайн немесе қолма-қол есебінен
(IBAN) № KZ ___________________ банк _________________
20__ жылғы "___" ________ № _____ Оқытуды ұйымдастыру туралы/ғылыми тағылымдаманы ұйымдастыру туралы шарт.
Қосымша (төлемді растайтын құжаттардың түпнұсқалары):
1)___________________________________________________________
2)___________________________________________________________
20____жыл "___"_______ ____________________________________
(стипендиаттың қолы)
"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 2-қосымша |
"Болашақ" бағдарламасы стипендиаттарының шығыстарын растайтын қажетті құжаттар тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ п/п | Шығыс баптары | Растайтын құжаттар |
1 |
виза ресімдеу, ұзарту |
1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не банктің мөртабанымен расталған клиенттің банктік шоты бойынша үзінді көшірме немесе банктің штрих/Quick Response (Quick respons) кодымен/электрондық цифрлық қолтаңбасымен (төлем фактісін растайтын шетелдік банктен анықтама/хат ұсынуға жол беріледі); |
2 | оқу орындарына 5-тен (бестен) аспайтын сауалнама нысанын ресімдеу және тапсыру |
1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не банктің мөртабанымен расталған клиенттің банктік шоты бойынша үзінді көшірме немесе банктің штрих/Quick Response (Quick respons) кодымен/электрондық цифрлық қолтаңбасымен (төлем фактісін растайтын шетелдік банктен анықтама/хат ұсынуға жол беріледі); |
3 | қабылдаушы елдердің уәкілетті органдары мен оқу орындарында тіркелу |
1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не банктің мөртабанымен расталған клиенттің банктік шоты бойынша үзінді көшірме немесе банктің штрих/Quick Response (Quick respons) кодымен/электрондық цифрлық қолтаңбасымен (төлем фактісін растайтын шетелдік банктен анықтама/хат ұсынуға жол беріледі); |
4 | емтихандар |

5 | оқу (оның ішінде оқуға арналған депозит), оқу орындарының талаптары бойынша міндетті қызметтер |
1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не банктің мөртабанымен расталған клиенттің банктік шоты бойынша үзінді көшірме немесе банктің штрих/Quick Response (Quick respons) кодымен/электрондық цифрлық қолтаңбасымен (төлем фактісін растайтын шетелдік банктен анықтама/хат ұсынуға жол беріледі), не оқу орнының төлемді растайтын хатының түпнұсқасы; |
6 | міндетті медициналық тексеру |

7 | оқу орындарының үлгерім туралы ресми құжаттарын (транскрипт) ұсынуы |
1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не банктің мөртабанымен расталған клиенттің банктік шоты бойынша үзінді көшірме немесе банктің штрих/Quick Response (Quick respons) кодымен/электрондық цифрлық қолтаңбасымен (төлем фактісін растайтын шетелдік банктен анықтама/хат ұсынуға жол беріледі), не оқу орнының төлемді растайтын хатының түпнұсқасы; |
8 | медициналық сақтандыру |
1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не банктің мөртабанымен расталған клиенттің банктік шоты бойынша үзінді көшірме немесе банктің штрих/Quick Response (Quick respons) кодымен/электрондық цифрлық қолтаңбасымен (шетелдік банктен/сақтандыру компаниясынан ресми анықтама/хат ұсыну мүмкін); |
9 | Қазақстан Республикасының ішінде жол жүру (теміржол көлігі, автобус) |
1) жол жүру билетінің түпнұсқасы (теміржол билеті, автобус билеті) не штрих/ Quick Response (Quick respons) кодымен/электрондық цифрлық қолтаңбасымен электронды билет; |
10. | Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жол жүру | |
10.1 | теміржол көлігіне, автобусқа ақы төлеуді өтеу |
1) жол жүру билетінің түпнұсқасы (теміржол билеті, автобус билеті) не Quick Response (Квик Респонс) штрих коды бар электронды билет; |
10.2 | Әуе билеттері ақысын өтеу |
1) төлем туралы чектердің түпнұсқалары, төлем туралы түбіртектер, не банктің мөртабанымен расталған клиенттің банктік шоты бойынша үзінді көшірме немесе банктің штрих/Quick Response (Quick respons) кодымен/электрондық цифрлық қолтаңбасымен (төлем фактісін растайтын шетелдік банктен анықтама/хат ұсынуға жол беріледі); |
11. | Банк қызметтері (жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін шығару, қайта шығару және банк карточкасына қызмет көрсету) | банктің мөртабанымен немесе банктің штрих/Quick Response (Quick respons) кодымен/электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған банктік үзінді көшірме. |
"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 3-қосымша |
"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар тізбесі
Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Мемлекеттік қызметті берушінің атауы | "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну жолдары | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі | 7 (жеті) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: | Қағаз жүзінде |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына шығыстарды өтеу бойынша қаражатты теңгемен аудару не осы тізбенің 9-тармағына көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Тегін |
7 | Қызметті берушінің жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкіл) қызмет берушінің өтініш берген кезде: |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда бар деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін барынша күту уақыты – 15 (он бес) минут. |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 бұйрығына 5-қосымша |
"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.
2. "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
3. "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша аванс беру үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) көзделген құжаттарды қосымшасымен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті тікелей көрсетілетін қызмет берушіге не "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат мемлекеттік қызметтер тізбесінде белгіленеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарын қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде олардың "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және "Болашақ" халықаралық стипендиясын жұмсау бағытын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысында, "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шығыс нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 болып тіркелген), "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8880 болып тіркелген) бекітілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Тізбенің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші аванстық соманы аудару туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына теңгемен аванстық соманы аудару туралы хат дайындайды.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызметті көрсетудің не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың жалпы мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.
7. Көрсетілетін қызметті беруші Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етуге.
8. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші табылған сәттен бастап дереу көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерін хабардар етеді.
Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Көрсетілетін қызмет беруші осы Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акті бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Аванс алуға өтініш
Маған _________________________________________________________
(аванс алу мақсаты)
__________________________________________________ банкінің (IBAN) № KZ ____
_____________ карт-шотына __________________________________
(___________________________________________________________________)
(соманы толық жазу)
көлемінде аванс аударуыңызды сұраймын.
20__ жылғы "__" _____ № _____ Оқытуды ұйымдастыру туралы/ғылыми
тағылымдаманы ұйымдастыру туралы шарт.
Қосымша: ____________________________________
(аванс қажеттілігін растайтын құжат)
Тұру мен тамақтануға арналған аванс сомасын "Болашақ" халықаралық стипендиясына байланысты кейінгі төлемдерді есептеу кезінде ұстап қалуды сұраймын.
Басқа мақсаттардағы аванстық төлемдер бойынша Қоғам аванс аударған күннен бастап 2 ай ішінде авансты мақсатты пайдалануды растайтын құжаттың түпнұсқасын ұсынуға міндеттенемін. Мен растау құжаттарын ұсынбаған жағдайда немесе Қоғам аударған аванс сомасы толық пайдаланылмаса, құжаттар түпнұсқасымен расталмаған соманы "Болашақ" халықаралық стипендиясына байланысты кейінгі төлемдерді есептеу кезінде ұстап қалуды сұраймын.
20 ___жыл "___" ___________ _____________________________
(стипендиаттың қолы)
"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарына аванс беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Қызмет берушінің атауы | "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары |
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: |
3 | Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі | 7 (жеті) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: | электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде |
5 | Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына аванстық соманы теңгемен аудару туралы хат немесе осы тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызмет берушінің және ақпарат нысандарының жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда бар деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсыру үшін барынша рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минут. |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 бұйрығына 6-қосымша |
"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру бойынша мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.
2. "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), көрсетілетін қызметті берушіге тікелей не осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) көзделген құжаттарды қоса берумен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-портал (бұдан әрі – портал) арқылы жүгінеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат мемлекеттік қызметтер тізбесінде белгіленеді.
4. Құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
5. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
6. Мемлекеттік корпорациясы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын жеткізуді жүзеге асырады. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
7. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетке" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
8. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
9. Құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші оларды 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында, "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8880 болып тіркелген) бұйрығында белгіленген талаптарына сәйкестігін қарастырады.
Тізбенің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде берілген жылжымайтын мүлік кепілі шартын беру туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиаттарының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде берілген жылжымайтын мүлік кепілі шартын дайындайды.
10. Көрсетілетін қызметті беруші "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шарттарын не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі Мемлекеттік корпорациясына, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жолдайды.
11. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация бір айдың ішінде нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияның сұранысы бойынша бір айдың ішінде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.
12. Көрсетілетін қызметті беруші Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
13. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші жағдайды анықтаған сәттен бастап тез арада көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерді хабардар етеді.
Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
15. Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
16. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
17. Көрсетілетін қызмет беруші осы Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акті бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке кепіл шартын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1 | Қызмет берушінің атауы | "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары |
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: |
3 | Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі |
көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап: |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (ішінара автоматтандырылған) және/немесе қағаз жүзінде |
5 | Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі |
Жылжымайтын мүлік кепіл шарты не осы тізбенің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда бар деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияда құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минут. |
Нысан
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.) (болған жағдайда) ____________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолжазба
"Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" АҚ филиалының № ___ бөлімшесі (мекенжайын көрсетілуі тиіс) мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінде көзделген Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттар, атап айтқанда төменде берілген құжаттарды Сіз толық тапсырмағандықтан, мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады (мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесіне сәйкес мемлекеттік қызметтің атауын көрсету қажет):
Жоқ құжаттар атауы:
1) ________________________
2) ________________________
3) ...
Осы қолжазба әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада құрылған.
_____________________________________________________________
ТАӘ (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (болған жағдайда) (қолы)
Орындаушының ТАӘ (болған жағдайда) ________________
Тел. ______________
Алған: ТАӘ (болған жағдайда) /қызмет алушының қолы
20___жылғы "___"______________
_____________________________
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 бұйрығына 7-қосымша |
"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.
2. "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
3. "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты міндеттемелерін орындаған кезде жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), көрсетілетін қызметті берушіге тікелей не осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сенімхатпен не осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты міндеттемелерді орындаған кезде жылжымайтын мүліктен кепіл шартын тоқтату туралы хабарлама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) көзделген құжаттарды қоса берумен қызметті берушіге тікелей не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-портал (бұдан әрі – портал) арқылы жүгінеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, ұсыну нысаны, мазмұны және нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де ақпарат мемлекеттік қызметтер Тізбесінде белгіленеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
5. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті Мемлекеттік корпорацияның қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
6. Мемлекеттік корпорациясы көрсетілетін құжаттар топтамасын қызметті берушіге жеткізеді. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну кезінде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жолданады.
8. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 4 (төрт) жұмыс күні ішінде олардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында белгіленген, "Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8880 болып тіркелген) бекітілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Тізбенің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды шешім қабылдайды.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындаған, стипендиаттың қаржылық берешегінің болмауы анықталған кезде, жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу үшін хат және сенімхат дайындайды және оларды пошта арқылы жібереді не қолма-қол береді.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Көрсетілетін қызметті беруші "Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу үшін сенімхат пен хатты не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі Мемлекеттік корпорациясына, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жолдайды.
12. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттар жеке куәлікті (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) ұсынған кезде құжаттардың қабылданғаны туралы қолхаттың негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация бір айдың ішінде нәтиженің сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияның сұранысы бойынша бір айдың ішінде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
14. Алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Көрсетілетін қызметті беруші Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етуге.
16. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші табылған сәттен бастап дереу көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерін хабардар етеді.
Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Көрсетілетін қызмет беруші осы Қағидаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық акті бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы мен ___________________________ арасында жасалған _____ жылғы __________ № ______ жылжымайтын мүлік кепіл шартына сәйкес, кепілдікке қойылған (мекенжайы) (болған жағдайда) мекенжайы бойынша орналасқан жылжымайтын мүліктен Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 322-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, жылжымайтын мүліктің құқықтық ауыртпалығын алып тастауды сұраймыз.
Президент (ТӘЖ)
"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
СЕНІМХАТ
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы атынан Жарғы негізінде әрекет ететін президент (ТӘЖ) (кепілберушінің ТӘЖ) (ЖСН), "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (өңірдің атауы) бойынша филиалында _____ жылғы "___" (айы) № _____ жылжымайтын мүлік кепіл шарты бойынша кепіл заты болып табылатын жылжымайтын мүліктен құқықтық шектеуді алып тастауға қайта сенім білдіру құқығын берумен сенім білдіреді.
Сонымен қатар оған "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ атынан қол қою, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының (өңірдің атауы) бойынша филиалында "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ атынан барлық керек құжаттар мен анықтама қағаздарын ұсыну, алу және өтініш жазу, осы тапсырыс бойынша басқа да іс-әрекеттерді орындау құқығы беріледі.
Сенімхат бір реттік әрекет жасауға беріледі және жылжымайтын мүлікті кепілдіктен шешкен соң заңды күшін жоғалтады.
Жылжымайтын мүліктің орналасқан жері: (мекенжайы) (кадастрлық нөмірі).
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамының БСН.
Президент (ТӘЖ)
"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 3-қосымша |
"Болашақ" халықаралық стипендиясының стипендиаты міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 10.01.2023 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Қызмет берушінің атауы | "Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметтерді ұсыну жолдары |
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: |
3 | Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі |
көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттарды тапсырған күнінен бастап: |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: | электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз |
5 | Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі |
"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүліктен ауыртпалықты алу үшін сенімхат пен хат не "Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларының 8, 10-тармақтарында, сондай-ақ осы стандарттың 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Тегін |
7 | Қызмет берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат нысандарының жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда бар деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін белгілеу; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын (көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға) тапсыру үшін кезек күтудің барынша рұқсат етілген уақыты – 15 (он бес) минут. |
"Болашақ" халықаралық стипендиясы стипендиатының міндеттемелерін орындау кезінде жылжымайтын мүлік кепілін тоқтату туралы хабарлама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.) (болған жағдайда)
________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолжазба "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" АҚ филиалының № ___ бөлімшесі (мекенжайын көрсетілуі тиіс) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын, атап айтқанда төменде берілген құжаттарды Сіз толық тапсырмағандықтан мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтің атауын көрсету қажет):
Жоқ құжаттар атауы:
1) ________________________
2) ________________________
3) ...
Осы қолжазба әрбір тарап үшін бір-бірден 2 данада құрылған.
_____________________________________________________ ________
ТАӘ (Мемлекеттік корпорация қызметкері) (болған жағдайда) (қолы)
Орындаушының ТАӘ (болған жағдайда)________________
Тел. ______________
Алған: ТАӘ (болған жағдайда)/қызмет алушының қолы
20___жылғы "___"______________
_____________________________
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 бұйрығына 8-қосымша |
1. "Шетелге, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығының 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6),7) тармақшалар (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 мамырда жарияланған);
2. "Шетелге, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 346 бұйрығының 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшалар (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11533 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 шілдеде жарияланған);
3. "Шетелге, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы № 631 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12507 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған);
4. "Шетелге, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 346 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 687 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12853 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 20 қаңтарда жарияланған);
5. "Шетелге, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 64 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13345 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 наурызда жарияланған);
6. "Шетелге, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 346 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 156 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13521 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 31 наурызда жарияланған);
7. "Шетелге, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 237 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13754 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 маусымда жарияланған);
8. "Шетелге, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 346 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 23 маусымдағы № 396 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13976 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 10 тамызда жарияланған);
9. "Шетелге, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 713 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14773 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
10. "Шетелге, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 16 маусымдағы № 288 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15428 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
11. "Шетелге, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 656 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16315 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
12. "Шетелге, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 346 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 171 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16881 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
13. "Шетелге, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 706 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18069 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
14. "Шетелге, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 346 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 141 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18506 болып тіркелген, 2019 жылғы 24 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).