ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда көзделген - ҚР Қорғаныс министрінің 01.02.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған "Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі | Н. Ермекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 250 бұйрығымен бекітілген |
"Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсатты беру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 01.02.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушыларға) көрсетеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 07.12.2021 № 847 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш (бұдан әрі – өтініш) жасайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 01.02.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Портал арқылы өтініш берген кезде, сұрау салуды алғаннан кейін жауапты құрылымдық бөлімше көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру күні туралы белгіні жолдайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді тіркеу не жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 07.12.2021 № 847 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжатты одан әрі қараудан бас тартуды жолдайды және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама жолдау арқылы өтінішті қайтарады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 01.02.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі өтініштің тіркелген күнінінен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуді келісуге сұрау салуды қалыптастырып жолдайды.
7. Жоғарыда көрсетілген органдардан жауап алғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге рұқсатты не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды жасайды.
Бұл ретте осы Қағидаларға Тізбенің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер бар болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 01.02.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 07.12.2021 № 847 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту Тізбенің 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 01.02.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу кезінде көрсетілетін қызметті беруші әділет органдарында тиісті нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпараты "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 01.02.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттіке қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Портал арқылы өтініш жасаған кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
Мемлекеттіке қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әркетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұр ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 07.12.2021 № 847 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа жүгінеді.
4-тарау. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mod.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қолжетімділік режимінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz. интернет-ресурсында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің телефондары, "жеке кабинеті" порталы және Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.
Өтініш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 07.12.2021 № 847 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тыйым салынған аймақ (тыйым салынған аймақтар) және/немесе ұшуға шектеу қойылған аймақ (аймақтар) аумағының үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсат беруіңізді сұраймын.
1. Әуе кемесінің типі, әуе кемесiнiң тану индексi (әуе кемесiнiң мемлекеттiк және тiркеу тану белгiсi) (ұшқышсыз ұшу аппараты үшін әуе кемесiнiң мемлекеттiк және тiркеу тану белгiлерi болмаған жағдайда ұшқышсыз ұшу аппаратының маркасы көрсетіледі) және мыналар көрсетілетін оны пайдаланушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға:
жеке тұлға үшін – иесінің тегі мен инициалдары, ЖСН;
заңды тұлға үшін – ұйымның атауы, БСН.
2. Тыйым салынған аймақ (тыйым салынған аймақтар) пен ұшуға шектеу қойылған аймақтың (аймақтардың) белгіленуі (аймақтардың белгіленуі: аэронавигациялық ақпарат құжаттарында көрсетілгендей UAP- ..., UAR-......) ұшуға шектеу қойылған аймаққа кіру, одан шығу нүктелері (географиялық координаталарын көрсете отырып):
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
3. Ұшуды орындау кезеңі (ұшуды бастау және аяқтау күнін көрсетумен, бірақ күнтізбелік бір жылдан аспауға тиіс):
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
4. Ұшу мақсаты: ____________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Өтінім берілген күні:_______________________________________________________
Жеке тұлға үшін: __________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы)
Заңды тұлға үшін: _________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(ұйымның атауы) (лауазымы) (қолы)
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 01.02.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі | ||
1 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы | Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру |
2 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілі (қолжетімділік арнасы) | "Электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Қызмет көрсету мерзімі – 7 (жеті) жұмыс күні |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсатты беру не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап |
7 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда оны алу тәсілі | Жеке және заңды тұлғаларға тегін |
8 | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қорғаныс министрі бекітетін қызмет уақыты регламентіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін. |
9 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі | Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш. Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді тіркеу не жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады. |
10 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін белгілеу; |
11 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтан қолжетімділік режимінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің телефондары, порталдың "жеке кабинеті" және Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. |
__________________ № ________
Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге рұқсат
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Сіздің _____ _________ жылғы №
____________ өтініміңізді қарап, мынадай шарттарға сәйкес тыйым салынған аймақтар мен
ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге рұқсат етеді.
Олардың үстінен ұшып өтуге рұқсат берілген тыйым салынған аймақ (тыйым салынған
аймақтар) пен ұшуға шектеу қойылған аймақ (аймақтар) және олардың үстінен ұшуды орындау күндері:
Р/с № |
Ұшуды жүргізу кезеңі | Тыйым салынған аймақ (тыйым салынған аймақтар) пен ұшуға шектеу қойылған аймақтың (аймақтардың) белгіленуі |
Ерекше жағдайлар __________________________________________________________
(ұшуды орындау жағдайлары көрсетіледі (олар бар болған кезде)
Лауазымы
Әскери атағы Т.А.Ә. (ол бар болған кезде)
Нысан
Кімге: көрсетілетін қызметті алушыға |
__________________ № ________
Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсат беруден бас тарту
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 01.02.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Сіздің ______ жылғы _____________
№ ____________ өтініміңізді қарап, мынаны хабарлайды.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабын
басшылыққа ала отырып, тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар
аумағының үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсатты беруден бас тартады.
Лауазымы
Әскери атағы Т.А.Ә. (бар болған кезде)