"Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 250 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 1 ақпандағы № 67 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 ақпанда № 31850 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 250 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20818 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсатты беру тәртібін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш (бұдан әрі – өтініш) жасайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжатты одан әрі қараудан бас тартуды жолдайды және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама жолдау арқылы өтінішті қайтарады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғарыда көрсетілген органдардан жауап алғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге рұқсатты не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды жасайды.

      Бұл ретте осы Қағидаларға Тізбенің 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер бар болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту Тізбенің 9-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу кезінде көрсетілетін қызметті беруші әділет органдарында тиісті нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер мен (немесе) толықтырулар туралы ақпараты "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды".

      Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 1 ақпандағы
№ 67 бұйрығына
1-қосымша
  "Тыйым салынған аймақтар мен
ұшуға шектеу қойылған
аймақтар аумағының үстінен
ұшып өтуге
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
күзет қызметімен және ұлттық
қауіпсіздік органдарымен
келісілгеннен кейін арнайы
рұқсат беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша

"Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы

Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру

2

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілі (қолжетімділік арнасы)

"Электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz

4

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Қызмет көрсету мерзімі – 7 (жеті) жұмыс күні

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

6

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсатты беру не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап

7

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайда оны алу тәсілі

Жеке және заңды тұлғаларға тегін

8

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қорғаныс министрі бекітетін қызмет уақыты регламентіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру: дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9.00-ден 16.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.
Портал – жөндеу жұмысын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.

9

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш. Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді тіркеу не жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

10

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін белгілеу;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен және/немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінен мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет етілетін келісу туралы сұрау салуға берілген теріс жауап;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылды;
6) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

11

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтан қолжетімділік режимінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің телефондары, порталдың "жеке кабинеті" және Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтан қолжетімділік режимінде порталдың "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

  бұйрығына 2-қосымша
  "Тыйым салынған аймақтар мен
ұшуға шектеу қойылған
аймақтар аумағының үстінен
ұшып өтуге
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
күзет қызметімен және ұлттық
қауіпсіздік органдарымен
келісілгеннен кейін арнайы
рұқсат беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

  Кімге: көрсетілетін қызметті алушыға

      __________________ № ________

Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсат беруден бас тарту

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Сіздің ______ жылғы _____________

      № ____________ өтініміңізді қарап, мынаны хабарлайды.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабын

      басшылыққа ала отырып, тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар

      аумағының үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсатты беруден бас тартады.

      Лауазымы

      Әскери атағы Т.А.Ә. (бар болған кезде)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады