ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 250 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20818 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. "Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушыларға) көрсетеді.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш (бұдан әрі – өтініш) жасайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) мазмұндалған.
4. Портал арқылы өтініш берген кезде, сұрау салуды алғаннан кейін жауапты құрылымдық бөлімше көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру күні туралы белгіні жолдайды.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкерді тіркеу не жеке кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
5. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжатты одан әрі қараудан бас тартуды жолдайды және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама жолдау арқылы өтінішті қайтарады.";
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жоғарыда көрсетілген органдардан жауап алғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге рұқсатты не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды жасайды.
Бұл ретте осы Қағидаларға стандарттың 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер бар болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жолданады. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті адамының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданады.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Мемлекеттіке қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Портал арқылы өтініш жасаған кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алуға болады.
Мемлекеттіке қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әркетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
Бұр ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.";
Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
М. Бектанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Өтініш
Тыйым салынған аймақ (тыйым салынған аймақтар) және/немесе ұшуға шектеу қойылған аймақ (аймақтар) аумағының үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсат беруіңізді сұраймын.
1. Әуе кемесінің типі, әуе кемесiнiң тану индексi (әуе кемесiнiң мемлекеттiк және тiркеу тану белгiсi) (ұшқышсыз ұшу аппараты үшін әуе кемесiнiң мемлекеттiк және тiркеу тану белгiлерi болмаған жағдайда ұшқышсыз ұшу аппаратының маркасы көрсетіледі) және мыналар көрсетілетін оны пайдаланушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға:
жеке тұлға үшін – иесінің тегі мен инициалдары, ЖСН;
заңды тұлға үшін – ұйымның атауы, БСН.
2. Тыйым салынған аймақ (тыйым салынған аймақтар) пен ұшуға шектеу қойылған аймақтың (аймақтардың) белгіленуі (аймақтардың белгіленуі: аэронавигациялық ақпарат құжаттарында көрсетілгендей UAP- ..., UAR-......) ұшуға шектеу қойылған аймаққа кіру, одан шығу нүктелері (географиялық координаталарын көрсете отырып):
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
3. Ұшуды орындау кезеңі (ұшуды бастау және аяқтау күнін көрсетумен, бірақ күнтізбелік бір жылдан аспауға тиіс):
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
4. Ұшу мақсаты: ____________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Өтінім берілген күні:_______________________________________________________
Жеке тұлға үшін: __________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған кезде) (қолы)
Заңды тұлға үшін: _________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(ұйымның атауы) (лауазымы) (қолы)
"Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілгеннен кейін арнайы рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің атауы | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қолжетімділік арналары) | "Электрондық үкімет" веб-порталы: www. egov. kz |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Қызмет көрсету мерзімі – 7 (жеті) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Тыйым салынған аймақтар мен ұшуға шектеу қойылған аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге арнайы рұқсатты беру не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Жеке және заңды тұлғаларға тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қолжетімділік режимінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің www. gov. kz интернет-ресурсында көрсетілетін қызметті берушінің телефондары, порталдың "жеке кабинеті" және Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету белгісі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. |