Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 05.01.2024 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына ("Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 шілдеде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (Г. Көбенова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.М. Дәуленовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 231 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымда № 391 бұйрығымен бекітілген |
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Р/с | Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары | Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар | Ескертпе | |||
1. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін | ||||||
1 | Оқу жұмыс жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 604 бұйрық) бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі. | Білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері. | ||||
2 |
Оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес тиісті бейіндері бойынша педагогикалық білімі бар педагогтердің болуы. | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-ші қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
3 | Денсаулық сақтау ұйымдарымен медициналық қызмет көрсетуге лицензия немесе шарт негізінде білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы |
Медициналық қызмет көрсету туралы мәлімет, оның ішінде медициналық пункттің және медициналық қызметке берілген лицензияның болуы туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 3-ші қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
4 | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарт негізінде білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы. |
Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
5 | Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 611 бұйрық) бекітілген санитариялық нормаларға және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 тамыздығы № 439 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15501 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 439 бұйрық) бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, кемінде 10 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алу. |
Пайдалыи оқу алаңының, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
6 |
Компьютерлік сыныптармен; интернет желісіне қосылған компьютерлермен жарақтандырылуы; edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы; | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлік сыныптардың, компьютерлердің, білім беру ұйымының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). |
Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақтандыру туралы біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде орналастырылған білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
7 | Ұлттық білім беру деректер қорының статистикалық деректерінің білім беру ұйымының нақты деректеріне сәйкестігі. | |||||
2. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін | ||||||
8 | Оқу жұмыс жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына және № 604 бұйрықпен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі. | Білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері. | ||||
9 |
Тиісті бейіндер бойынша педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлаудан өтумен кәсіптік білімі бар оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес педагогтердің болуы. | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
10 | Медициналық қызмет көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдарымен лицензия немесе шарт негізінде білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы. | Медициналық қызмет көрсетудің болуы туралы, оның ішінде медициналық пунктінің және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуге денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарттың көшірмесі. | ||||||
11 | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарт негізінде білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы. | Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету шартының көшірмесі. | ||||||
12 | Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе № 611 бұйрықпен бекітілген санитариялық нормаларға және № 439 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, кемінде 10 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алу. |
Пайдалы оқу алаңының, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
13 |
Компьютерлік сыныптармен; интернет желісіне қосылған компьютерлермен; № 604 бұйрықпен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқу пәндері кабинеттерімен, зертханалармен, спорт залдарымен жарақтандырылуы; жабдықтар мен жиһаздардың болуы; edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы; | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқыту құралдарының болуы туралы мәліметтер, мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін білім беру ұйымының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақтандыру туралы біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде орналастырылған білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
14 | Ұлттық білім беру деректер қорының статистикалық деректерінің білім беру ұйымының нақты деректеріне сәйкестігі. | Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | ||||
3. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін | ||||||
15 | Оқу жұмыс жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына және № 604 бұйрықпен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі. | Білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері. | ||||
16 |
Тиісті бейіндер бойынша педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлаудан өтумен кәсіптік білімі бар оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес педагогтердің болуы. | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
17 | Медициналық қызмет көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдарымен лицензия немесе шарт негізінде білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы. | Медициналық қызмет көрсетудің болуы туралы, оның ішінде медициналық пунктінің және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуге денсаулық сақтау ұйымымен жасалған шарттың көшірмесі. | ||||||
18 | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз етуге арналған шарт негізінде білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы. | Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
Білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың көшірмесі. | ||||||
19 | Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару не сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің болуы немесе № 611 бұйрықпен бекітілген санитариялық нормаларға және № 439 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайларымен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, кемінде 10 жыл қолданылу мерзімімен материалдық активтерді жалға алу. |
Пайдалы оқу алаңының, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
20 |
Компьютерлік сыныптармен; интернет желісіне қосылған компьютерлермен; № 604 бұйрықпен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқу пәндері кабинеттерімен, зертханалармен, спорт залдарымен жарақтандырылуы; жабдықтар мен жиһаздардың болуы; edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы; | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқыту құралдарының болуы туралы мәліметтер, мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін білім беру ұйымының үй-жайларында және аумағында бейнекамералардың болуы (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақтандыру туралы біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде орналастырылған білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
21 | Ұлттық білім беру деректер қорының статистикалық деректерінің білім беру ұйымының нақты деректеріне сәйкестігі. | Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | ||||
4. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін | ||||||
22 |
Дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша жұмыс оқу жоспарларының № 604 бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі; |
№ 604 бұйрықпен бекітілген және (немесе) № 647 бұйрықпен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарына (бар болса), салалық біліктілік шеңберіне, кәсіптік стандартқа (бар болса), білім беру ұйымының жұмыс берушілермен келісілген тиісті мамандықтың "Педагог" кәсіби стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген қазақ және орыс тілдерінде дайындалатын мамандықтар бойынша жұмыс оқу жоспарының көшірмелері | Оқу жоспарының № 604 бұйрықпен бекітілген және (немесе) № 647 бұйрықпен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі туралы біліктілік талабы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 305 бұйрығымен бекітілген эксперимент режимінде іске асырылатын бағдарламаларға мәлімделген жағдайлар бойынша, сондай-ақ қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарында адамдарды оқыту үшін және ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды оқыту үшін қолданылмайды | |||
23 | Мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын, бітіру жылы ішінде мамандығы бойынша бітірушілердің кемінде 90%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17564 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 500 бұйрық) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктілігінің сыныптауышында көрсетілген білім беру саласында мамандар даярлау үшін кемінде 5 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы № 500 бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының және біліктілігінің сыныптауышында көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы мамандарды даярлау үшін, бітіру жылы ішінде мамандық бойынша бітірушілердің кемінде 90%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, кемінде 4 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы | Жұмыс орнынан растайтын құжаттың көшірмесі | ||||
24 | Колледждердің мамандық бойынша білім алушыларды соңғы 2 жыл үздіксіз қабылдауды жүзеге асыруы | Біліктілік талаптары әскери арнаулы оқу орындарына қолданылмайды. | ||||
25 |
Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес педагогтердің болуы, оның ішінде педагогтер білімінің оқытылатын пәндер бейініне сәйкес болуы немесе білім беру саласындағы заңнамаға сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтердің болуы, және/немесе бейіні бойынша соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде ұйымдарда және/немесе өндірісте тағылымдамадан өткен өндірістік оқыту шеберлерінің болуы. | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Өндірістік оқыту шеберлеріне қатысты біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
26 |
Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтер санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санатты педагогтердің, педагог- сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің және (немесе) магистрлердің үлесі - кемінде 30 %; | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Өндірістік оқыту шеберлеріне қатысты біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды | |||
27 |
№ 604 бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес, дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша оқудың толық кезеңіне білім алушылар контингентіне қатысты, оның ішінде оқыту тілі бойынша оқу жұмыс жоспарына сәйкес баспа және электрондық басылымдар форматында оқу және ғылыми әдебиеттің кітапханалық қорының болуы. |
Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
28 | Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы. | Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
29 | Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы. | Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды | |||
30 | Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің (оқу кабинеттерінің, шеберханалардың, зертханалардың, өткізу пункттерінің, санитариялық тораптардың болуы, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы), оның ішінде № 611 бұйрықпен бекітілген санитариялық нормаларға және № 439 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін алаңы бар оқу үй-жайларының болуы. |
Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
31 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13487 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 66 бұйрық) сәйкес студенттердің тұруы үшін жағдай жасау, меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімді басқару немесе жалға алу құқығында оқудың толық кезеңінде тұруды қамтамасыз ететін жатақханалардың және/немесе хостелдердің, және/немесе қонақ үйлердің болуы - мұқтаждар санынан кемінде 30%. |
Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
32 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың болуы | Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
33 |
Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу-зертханалық жабдықтармен және техникалық оқыту құралдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 79 бұйрығымен (бұдан әрі - № 79 бұйрық) бекітілген интернет желісіне қосылған, бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен, компьютерлермен жарақтандырылуы. |
Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқыту құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныппен жарақталуы туралы біліктілік талаптары қылмыстық-атқару(пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
34 |
Тиісті бейін бойынша 5 жыл ішінде кемінде 180 сағат көлемінде педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету; |
5 жыл ішінде тиісті бейін бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру туралы мәліметтер көлемі кемінде 180 сағат; |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары үшін педагогтердің біліктілік арттыру оқытатын пәндерінің бейініне немесе оқыту әдістемесіне сәйкес өткізіледі. | |||
35 |
Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес контингент туралы өзекті деректер базасы бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің Ұлттық білім беру деректер қорына сәйкестігі. | Біліктілік талаптары лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде білім беру ұйымдарына қолданылмайды және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды | ||||
36 | Толық оқу кезеңін қамтитын даярланатын мамандық біліктілігі бойынша сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен шарттардың болуы. |
Кәсіптік практикадан өтудің толық кезеңін қамтитын даярланатын мамандық біліктілігіне сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері. | Біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
37 | Мамандық бойынша білім беру ұйымының түлектерін жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту туралы мәліметтер, бұл ретте мамандық бойынша бітірушілердің жалпы санынан жұмысқа орналасқандардың және жұмыспен қамтылғандардың үлесі - 75%-дан кем емес болуы | Жұмыс орнынан растайтын құжаттың көшірмесі. | ||||
5. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін | ||||||
38 |
Дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша оқу жұмыс жоспарларының № 604 бұйрықпен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, медициналық және фармацевтикалық мамандықтар үшін № 647 бұйрықпен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарларына (бар болса), кәсіби стандартқа (бар болса) (қазақ және орыс тілдерінде) сәйкестігі. |
№604 бұйрықпен бекітілген және (немесе) №647 бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарына (бар болған жағдайда), салалық біліктілік шеңберіне, кәсіптік стандартқа (бар болған жағдайда), "Педагог" кәсіби стандартына сәйкес оқудың толық кезеңіне әзірленген, білім беру ұйымының жұмыс берушілермен келісілген даярланатын мамандық біліктілігі бойынша (қазақ және орыс тілдерінде) оқу жұмыс жоспарының көшірмелері. | Оқу жоспарының №604 бұйрықпен бекітілген және (немесе) №647 бұйрықпен бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі туралы біліктілік талабы мәлімделген шарттар бойынша уәкілетті орган бекіткен эксперимент режимінде іске асырылатын, сондай-ақ қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанынан орналастырылған білім беру ұйымдарында адамдарды оқыту үшін және ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды оқыту үшін бағдарламаларға қолданылмайды. | |||
39 |
Мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын, бітіру жылы ішінде мамандығы бойынша бітірушілердің кемінде 90%-ын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда, № 500 бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары мен біліктілігінің сыныптауышында көрсетілген білім беру саласында мамандар даярлау үшін кемінде 5 мамандық бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болуы. | Жұмыс орнынан растайтын құжаттың көшірмесі | ||||
40 | Колледждердің мамандық бойынша білім алушыларды соңғы 2 жыл үздіксіз қабылдауды жүзеге асыруы | Біліктілік талаптары әскери арнаулы оқу орындарына қолданылмайды | ||||
41 |
Даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу жұмыс жоспарының пәндеріне сәйкес педагогтердің болуы, оның ішінде педагогтер білімінің оқытылатын пәндер бейініне сәйкес болуы немесе білім беру саласындағы заңнамаға сәйкес педагогикалық қайта даярлаудан өткен педагогтердің болуы, сондай-ақ бейіні бойынша соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде ұйымдарда және/немесе өндірісте тағылымдамадан өткен өндірістік оқыту шеберлерінің болуы. | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Өндірістік оқыту шеберлеріне қатысты біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
42 |
Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын даярланатын мамандық біліктілігі бойынша педагогтер санынан жоғары және бірінші санатты педагогтердің, педагог- сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің және (немесе) магистрлердің үлесі - кемінде 40 %; | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Өндірістік оқыту шеберлеріне қатысты біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
43 |
№ 604 бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес, дайындалатын мамандық біліктіліктері бойынша оқудың толық кезеңіне білім алушылар контингентіне қатысты, оның ішінде оқыту тілі бойынша оқу жұмыс жоспарына сәйкес баспа және электрондық басылымдар форматында оқу және ғылыми әдебиеттің кітапханалық қорының болуы. |
Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
44 | Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы. | Біліктілік талабы қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | ||||
Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің және медициналық қызметке берілген лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||||
45 | Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы. | Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
46 | Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында, тиесілі материалдық активтердің (оқу кабинеттерінің, шеберханалардың, зертханалардың, өткізу пункттерінің, санитариялық тораптардың болуы, білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы), оның ішінде № 611 бұйрықпен бекітілген санитариялық нормаларға және № 439 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін алаңы бар оқу үй-жайларының болуы. |
Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
47 | № 66 бұйрыққа сәйкес студенттердің тұруы үшін жағдай жасау, меншікті не шаруашылық жүргізу, немесе жедел басқару, немесе сенімді басқару құқығында немесе жалдау құқығында оқудың толық кезеңінде тұруды қамтамасыз ететін жатақханалардың және/немесе хостелдердің және/немесе қонақ үйлердің болуы - мұқтаждар санының кемінде 30%. |
Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
48 | Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлардың болуы | Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды | |||
49 |
Уәкілетті орган бекіткен даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу-зертханалық жабдықтармен және техникалық оқыту құралдарымен, сондай-ақ № 79 бұйрықпен бекітілген талаптарға сәйкес интернет желісіне қосылған, бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін компьютерлік сыныптармен, компьютерлермен жарақтандырылуы. | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныппен жарақталуы туралы біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
50 |
Тиісті бейін бойынша 5 жыл ішінде кемінде 180 сағат көлемінде педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету; |
5 жыл ішінде педагогтердің біліктілігін арттыру туралы мәліметтер көлемі кемінде 180 сағат; |
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары үшін педагогтердің біліктілік арттыру оқытатын пәндерінің бейініне немесе оқыту әдістемесіне сәйкес өткізіледі. | |||
51 |
Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес контингент туралы өзекті деректер базасы бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің Ұлттық білім беру деректер қорына сәйкестігі. | Біліктілік талаптары лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде білім беру ұйымдарына қолданылмайды және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | ||||
52 | Толық оқу кезеңін қамтитын даярланатын мамандық біліктілігіне сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен шарттардың болуы. | Кәсіптік практикадан өтудің толық кезеңін қамтитын даярланатын мамандық біліктілігіне сәйкес практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері. | Біліктілік талаптары қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінің жанында орналасқан білім беру ұйымдарына қолданылмайды | |||
53 | Мамандық бойынша білім беру ұйымының түлектерін жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту туралы мәліметтер, бұл ретте мамандық бойынша бітірушілердің жалпы санынан жұмысқа орналасқандардың және жұмыспен қамтылғандардың үлесі - 75%-дан кем емес. | Жұмыс орнынан растайтын құжаттың көшірмесі | Біліктілік талаптары лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алған кезде білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
6. Діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін | ||||||
54 | Жалпы білім беретін және діни пәндер бойынша білім беру бағдарламаларының болуы. | Білім беру ұйымының басшысы бекіткен білім беру бағдарламаларының көшірмелері. | ||||
55 | Жалпы білім беретін пәндер бойынша -жоғары білімі; бейінді пәндер бойынша - жоғары діни білімі және/немесе діни қызметте жалпы жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, семинарияны немесе медресені бітірген оқытушылардың болуы. | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
56 | Білім беру бағдарламаларына сәйкес дінтану сараптамасынан өткен оқу әдебиеті қорының болуы. | Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||||
Діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның оқу әдебиеті қорына берген дінтану сараптамасының оң қорытындысының көшірмесі. | ||||||
57 | Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болуы. | Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің және медициналық қызметке берілген лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
58 | Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болуы. | Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
59 | Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің болуы. | Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері. | ||||||
60 |
Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен жарақталуы. | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
61 | Мәлімделген діни білім беру бағдарламаларына діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның сараптама қорытындысының болуы. | Мәлімделген діни білім беру бағдарламаларына діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның қорытынды хатының көшірмесі. | ||||
7. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін | ||||||
62 |
Білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының № 604 бұйрықпен бекітілген жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі; | № 604 бұйрықпен бекітілген және (немесе) № 647 бұйрықпен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелері. | ||||
63 | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17565 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 569 бұйрық) бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары жіктеуішінің кемінде 7 бағыты бойынша "Педагогикалық ғылымдар" бакалавриат кадрларын даярлау бағыты бойынша лицензияның болуы (мәдениет және спорт саласындағы білім беру ұйымдарын, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын, сондай-ақ бітірушілердің бітірген жыл ішінде жұмысқа орналасуын (кемінде 90%) қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарын қоспағанда). | |||||
64 |
Білім беру бағдарламаларының пәндеріне сәйкес оқытушылардың болуы, оқытушылар білімінің оқытатын пәндер бейініне және/немесе "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесіне немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесіне немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесіне және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағына (бар болған жағдайда) сәйкестігі. | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
65 |
Кадрлар даярлау бағыты бойынша негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі және/немесе кадрлар даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санынан "Еңбек сіңірген жаттықтырушы" спорттық атағына ие оқытушылар университеттер, академиялар, институттар үшін - кемінде 40 %; | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
66 | Оқу және ғылыми әдебиет кітапхана қорының болуы: соңғы он жыл ішінде кадрларды даярлау бағытындағы білім беру бағдарламасы пәндерінің 100%-ын қамтамасыз ететін, оның ішінде оқыту тілі бойынша баспадан шығарылған басылымдар форматында. | Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||||
67 |
Жоғары оқу орнының оқу корпустарының жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. | Медициналық пункттермен қамтамасыз етілгені және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір медициналық пунктінің болуына рұқсат етіледі. | |||
68 |
Жоғары оқу орнының оқу корпустарында білім алушылардың тамақтануына жағдай жасау. | Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен санитариялық ережелер мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір тамақтану объектісінің болуына рұқсат етіледі. | |||
69 |
Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық активтер, № 611 бұйрықпен бекітілген санитариялық нормаларға және № 439 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайлары және алаңы бар ғимараттар (оқу корпустары): мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен білім беру ұйымдары үшін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі кемінде 5%; білім беру ұйымдарының жайларында және (немесе) іргелес аумақтарда бейнебақылауды қамтамасыз ету. | Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Білім беру ұйымының лицензия алуы немесе қайта құрылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеуі кезінде оқу ауданының есебі оқу сабағының ауысымы ескеріліп, жоғары оқу орнының түріне байланысты ең аз білім алушылар контингентіне бекітілген нормаға сүйеніп жүргізіледі. | |||
Ғимараттарға (оқу корпустарына) және клиникаға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері. | ||||||
70 | Жоғары оқу орнының ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдай жасауы (кіру жолдары, ақпараттық-навигациялық қолдау құралдары, баспалдақтарды пандустармен немесе көтеру құрылғыларымен және баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықтау, есіктер мен баспалдақтарды контрасты бояумен бояу, мүгедектердің автокөліктерін қою үшін орындар бөлу). | Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
71 |
Сымсыз технологияларды қоса алғанда, кең жолақты интернеттің қолжетімділігі, №79 бұйрықпен бекітілген бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін компьютерлік кабинеттермен, компьютерлермен, кадрлар даярлау бағытының білім беру бағдарламасына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базамен, жабдықтармен жарақтандырылуы; | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Сымсыз технологияларды қоса алғанда, біліктілік талабы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
72 | Тиісті оқу жылына арналған жоғары білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты бекіту жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысымен бекітілген тиісті оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы құнының кемінде 30% - ын құрайтын ақылы негізде бір білім алушыға білім беру ұйымдарының ең төменгі шығындарының сәйкестігі. | Тиісті оқу жылына арналған ең төменгі шығындардың сәйкестігі туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
73 |
Бес жылда кемiнде бiр рет оқытушылардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету; | Оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес соңғы бес жылда кадрлардың біліктілігін арттыру туралы мәліметтер; білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін оқытушылардың біліктілік арттыруы оқытылатын пәндердің бейініне немесе оқыту әдістемесіне сәйкес өткізіледі. | |||
74 | 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар студенттердің диплом жұмыстарына (жобаларына) жетекшілік ететін Ұлттық біліктілік шеңберінің 8 деңгейіне сәйкес келетін тиісті бейін бойынша оқытушыларды және (немесе) мамандарды басқаруды жүзеге асыру. | Кадрларды даярлаудың сұратылған бағытының тиісті бейіні бойынша оқытушылардың және (немесе) Ұлттық біліктілік шеңберінің 8-деңгейіне сәйкес келетін мамандардың ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
75 | Практика базалары туралы мәліметтер, оның ішінде "Педагогикалық ғылымдар" кадрларды даярлау бағыты үшін -педагогикалық практика базалары бойынша мектепке дейінгі және/немесе бастауыш және/немесе негізгі және/немесе жалпы орта және/немесе техникалық және кәсіптік және/немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарымен шарттардың болуы. Бұл ретте "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" кадрларды даярлау үшін жетекші шетелдік медициналық білім беру ұйымдарымен стратегиялық әріптестік туралы шарттардың болуы. /қонақ үйлер) жағдай жасау. |
Практика базалары туралы мәліметтер, оның ішінде кадрларды даярлау бағыты үшін "Педагогикалық ғылымдар" - мектепке дейінгі, және/немесе бастауыш, және/немесе негізгі және/немесе жалпы орта, және/немесе техникалық және кәсіптік, және/немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарымен педагогикалық практика базалары бойынша шарттардың болуы. Бұл ретте кадрларды даярлау үшін" Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) " - шетелдік жетекші медициналық білім беру ұйымдарымен стратегиялық әріптестік туралы шарттардың болуы. | Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
76 |
Кадрларды даярлау бағыты бойынша бакалавриат түлектерінің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, бұл ретте кадрлар даярлау бағыты бойынша бітірушілердің жалпы санынан бітірген жылы жұмысқа орналасқандардың үлесі -кемінде 50%; | Жұмыс орнынан растайтын құжаттардың көшірмесі | Біліктілік талаптары лицензияны және (немесе) қосымшаны алу кезінде білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
77 | Мұқтаж білім алушылар санынан басқа қаладан келген білім алушылардың кемінде 70%-ының тұруы үшін (жатақаналар/ хостелдер | ҰБДҚ мәліметтерінің нақты деректерге сәйкестігі | Білім беру ұйымының басшысы бекіткен хостелдермен/ қонақ үйлермен шарттардың болуы туралы мәліметтер. | |||
78 | Жоғары оқу орындарының кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша соңғы 2 жылда білім алушыларды үздіксіз қабылдауды жүзеге асыруы. | Біліктілік талаптары лицензияны және (немесе) қосымшаны алу кезінде білім беру ұйымдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | ||||
79 | Басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынаны (парафраз) өзгертпей сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып, бөтен материалдың бар-жоғын және мәтінді пайдалануды тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаны пайдалану. | Басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынаны (парафраз) өзгертпей сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып, бөтен материалдың бар-жоғын және мәтінді пайдалануды тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаның болуын растайтын құжат. | Біліктілік талабы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.* | |||
8. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін | ||||||
8.1. "Магистр" дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін | ||||||
80 |
Білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының № 604 бұйрықпен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі. | № 604 бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының, оқу жоспарының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелері. | Білім беру бағдарламасының № 604 бұйрықпен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігі туралы біліктілік талабы мәлімделген жағдайлар бойынша уәкілетті орган бекіткен эксперимент режимінде іске асырылатын бағдарламаларға қолданылмайды. | |||
81 | Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарынан басқа, кадрларды даярлаудың және шетелдік консультанттарды тартудың тиісті бағыты бойынша әріптес-ЖОО мәртебесі бойынша нормаларды көздейтін тиісті даярлау бағыттары бойынша білім беру ұйымдарымен немесе ғылыми немесе ғылыми-білім беру немесе ғылыми-өндірістік орталықтармен ынтымақтастық туралы келісімдердің болуы. |
Білім беру ұйымдарымен немесе ғылыми немесе ғылыми-білім беру немесе ғылыми-өндірістік орталықтармен кадрларды даярлаудың және шетелдік консультанттарды тартудың тиісті бағыты бойынша әріптес ЖОО мәртебесі бойынша нормаларды қарастыратын ынтымақтастық туралы келісімдердің көшірмелері. | Шетел тілінде жасалған келісімдер және/немесе шарттар ұсынылған жағдайда, олардың қазақ немесе орыс тілінде нотариалды расталған аудармамен қоса берілуі талап етіледі. | |||
82 |
Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын ғылым докторы және/немесе ғылым кандидаты және/немесе философия докторы (PhD) ғылыми дәрежелері бар төрт оқытушының болуы, оның ішінде кадрлар даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасына сәйкес кемінде бір ғылым докторының немесе философия (PhD) докторының болуы; | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
83 |
Оқытушылардың білім беру бағдарламасының пәндеріне сәйкес қамтамасыз етілуі, оқытушылар білімінің оқытылатын пәндердің бейініне және олардың ғылыми дәрежесіне және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағына сәйкестігі. | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәлімет (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
84 |
Жоғары оқу орны оқу корпустарының жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. | Медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір медициналық пункттің болуына рұқсат етіледі. | |||
85 |
Жоғары оқу орнының оқу корпустарында білім алушылардың тамақтануына жағдай жасау. | Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір тамақтану объектісінің болуына рұқсат етіледі. | |||
86 | Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық активтер, № 611 бұйрықпен бекітілген санитариялық нормаларға және № 439 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайлары және алаңы бар ғимараттар (оқу корпустары): мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен білім беру ұйымдары үшін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі кемінде 5%; білім беру ұйымдарының жайларында және (немесе) іргелес аумақтарда бейнебақылаудың болуы. | Пайдалы оқу алаңдары, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Білім беру ұйымының лицензия алуы немесе қайта құрылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеуі кезінде оқу ауданының есебі оқу сабағының ауысымдылығы ескеріліп, жоғары оқу орнының түріне байланысты ең аз білім алушылар контингентіне бекітілген нормаға сүйеніп жүргізіледі. | |||
Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері. | ||||||
87 |
Сымсыз технологияларды қоса алғанда, кең жолақты интернеттің қолжетімділігі, № 79 бұйрықпен бекітілген бағдарламалық-аппараттық кешен мен қолданбалы қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін кітапханамен және компьютерлік кабинеттермен, компьютерлермен, кадрлар даярлау бағытының білім беру бағдарламасына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті жабдықтармен, материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базамен жарақтандырылуы. | Білім беру процесінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу-зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Сымсыз технологияларды қоса алғанда біліктілік талабы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
88 | Білім беру ұйымының ұйымдармен және кәсіпорындармен жасалған шарттарға сәйкес қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен қамтамасыз етуі. |
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге ұйымдармен және кәсіпорындармен жасалған шарттардың көшірмелері. | Біліктілік талабы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
89 |
Сұратылған бағыттың бейініне сәйкес келетін "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган бекіткен ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылатын ғылыми басылымдардың тізбесіне (бұдан әрі - басылымдар Тізбесі) енгізілген басылымдарда соңғы бес жыл ішінде 5 ғылыми мақаланың және JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторы бар немесе Science Citation Index Expanded, Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index в Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) базаларының бірінде индекстелетін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында Сitescore (сайтскор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 25 болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 ғылыми мақаланың авторы болып табылатын оқытушының ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруы. | Жұмыс өтілін, ғылыми жарияланымдарын көрсете отырып, кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
90 | Білім беру бағдарламасына сәйкес сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименттік базамен қамтамасыз етілу; | Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базалардың болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
91 | Магистранттардың практикадан өту үшін отандық ұйымдармен келісілген шарттармен және шетелдік ғылыми тағылымдамадан өту үшін жасалған шарттармен (Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарынан басқа) қамтамасыз етілуі. |
Практика базалары ретінде, оның ішінде ғылыми тағылымдамадан өту үшін айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері. | Шет тілінде ғана жасалған шарттар ұсынылған жағдайда, олардың қазақ немесе орыс тілінде нотариалды расталған аудармамен қоса берілуі талап етіледі. | |||
92 | Басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынаны (парафраз) өзгертпей сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып, кірме материалдың бар-жоғын және мәтінді пайдалануды тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаны пайдалану. | Басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынаны (парафраз) өзгертпей сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып, кірме материалдың бар-жоғын және мәтінді пайдалануды тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаның болуын растайтын құжат. | Біліктілік талабы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды. | |||
8.2. Жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын (резидентура) білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметі үшін | ||||||
93 | Білім беру бағдарламасының № 647 бұйрықпен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі. | № 647 бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша клиникалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламасының, оқу жоспарының көшірмелері. | ||||
94 | Жоғары оқу орны оқу корпустарының жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. Медициналық қызметке лицензияның болуы. | Медициналық қызмет көрсетудің болуы туралы, оның ішінде медициналық пункттің және медициналық қызметке берілген лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір медициналық пункттің болуына рұқсат етіледі. | |||
95 | Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық активтер, № 611 бұйрықпен бекітілген санитариялық нормаларға және № 439 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында оқу үй-жайлары және алаңы бар ғимараттар (оқу корпустары); білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы. | Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Білім беру ұйымының лицензия алуы немесе қайта құрылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеуі кезінде оқу ауданының есебі оқу сабағының ауысымдылығы ескеріліп, жоғары оқу орнының түріне байланысты ең аз білім алушылар контингентіне бекітілген нормаға сүйеніп жүргізіледі. | |||
Ғимараттарға және клиникаларға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері. | ||||||
96 |
Сымсыз технологияларды қоса алғанда, кең жолақты интернеттің қолжетімділігі, №79 бұйрықпен бекітілген бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін кітапханамен және компьютерлік кабинеттермен, компьютерлермен, кадрлар даярлау бағытының оқу жоспарына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базамен, жабдықтармен жарақтандырылуы. | Білім беру процесінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу-зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
97 | "Ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежесі бар кемінде екі маманның; немесе "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежесі бар кемінде бір маманның және негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, даярлау бейіні бойынша жоғары дәрігерлік санаты бар, ғылыми-педагогикалық өтілі 3 жылдан кем емес, клиникалық жұмысы 5 жылдан кем емес, сұратылып отырған кадрларды дайындау бағыты бойынша уәкілетті органмен ұсынылған отандық басылымдарда және сұратылып отырған кадрларды дайындау бағыты бойынша шетелдік басылымдарда, халықаралық конференция еңбектерінде 4 ғылыми жарияланымның авторы болып табылатын және оқу құралдары бар бір маманның болуы. | Жұмыс өтілін, ғылыми жарияланымдарын, оқулықтары мен оқу құралдарын көрсете отырып, кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
98 | Сұратылып отырған бағытқа сәйкес ғылыми жетекшілікті "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежесі бар , ғылыми-педагогикалық өтілі 3 жылдан кем емес, уәкілетті орган ұсынған отандық ғылыми журналдарда және халықаралық ғылыми басылымдарда соңғы бес жылда 4 ғылыми жарияланымның, сондай-ақ оқулықтың не оқу құралының авторы болып табылатын резиденттердің, жетекші мамандардың , оқытушылардың жүзеге асыруы. | Тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша жұмыс өтілін, ғылыми жарияланымдары мен оқулығын және оқу құралын көрсете отырып, ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
99 | Тиісті клиникалық даярлау мамандықтары бойынша мамандандырылған ғылыми-әдістемелік, клиникалық, материалдық-техникалық базаның болуы. | Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базаның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
100 | Практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен (ғылыми ұйымдарды қоспағанда) және жетекші шетелдік медициналық білім беру ұйымдарымен стратегиялық әріптестік туралы шарттардың болуы | Практика базалары ретінде айқындалған толық оқу кезеңін қамтитын, ұйымдармен және стратегиялық әріптестік туралы жасалған шарттардың көшірмелері | ||||
8.3. Философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының қызметі үшін | ||||||
101 | Білім беру бағдарламасының № 604 бұйрықпен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі. | №604 бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқытудың толық кезеңіне әзірленген сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының, оқу жоспарының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелері. | ||||
102 | "Ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежесі және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы немесе әскери (арнайы) атағы подполковниктен төмен емес немесе әділет кеңесшісі кластық шенінен төмен емес, немесе судья немесе отставкадағы судья оқытушылардың үлесі 100%-дан кем емес. | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
103 | Білім алушыларды медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету. | Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
104 | Білім алушылардың тамақтануына жағдай жасау. | Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
105 | Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық активтер, № 611 бұйрықпен бекітілген санитариялық нормаларға және № 439 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында оқу үй-жайлары және алаңы бар ғимараттар (оқу корпустары); білім беру ұйымдарының үй-жайларында және (немесе) іргелес аумақтарында бейнебақылаудың болуы. | Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыруға байланысты лицензия алған немесе лицензияны қайта ресімдеген кезде алаңды есептеу оқу сабақтарының ауысымын ескере отырып, жоғары оқу орындарының түрлері бойынша білім алушылардың ең аз контингентіне белгіленген нормаларға сүйене отырып жүргізіледі. | |||
Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері. | ||||||
106 | Оқу жоспарына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті материалдық техникалық және оқу-зертханалық базалармен, кең жолақты интернет желісімен, компьютерлік кабинеттермен, кітапханамен жарақтандырылуы. | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу-зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
107 | Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, даярлау бейіні бойынша отандық басылымдарда, халықаралық конференциялардың еңбектерінде ғылыми жарияланымдардың және оқу құралының авторы болып табылатын кадрларды даярлаудың әрбір ғылыми бағыты бойынша кемінде бір ғылым докторының немесе кемінде екі ғылым кандидатының, не философия докторларының (PhD) не бейіні бойынша докторлардың болуы. | Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базаның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
108 | Сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименттік базаның болуы. | Тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша жұмыс өтілін, ғылыми жарияланымдары мен оқулығын және оқу құралын көрсете отырып, ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Білім беру ұйымының лицензия алуы немесе қайта құрылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеуі кезінде оқу ауданының есебі оқу сабағының ауысымдылығы ескеріліп, жоғары оқу орнының түріне байланысты ең аз білім алушылар контингентіне бекітілген нормаға сүйеніп жүргізіледі. | |||
8.4. "Философия докторы (PhD)" және "бейіні бойынша доктор" дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметі үшін | ||||||
109 |
Білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының № 604 бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігі. | № 604 бұйрығымен бекітілген және (немесе) № 647 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқудың толық кезеңіне әзірленген кадрларды даярлаудың сұралатын бағытына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесі. | Білім беру бағдарламасының, оқу жоспарының № 604 бұйрықпен бекітілген және (немесе) № 647 бұйрықпен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігі туралы біліктілік талабы мәлімделген шарттар бойынша уәкілетті орган бекіткен эксперимент режимінде іске асырылатын бағдарламаларға қолданылмайды. | |||
110 | Оқу жоспарының пәндеріне сәйкес оқытушылармен қамтамасыз етілуі, оқытушылар білімінің оқытылатын пәндер бейініне сәйкестігі, сондай-ақ олардың "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесінің немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент), немесе "профессор" ғылыми атағының оқытылатын пәндер бейініне сәйкестігі. Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "бейіні бойынша доктор" немесе "философия докторы (РhD)" дәрежелері және/немесе "қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы бар және/немесе "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары бар және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атақтарымен және мемлекеттік марапаттары бар оқытушылардың үлесі кемінде 80 %. | Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
111 |
Жоғары оқу орны оқу корпустарының жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі. | Медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір медициналық пункттің болуына рұқсат етіледі. | |||
112 |
Жоғары оқу орнының оқу корпустарында білім алушылардың тамақтануына жағдай жасау. | Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір тамақтану объектісінің болуына рұқсат етіледі. | |||
113 | Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті материалдық активтер, № 611 бұйрықпен бекітілген санитариялық нормаларға және № 439 бұйрықпен бекітілген өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін оқу үй-жайлары және алаңы бар ғимараттар (оқу корпустары): мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қатысуымен білім беру ұйымдары үшін меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі кемінде 5%; білім беру ұйымдарының жайларында және (немесе) іргелес аумақтарда бейнебақылаудың болуы. | Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | Білім беру ұйымының лицензия алуы немесе қайта құрылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеуі кезінде оқу ауданының есебі оқу сабағының ауысымы ескеріліп, жоғары оқу орнының түріне байланысты ең аз білім алушылар контингентіне бекітілген нормаға сүйеніп жүргізіледі. | |||
Ғимараттарға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері | ||||||
114 |
Сымсыз технологияларды қоса алғанда, кең жолақты интернеттің қолжетімділігі, №79 бұйрықпен бекітілген бағдарламалық-аппараттық кешенге және қолданбалы қамтамасыз етуге қойылатын ең төменгі талаптарға сәйкес келетін кітапханамен және компьютерлік кабинеттермен, компьютерлермен, материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базамен, кадрлар даярлау бағытының білім беру бағдарламасына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті жабдықтармен жарақтандырылуы. Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен талаптарға сәйкес контингент туралы өзекті деректер базасы бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және ҰБДҚ нақты деректеріне сәйкестігі. | Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
115 | Білім беру ұйымының ұйымдармен және кәсіпорындармен жасасқан шарттары негізінде қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен қамтамасыз ету. |
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу үшін ұйымдармен және кәсіпорындармен жасалған шарттардың және оларға қоса жұмыстардың техникалық ерекшелігі мен күнтізбелік жоспарының көшірмелері. | ||||
116 |
Ғылыми жетекшілікті "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі бар: | Тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша жұмыс өтілін, ғылыми жарияланымдарын көрсете отырып, ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
117 | Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын аккредиттелген шетелдік және (немесе) ғылыми ұйымдармен және кадрларды даярлаудың тиісті бағыты, шетелдік консультанттарды тарту және бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру бойынша әріптес жоғары оқу орнының мәртебесі бойынша нормаларды көздейтін ынтымақтастық туралы шарттардың болуы. |
Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты, шетелдік консультанттарды тарту және бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру бойынша әріптес ЖОО мәртебесі бойынша нормаларды көздейтін аккредиттелген шетелдік жоғары оқу орындарымен ғылыми алмасу туралы шарттардың көшірмелері. | ||||
Сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытына сәйкес шетелдік жоғары оқу орнының бағдарламаларын аккредиттеу туралы куәліктің көшірмелері. | ||||||
118 | Сұратылып отырған кадрларды даярлау бағыты бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименттік базалардың болуы. | Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базалардың болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша). | ||||
119 | Кадрлар даярлау бағыты бойынша докторанттардың практикадан өтуі үшін отандық ұйымдармен жасалған шарттармен және шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған шарттармен қамтамасыз етілуі. |
Сұратылып отырған кадрларды даярлау бағытына сәйкес практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен және шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтетін ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері. | Шетел тілінде жасалған шарттар ұсынылған жағдайда, олардың қазақ немесе орыс тілінде нотариалды расталған аудармамен қоса берілуі талап етіледі. | |||
120 | Зертханалармен немесе олармен жасалған шарттармен қамтамасыз етілуі (келесі кадрларды даярлау бағыттарымен байланысты: "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)". | Зертханалардың аккредиттеу туралы куәліктерінің көшірмелері немесе осындай зертханалармен жасалған шарттардың көшірмелері. | ||||
121 | Басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынаны (парафраз) өзгертпей сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып, кірме материалдың бар-жоғын және мәтінді пайдалануды тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаны пайдалану. | Басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынаны (парафраз) өзгертпей сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып, кірме материалдың бар-жоғын және мәтінді пайдалануды тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаның болуын растайтын құжат. | ||||
Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын осы біліктілік талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде қолданылатын қысқартулар мен белгілер:
1. "Е-Лицензиялау" МДҚ АЖ - лицензиарлар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын, берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, қайта жаңартылған және қолданылуын тоқтатқан лицензиаттардың лицензиялары туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;
2. "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ - Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және есепке алу саласындағы мәліметтерді автоматты түрде жинауға (енгізуге), өңдеуге, өзектілендіруге, сақтауға және талдауға арналған ақпараттық жүйе.
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 1-қосымша |
|
Нысан |
Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер
________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) (____________ жағдай бойынша)
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Туған жылы мен жері | Жоғары және/немесе техникалық және кәсіптік, және/немесе орта білімнен кейінгі білімі, қайта даярлаудан өткен туралы мәлімет, мамандығы, диплом бойынша біліктілігі, бітірген жылы, өндірістік оқыту шеберлері үшін соңғы 5 жылда кемінде 1 жыл өндірістік өтілі бар (өнірістің, ұйымның атауы, жұмыс өтілі)немесе бейіні бойынша соңғы 3 жылда кемінде 72 сағат көлемінде ұйымдарда және/немесе өндірісте тағылымдамадан өтуі (өнірістің, ұйымның атауы,оқу мерзімі) | Негізгі жұмыс орны (ұйым ның мекен жайы) | Қосымша жұмыс орны (қоса атқару) | Сотталмағандығы (сотталғандығы) туралы мәлімет* | Санаты, берілген күні, санат берілгені туралы бұйрықтың нөмірі* педагог - сарапшылар, педагог-зерттеушілер, педагог -шеберлер туралы мәлімет. Конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған педагогтер туралы мәліметтер | Медициналық тексеруден өткені туралы мәлімет (санитарлық кітаптың болуы)* | Магистр дәрежесі туралы мәлімет (мамандығы, берілген жылы)* |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
кестенің жалғасы
"Философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы | "Философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор” дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы | "Ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы,берілген жылы | "Қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы | Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен және құрметті атақтары, "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары немесе жоғары мен бірінші дәрігерлік санаты туралы мәлімет, берілген жылы | Тану/ нострификациялау туралы куәліктің болуы туралы мәлімет | Оқытатын пәні |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Білім беру ұйымының басшысы ____________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе* бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 2-қосымша |
|
Нысан |
Оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер
________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
Р/с № | Оқу пәні, кәсіп бойынша, даярланатын мамандық біліктілігі бойынша, кадрларды даярлау бағыты бойынша оқу пәні, қызмет түрі, тәрбиелеу және оқыту бағдарламасының бөлімі | Пәнді оқитын білім алушылардың саны (болжамды жинақталуы) | Оқу әдебиеті (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары) | Оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттер (атауы, басылып шыққан жылы, авторлары)* | Саны кемінде 1 дана |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Барлығы: |
Білім беру ұйымының басшысы __________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе *техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін толтырылады
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 3-қосымша |
|
Нысан |
Медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық пункттің болуы және медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәліметтер
______________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы | Медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәлімет (нөмірі) | Ескертпе |
1 | 2 | 3 |
* Лицензияның мәртебесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі.
Білім беру ұйымының басшысы _________________
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) (қолы)
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 4-қосымша |
Нысан
Санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы туралы мәліметтер
_________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) (_____________ жағдай бойынша)
Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы | Тамақтандыру объектісінің атауы (асхана, буфет, дәмхана) | Тамақтандыру объектісінің санитариялық қағидалар мен нормаларға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы (күні және нөмірі) | Ескертпе (тамақтандыру объектісін жалға берген жағдайда жалға алушылар туралы мәліметтерді көрсету) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Білім беру ұйымының басшысы _________________ (Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) (қолы)
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 5-қосымша |
Нысан
Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер
_________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
Құрылыстың типі (типтік жоба, ыңғайластырылған, өзге) білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы | Материалдық-қаржылық активтердің болуы (меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығына тиесілі), материалдық активтерді жалға алу туралы мәлімет | Меншік үй-жайлардың түрі (кабинеттер, дәрісхана аудиториялары, практикалық сабақтарға арналған үй-жайлар, нақты мамандықтар, кәсіптер бойынша зертханалар мен шеберханалар, мәжіліс және спорт залдары), әлеуметтік-тұрмыстық (өткізу пункттерінің, санитариялық тораптардың болуы, білім беру ұйымының үй-жайларында және іргелес жатқан аумақтарында бейнебақылаудың болуы, тұру үшін жағдай жасау) және өзге мақсаттағы үй-жайлардың түрі | Жалпы алаңы (м2) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Білім беру ұйымының басшысы _________________(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе * жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары лицензия алған немесе олардың қайта ұйымдастырылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде оқу үй-жайларының ауданы бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігі оқу сабақтарының ауысымын ескере отырып, жоғары оқу орындарының түрлері бойынша білім алушылардың ең аз контингентіне белгіленген нормаларға сүйене отырып айқындалады.
* Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ-дан деректерді алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсынылмайды.
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 6-қосымша |
|
Нысан |
Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының болуы туралы мәліметтер
Жалпы және пайдалы алаңының ауданы (м2) көрсетілген ғимараттың (құрылыстың) нақты мекенжайы | Жарақтандырылуы туралы мәлеметтер | |||||||
Атауы мен ауданы көрсетілген аудиториялар, пән кабинеттері* | Оқу-өндірістік шеберханалар, оқу-тәжірибелік учаскелер, оқу шаруашылыктары, оқу полигондары* | Атауы көрсетілген оқу зертханалары* (м2) | Түрі көрсетілген оқу және оқу-зертхана жабдықтарының, техникалық оқу құралдарының тізбесі | Мәжіліс залы, спорт залы (м2) | Компьютерлік сыныптар, компьютерлер, жабдықтар, жиһаз, жеке қолдануға арналған шкафтар, бейнекамералар | Кітапхана | "Клиникаға дейінгі симуляциялық кабинеттер" медициналық бағыты бойынша кадрлар даярлау үшін* | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Білім беру ұйымының басшысы ___________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе * техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін сұратылып отырған мамандық және/немесе біліктілік бойынша, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін сұратылып отырған бағыт бойынша ақпарат ұсынылады.
* Компьютерлік сыныптардың болуы туралы біліктілік талаптары шағын жинақты мектептерге қолданылмайды.
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 7-қосымша |
|
Нысан |
Нысан
Тиісті оқу жылына арналған бір білім алушыға кететін ең төменгі шығынға сәйкестік туралы мәліметтер *
Атауы | Шығындар сомасы * | |
4 айға | 8 айға | |
1 | 2 | 3 |
Білім беру ұйымының басшысы _________________ (Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе * магистратура кадрлар даярлау бағыты бойынша лицензия алған кезде ғылыми-педагогикалық магистратура үшін бөлек, бейінді магистратура үшін бөлек шығындардың сомасы жеке көрсетілуі қажет
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 8-қосымша |
|
Нысан |
Цифрлық тасымалдағыштардағы оқу және ғылыми әдебиеттердің болуы туралы мәліметтер
_____________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)
Р/с № | Кәсіп бойынша, кадрларды даярлау бағыты бойынша, даярланатын мамандық біліктілігі бойынша оқу пәні | Атауы, жасалған жылы | Авторлары |
1 | 2 | 3 | 4 |
Білім беру ұйымының басшысы _________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 9-қосымша |
Нысан
Оқытылатын пәннің бейініне сәйкес соңғы бес жылда кадрлардың біліктілік арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы мәліметтер
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Тақырыптың атауы | Оқыған орны мен кезеңі | Оқыған ұйымның атауы | Сағаттар саны және жұмыс өтілі | Аяқталу нысаны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Білім беру ұйымының басшысы _________________(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) (қолы)
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 10-қосымша |
|
Нысан |
Жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары мен оқулығы немесе оқу құралы көрсетілген тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер
Р/с | Ғылыми жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Білімі туралы ақпарат ("ғылым кандидаты" және/немесе "ғылым докторы" ғылыми дәрежесінің және/немесе "бейіні бойынша доктор" және/немесе "философия докторы (РhD)" дәрежесінің болуы туралы мәліметтер, резидентураны бітіргені туралы мәліметтер) | Жұмыс өтілі (ғылыми-педагогикалық, клиникалық) | Жарияланымдар тізбесі | Оқулықтың не оқу құралының атауы | ||
отандық мерзімді басылымдарда | шетелдік мерзімді басылымдарда | халықаралық конференция еңбектерінде | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Білім беру ұйымының басшысы _________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 11-қосымша |
|
Нысан |
Мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базалардың болуы туралы мәліметтер *
Ғылыми-зерттеу институтының, клиникалық базасының, ғылыми зертханасының, техникалық паркінің, бизнес-инкубаторының болуы (қажеттісін таңдау) | Орналасқан мекенжайы | Меншік құқығында немесе шарт негізінде | Ескертпе (базаның қызметі туралы қысқаша ақпарат) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Білім беру ұйымының басшысы _________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе * ақпарат кадрларды даярлау бағытының бөлінісінде беріледі.