Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 8 қаңтарда № 33892 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы №580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 176) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Туризм және спорт министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жоғарғы соты


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің
2024 жылғы 5 қаңтардағы
№ 4 бұйрығына
1-қосымша

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын негізгі біліктілік талаптары (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ)
№ п/п Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар Ескертпе

1

"Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу мен одан алып тастау негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 106 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30139 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 106 бұйрық) сәйкес ғылым және жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 2 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28916 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 2 бұйрық) және "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № ҚР ДСМ-63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28716 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚР ДСМ-63 бұйрығы) және "Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31672 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 4 бұйрығы) сәйкес әзірленген және енгізілген білім беру бағдарламасының болуы.

Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген, №2 бұйрық және (немесе) ҚР ДСМ-63 бұйрыққа және № 4 бұйрыққа сәйкес мемлекеттік және оқыту тілінде(дерінде) оқытудың толық кезеңіне әзірленген білім беру бағдарламасының көшірмесі.
"Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласы бойынша кадрларды даярлауды іске асыратын ЖЖОКБҰ үшін, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясы үшін – №2 бұйрыққа сәйкес мемлекеттік және оқыту тілінде (дерінде) оқытудың толық кезеңіне әзірленген кадрлар даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламасының, оқу жоспарының көшірмелері.

"Денсаулық сақтау" кадрларды даярлау бағытының медицина, педиатрия, стоматология бойынша біріктірілген үздіксіз медициналық білім беру бағдарламалары үшін – бакалавриат, магистратура және резидентура білім деңгейлеріне лицензияға қосымшаларының бар болуы

2

2.1. Оқу бағдарламаларының пәндерін оқыту тілдерінде 100% қамтамасыз ететін, баспа және (немесе) электрондық басылымдар форматындағы оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің кітапхана қорының болуы. ("Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша - бейіндік цикл пәндерін қоспағанда).
2.2. Білім беру бағдарламаларының пәндері кесіндісінде оқу әдебиеті қорының кемінде 3%-ын жыл сайын жаңартуды қамтамасыз ету, республикалық мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы ЖЖОКБҰ үшiн - бiлiм беру бағдарламаларының пәндерi кесіндісінде оқу әдебиетi қорын кемінде 1%-ын жыл сайын жаңарту.
2.3. Кітапхана қорларын бірлесіп пайдалану үшін кітапханалармен және ғылыми ұйымдармен шарттардың (келісімдердің) болуы (электрондық деректер базасына немесе ақпараттық ресурстарға қолжетімділік).
2.4. "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша - сонымен қатар дәлелді медицина бойынша халықаралық дерекқорларға институционалдық жазылудың болуы.

Оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Оқу әдебиеті қорының жыл сайын жаңартылғанын растайтын құжаттардың көшірмелері.
Кітапханалармен және ғылыми ұйымдармен кітапхана қорын бірлесіп пайдалану шарттарының (келісімдерінің) (кемінде екі) көшірмелері.


3

ЖЖОКБҰ оқу корпустарының жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі (резидентураны қоспағанда). Медициналық қызметке лицензияның болуы. "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ үшін - білім алушылар үшін медициналық қызмет көрсетудің болуы.

Медициналық қызмет көрсетудің бар болуы, оның ішінде жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілгені және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Денсаулық сақтау ұйымының білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуін растайтын құжаттың көшірмесі.

"Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ЖЖОКБҰ-ны қоспағанда, оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір медициналық пунктінің болуына рұқсат етіледі.

4

ЖЖОКБҰ оқу корпустарында білім алушылардың тамақтануына жағдай жасалуы. "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ үшін - білім алушыларды тамақтандыру объектісінің болуы.

Санитариялық ережелерге сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның тамақтану объектісіне қорытындысының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

"Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ-ны қоспағанда, оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір тамақтану объектісінің болуына рұқсат етіледі.

5

5.1. Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін қажетті ғимараттардың (оқу ғимараттарының) болуы:
1) ғимараттың меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында, немесе үлесінің кемінде 5%-ы мемлекеттік органдарға немесе квазимемлекеттік ұйымдарға тиесілі ЖЖОКБҰ үшін сенімгерлік басқару құқығында тиесілі болуы;
2) оқу үй-жайларының ауданы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23890 болып тіркелген) "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Санитариялық қағидаларға (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) сәйкес болуы;
3) "Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 55 бұйрық) өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес болуы;
4) ЖЖОКБҰ үй-жайлары мен іргелес аумақтарының "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 06 мамырдағы № 305 қаулысына (бұдан әрі - № 305 қаулы) сәйкес бейнебақылаумен қамтамасыз етілуі.
5.2. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 24-бабына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес ЖЖОКБҰ орналасқан жері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жіберілген эпидемиялық маңызы болмашы объект қызметінің басталғаны (оларды пайдалану) туралы хабарламаның болуы.
5.3. Оның ішінде:
"Денсаулық сақтау" кадрларды даярлау бағыты бойынша – меншікті немесе шаруашылық жүргізу немесе сенімгерлік басқару құқығында тиесілі аккредиттелген клиникалық базаның болуы, немесе аккредиттелген клиникалық базалары бар ғылыми ұйымдармен, денсаулық сақтау ұйымдарымен, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарымен, университеттік ауруханалармен, медициналық мамандықтар бойынша іске асырылатын резидентура базаларымен келісім шарт негізінде жұмыс жасап тұрған денсаулық сақтау саласында аккредиттелген клиникалық базаның болуы;
"Сәулет және құрылыс" кадрларды даярлау бағыты бойынша - мамандандырылған (құрылыс материалдары және құрылыс физикасы бойынша; студиялық сабақтар үшін; гипс фигуралары, сәулет бөлшектері, мольберттер қоры бар макет шеберханасы және т.б.) аудиториялардың және шығыс материалдары бар 3D принтерлермен жабдықталған зертханалардың болуы;
"Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша - дайындық бейініне сәйкес келетін полигонның және атыс тирінің (виртуалды тирінің) болуы;
"Құқық" кадрларды даярлау бағыты бойынша - криминалистикалық полигон мен сот отырыстары залының болуы.

Пайдалы оқу алаңының, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Білім беру ұйымын қайта құруға байланысты лицензия алу немесе лицензияны қайта ресімдеу кезінде ауданды есептеу оқу сабақтарының ауысымын ескере отырып, Санитариялық қағидаларда белгіленген нормалар негізінде жүргізіледі.

Ғимараттарға (оқу ғимараттарына), клиникаларға шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімді басқару құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері.
Өрт техникасының жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз ететін ұйыммен жасалған шарттардың (келісімдердің) және өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкестікті растайтын құжаттың көшірмесі.
Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны және тоқтатылғаны (оларды пайдалану) туралы хабарламаның көшірмесі.
"Денсаулық сақтау" кадрларды даярлау бағыты бойынша – білім алушылардың оқу кезеңін қамтитын және денсаулық сақтау саласында аккредиттелген білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес, ересек және балалар бейінін қоса ("Резидентура бағдарламаларының медициналық мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № ҚР ДСМ - 43 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22844 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-43 бұйрығы) клиникалық база бойынша шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) көшірмелері.

6

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін білім беру қызметтеріне кедергісіз қол жеткізу және тең жағдайлардың жасалуы:
1) кіру жолдарының, ақпараттық-навигациялық қамтамасыз ету құралдарының болуы, баспалдақтарды пандустармен немесе көтергіш құрылғылармен қайталау, баспалдақтар мен пандустарды тұтқалармен жабдықтау, есіктер мен баспалдақтарды контрастты бояумен бояу, мүгедектерге арналған көлік құралдары үшін тұрақ орындарының болуы;
2) оқу-әдістемелік құралдармен, оқу әдебиетімен, бейімделген бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған арнайы кабинеттердің болуы;
3) инклюзивті білім берудің әдістемесі бойынша біліктілікті арттыру курстарынан немесе тағылымдамадан/қайта даярлаудан өткен мамандардың болуы.

Пайдалы оқу алаңының, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Біліктілік талаптары "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ЖЖОКБҰ, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясы үшін қолданылмайды.

7

7.1. Сымсыз технологияларды қоса алғанда, кең жолақты интернеттің қолжетімділігі.
7.2. Білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті компьютерлік кабинеттердің, компьютерлердің, мамандандырылған лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы.
7.3. Білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті оқу-зертханалық және материалдық-техникалық базаның, техникалық оқу құралдарының және жабдықтардың болуы.
7.4. "Білім беру мониторингі шеңберінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ұсынатын әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2023 жылғы 27 ақпандағы № 84 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №31973 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 84 бұйрық) бекітілген білім беру мониторингі шеңберіндегі әкімшілік деректер нысандарына сәйкес өзекті дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы және нақты деректердің жоғары білім берудің бірыңғай платформасының ақпаратына (бұдан әрі - ЖББП) сәйкестігі, "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ЖЖОКБҰ, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы үшін - ЖББП жекелеген нысандары бойынша.
7.5. Edu. kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуы.
7.6. Оның ішінде:
"Денсаулық сақтау" кадрларды даярлау бағыты бойынша № ҚР ДСМ-63 бұйрығына және № 4 бұйрығына сәйкес құзыретті меңгеру үшін жабдықталған симуляциялық кабинеттің (орталық) болуы;
"Сәулет және құрылыс" кадрларын даярлау бағыты бойынша - ақпараттық модельдеу технологиясын іске асыратын мамандандырылған бағдарламалық кешендердің болуы.

Білім беру процесін материалдық-техникалық қамтамасыз етуі, оның ішінде компьютерлердің, зертханалық жабдықтың, техникалық оқу құралдарының, бағдарламалық қамтамасыз етудің және ақпараттық жүйелердің болуы туралы ақпарат (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

"Сымсыз технологияларды қоса алғанда" біліктілік талабы "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ үшін қолданылмайды.
№ 84 бұйрықпен бекітілген нысандарға сәйкес жаңартылған деректер базалары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы, нақты деректердің БЖБП сәйкестігі және үшінші деңгейдегі домендік атаудың болуына қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарына қолданылмайды.

8

ЖЖОКБҰ-ның ақылы негізде оқитын бір білім алушыға арналған ең төменгі шығындарының көлемі ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тиісті оқу жылына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы құнының кемінде 50 %-на сәйкестігі.

Тиісті оқу жылына бір білім алушыға арналған ең төменгі шығындардың сәйкестігі туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Біліктілік талаптары республикалық мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы ЖЖОКБҰ үшiн қолданылмайды.

9

9.1. Негізгі жұмыс орны ЖЖОКБҰ болып табылатын оқытушылардың 3 (үш) жылда бір реттен кем емес оқытылатын пәндер бейініне сәйкес бір оқу курсында кемінде 72 (жетпіс екі) сағат көлемінде біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету, оның ішінде:
"Сәулет және құрылыс" кадрларды даярлау бағыты бойынша – оқытылатын пәндер бейіні бойынша ғылыми-зерттеу, іздестіру, жобалау және өндірістік ұйымдарда;
"Өнер" кадрларды даярлау бағыты бойынша – оқытылатын пәндер бейіні бойынша мәдениет және өнер саласындағы оқу, шығармашылық, ғылыми-зерттеу және басқа ұйымдарда.
9.2. ЖЖОКБҰ басшыларының және оның орынбасар(лар)ының менеджмент саласында 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) рет біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.
9.3. "Денсаулық сақтау" кадрларды даярлау бағыты бойынша –
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21847 болып тіркелген) Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидаларына сәйкес біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.

Оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес оқытушылардың және менеджмент саласы бойынша ЖЖОКБҰ басшыларының біліктілігін арттыру туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Біліктілікті арттыру курсын аяқтағанын растайтын құжаттар, оның ішінде: курстың тақырыбы, игерілген сағаттар көлемі, курсты аяқтау мерзімі көрсетілген сертификат, курс нәтижелері туралы тындаушының есебі (курстың мазмұнында шектелген ақпарат бар болған жағдайларды қоспағанда).

"Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ЖЖОКБҰ, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясы үшін – оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес немесе оқу әдістемесіне сәйкес бір оқу курсына кемінде 36 (отыз алты) академиялық сағат көлемімен оқытушылардың біліктілігін арттыру

10

Білім беру бағдарламасына сәйкес кадрларды даярлау бағыты бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық және/немесе ғылыми-әдістемелік және (немесе) шығармашылық және (немесе) эксперименттік базамен қамтамасыз етілуі

Мамандандырылған ғылыми-техникалық/ ғылыми-әдістемелік/ клиникалық/ эксперименталдық базалардың, шығармашылық шеберханалардың, концерттік, көрме залдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


11

Мұқтаж білім алушылардың тұруы үшін жағдай жасау (санитариялық ережелердің талаптарына сәйкес келетін жатақханалар/хостелдер/қонақ үйлермен қамтамасыз ету)

Жатақханалардың болуы туралы және/немесе ЖЖОКБҰ басшысымен бекітілген хостелдермен/қонақ үйлермен шарттар туралы ақпарат;
Білім алушылардың тұруына арналған үй-жайлардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды туралы мәліметтер
БЖБП ақпаратының нақты деректермен сәйкестігі.

Біліктілік талаптары "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ЖЖОКБҰ, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы үшін қолданылмайды.

12

Басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынаны (парафраз) өзгертпей, сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып мәтінді пайдаланудың және бөтен материалдың бар-жоғын тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаны пайдалану.
Берілген білім беру құжаттары, сондай-ақ дипломдық жұмыстар (жобалар), магистрлік диссертациялардың жұмыс істеп тұрған электрондық деректер базасының (мұрағатының) болуы (электрондық дерекқорға немесе ақпараттық ресурстарға қолжетімділік)

Басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынаны (парафраз) өзгертпей, сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып мәтінді пайдаланудың және бөтен материалдың бар-жоғын тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаның болуын растайтын құжат.
Берілген білім беру құжаттары, дипломдық жұмыстар (жобалар), магистрлік диссертациялардың жұмыс істеп тұрған электрондық деректер базасына (мұрағатына) тестілік қолжетімділікке сілтеме.

Біліктілік талаптары "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ЖЖОКБҰ, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы үшін қолданылмайды.

2. ЖЖОКБҰ білім беру қызметіне қойылатын бейіндік біліктілік талаптары
2.1 "Бакалавр" академиялық дәрежесін бере отырып, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін
№ п/п Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар Ескертпе

13

13.1. Білім беру бағдарламаларының пәндеріне сәйкес оқытушылардың болуы;
13.2. Оқытушылардың білімінің және (немесе) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесінің және(немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесінің және(немесе) ғылыми атағының оқытылатын пәндердің бейініне сәйкестігі;
13.3. Негізгі жұмыс орны ЖЖОКБҰ болып табылатын оқытушылардың үлесі кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санының:
"Бизнес және басқару", "Өнер", "Қызмет көрсету саласы", "Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)", "Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар", "Журналистика және ақпарат", сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы білім беру бағдарламаларын және "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ЖЖОКБҰ үшін - 40 %-нан кем болмауы;
кадрлар даярлаудың басқа бағыттарының білім беру бағдарламалары бойынша – 60 %-нан кем болмауы.
13.4. Негізгі жұмыс орны бойынша оқытылатын пәндер бейініне сәйкес практикалық кәсіптік қызметпен айналысатын, соңғы 10 (он) жылдың кемінде 3 (үш) жылы кадрларды даярлау бағыты бойынша жұмыс өтілі бар қоса атқаратын оқытушылардың үлесі кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының базалық және бейіндік пәндер циклдері оқытушыларының (жалпы білім беретін пәндер циклінің оқытушыларынан басқа) жалпы санынан кемінде – 10 %;
"Денсаулық сақтау" кадрларды даярлау бағыты бойынша – сонымен қатар "Клиникалық база, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйым клиникасы, университеттік аурухана, резидентура базасы, интеграцияланған академиялық медициналық орталық туралы ережелерді және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-304/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21848 болып тіркелген) сәйкес талаптарға сай келетін клиникалық тәлімгерлердің болуы.

Кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Пәннің мазмұнын, оқу саласының ерекшеліктерін есепке ала отырып, пәннің бейіні жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының жіктеуішіне және (немесе) "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілген Ғылыми бағыттар жіктеуішіне сәйкес айқындалады.
Қоса атқаратын оқытушыларға қатысты, жалпы білім беру пәндері циклі бойынша оқытушылардың білімінің оқытатын пәндерінің бейініне сәйкестігіне қатысты біліктілік талаптары "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ЖЖОКБҰ үшін қолданылмайды.

14

14.1. "Сәулет және құрылыс" кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша – оқытылатын пәндер бейініне сәйкес келетін өндірісте соңғы 10 (он) жылда кемінде 3 (үш) жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар (соның ішінде жобалық топтың құрамында) бейінді пәндер оқытушыларының үлесі кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының бейіндік пәндер оқытушыларының жалпы санынан - кемінде 40 %.
14.2. "Денсаулық сақтау" кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша - денсаулық сақтау ұйымдарында клиникалық жұмыс және/немесе санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарында, фармацевтикалық ұйымдарда соңғы 10 (он) жылда кемінде 3 (үш) жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар бейінді пәндер оқытушыларының үлесі кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша бейінді пәндер оқытушыларының жалпы санынан кемінде - 50 %.
14.3. "Құқық" кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша - оқытылатын пәндер бейініне сай келетін құқықтану саласында соңғы 10 (он) жылда кемінде 3 (үш) жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар бейінді пәндер оқытушыларының үлесі кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша бейінді пәндер оқытушыларының жалпы санынан кемінде – 60 %.

Кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


15

15.1. Негізгі жұмыс орны ЖЖОКБҰ болып табылатын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесі және (немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі бар және (немесе) ғылыми атағы бар және (немесе) "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атағына ие ("Өнер" кадрларды даярлау бағыты бойынша қосымша –кадрларды даярлау бейініне сай келетін Қазақстан Республикасының құрметті атақтарымен және мемлекеттік наградаларымен марапатталған) оқытушылардың үлесі: "Педагогикалық ғылымдар", "Құқық" кадрларды даярлау бағыттары бойынша - кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санынан кемінде 50 %; "Қызмет көрсету саласы", "Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар", "Журналистика және ақпарат" кадрларды даярлау бағыттары бойынша - кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санынан кемінде 30 %; кадрларды даярлаудың өзге бағыттары бойынша - білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санынан кемінде 40 %.
15.2. "Денсаулық сақтау" кадрларды даярлау бағыты бойынша – негізгі жұмыс орны ЖЖОКБҰ болып табылатын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесі және (немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі бар және (немесе) ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санынан кемінде 40 %; базалық және бейінді пәндер бойынша негізгі жұмыс орны ЖЖОКБҰ болып табылатын "магистр" дәрежесі бар және/немесе резидентураны бітірген және(немесе) жоғары/бірінші білікті дәрігер санаты бар және(немесе) соңғы 10 (он) жылда кемінде 5 (бес) жыл клиникалық жұмыс тәжірибесі бар оқытушылардың үлесі кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санының 60 %-нан аспауы.
15.3. "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" кадрларды даярлау саласы үшін – негізгі жұмыс орны ЖЖОКБҰ болып табылатын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесі және (немесе) PhD философия докторы / бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі бар және (немесе) ғылыми атағы бар және (немесе) соңғы 10 (он) жылда кемінде 3 (үш) жыл педагогикалық өтілі бар подполковниктен төмен емес әскери (арнайы) атағына ие оқытушылардың үлесі кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санынан – кемінде 40 %.
15.4. "Педагогикалық ғылымдар" кадрларды даярлау бағыты бойынша - негізгі жұмыс орны ЖЖОКБҰ болып табылатын, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу және орта білім беру ұйымдарының базасында ғылыми зерттеулер жүргізетін білім беру бағдарламаларының бейіндік пәндері бойынша оқытушылардың үлесі – кемінде 10%.

Кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


16

Білім алушылардың дипломдық жұмыстарына (жобаларына) жетекшілік етуді тиісті бейіндегі оқытушылардың және (немесе) кадрларды даярлау бағытының бейіні бойынша жұмыс жасайтын кемінде 10 (он) жыл жұмыс өтілі бар мамандардың атқаруы

Білім алушылардың дипломдық жұмыстарына (жобаларына) жетекшілік ететін оқытушылар және (немесе) мамандар туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


17

Білім беру бағдарламаларының бейіні бойынша практика базаларымен азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған шарттардың (келісімдердің) болуы, оның ішінде:
1)"Педагогикалық ғылымдар" кадрларды даярлау саласының бағыттары үшін – мектепке дейінгі және (немесе) бастауыш және (немесе) негізгі және (немесе) жалпы орта және (немесе) техникалық және кәсіптік және/немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарымен педагогикалық практикадан өту және дуальдық оқыту үшін азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған шарттардың (келісімдердің) болуы;
2)"Денсаулық сақтау" кадрларды даярлау бағыты үшін – ғылыми-практикалық базалармен (клиникалық базалармен; денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларымен немесе университеттік ауруханамен) азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған шарттардың (келісімдердің) және жетекші шетелдік медициналық білім беру ұйымдарымен стратегиялық әріптестік туралы меморандумдардың болуы; медициналық мамандықтар бойынша іске асырылатын медициналық білім беру бағдарламалары үшін клиникалық базаларда білім алушыларды даярлау кезеңінде білікті медицина қызметкерлері қатарынан тағайындалған тәлімгерлермен келісім шарттардың (келісімдердің) болуы;
3)"Құқық" кадрларды даярлау бағыты үшін – кадрларды даярлау бейініне сәйкес құқықтану саласындағы ұйымдармен азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған шарттардың (келісімдердің) болуы.

Кадрларды даярлау бағытының бейініне сәйкес практикадан өту базасы ретінде анықталған ұйымдармен жасалған шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) көшірмелері;
"Педагогикалық ғылымдар" кадрларды даярлау бағыты бойынша қосымша – дуальды оқытуға шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) көшірмелері;
"Денсаулық сақтау" кадрларды даярлау бағыты бойынша қосымша – білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес стратегиялық әріптестік туралы меморандумдардың (кемінде екі) және білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес тәлімгерлік туралы шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) көшірмелері.
Шарттар (келісімдер) білім алушылардың толық оқу кезеңін қамтуы тиіс және мерзімін ұзарту туралы тармақты қамтуы мүмкін.

Біліктілік талаптары "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ЖЖОКБҰ үшін қолданылмайды.

18

Білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау жолымен оқуға қабылдауды қоспағанда, ЖЖОКБҰ-ның кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша соңғы 2 (екі) жылда білім алушыларды үздіксіз қабылдауды жүзеге асыруы.


Біліктілік талаптары лицензияны және лицензияға қосымшаны алу кезінде білім беру ұйымдарына, сондай-ақ "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ЖЖОКБҰ үшін қолданылмайды.

19

Бакалавриат деңгейі бойынша түлектерді кадрларды даярлау бағыты бойынша жұмысқа орналастыру, бұл ретте бітірген жылы ішінде кадрлар даярлау бағыты бойынша түлектердің жалпы санына шаққанда жұмысқа орналастырылғандардың үлесі - кемінде 50 %, оның ішінде кемінде 3 (үш) ай үздіксіз еңбек қызметімен қамтамасыз етілуі – кемінде 50 % ("Педагогикалық ғылымдар", "Құқық" кадрларды даярлау бағыты үшін – кемінде 60%, "Денсаулық сақтау" кадрларды даярлау бағыты үшін – кемінде 80 %).
Бұл ретте жұмысқа орналастырылған түлектердің санына екінші жоғары білім беру бағдарламалары бойынша, күндізгі оқу нысаны бойынша, резидентурада немесе магистратурада немесе докторантурада оқуды жалғастырған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына әскери қызметке шақырылған түлектер, 3 (үш) жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалыста жүрген адамдар кіреді.

Жұмыс орнынан растайтын құжаттардың көшірмелері.

Біліктілік талаптары лицензияны және лицензияға қосымшаны алу кезінде білім беру ұйымдарына, сондай-ақ "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ЖЖОКБҰ үшін қолданылмайды.

2.2 "Магистр" дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін

20

"Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ЖЖОКБҰ және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын қоспағанда, кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру ұйымдарымен немесе ғылыми немесе ғылыми-білім беру немесе ғылыми-өндірістік орталықтармен ынтымақтастық туралы және кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша шарттардың (келісімдердің), сондай-ақ шетелдік кеңесшілерді тартуды көздейтін шарттардың (келісімдердің) болуы.

Оқу мерзіміне жарамды ынтымақтастық және шетелдік кеңесшілерді тарту туралы шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) көшірмелері.

Тек шет тілдерінде жасалған шарттарды (келісімдерді) ұсынған кезде олардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудармасы болуы тиіс.

21

21.1. Білім беру бағдарламасының пәндеріне сәйкес оқытушылардың болуы.
21.2. Оқытушылардың білімінің және ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесінің және(немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесінің және(немесе) ғылыми атағының оқытылатын пәндердің бейініне сәйкестігі.
21.3. Негізгі жұмыс орны ЖЖОКБҰ болып табылатын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесі және (немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі бар және (немесе) ғылыми атағы бар және (немесе) "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атағына ие кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың үлесі - білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санынан кемінде 70 %;
"Өнер" кадрларды даярлау бағыты бойынша – негізгі жұмыс орны ЖЖОКБҰ болып табылатын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесі және (немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі бар және (немесе) ғылыми атағы бар және (немесе) кадрлар даярлау бағытының бейініне сәйкес Қазақстан Республикасының құрметті атақтарымен және мемлекеттік наградаларымен марапатталған кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың үлесі - білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санынан кемінде 50 %;
"Денсаулық сақтау" кадрларды даярлау бағыты бойынша – негізгі жұмыс орны ЖЖОКБҰ болып табылатын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесі және (немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі бар және (немесе) ғылыми атағы бар оқытушылардың үлесі кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санынан кемінде 50 %; базалық және бейінді пәндер бойынша негізгі жұмыс орны ЖЖОКБҰ болып табылатын "магистр" дәрежесі бар және/немесе резидентураны бітірген және(немесе) жоғары/бірінші білікті дәрігер санаты бар және(немесе) соңғы 10 (он) жылда кемінде 5 (бес) жыл клиникалық жұмыс тәжірибесі бар оқытушылардың үлесі кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санының 50 %-нан аспауы.
"Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" кадрларды даярлау саласы бойынша – негізгі жұмыс орны ЖЖОКБҰ болып табылатын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесі және (немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі бар және(немесе) ғылыми атағы бар және(немесе) соңғы 10 (он) жылда кемінде 3 (үш) жыл педагогикалық өтілі бар подполковниктен төмен емес әскери (арнайы) атағына ие оқытушылардың үлесі кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санынан – кемінде 40 %;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы үшін – негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесі және (немесе) философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі бар және/немесе ғылыми атағы бар оқытушылардың және (немесе) кемінде 3 (үш) жыл педагогикалық өтілі бар судья немесе отставкадағы судья және (немесе) подполковниктен төмен емес әскери (арнайы) атағы бар оқытушылардың үлесі оқыушылардың жалпы санынан– кемінде 40%.

Кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Оқытушылардың білімінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің бейініне сәйкестігі бойынша қойылатын біліктілік талаптары "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ЖЖОКБҰ үшін қолданылмайды.

22

Республикалық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы ЖЖОКБҰ қоспағанда, ұйымдармен және кәсіпорындармен азаматтық заңнамаға сәйкес жасасқан шартқа сәйкес қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың болуы.

Техникалық ерекшелік (тапсырма) пен Жұмыс кестесі қоса берілген ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға ұйымдар және кәсіпорындармен жасалған шарттардың (кемінде екі) көшірмелері.


23

23.1. Кадрларды даярлау бағытының бейініне сәйкес ғылыми дәрежесі және (немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша докторы (академиялық) дәрежесі бар,
кемінде 3 (үш) жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар,
ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылатын ғылыми жарияланымдар тізбесіне (бұдан әрі - Жарияланымдар тізбесі) енгізілген басылымдарда соңғы 5 (бес) жыл ішінде жарияланған кемінде 5 (бес) ғылыми мақаланың және JCR (ZhSR) бойынша импакт-факторы бар немесе Science Citation Index Expanded дерекқорларының (Science Citation Index Expanded), Social Science Citation Index (Social) бірінде индекстелген Web of Science Core Collection (Web of Science Core Collection) ішіндегі Science Citation Index) немесе Arts and Humanities Citation Index (Arts End Humanities Citation Index) немесе Scopus дерекқорындағы CiteScore пайыздық ұпайы кемінде 25 (жиырма бес) болатын халықаралық рецензияланған ғылыми журналда соңғы 5 (бес) жыл ішінде жарияланған кемінде 1 (бір) ғылыми мақаланың авторы болып табылатын оқытушының ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруы.
23.2. "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласының бойынша кадрларды даярлау бағыттары бойынша – магистранттарға ғылыми жетекшілікті негізгі жұмыс орны ЖЖОКБҰ болып табылатын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесі және (немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі және(немесе) ғылыми атағы бар немесе подполковниктен төмен емес әскери (арнайы) атағына ие немесе әділет кеңесшісінен төмен емес сыныптық шенге ие немесе судья/отставкадағы судья,
кадрларды даярлау бағытының бейіні бойынша соңғы 10 (он) жылда кемінде 3 (үш) жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар,
Жарияланымдар тізіміне енгізілген басылымдарда соңғы 5 (бес) жылда жарияланған кемінде 5 (бес) ғылыми мақаланың авторы,
кадрларды даярлау бағытының бейіні бойынша оқулық немесе оқу құралының авторы болып табылатын ғылыми-педагогикалық қызметкердің жүзеге асыруы.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы үшін – негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, кадрларды даярлау бейіні бойынша отандық басылымдардағы, халықаралық конференциялар материалдарындағы ғылыми жарияланымдардың авторы болып табылатын, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесі және (немесе) философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі бар және/немесе ғылыми атағы бар оқытушылардың және (немесе) кемінде 3 (үш) жыл педагогикалық өтілі бар судьяның немесе отставкадағы судьяның және (немесе) подполковниктен төмен емес әскери (арнайы) атағы/сыныптық шенi бар немесе тиiстi ғылым саласының бiлiктi маманның магистранттарға ғылым жетекшілік етуі.
23.3. "Қызмет көрсету саласы", "Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар", "Журналистика және ақпарат" кадрларды даярлау бағыттары үшін - білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмысына (жобаларына) басшылықты Жарияланымдар тізіміне енгізілген басылымдарда соңғы 5 (бес) жылда жарияланған кемінде 5 (бес) ғылыми мақаланың авторы болып табылатын оқытушылардың және (немесе) соңғы 10 (он) жылдың ішінде кемінде 5 (бес) жыл практикалық жұмыс өтілі бар тиісті бейіндегі мамандардың жүзеге асыруы.

Білімі, жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары және дайындаған оқулығы немесе оқу құралы көрсетіле отырып, кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын жетекшілер туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


24

"Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ЖЖОКБҰ және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясын қоспағанда, білім беру бағдарламасына сәйкес білім алушылардың практикадан өтуіне, кадрлар даярлаудың тиісті бағыттары бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуіне орындармен қамтамасыз етілуі

Практика базасы ретінде анықталған ұйымдармен жасалған шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі), тиісті кадрларды даярлау бағыттары бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) көшірмелері; практиканы ЖЖОКБҰ-да өткен жағдайда – растайтын құжаттардың көшірмесі.
Шарттар (келісімдер) білім алушылардың толық оқу кезеңін қамтуы тиіс және мерзімін ұзарту туралы тармақты қамтуы мүмкін.

Тек шет тілдерінде жасалған шарттарды (келісімдерді) ұсынған кезде оларға нотариалды куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы қоса берілуі тиіс.

2.3 Резидентура білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін

25

Негізгі жұмыс орны ЖЖОКБҰ болып табылатын және ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесі және (немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі бар, кадрларды даярлау бағытының бейіні бойынша Жарияланымдар тізбесінде және шетелдік басылымдарда жарияланған кемінде 4 (төрт) мақаланың авторы болып табылатын екіден кем емес маманның болуы;
немесе негізгі жұмыс орны ЖЖОКБҰ болып табылатын ғылыми дәрежесі және (немесе) PhD философия докторы /бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі бар, кадрларды дайындау бағытының бейіні бойынша Жарияланымдар тізбесінде және шетелдік басылымдарда жарияланған кемінде 4 (төрт) мақаланың авторы болып табылатын бір маманның және негізгі жұмыс орны ЖЖОКБҰ болып табылатын, кемінде 3 (үш) жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі және кемінде 5 (бес) жыл клиникалық жұмыс өтілі бар бір маманның болуы.

Жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары көрсетіле отырып, кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


26

Резидент-дәрігерлерді даярлауды жүзеге асыру үшін ғылыми дәрежесі және (немесе) PhD философия докторы / бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі бар оқытушылар немесе кадрларды даярлаудың бағыты бойынша кемінде 5 (бес) жыл клиникалық жұмыс өтілі бар жетекші мамандар қатарынан тағайындалған тәлімгерлердің болуы.

Тәлімгерлер құрамы туралы ақпарат ("Денсаулық сақтау" кадрларды даярлау бағыты бойынша) (осы біліктілік талаптарына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


27

"Клиникалық база, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйым клиникасы, университеттік аурухана, резидентура базасы, интеграцияланған академиялық медициналық орталық туралы ережелерді және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-304/2020 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21848 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес кадрларды даярлау бағыты бойынша азаматтық заңнамаға сәйкес резидентура базаларымен шарттардың және жетекші шетелдік медициналық білім беру ұйымдарымен стратегиялық серіктестік туралы меморандумдардың болуы.

Денсаулық сақтау саласында аккредиттелген, білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес, ересек және балалар бейінін қоса (№ ҚР ДСМ - 43 бұйрығына сәйкес) резидентура базасы ретінде белгіленген ұйымдармен шарттардың (кемінде екі) және білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес стратегиялық әріптестік меморандумдарының (кемінде екі) көшірмелері.


2.4 Философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін

28

28.1. Білім беру бағдарламасының пәндеріне сәйкес оқытушылардың болуы.
28.2. Оқытушылардың білімінің және ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесінің және(немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесінің және (немесе) ғылыми атағының оқытылатын пәндердің бейініне сәйкестігі.
28.3. Кадрларды даярлау бағыты бойынша негізгі жұмыс орны ЖЖОКБҰ болып табылатын,
ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесінің және (немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесінің және (немесе) ғылыми атағы бар ("Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ үшін – немесе кадрларды даярлау бағытының бейіні бойынша соңғы 10 (он)жылдың кемінде 3 (үш) жыл ғылыми-педагогикалық өтілі бар подполковниктен төмен емес әскери (арнайы) атағы немесе әділет кеңесшісінен төмен емес сыныптық шені немесе судья/отставкадағы судья),
оқытушылардың үлесі кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушылардың жалпы санынан – кемінде 80 % болуы

Кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Оқытушылардың білімінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің бейініне сәйкестігі бойынша қойылатын біліктілік талаптары "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ЖЖОКБҰ үшін қолданылмайды.

29

29.1. Негізгі жұмыс орны ЖЖОКБҰ болып табылатын, кадрларды даярлау бағыты бойынша ғылыми дәрежесі және (немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі бар, соңғы 5 (бес) жылда рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдарда жарияланған кемінде 3 (үш) мақаласы және (немесе) шолуы бар:
1) 8D05 "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", 8D06 "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", 8D07 "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", 8D08 "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", 8D09 "Ветеринария", 8D10 "Денсаулық сақтау", 8D11 "Қызмет көрсету" кадрларды даярлау бағыттары бойынша – Clarivate (Кларивэйт) компаниясының Journal Citation Reports (Журнал Цитайшн Репортс) деректері бойынша алғашқы 3 (үш) квартильге кіретін немесе білім беру бағдарламасына сәйкес келетін ғылыми салалардың бірі бойынша Scopus (Скопус) дерекқорында CiteScore (СайтСкор) бойынша кемінде 50 (елу) процентиль көрсеткіші бар басылымдарда;
2) кадрларды даярлаудың қалған бағыттары үшін Clarivate (Кларивэйт) компаниясының Journal Citation Reports (Журнал Цитайшн Репортс) деректері бойынша алғашқы 3 (үш) квартильге кіретін немесе білім беру бағдарламасына сәйкес келетін ғылыми салалардың бірі бойынша Scopus (Скопус) дерекқорында CiteScore (СайтСкор) бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентиль көрсеткіші бар басылымдардағы жарияланымдардың авторы болып табылатын кемінде 3 (үш) оқытушының болуы.
29.2. Негізгі жұмыс орны ЖЖОКБҰ болып табылатын 3 (үш) оқытушының кемінде 2 (екеуінің) ғылыми дәрежесі және (немесе) философия докторы (PhD)/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі бар немесе магистр дәрежесі бар тұлғаларды даярлаған болуы; кадрларды даярлау бағытына байланысты жоғарыдағы 29.2. тармақтың 1) және 2) тармақшаларының талаптарына сай келетін басылымда соңғы 5 (бес) жылда жарияланған мақаланың және (немесе) шолудың корреспондент-авторлары немесе бірінші (негізгі) авторлары болуы; және(немесе) соңғы 3 (үш) жылда мемлекеттік бюджеттен табысты орындалған ғылыми жобалар мен бағдарламалар және (немесе) халықаралық жобалардың басшылары және (немесе) орындаушылары болуы.
29.3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы үшін – маман даярлаудың әрбір ғылыми бағыты бойынша негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын, кемінде 3 (үш) жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, маман даярлаудың бейіні бойынша отандық басылымдардағы/халықаралық конференциялар материалдарындағы ғылыми жарияланымдардың және оқу құралдарының авторы болып табылатын, кемінде бір ғылым докторының немесе кемінде екі ғылым кандидатының немесе философия докторының (PhD) немесе бейіні бойынша доктордың болуы.

Кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).

Біліктілік талаптары "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ЖЖОКБҰ қолданылмайды.

30

Республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы ЖЖОКБҰ қоспағанда, ұйымдармен және кәсіпорындармен азаматтық заңнамаға сәйкес жасасқан шартқа сәйкес қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың болуы.

Техникалық ерекшелік (тапсырма) пен Жұмыс кестесі қоса берілген ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға ұйымдар және кәсіпорындармен жасалған шарттардың (кемінде екі) көшірмелері.


31

31.1. Ғылыми дәрежесі және (немесе) (PhD) философия докторы /бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі бар,
8D05 "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", 8D06 "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", 8D07 "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", 8D08 "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", 8D09 "Ветеринария", 8D10 "Денсаулық сақтау" кадрларды даярлау бағыттары бойынша Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор коллекция), JCR (ЖСР) деректері бойынша 1, 2, 3-квартильге кіретін немесе СiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болатын не Хирш индексі 2 (екі) және одан көп халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 (екі) мақаланың,
кадрларды даярлаудың өзге бағыттары бойынша - соңғы бес жылда Ғылыми басылымдар тізіліміне енгізілген басылымдарда бейіні бойынша кемінде 5 (бес) ғылыми мақаланың және JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторы бар немесе Science Citation Index Expanded (Сайнс Цитэйшн Индекс Экспандед), Social Science Citation Index (Сошиал Сайнс Цитэйшн Индекс) или Arts and Humanities Citation Index (Артс энд Хьюмэнитис Цитэйшн Индекс) в Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) базаларының бірінде индекстелетін не СiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда жарияланған бейіні бойынша кемінде 1 (бір) ғылыми мақаланың авторы болып табылатын оқытушының ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруы.
31.2. "8D12-Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласының кадрларды даярлау бағыттары үшін – соңғы 5 (бес) жыл ішінде Жарияланымдар тізіміне енгізілген басылымдарда жарияланған, оқыту бейініне сай келетін кемінде 7 (жеті) ғылыми мақаланың және оқулық немесе оқу құралының авторы болып табылатын, кадрларды даярлау бағытының бейіні бойынша соңғы 10 (он) жылдың кемінде 3 (үш) жылы ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, ғылыми дәрежесі және (немесе) (PhD) философия докторы /бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі бар оқытушының ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруы.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы үшін – кадрларды даярлау бейіні бойынша отандық басылымдардағы, халықаралық конференциялар материалдарындағы ғылыми жарияланымдардың және оқу құралының авторы болып табылатын, кемінде 3 (үш) жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, ғылыми дәрежесі және (немесе) философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі бар ғылыми-педагогикалық қызметкердің ғылыми жетекшілік етуі.

Жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары және дайындалған оқулығы немесе оқу құралы көрсетіле отырып, кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


32

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік ЖЖОКБҰ және (немесе) ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық туралы және шетелдік консультанттарды тарту және бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру бойынша нормаларды көздейтін азаматтық заңнамаға сәйкес шарттардың (келісімдердің) болуы.

Шетелдік ЖЖОКБҰ-мен ғылыми алмасу, оның ішінде шетелдік консультанттарды тарту және бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру туралы келісім-шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) көшірмелері.
Бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру бойынша ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық туралы келісім-шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) көшірмелері.
Оқыту кезінде шарттың мерзімін ұзарту туралы тармақты қамтуы мүмкін жарамды шарттардың (келісімдердің) болуы.

Біліктілік талаптары "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ЖЖОКБҰ және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясына қолданылмайды

33

Кадрлар даярлау бағыты бойынша докторанттардың практикадан өтуі үшін отандық ұйымдармен азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған шарттармен (келісімдермен) және шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған азаматтық заңнамаға сәйкес шарттармен (келісімдермен) қамтамасыз етілуі.

Практика базасы ретінде анықталған ұйымдармен жасалған шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі), тиісті кадрларды даярлау бағыттары бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) көшірмелері; практиканы ЖЖОКБҰ-да өткен жағдайда – растайтын құжаттардың көшірмесі.
Шарттар (келісімдер) білім алушылардың толық оқу кезеңін қамтуы тиіс және мерзімін ұзарту туралы тармақты қамтуы мүмкін.

Біліктілік талаптары "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ЖЖОКБҰ және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясына қолданылмайды

34

Кадрларды даярлаудың келесі салалары бойынша аккредиттелген зертханалардың болуы немесе шарттар (келісімдер) негізінде аккредиттелген зертханамен қамтамасыз етілуі: "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Денсаулық сақтау"

Зертханалардың аккредиттеу туралы куәліктерінің көшірмелері (кемінде екі) немесе аккредиттелген зертханалармен жасалған шарттардың (келісімдердің) (кемінде екі) көшірмелері. Шарттар (келісімдер) оқу кезеінде қолданыста болуы тиіс және шартты ұзарту туралы тармақты қамтуы мүмкін.


3. "Экстернат және онлайн-оқыту нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 530 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17513 болып тіркелген) кадрларды даярлау бағыттарын қоспағанда, онлайн-оқыту нысанында білім беру бағдарламаларын іске асыратын ЖЖОКБҰ білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптары

35

Сымсыз технологияларды қоса алғанда, өткізу қабілеті кемінде 500 (бес жүз) Мбит/с болатын кең жолақты интернеттің қолжетімділігі.
Жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін және деректерді қорғауды қамтамасыз ету.

Кең жолақты интернеттің, сымсыз технологиялардың болуы және білім беру ұйымының ақпараттық қауіпсіздік саясаты туралы ақпарат (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


36

Меншікті ақпараттық-технологиялық инфрақұрылымның, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің (ақпараттық-білім беру порталы, веб-сайт, оқытудың кредиттік технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесі, ақпараттық қауіпсіздік және деректерді қорғау жүйелері) және "Қашықтықтан оқыту бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10768 тіркелген) көзделген оқу процесін ұйымдастыру үшін қажетті өзге де ақпараттық-білім беру ресурстары мен жағдайларының болуы.
1000 (мың) бәсекелес пайдаланушыға есептегенде сервердің ең аз сипаттамалары бар 24/7 форматында білім алушыларды сүйемелдеу үшін өзіндік цифрлық инфрақұрылымның (кемінде 24 (жиырма төрт) есептеу ядросы, 60 (алпыс) гигабайт ЖСҚ, 1.5 ТБ дискілік кеңістік) болуы.
ЖЖОКБҰ оқытуды басқару жүйесінде цифрлық контенттің, онлайн-прокторинг жүйесінің синхронды және асинхронды оқыту функциялары бар цифрлық платформаларының (200 (екі жүз) пайдаланушыны бір мезгілде қосу мүмкіндігі бар бейнеконференцбайланыс үшін бағдарламалық қамтамасыз ету) болуы

Негізгі қорлардың, технологиялық жабдықтардың, сілтемелердің, сынақ рұқсатының болуы туралы ақпарат (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


37

Оқу бағдарламаларының пәндерін оқыту тілдерінде 100% қамтамасыз ететін, электрондық басылымдар форматындағы оқу, оқу, әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің кітапхана қорының болуы.
Білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша оқу әдебиеті қорының кемінде 3%-ға жыл сайын жаңартуды қамтамасыз ету.
Кітапхана қорларын бірлесіп пайдалану үшін кітапханалармен және ғылыми ұйымдармен келісімдердің болуы (электрондық деректер базасына немесе ақпараттық ресурстарға қолжетімділік).
Білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамына электрондық ақпараттық ресурстарға және деректер қорына қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Цифрлық тасымалдағышта оқу және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы ақпарат (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Сілтеме және тестілік қолжетімділік.


38

Білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының №2 бұйрыққа сәйкес әзірленген болуы.
ЖЖОКБҰ-ның ресми платформасында орналастырылған білім беру бағдарламасы пәндерінің жалпы санының кемінде 10% құрайтын пәндер бойынша жаппай ашық онлайн-курс бағдарламаларының (қалыптастырылатын оқыту нәтижелерінің картасымен, бағалау көрсеткіштері мен өлшемшарттарын сипаттай отырып және білімді бақылау жүйесінің ерекшелігін көрсете отырып) болуы, сонымен қатар халықаралық білім беру платформаларына жазылудың болуы

№ 2 бұйрыққа сәйкес толық оқу кезеңіне әзірленген, кадрлар даярлаудың бағытына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының мемлекеттік және оқыту тіл(дер)індегі көшірмесі.
Ресми ЖЖОКБҰ платформасында жаппай ашық онлайн курстарына және халықаралық білім беру платформаларына жазылуға сілтеме және тестілік қолжетімділік.


39

Оқытуды басқару жүйесіне интеграцияланған антиплагиат жүйесінің болуы.

Басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынасын өзгертпей (парафраз) сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік алмастыра отырып, қарызға алынған материалдың бар-жоғын және мәтінді пайдалануды тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаның бар-жоғын растайтын құжат.


40

ЖЖОКБҰ-ны оқытуды басқару жүйесін БЖБП-мен интеграциялау.

ЖЖОКБҰ басқару жүйесін БЖБП-мен біріктіру туралы ақпарат (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


41

ЖЖОКБҰ негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылардың кемінде 80%-ның соңғы 3 (үш) жылда кадрларды даярлау бағыты бойынша оқыту курсының көлемі кемінде 72 (жетпіс екі) сағатты құрайтын IT-құзыреті және онлайн-оқыту әдістемесі саласында біліктілігін арттырудан өткен болуы; базалық IT-білімі бар оқытушылар үшін - соңғы 3 (үш) жылда оқыту курсының көлемі кемінде 36 (отыз алты) сағат онлайн-оқыту әдістемесі бойынша курстардан өтуі

Педагог және оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша), оқытылып отырған пәндердің бейініне сәйкес кадрлардың біліктілігін арттыру туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Біліктілікті арттыру курсын аяқтағанын растайтын құжаттар, оның ішінде: курстың тақырыбы, игерілген сағаттар көлемі, курсты аяқтау мерзімі көрсетілген сертификат, курс нәтижелері туралы тындаушының есебі.


42

Оқытушылардың білімінің және(немесе) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесінің және (немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесінің және (немесе) ғылыми атағының білім беру бағдарламасы пәндерінің бейініне сәйкес болуы.
ЖЖОКБҰ негізгі жұмыс орны болып табылатын білім беру бағдарламаларының пәндеріне сәйкес оқытушылардың үлесі білім беру бағдарламасы бойынша оқытушылардың жалпы санының 80%-нан кем болмауы.

Кадрларды даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


43

Кадрларды даярлау бағыты бойынша негізгі жұмыс орны ЖЖОКБҰ болып табылатын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесі және(немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі және (немесе) ғылыми атағы бар және (немесе) "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атағына ие оқытушылардың үлесі кадрларды даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санының 70 %-нан кем болмауы.

Кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


3. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар негізінде немесе ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша (сонымен қатар бұрын Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімімен құрылған) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін басқа мемлекеттер немесе олардың заңды және жеке тұлғалары құрған халықаралық және шетелдік оқу орындарының, олардың филиалдарының білім беру қызметіне арналған біліктілік талаптары

44

Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген білім беру бағдарламасының болуы

Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген және оқудың толық кезеңіне қазақ, ағылшын және оқыту тілінде(дерінде) әзірленген білім беру бағдарламасының көшірмесі.


45

45.1. Білім беру бағдарламаларының пәндеріне сәйкес оқытушылардың болуы.
45.2 Оқытушылар білімінің оқытатын пәндер бейініне сәйкестігі.
45.3. Оқытатын пәндер бейініне ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми (академиялық) дәрежесінің (ғылым кандидаты/ғылым докторы/РhD философия докторы/бейіні бойынша доктор) және(немесе) ғылыми атағының сәйкес келуі.
45.4. Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын оқытушылардың үлесі білім беру бағдарламасы бойынша оқытушылардың жалпы санының 50 %-нан кем болмауы

Кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


46

Кадрларды даярлау бағыты бойынша негізгі жұмыс орны ЖЖОКБҰ болып табылатын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган берген/таныған ғылыми дәрежесі және(немесе) PhD философия докторы/бейіні бойынша доктор (академиялық) дәрежесі және (немесе) ғылыми атағы бар және (немесе) "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы" спорттық атағына ие оқытушылардың үлесі кадрларды даярлау бағыты бойынша оқытушылардың жалпы санының 70 %-нан кем болмауы

Кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


47

47.1. Білім беру бағдарламасы пәндерінің 100 %-ын қамтамасыз ететін, оның ішінде оқыту тілі бойынша басып шығарылған және (немесе) электрондық басылымдар форматында оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиет кітапхана қорының болуын қамтамасыз ету.
47.2. Білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша оқу әдебиеті қорының жыл сайын кемінде 3%-ға жаңартылуын қамтамасыз ету.
47.3. Кітапханалар және ғылыми ұйымдармен кітапхана қорын пайдалану туралы (электрондық деректер қорын немесе ақпараттық ресурсты пайдалану) келісімдердің болуы.

Оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Әдебиеттер қорының жыл сайынғы жаңаруын растайтын құжаттардың көшірмелері.
Толық оқу мерзімін қамтитын кітапхана қорын пайдалануға кітапханалармен және ғылыми ұйымдармен жасалған шарттардың (кемінде екі) көшірмелері.


48

48.1. Санитарлық ережелер мен өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін қажетті ғимараттармен (оқу ғимараттарымен) қамтамасыз етілуі
48.2. Алаңы санитарлық ережелерге сәйкес болатын, оқу сабақтарын өткізуге арналған, оқу жайларымен (аудиториялар, оқу кабинеттері, шеберханалар, спорт залдары, студиялар, зертханалар, акт залы, кітапхана) қамтамасыз етілуі
48.3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін білім алушыларды тамақтандыру және медициналық қызмет көрсету үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуі
48.4. Мұқтаж білім алушылардың тұруы үшін жағдай жасау (санитариялық ережелердің талаптарына сәйкес келетін жатақханалар/хостелдер/қонақ үйлермен қамтамасыз ету);
48.5. Білім беру үдерісі кезінде білім алушылар үшін қажетті қауіпсіздік жағдайларын қамтамасыз ету (кіруді бақылау, оқу аудиториялары мен оқу ғимараттарының іргелес аумақтарын, жатақханаларды бейнебақылау).

Пайдалы оқу алаңының, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Санитариялық ережелерге сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның тамақтану объектісіне қорытындысының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Медициналық қызметтің, оның ішінде медициналық пункттермен қамтамасыз етілгені және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


Ғимаратты (оқу ғимараттарын) кемінде он жыл мерзімге пайдалану құқығына қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған шарттың көшірмесі.
Санитарлық және өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес келетін оқу сабақтарын өткізу үшін оқу-материалдық жайлардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері.
Тамақтандыру мен медициналық қызмет көрсету объектілерінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері.
Лицензиаттың басшысымен бекітілген жатақханалар және/немесе хостелдер/қонақ үйлермен шарттар туралы ақпарат.
Жатақханалардың/хостелдердің/қонақ үйлердің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы уәкілетті орган қорытындысының көшірмесі.


49

49.1. Сымсыз технологияларды қоса алғанда, кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілуі;
49.2. Білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті компьютерлік сыныптармен, компьютерлермен, арнайы лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етумен, материалдық-техникалық және оқу-зертханалық базамен жабдықталуы;
49.3. Әкімшілік деректер нысандарына сәйкес өзекті дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің болуы.

Кең жолақты интернеттің, сымсыз технологиялардың болуы және білім беру ұйымының ақпараттық қауіпсіздік саясаты туралы ақпарат (осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы ақпарат.
Ақпаратық жүйе туралы мәлімет.


50

50.1. Оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес оқытушыларға 3 (үш) жылда кемiнде 1 (бiр) рет және көлемі кемінде 72 (жетпіс екі) сағат біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
50.2. Лицензиаттың басшысы және орынбасары(лары) үшін 3 (үш) жылда кемінде 1 (бір) рет менеджмент саласында біліктілікті арттыру;
50.3. Лицензиаттың ғылыми қызметкерлерінің біліктілігін 5 (бес) жылда кемінде 1 (бір) рет арттыруды қамтамасыз ету.

Оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес оқытушылардың біліктілігін арттыру туралы және менеджмент саласы бойынша мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Біліктілікті арттыру курсын аяқтағанын растайтын құжаттар, оның ішінде: курстың тақырыбы, орындалған сағаттар көлемі, курсты аяқтау мерзімі көрсетілген сертификат, курс нәтижелері туралы тындаушының есебі.


51

Білім алушылардың ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне жағдай жасау, оның ішінде:
51.1. Сұратылған білім бағдарламаларының бейініне сәйкес келетін "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" академиялық дәрежесі немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" дәрежесі, кемінде 3 (үш) жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган бекіткен ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынылатын JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторы бар немесе Science Citation Index Expanded (Сайнс Цитэйшн Индекс Экспандед), Social Science Citation Index (Сошиал Сайнс Цитэйшн Индекс) немесе Arts and Humanities Citation Index (Артс энд Хьюмэнитис Цитэйшн Индекс) Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) базаларының бірінде индекстелетін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында СiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 25 (жиырма бес) болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 2 (екі) ғылыми мақаланың авторы болып табылатын оқытушының ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруы.
51.2. Кадрларды даярлаудың әрбір бағыты бойынша білім беру бағдарламасына сәйкес қажетті құралдармен жабдықталған мамандандырылған (ғылыми-техникалық және (немесе) ғылыми-әдістемелік және (немесе) клиникалық, эксперименттік) базаның болуы.

Жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары және дайындалған оқу құралы немесе оқу құралы көрсетіле отырып, кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).
Мамандандырылған ғылыми-техникалық/ ғылыми-әдістемелік/ клиникалық/ эксперименталдық базалардың, шығармашылық шеберханалардың, концерттік, көрме залдарының болуы туралы мәліметтер (осы біліктілік талаптарына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша).


52

52.1. Лицензиаттың оқуды басқару жүйесіне біріктірілген плагиатқа қарсы жүйенің болуы.
52.2. Берілген білім беру құжаттарының, сондай-ақ дипломдық жұмыстардың (жобалардың), магистрлік диссертациялардың (электрондық дерекқорға немесе ақпараттық ресурстарға қолжетімділік) жұмыс істейтін электрондық деректер базасының (мұрағатының) болуы.

Басқа тілден аударылған мәтінді пайдалануды қоса алғанда, мағынаны (парафраз) өзгертпей сөздер мен сөйлемдерді синониммен ауыстыра отырып, бөтен материалдың бар-жоғын және мәтінді пайдалануды тексеруге арналған компьютерлік бағдарламаның болуын растайтын құжат.
Дипломдық жұмыстардың (жобалардың), магистрлік және докторлық диссертациялардың жұмыс істейтін электрондық деректер базасына (мұрағатына) тестілік қолжетімділікке сілтеме.


53

Білім беру бағдарламаларының бейіні бойынша тәжірибе базаларымен азаматтық заңнамаға сәйкес жасалған шарттардың болуы.

Білім беру бағдарламасына сәйкес тәжірибе базасы ретінде белгіленген ұйымдармен тәжірибені өту туралы шарттардың (кемінде екі) көшірмелері.


      Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын осы біліктілік талаптарында және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде пайдаланылатын қысқартулар мен белгілер:

      1) "Е-Лицензиялау" МДҚ АЖ – лицензиарлар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын, берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, қайта басталған және қолданысы тоқтатылған лицензиаттар туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе;

      2) "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ – Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және есепке алу саласындағы мәліметтерді автоматтандырылған жинауға (енгізуге), өңдеуге, өзекті етуге, сақтауға және талдауға арналған ақпараттық жүйе.

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының білім беру
қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға
сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
1-қосымша
  нысан

Оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер қорының болуы туралы мәліметтер

      _________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) (_____________ жағдай бойынша)

№ п/п

Кадрларды даярлау бағытының оқу бағдарламаларының пәндері

Оқу әдебиеті

Оқу-әдістемелік әдебиет

Ғылыми әдебиет

Оқу әдебиеті қорының жыл сайынғы жаңартылуы туралы ақпарат, сондай-ақ әдебиеттің сатып алынған жылы

Дәлелді медицина бойынша халықаралық деректер базасына институционалдық жазылудың, кітапханаларға жазылудың болуы туралы ақпарат ("Денсаулық сақтау" кадрларды даярлау бағыты бойынша) **

басып шығарылған басылымдар форматында (атауы, авторлары, басылып шыққан тілі)

электрондық басылымдар форматында (атауы, авторлары, басылып шыққан тілі) *

басып шығарылған басылымдар форматында (атауы, авторлары, басылып шыққан тілі)

электрондық басылымдар форматында (атауы, авторлары, басылып шыққан тілі) *

басып шығарылған басылымдар форматында (атауы, авторлары, басылып шыққан тілі)

электрондық басылымдар форматында (атауы, авторлары, басылып шыққан тілі) *

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      * онлайн білім алуға лицензия алу кезінде электрондық басылымдардағы әдебиеттер туралы ақпарат беріледі

      ** "Денсаулық сақтау" кадрларды даярлау бағыты үшін

      Білім беру ұйымының басшысы __________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының білім беру
қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға
сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
2-қосымша
  нысан

Медициналық қызмет көрсетудің бар болуы, оның ішінде жабдықталған медициналық пункттермен қамтамасыз етілгені және медициналық қызметке лицензияның болуы туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________
(білім беру/денсаулық сақтау ұйымының атауы) (________ жағдай бойынша)

Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы

Медициналық қызметке берілген лицензия туралы мәлімет (нөмірі)

Медициналық орталықтардың жабдықталуы туралы ақпарат

Медицина қызметкерлері туралы мәліметтер

1

2

3

4





      * Лицензияның мәртебесі "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ны пайдалана отырып тексеріледі.

      Білім беру ұйымының басшысы __________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының білім беру
қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға
сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
3-қосымша
  нысан

Санитариялық ережелерге сәйкес тамақтандыру объектісінің болуы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның тамақтану объектісіне қорытындысының болуы туралы мәліметтер

      __________________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) (_____________ жағдай бойынша)

Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың нақты мекенжайы

Тамақтандыру объектісінің атауы (асхана, буфет, дәмхана)

Тамақтану объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының болуы(күні және нөмірі)

Ескертпе (тамақтандыру объектісін жалға берген жағдайда тамақтану объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының болуы және жалға алушылар туралы мәліметтерді көрсету)

1

2

3

4





      Білім беру ұйымының басшысы __________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының білім беру
қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға
сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
4-қосымша
  нысан

Пайдалы оқу алаңы, материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер

      ________________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)

Білім беру процесі жүргізілетін құрылыстың (оқу корпустарының) нақты мекенжайы

Меншік құқығында, шаруашылық жүргізуде немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығына тиесілі құрылыстардың (оқу корпустарының) құжаттары туралы мәлімет *

Оқу процесінде қолданылатын үй-жайлар туралы мәліметтер (аудиториялар, кабинеттер, нақты аумақтардағы практикалық сабақтарға арналған бөлмелер, акт және спорт залдары), үй-жайлар алаңы (шаршы метр) **

Оқу, ғылыми зертханалар, мамандандырылған оқу кабинеттері, полигондар, тирлер, клиникалық базалар, нақты білім беру бағдарламаларына арналған шеберханалар (студиялар) туралы ақпарат, үй-жайлар алаңы (шаршы метр) **

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға тең жағдайлардың жасалуы, инклюзивті білім беруге арналған арнайы кабинеттер туралы ақпарат (оқу құралдарымен, оқу әдебиетімен жабдықталған, бағдарламалық қамтамасыз етумен бейімделген), үй-жайлар алаңы (шаршы метр) **

Әлеуметтік және басқа мақсаттағы үй-жайлар туралы мәліметтер (өткізу жуынатын бөлмелер (унитаздар, қол жуғыштар), үй-жайлар алаңы (шаршы метр) **

Білім беру ұйымының үй-жайларында және іргелес жатқан аумақтарында бейнебақылаудың болуы, техникалық сипаттамалар

Мұқтаж білім алушылардың тұруы үшін жағдай жасау (жатақханалар/хостелдер/қонақ үйлермен қамтамасыз ету)
туралы ақпарат, үй-жайлар алаңы (шаршы метр), Санитарлық ережелерге сәйкестігі туралы қорытындының мәліметтері **

1

2

3

4

5

6

7

8









      Білім беру ұйымының басшысы _____________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Примечание: *Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" МДҚ АЖ-дан деректерді алу мүмкіндігі болған жағдайда ұсынылмайды.

      ** ЖЖОКБҰ лицензия алған немесе олардың қайта ұйымдастырылуына байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде оқу үй-жайларының ауданы бойынша біліктілік талаптарына сәйкестігі оқу сабақтарының ауысымын ескере отырып, белгіленген Санитарлық ережелерде белгіленген нормаларына сүйене отырып айқындалады.

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының білім беру
қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға
сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
5-қосымша
  нысан

Кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары бойынша оқытушы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) (_____________ жағдай бойынша)

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Туған жылы мен жері

Жоғары білімі туралы, диплом бойынша мамандығы, біліктілігі, білім беру ұйымы, бітірген жылы (ұйымның, өндірістің атауы, оқу, тағылымдама кезеңі), тағылымдамадан өту мерзімі (маман сертификаты)

Негізгі жұмыс орны (ұйым ның мекен жайы, лауазымы, еңбек өтілі)

Оқытылатын пәндер профилі бойынша практикалық жұмыстар туралы мәліметтер, еңбек өтілі

Сотталмағандығы (сотталғандығы) туралы мәлімет

Медициналық тексеруден өткені туралы мәлімет (санитарлық кітаптың болуы)

Магистр дәрежесі туралы мәлімет (мамандығы, берілген жылы, бағыты)

"Ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми (академиялық) дәрежесі туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      кестенің жалғасы

"Қауымдастырылған профессор (доцент)" немесе "профессор" ғылыми атағы туралы мәлімет, мамандығы, берілген жылы

Подполковниктен төмен емес әскери (арнайы) атағы немесе әділет кеңесшісінен төмен емес сыныптық шені немесе судья/отставкадағы судья туралы мәлімет

Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттарымен және құрметті атақтары, "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары немесе жоғары мен бірінші дәрігерлік санаты туралы мәлімет, берілген жылы

Инклюзивті білім беруде оқыту дағдыларының болуы туралы ақпарат (курстар (кемінде 72 сағат), тағылымдамалар
(сертификат № және берген күні)*

Шетелдік білім беру ұйымында берілген білім туралы құжатты тану куәлігі туралы мәлімет

Оқытатын пәні

11

12

13

14

15

16







      Білім беру ұйымының басшысы __________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      * "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды іске асыратын ЖЖОКБҰ-на қолданылмайды.

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының білім беру
қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға
сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
6-қосымша
  нысан

Білім беру процесінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, оның ішінде компьютерлердің, зертханалық жабдықтардың, оқу-әдістемелік құралдарының, бағдарламалық және ақпараттық жүйелердің болуы туралы мәліметтер

Жалпы және пайдалы алаңының ауданы (шаршы метр) көрсетілген ғимараттың (құрылыстың) нақты мекенжайы

Жабдықталуы туралы мәліметтер

Техникалық оқу құралдарымен жабдықталған аудиториялар, пән кабинеттері

Оқу шаруашылық ғимараттары, учаскелер, оқу құралдарымен жабдықталған оқу-өндірістік шаруашылықтар

Атауы және түрі көрсетілген оқу зертханалар жабдықтарының тізбесі, соның ішінде виртуалды зертханалары, толықтырылған шындық, интерактивті тренажерлар

Түрі көрсетілген техникалық оқу құралдарының тізбесі

Акт залы, спорт залы, кітапхананың жабдықтарының тізбесі

Компьютерлік сыныптар, компьютерлер, арнайы лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету

"Симуляциялық кабинеттер" (орталықтар)* Арнайы программалық жүйелер **

Жаңартылған дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі, ЖЖОКБҰ-ның басқару жүйесінің БЖБП-мен интеграциясы туралы ақпарат, edu.​kz аймағындағы үшінші деңгейлі домендік атау.
Интернеттің жылдамдығы туралы ақпарат

Онлайн оқытуға арналған жабдықтың болуы туралы ақпарат Онлайн оқыту туралы ақпарат

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      Білім беру ұйымының басшысы _________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Примечание: *"Денсаулық сақтау" кадрларды даярлау бағыты үшін

      ** "Сәулет және құрылыс" кадрларды даярлау бағыты үшін

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының білім беру
қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға
сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
7-қосымша
  нысан

Тиісті оқу жылына арналған бір білім алушыға кететін ең төменгі шығынға сәйкестік туралы мәліметтер *

Атауы

Шығындар сомасы *


4 (төрт) айға

8 (сегіз) айға


1

2

3






      Білім беру ұйымының басшысы ___________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Ескертпе * магистратура кадрлар даярлау бағыты бойынша лицензия алған кезде ғылыми-педагогикалық магистратура үшін бөлек, бейінді магистратура үшін бөлек шығындардың сомасы жеке көрсетілуі қажет.

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының білім беру
қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға
сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
8-қосымша
  нысан

Оқытылатын пәннің бейініне сәйкес оқытушылардың, сондай-ақ менеджмент саласында білім беру ұйымдарының басшылары үшін біліктілігін арттыру туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Тақырыптың атауы

Оқыған орны мен кезеңі

Оқыған ұйымның атауы

Сағаттар саны

Оқудан өткенін растайтын құжаттар туралы мәліметтер (сертификат, есеп)

1

2

3

4

5

6

7








      Білім беру ұйымының басшысы ___________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының білім беру
қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға
сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
9-қосымша
  нысан

Мамандандырылған ғылыми-техникалық/ғылыми-әдістемелік/клиникалық/эксперименталдық базалардың, шығармашылық шеберханалардың, концерттік залдардың, көрме залдарының болуы туралы мәліметтер*

Арнай ғылыми зертханалардың, ғылыми-зерттеу институтының, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-практикалық базалар (клиникалық базалар, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалары, университеттік ауруханалар, резидентура базалары), ғылыми орталықтың, техникалық паркінің, бизнес-инкубатордың, шығармашылық шеберханалардың, концерт, көрме залдарының болуы (қажеттісін таңдау)

Орналасқан мекенжайы

Пайдалану құқығы туралы ақпарат (меншік құқығында немесе шарт негізінде)

Мамандандырылған базаның мақсатты мақсаты туралы, жабдық туралы, базаның қызметі туралы ақпарат

1

2

3

4





      Білім беру ұйымының басшысы ____________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      * Ескертпе: ақпарат кадрларды даярлау бағытының бөлінісінде беріледі.

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының білім беру
қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға
сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
10-қосымша
  нысан

Жұмыс өтілі, ғылыми жарияланымдары мен оқулығы немесе оқу құралы көрсетілген тиісті кадрларды даярлау бағыты бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Білімі туралы мәліметтер (диплом бойынша біліктілік, оқу орнын бітірген жылы)

Жұмыс өтілі (ғылыми-педагогикалық, клиникалық), сондай-ақ кадрларды даярлау бағыты бейіні бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі, жұмыс өтілі

"ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми/академиялық дәрежесінің/дәрежесінің болуы, резидентураны бітіргені туралы мәліметтер

Ғылыми жарияланымдар туралы мәліметтер

Оқулықтың не оқу құралының атауы *

ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган ұсынатын ғылыми жарияланымдар тізімінде

халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда **

кадрлар даярлау бағытының бейіні бойынша халықаралық конференциялар материалдарында *

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Білім беру ұйымының басшысы __________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

      Примечание: * "Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс" саласында оқытуды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ үшін

      ** шетелдік білім беру ұйымдарының филиалдары лицензия алған кезде ғылыми жарияланымдар туралы ақпарат тек халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдар бойынша ұсынылады.

  Жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарының білім беру
қызметіне қойылатын біліктілік
талаптарына және оларға
сәйкестікті растайтын
құжаттардың тізбесіне
11-қосымша
  нысан

Тәлімгерлер құрамы туралы ақпарат ("Денсаулық сақтау" оқыту бағыты бойынша)

      ____________________________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) (______________ жағдай бойынша)

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Туған жылы мен жері

Жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандығы, дипломның біліктілігі, білім беру ұйымы, оқу жылы, маман сертификаты туралы мәліметтер

Негізгі жұмыс орны (ұйым ның мекен жайы, лауазымы, еңбек өтілі)

Бағыт бойынша практикалық жұмыс туралы мәліметтер, еңбек өтілі

Тәлімгер ретінде біліктілігін арттыру туралы ақпарат (қосымша білім беру ұйымы, біліктілікті арттырудың атауы, ұзақтығы сағатпен/кредиттермен, БА өткен жылы)

1

2

3

4

5

6

7








      Білім беру ұйымының басшысы ___________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің
2024 жылғы 5 қаңтардағы
№ 4 бұйрығына
2-қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген).

      2. "Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 194 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13733 болып тіркелген).

      3. "Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 568 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14453 болып тіркелген).

      4. "Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 28 жедтоқсандағы № 657 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16737 болып тіркелген).

      5. "Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 634 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17764 болып тіркелген).

      6. "Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 231 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20827 болып тіркелген).

      7. "Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 14 шілдедегі № 339 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23542 болып тіркелген).

      8. "Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 24 қарашадағы № 152 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30720 болып тіркелген).

      9. "Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 24 қарашадағы № 152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 22 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31751 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады