"Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 279 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 шiлдедегi № 693 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 шiлдеде № 21036 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16595 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 20 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ереженің 16-тармағынның 234) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) активтер - мүлік, акциялар және (немесе) заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестері, Қор сатып алатын (сатып алған) кредиттер/қарыздар бойынша талап құқықтары;

      2) баланстық құн - ол бойынша актив, оның ішінде құқық талабы сатушының балансына есепке алынатын құн (негізгі борыштың, есептелген сыйақының, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың), сыйлықақының немесе халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қалыптастырылған провизиялар (резервтер) ескерілген дисконттың жиынтық құны);

      3) келісілген қаржыландыру - Қордың банктің қаржыландыру талаптары мен шарттарын міндетті түрде орындауын көздейтін банктік салым шартының талаптарымен банкте ақша орналастыру түрінде екінші деңгейдегі банкке (бұдан әрі - Банк) қаржы ресурстарын беруі;

      4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі - Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіретін Қазақстан Республикасының Орталық Банкі;

      5) сатушы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, банк немесе бұрын Қор активтерді сатып алатын (сатып алған) банк болып табылған заңды тұлға;

      6) талап ету құқықтары - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, банктерден және бұрын банктер болып табылатын заңды тұлғалардан сатып алынатын (сатып алынған) кредиттер/қарыздар бойынша талап ету құқықтары;

      7) шарт - нысанасы Қордың активтерді сатып алу болып табылатын Қор мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында, Қор мен банктің арасында, сондай-ақ Қор мен бұдан бұрын банк болып табылған заңды тұлғаның арасында жасалатын шарт.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қордың активтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, банктерден және бұрын банк болып табылған заңды тұлғалардан сатып алуды жүзеге асыруы мүмкін.";

      16-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қор Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, банктерден немесе бұрын банк болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған талаптардың құқықтары бойынша кепілдікте тұрған мүлікті өткізу былайша жүзеге асырылады:";

      "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамы сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарында көрсетілген бұйрықпен бекітілген:

      2-тармақта 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) талап ету құқықтары - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, Екінші деңгейдегі банктерден (бұдан әрі - Банктер) және бұдан бұрын банк болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынатын (сатып алынған) кредиттер/ қарыздар бойынша талап ету құқықтары.";

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қарыз алушының (кепіл берушінің) негізгі қызметінің түрі мыналарға:

      ауыл, орман және балық шаруашылығына;

      білім беруге;

      денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерге;

      сумен қамтуға, кәріз жүйелеріне, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауға;

      қаржы және сақтандыру қызметіне;

      кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке;

      әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметке;

      қызметтің басқа түрлерін ұсынуға;

      бұрынғы аумақтық ұйымдар мен органдар қызметіне;

      мемлекеттік басқаруға және қорғанысқа, міндетті әлеуметтік қамсыздандыруға;

      үй қызметшісін жалдайтын үй шаруашылықтары және өзі тұтыну үшін тауарлар мен қызметтерді шығаратын қызметке жатпайды.

      Осы тармақтың ережелері:

      бұрын банк болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған активтер мен талап ету құқықтары бойынша Қор 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін жасаған мәмілелер;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері бойынша мақұлданған Негіздемелік келісімдер шеңберінде Қордың мәмілелер жасау;

      Қордың банктің талап ету құқықтарын және активтерін Қорға банктің мөлшерлес борышын бір мезгілде аудару арқылы (беру жолымен) сатып алу.

      Қордың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен талап ету құқықтарын сатып алу жағдайларына қолданылмайды.";

      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қор Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен, банктерден активтерді, оның ішінде талап ету құқықтарын мынадай жағдайларды қоспағанда, сатып алады:".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті (Д.О. Темірбеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады