"Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Өнеркәсіптегі өндірушілер бағаларының индекстерін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 31 мамырдағы № 98 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13845 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіптегі өндірушілер бағаларының индекстерін құру әдістемесінде:
10, 11, 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Өнеркәсіптегі өндірушілер бағаларының индекстері өнеркәсіптік қызметтің қандай да бір түрінде жұмыс істейтін бірліктерде өнімді өндіру және сатып алу, көрсетілетін қызмет бағаларының өзгерісін көрсетеді.
11. Экономикалық қызмет түрлерінің жіктеліміне сәйкес өнеркәсіптік қызмет кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі, электр энергиясымен жабдықтау және сумен жабдықтау салаларымен айқындалады.
12. Өнімдер, көрсетілетін қызмет түрлерін нақтылау үшін өнеркәсіп өнімдерінің (тауарлар, қызмет көрсету) және ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтердің) жіктелімдері қолданылады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Аралық және соңғы сұранысты қанағаттандыруға бағытталған операцияларды құндық бағалауды қамтамасыз ету үшін өнімдер, көрсетілетін тізбектегі төмендегідей есепке алынады:
1) бастапқы өнімдер, өндірушілер бағасы индексі құрамындағы өндірістік қатардағы орнына сәйкес аралық өнімдер және соңғы өнімдер;
2) табиғи ресурстар, материалдар, сатып алынатын жартылай дайын өнімдер, қондырғылар мен бөлшектер, жинақтаушы бұйымдар, отын, қуат, бөгде ұйымдар орындаған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер, сатып алу бағасы индексі құрамындағы өзге де материалдарды қосқандағы шикізат.
Жіктелімдер негізінде және әрбір өңірдің өнеркәсіп өндірісінің мамандандырылуын ескере отырып, өнеркәсіптегі өндірушілер бағасына жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың негізі болып табылатын және олардың индекстерінің құрылымын құрайтын өнімдердің, тауарлардың, материалдық-техникалық ресурстардың іріктемелері қалыптастырылады.
Өнеркәсіптегі өндірушілер бағасының индекстері құрамында есепке алынатын экспортталатын, импортталатын өнеркәсіптік өнімдерге, тауарларға бағаның өзгерісі туралы ақпараттың дереккөзі ретінде сыртқы сауда бағасының деңгейіне жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері негіз болады. Өндірушілер бағасының индексі құрамындағы экспортталатын және импортталатын тауарларды есепке алу ЖІӨ-ні дефляторлау мақсатында баға индекстерін пайдалану қажеттіліктеріне жауап береді.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Бағаларды тіркеу ай сайынғы негізде базалық объектілердің өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді сатып алу бағаларын жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанына толтыру және мемлекеттік статистика органдарына ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру үшін: шарттар, төлем талаптары, жүкқұжаттар, сенімхаттар, шот-фактуралар және өзге де бухгалтерлік есеп құжаттары негіз болып табылады.
Бағалық салыстырудың тазалығын қамтамасыз ету үшін бағаны тіркеу белгілі уақыт кезеңінде жүзеге асырылады және айдан айға сақталады. Бағаны тіркеу есепті жыл ішінде өзінің сапалық белгілері, өткізу және сатып алу шарттары, тұтынушылардың типтері және тауар, көрсетілетін қызметтің басқа да қасиеттерімен салыстырылатындарға жүзеге асырылады. Бағалардың салғастырымдылығы қағидатын сақтау әр есепті кезеңде нақты базалық объектіде өткен кезеңде бағасы тіркелген тауарға ұқсас тауарға баға тіркелетінін көздейді.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Бағаларды тіркеу кезінде мемлекеттік статистика саласындағы қолданыстағы заңнамамен кепілденген құпиялылықты сақтау және статистикалық мақсаттар үшін ғана алғашқы статистикалық деректерді пайдалану бойынша шаралар қолданылады. Мемлекеттік статистика органдары алғашқы статистикалық деректердің анықтығын тексеруді, оларды нақтылауды жүзеге асырады және бағалық ақпаратқа логикалық пен визуалды, бағалардың өзгеру себептеріне бақылау жүргізеді.
Заңның 12-бабы 17) тармақшасына сәйкес алғашқы статистикалық деректердің анықтығын растау үшін базалық объектілер қосымша ақпарат: шарттар, төлем талаптары, жүкқұжаттар, сенімхаттар, шот-фактуралар және бухгалтерлік есептің өзге де құжаттарын ұсынады.
Тауар, көрсетілетін қызмет сапасының жақсаруы немесе нашарлауынан туындаған бағаның өзгерісі баға индексін есептеу кезінде есепке алынбайды. Тіркелелетін тауардың, көрсетілетін қызметтің техникалық-экономикалық параметрлерінің өзгеруі кезінде сапаға байланысты түзетулерді қолдану үшін бағаның өзгеруі сапаның өзгеруіне қаншалықты байланысты екенін айқындалады.";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Өндірушілер бағасының индексін салмақтау схемасын құру процесі мынадай тізбекті операцияларды қамтиды:
1) белгілі бір базистік кезеңде өндірілген өнеркәсіп өнімінің құнын анықтау және оны байқауға енгізілген базалық обьектілер, түр тармақтар, түрлер, кластар, топтар, бөлімдер мен секциялар арасында бөлу;
2) орташа жылдық құн және салыстырмалы база ретінде алынған бірыңғай уақыт кезеңдеріне өнімнің түр тармақтары бойынша баға деңгейін қиыстыруды жүзеге асыру;
3) өнеркәсіптік өнімнің құнын өткізу арналарына байланысты бөлу.
Іріктемелі жиынтықтарды (өнім (тауар, көрсетілетін қызмет), базалық объектілер) құндық бағалау үшін пайдалану өндірушілер бағасының индексіне кірмеген деректерді есепке алу үшін салмақтарды түзету қажеттілігін туындатады.
Өндірілген өнеркәсіп өнімінің орташа жылдық құны статистикалық жіктелім өнімі (тауар, көрсетілетін қызметтің) түрлерінің толық тізбесі бойынша анықталады және бағалық байқау үшін іріктелген тиісті түр тармақтар бойынша бөлінеді. Қамтылмаған өнімнің (тауарлар, көрсетілетін қызмет) түр тармақтары бойынша құндық деректер барлық құраушы элементтер бойынша пропорционалды түрде бөлінеді.
Баға индекстерін құру кезінде салмақтардың базистік кезеңі бағаның базистік кезеңіне сәйкес болатындай шартты сақтауды талап етеді. Бұл базалық жылға өндірілген өнеркәсіптік өнімнің орташа жылдық құнын өткен жылғы желтоқсандағы бағаға түзету қажеттілігін туындатады. Ол үшін салмақтардың мәндері шығарылатын жылға орташа баға индексінің өткен жылғы желтоқсандағы баға индексіне қатынасы ретінде түзету коэффициенті анықталады. Орташа баға индексі оның алдындағы жылдың желтоқсанына базистік жыл айларының баға индекстерінің орташа арифметикалық мәні ретінде есептеледі.
Түзету коэффициенті өндірушілер бағасы индексінің жіктелімі бөлімдері бойынша екі мәнді деңгейінде болады және төменде тұрған әр агрегация сатысы – топ, сынып, түр, түр тармақтары үшін қолданылады. Бұрын анықталған орташа жылдық құнды түзету коэффициентіне көбейту арқылы өнім, көрсетілетін қызметтің түр тармақтары бойынша түзетілген құн есептеледі, содан кейін агрегациялау деңгейлерінің өсу реті бойынша қосындыланады.
Ішкі нарықтағы өнеркәсіп өнімін және экспортқа жеткізілімдерді пайдалану туралы (өнеркәсіп тауарлары экспортының құны туралы, ресурстар балансы және тауарларды пайдалану, экспортталатын өнімдердің елдер бойынша құрылымы туралы деректер бойынша) ақпараттың негізінде өнім түрлері бойынша түзетілген құн ішкі нарықтағы және елден тыс өткізу арналарына сәйкес бөлінеді.
Табылған құндар түпкілікті болып табылады және өндірушілер бағасының индексін құру кезінде салмақ ретінде пайдаланылады.".
2) "Көтерме саудада сату бағасының индексін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 16 ақпандағы № 36 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13452 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағы 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көтерме саудада сату бағасының индексін құру әдістемесінде:
1-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бөлім. Жалпы ережелер";
7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Осы Әдістемеде Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар және мынадай анықтамалар пайдаланылады:";
2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-бөлім. Қамту және жіктелім жүйесі";
12, 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Жіктелімдік жүйе іріктемені қалыптастыру үшін негіз болып табылады, индекс құрылымын және қандай тауарлар, өнім онымен қамтылатынын анықтайды.
Стандартты статистикалық жіктелімдер бар, оларды қолдану пайдалануға жарамды және халықаралық деңгейде салыстырмалы мазмұнды деректер қатарын алуға мүмкіндік береді.
Көтерме саудада сату бағасының индексін құру үшін пайдаланылатын негізгі стандартты статистикалық жіктелімдер мыналар болып табылады:
1) көтерме саудадағы экономикалық қызмет түрлері мен көрсетілетін қызметтердің кластарын анықтау үшін - экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктелімі;
2) көтерме сауда қызметінің түрлерін анықтау үшін - ішкі сауда қызметінің статистикалық жіктелімі;
3) тауарлар, өнімдер түрлерін, түр тармақтарын анықтау үшін:
өнеркәсіп өнімдерінің (тауарлар, көрсетілетін қызметтердің) статистикалық жіктелімі;
ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтердің) статистикалық жіктелімі;
қызмет көрсетудің статистикалық жіктелімі.
Тауарды бағалық бағалауды қамтамасыз ету үшін көтерме сауда өнімдері мыналарға бөлінеді:
1) тұтыну тауарлары, оның ішінде азық-түлік (тамақ өнімдері, сусындар, темекі өнімдері) және азық-түлік емес (жолаушылар автомобильдері, тоқыма бұйымдары, тұрмыстық мақсаттағы тауарлар, фармацевтикалық өнімдер және басқалар);
2) аралық тұтыну өнімдері - басқа тауарлар мен қызметтерді өндіру мақсатында пайдаланылатын тауарлар мен қызметтер (астық, ағаш материалдары және құрылыс материалдары, металл өнімдері, отын, химиялық тауарлар және басқалар);
3) өндіріс құралдары - машиналар, жабдықтар (жүк автомобильдері, шиналар, компьютерлік жабдықтар, кеңсе және ауылшаруашылық техникалары және басқалар).
13. Статистикалық жіктелімдер негізінде және әрбір өңірдің көтерме саудада мамандануын ескере отырып, бағаларға статистикалық байқаудың негізі болып табылатын және оларға көтерме саудада сату бағасы индексінің құрылымын құраушылар болып табылатын тауарлар, өнімдер түрлерінің, түр тармақтарының өңірлік тізбелері қалыптастырылады.";
3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-бөлім. Базалық объектілерді іріктеу";
4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бөлім. Тауарларды, өнімдерді іріктеу";
5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бөлім. Бағаны тіркеу";
27, 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Көтерме саудада сату бағаларын тіркеу базалық объектілердің тауарларды, өнімдерді көтерме саудада сату (жеткізу) бағаларын жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанына толтыруы және мемлекеттік статистика органдарына ұсынуы арқылы ай сайынғы негізде жүзеге асырылады.
28. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру үшін құжаттар(шот-фактуралар, келісім-шарттар, төлем тапсырмалары және бухгалтерлік есептің өзге құжаттары), сондай-ақ бекітілген прайс-парақтары негіз болып табылады.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Республиканың әртүрлі өндірушілерінің (бұдан әрі - ҚР арнасы), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД арнасы) және басқа елдердің (бұдан әрі – ТМД-дан тыс арна) жеткізу арналары бойынша өкіл тауарларға баға тіркеледі. Өкіл тауардың орамасындағы өндірушінің таңбалануына сәйкес өндіруші елі анықталады.
Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының "сипатттамасы" бағанында салыстырмалылықты қамтамасыз ету үшін өндіруші елдің нақты қаласы, сондай-ақ белгілі бір зауыт, фабрика көрсетіледі.";
6-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-бөлім. Индекс салмағы";
7-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-бөлім. Орташа бағаны және баға индексін есептеу".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Ж. Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Н. Айдапкелов |