Көтерме саудада сату бағасының индексін құру әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының м.а. 2016 жылғы 16 ақпандағы № 36 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 наурызда № 13452 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 12-бабы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағы 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 08.09.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Көтерме саудада сату бағасының индексін құру әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет – ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Ж.Ә. Жарқынбаев) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
міндетін атқарушы
Б. Иманәлиев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
Статистика комитеті төрағасының
міндетін атқарушы
2016 жылғы 16 ақпандағы
№ 36 бұйрығымен бекітілген

Көтерме саудада сату бағасының индексін құру әдістемесі

1-бөлім. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 08.09.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Көтерме саудада сату бағасының индексін құру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.

      2. Әдістеме көтерме саудада сату бағасының деңгейіне, жіктелімдердің жүйесі мен қамтуына жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың, зерттелетін іріктемелі жиынтықтарды іріктеудің салмақтық құрамдас бөліктерді қалыптастыру және агрегаттаудың түрлі деңгейінің баға индекстерін есептеудің негізгі аспектілері мен әдістерін айқындайды.

      3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті және оның аумақтық органдары тауарларды, өнімдерді көтерме саудада сату бағаларына жалпымемлекеттік статистикалық байқау жүргізуде және көтерме сауда бағасының индексін құру кезінде қолданады.

      4. Әдістеме Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық Валюта қоры, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Еуропа қоғамдастығының Статистика бюросы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясы және Дүниежүзілік Банк әзірлеген "Өндірушілердің баға индексі бойынша нұсқаулық: теория және тәжірибе" қағидаттарын және ұсынымдарын есепке алумен әзірленген.

      5. Көтерме саудада сату бағасының индексі – бұдан әрі сату үшін және жеке, отбасылық, үй және осыған ұқсас басқа да пайдалануға байланысты емес өзге де мақсаттарға арналған тауарлардың (өнімдердің) баға өзгерісін сипаттайды.

      Көтерме саудада сату бағасының индексін құру мақсаты көтерме сауданың субъектілері өткізетін тауарларға (өнімдерге), бағаның өзгеру шамасын өлшеу болып табылады.

      Көтерме саудада сату бағасының индексi әртүрлі өндіруші елдердің тауарларға (өнімдерге) бағасының өзгеруі үрдісіндегі айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік беретін отандық өндіріс және импорт бойынша түскен тауарларды (өнімдерді) сату бойынша операцияларды есепке алады.

      6.Көтерме саудада сату бағасының өзгеруі туралы деректер:

      1) көтерме сауда көлемдерін қайта бағалау дефляторы және ұлттық шоттар жүргізу жүйесінде ішкі сауда секторы ретінде;

      2) көтерме тауар айналымының нақты көлем индексiн есептеу үшін;

      3) нақты тауарларды, өнімдерді өндіру мен өткізу нарығына экономикалық мониторингті, талдауды жүзеге асыру үшін пайдаланылады.

      7. Осы Әдістемеде Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар және мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) агрегатталған баға индексі – жекелеген кіші топ, топ немесе жалпы зерттелетін құбылыс бойынша баға өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш және бағаның жеке индекстері негізінде құрылады;

      2) агрегаттау – төменгі деңгейдегі экономикалық көрсеткіштерді барлық кейінгі деңгейлерде едәуір ірі жиынтықтарға агрегаттау;

      3) бағаларды тіркеу – жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды жүргізу кезінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы алғашқы статистикалық деректерді жинау;

      4) базалық объект – байқауға және ондағы бағаларды тіркеуге іріктелген заңды тұлға. Базалық объектілердің іріктемелі жиынтығы негізгі талапқа – географиялық және салалық бөліністегі репрезентативті болуға жауап беруі тиіс;

      5) ерекшеліктер – бағаны тіркеу үшін іріктелген жеке тауарды сәйкестендіру үшін пайдаланылатын сипаттама немесе сипаттамалар тізбесі;

      6) жеке (қарапайым) баға индексі – зерденелетін жиынтықтың (нақты тауардың, қызметтің) бір элементі бағаларының өзгеруі;

      7) жіктелім – қабылданған белгілеріне сәйкес ұқсастықтары немесе өзгешеліктері бойынша көптеген объектілерді топқа бөлу;

      8) импутация – түсіп қалған, қате немесе шамасы жоқ мәндерді басқа мәндермен алмастыру үдерісі;

      9) индекс салмағы – олардың жалпы жиынтығында әрбір жеке элементтің маңыздылығын көрсететін шама;

      10) қызмет түрi – қызмет түрлері жіктелімінің едәуір ірілендірілген санаттарын сипаттайтын өнімнің (тауарлар және қызметтердің) біртектес жинағын құру үдерісі. Заңды тұлғаның негізгі қызмет түрі – қосылған құны заңды тұлға жүзеге асыратын кез-келген басқа қызмет түрінің қосылған құнынан асып түсетін қызмет түрі. Заңды тұлғаның қосалқы қызмет түрі – үшінші тұлғалар үшін өнім (жұмыстар, қызметтер) өндіру мақсатында негізгі қызметтен басқа жүзеге асырылатын қызмет түрі;

      11) өкіл тауар – тауар тобындағы тауардың сапасы мен негізгі тұтынушылық қасиеттеріне әсер етпейтін және өзінің тұтынушылық белгісі бойынша біртектес, болмашы өзгешеліктерімен (бөлшектерімен) ерекшеленетін тауардың белгілі бір түрі;

      12) салмақтау – жиынтық көрсеткіштерді алу үшін және тікелей қосындылауға жатпайтын әртүрлі тауарлардың өлшемдестігін қамтамасыз ететін, индекстік есептеулерде қолданылатын рәсім;

      13) салмақтау сызбасыстандартты жіктелімге сәйкес агрегаттаудың барлық сатылары бойынша анықталған өнімдер (тауарлар), қызметтердің нақты түрлері салмағының жиынтығы;

      14) сауда жеңілдігі – сыртқы сауда мәмілесінің шарттарына байланысты және нарықтың ағымдағы конъюнктурасына байланысты сатушының сатып алушыға ұсынатын тауар бағасынан жеңілдіктер;

      15) сауда үстемесі – тауарларды сату бойынша шығындарды толтыру және пайда алуын қамтамасыз ететін сатушының баға элементі;

      16) іріктеме – статистикалық деректерді жинау және өңдеу кезінде пайдаланылатын, бекітілген жіктеуіштер, номенклатуралар мен анықтамалықтардан жеке айқындамалар.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 20.06.2019 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.09.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-бөлім. Қамту және жіктелім жүйесі

      Ескерту. 2-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 08.09.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Баға индексінің қамту саласын анықтау және тауарларды, өнімдерді көтерме саудада сату бағасына жалпымемлекеттік статистикалық байқау іріктемесінің шекті шекарасын немесе шеңберлерін белгілеу индексті құрудың түпкі мақсатына және оны пайдаланудың негізгі бағытына байланысты.

      Көтерме саудада сату бағасының индексі үшін экономикалық, географиялық және салалық қамтудың шеңберлері, байқаудың статистикалық бірліктері (базалық объектілердің санаттары) анықталады.

      9. Көтерме саудада сату бағасы индексінің экономикалық саласы өнімнің, тауарлардың көтерме партияларының сатып алу – сату бағалық мәмілелері жүзеге асырылатын операцияларды қамтумен сипатталады.

      Кез келген кәсiпорынның шаруашылық қызметінің негiзгi мақсаты өндірілген өнiмді, тауарларды өткізуге арналған тиімді кеңiстiктi табу болып табылады. Өндiрушiлер өнімдер, тауарларды өткізуді меншікті өткізу жүйесі арқылы және делдалдардың қызметтерін пайдалана отырып жүзеге асырады. Көтерме сауданы ұйымдастыру сыйақы үшін (немесе шарт негізінде) саудаға және өз атынан жүргізілетін саудаға бөлінеді.

      Сыйақы үшін көтерме сауданы басқа адамдар мен фирмалардың атынан немесе есебінен мәмілелер жасайтын комиссиялық агенттер және басқа делдалдар жүзеге асырады, өткізетін тауарларға баға белгілемейді, комиссиялық сыйақыға жұмыс істейді.

      Өз атынан сауда қызметін көтерме сауданың дербес субъектілері жүргізеді. Олар тауарларды, өнімдерді меншігіне сатып алады, оларды өткізуден пайда табады және сатудың маркетингілік жүйесін белгілеу мен бағаны белгілеу мәселесінде дербестікке ие болады.

      Көтерме саудада сату бағасының индексi қамтуының экономикалық саласы көтерме сауданың дербес шаруашылық жүргізетін субъектілері ғана жасайтын мәмiлелер болып табылады, олар баға өзгерісіндегі нақты үрдістерді көрсетеді.

      10. Көтерме саудада сату бағасының индексiн құру үшін географиялық қамту шеңберiнде республиканың барлық өңірлерінде көтерме сауда объектілері зерттеледі. Өңірлік индекстер көтерме сауда нарығы ассортиментінің әртүрлілігінен және өткізілетін тауарлардың, өнімдердің бірыңғай түрлеріне бағаларда өңіраралық айырмашылықтар бар болғандықтан ерекше мәнге ие болады.

      Географиялық қамту тауарларды өндiру аймақтарында орналасқан, сол сияқты олардың жаппай тұтынуы орталықтарында да сауда объектілерін есепке алуды көздейді. Базалықтардың санына өңірдің осы аумағында көтерме сауданы жүзеге асыратын объектілер заңды тұлғаның тіркелген жеріне қарамастан орналасқан орны бойынша қосылады.

      11. Көтерме саудада сату бағасы индексiнiң салалық қамтуы келесi экономикалық қызмет түрлеріне жататын көтерме сауда объектілері өткізетін тауарлар, өнімдер бағасының өзгерiсiн есепке алады:

      1) автомобильдерді және мотоциклдерді көтерме және бөлшек саудада сату және оларды жөндеу. Қызметтің бұл түрінде бағаларды байқауға жаңа және бұрын пайдалануда болған көлік құралдарын (жеңіл және жүк автомобильдері), дөңгелекті тартқыштарды, автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер мен аксессуарларды көтерме саудада сату қосылады;

      2) автомобильдер мен мотоциклдарды қоспағанда көтерме сауда. Қызметтің бұл түрінде бағаларды байқауға ауыл шаруашылығы шикізатын, тамақ өнімдерін, сүректі, құрылыс материалдарын, машиналарды, химиялық тауарларды, тоқыма бұйымдарды, темекі өнімдерін және басқа тауарларды көтерме саудада сату қосылады.

      Дербес шаруашылық жүргізетін субъектілердiң екi санаты байқаумен қамтылады:

      1) көтерме сауда қызметінің негізгі түрі болып табылатын субъектілер;

      2) көтерме саудада сату қызметінің қосалқы түрі болып табылатын экономиканың түрлі саласындағы субъектілер.

      12. Жіктелімдік жүйе іріктемені қалыптастыру үшін негіз болып табылады, индекс құрылымын және қандай тауарлар, өнім онымен қамтылатынын анықтайды.

      Стандартты статистикалық жіктелімдер бар, оларды қолдану пайдалануға жарамды және халықаралық деңгейде салыстырмалы мазмұнды деректер қатарын алуға мүмкіндік береді.

      Көтерме саудада сату бағасының индексін құру үшін пайдаланылатын негізгі стандартты статистикалық жіктелімдер мыналар болып табылады:

      1) көтерме саудадағы экономикалық қызмет түрлері мен көрсетілетін қызметтердің кластарын анықтау үшін - экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдер жіктелімі;

      2) көтерме сауда қызметінің түрлерін анықтау үшін - ішкі сауда қызметінің статистикалық жіктелімі;

      3) тауарлар, өнімдер түрлерін, түр тармақтарын анықтау үшін:

      өнеркәсіп өнімдерінің (тауарлар, көрсетілетін қызметтердің) статистикалық жіктелімі;

      ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілетін қызметтердің) статистикалық жіктелімі;

      қызмет көрсетудің статистикалық жіктелімі.

      Тауарды бағалық бағалауды қамтамасыз ету үшін көтерме сауда өнімдері мыналарға бөлінеді:

      1) тұтыну тауарлары, оның ішінде азық-түлік (тамақ өнімдері, сусындар, темекі өнімдері) және азық-түлік емес (жолаушылар автомобильдері, тоқыма бұйымдары, тұрмыстық мақсаттағы тауарлар, фармацевтикалық өнімдер және басқалар);

      2) аралық тұтыну өнімдері - басқа тауарлар мен қызметтерді өндіру мақсатында пайдаланылатын тауарлар мен қызметтер (астық, ағаш материалдары және құрылыс материалдары, металл өнімдері, отын, химиялық тауарлар және басқалар);

      3) өндіріс құралдары - машиналар, жабдықтар (жүк автомобильдері, шиналар, компьютерлік жабдықтар, кеңсе және ауылшаруашылық техникалары және басқалар).

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 08.09.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Статистикалық жіктелімдер негізінде және әрбір өңірдің көтерме саудада мамандануын ескере отырып, бағаларға статистикалық байқаудың негізі болып табылатын және оларға көтерме саудада сату бағасы индексінің құрылымын құраушылар болып табылатын тауарлар, өнімдер түрлерінің, түр тармақтарының өңірлік тізбелері қалыптастырылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 08.09.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-бөлім. Базалық объектілерді іріктеу

      Ескерту. 3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 08.09.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Көтерме саудада сату бағасына жалпымемлекеттік статистикалық байқау базалық объектілердің іріктемелі жиынтығы бойынша жүзеге асырылады.

      Көтерме сауда саласындағы базалық объект бұл кейіннен сату мақсатымен оларды сатып алуды жүзеге асыратын және тауарларға меншік құқығы бар, сонымен қатар көтерме тауар айналымы бойынша қызмет көрсететін сауда объектісі болып есептеледі.

      Базалық объектілер тауарларды қабылдау, сұрыптау, сақтау, босатуды ұйымдастырады, сатып алушыларға: өнімді тұтынуға дайындау, коммерциялық-ақпараттық, көлік, көлік-экспедиция, лизинг және басқалар бойынша әртүрлі қызметтер көрсетеді. Оларға тауарлардың ірі және ұсақ партияларымен сауда жүргізетін дистрибьюторлар, бірлескен фирмалар, ассоциациялар, тауар қоймалары, сатып алу кеңселері, базалар, дүкендер және базарлар жатады.

      15. Көтерме сауданың базалық объектілерін іріктеу үшін бас жиынтық көтерме сауда көлемі туралы ақпаратты ұсынатын статистикалық бизнес-тіркелім және ішкі сауда субъектілерін зерттеудің алғашқы статистикалық деректері болып табылады.

      16. Базалық объектілерді іріктеу зерттелетін жиынтықтың едәуір маңызды бірліктері зерттеуге ұшырайтын негізгі массивтің әдісімен жүргізіледі. Жеке бірліктерді егжей-тегжейлі зерттеу негізінде бас жиынтықты сипаттайтын деректерді алу, ақпаратты өңдеу және қысқа мерзімде аз ресурстық шығынмен нәтижені қалыптастыру осы әдістің басымдығы болып табылады.

      Көтерме сауданың әрекеттегі субъектілерінің құрылымында іріктемеге енгізілген ірі және орта кәсіпорындардың үлесі 60 пайыздан астамды құрайды, қалған бөлігі шағындарға тиесілі. Көтерме саудадағы шағын субъектілердің меншік нысаны, көтерме сауда мамандану бейінінің және тауарлар, өнімдер ассортименті жиі ауысуға ұшырайтындықтан, іріктеу кезінде басымдық көтерме сауданың ірі және орта субъектілеріне беріледі.

      17. Іріктемеге көтерме сауда субъектісін енгізудің негізгі критерийлері:

      1) ауқымдылық – нысаны, меншік түрлері және ұйымдық – құқықтық нысаны әртүрлі субъектілерді қамту;

      2) көтерме сауданың түрлі ерекшелігі (әмбебап немесе мамандандырылған) және тауарлар, өнімдердің кең ассортименті бар (кең, шектеулі және санаулы);

      3) есепті жыл ішінде жүйелі сауда мәмілелері;

      4) отандық және импорттық өндіріс тауарларының, өнімдерінің түрлерін өткізу;

      5) жеткізу көлеміне байланысты бағаны белгілеудің қолданыстағы маркетингілік жүйесі.

      18. Егер іріктелген базалық объектілер зерттеу үшін анықталған тауарлар, өнімдердің негізгі топтарын, кластарын, түрлерін, кіші түрлерін барынша қамтуды қамтамасыз етсе, іріктеменің оңтайлы көлеміне қол жеткізіледі.

      19. Іріктемелі байқау көтерме сауда нарығының инфрақұрылымына байланысты жыл сайын базалық объектілерді өзектендіру және қайта қарауды көздейді.

      Өзектендіру көтерме саудада сату қызметтері көлемі туралы алғашқы статистикалық деректерді талдау негізінде жүзеге асырылады. Базалық объектілердің тізіміне көтерме сауда тауар айналымының тұрақты көлемі бар және осы Әдістеменің 17-тармағында көрсетілген іріктеу критерийлеріне жауап беретін жаңа субъектілер енгізіледі. Қайта қарау – байқалатын базалық объектіні ұқсас тауарлық мамандануы және көтерме сауда шарттары ұқсастарға әдейі ауыстыру дегенді білдіреді.

      Есепті жыл бойы іріктемеге көтерме сауданың жаңа субъектілері енгізіледі, олар алдымен осы Әдістеменің 17-тармағында келтірілген қолданыстағы іріктеу критерийлеріне сәйкестігіне талданады.

4-бөлім. Тауарларды, өнімдерді іріктеу

      Ескерту. 4-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 08.09.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Көтерме сауда бағасына жалпымемлекеттік статистикалық байқау тауарлар, өнімдердің іріктемелі жиынтығы бойынша жүзеге асырылады. Іріктемені қалыптастыру үш кезеңмен жүзеге асырылады және әрбір кезеңінде іріктеу үшін белгілі критерийлер пайдаланылады.

      Бірінші кезеңде қызметтердің кластарына біріктірілген көтерме сауда қызметтерінің макроқұрылымы анықталады.

      Екінші кезеңде көтерме сауда қызметтерінің белгілі бір класына жататын тауарлар, өнімдердің түрлері, кіші түрлері іріктеледі. Бағалық байқау үшін іріктелген көтерме сауда қызметтерінің кластары республикадағы көтерме саудада сатудың негізгі бағыттарын, ал тауарлардың, өнімдердің түрлері, кіші түрлері тауар айналымының негізі ретінде олардың құрамын көрсетеді. Іріктемені қалыптастырудың бірінші және екінші кезеңдері орталықтан жүзеге асырылады.

      Үшінші кезеңде көтерме сауда нарығындағы өңірлік саралауды көрсететін және әртүрлі өндіруші елдер бойынша бағалық ақпарат бар ассортимент құрамы, нақты айқындамалар іріктеледі.

      21. Көтерме сауда қызметтерінің кластарын іріктеу үшін салмақтау сызбасын құру үшін базалық ретінде таңдалған, белгілі бір жылға көтерме саудада сату көлемдері туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері пайдаланылады.

      Іріктемеге қосу үшін көтерме сауда қызметтері кластары статистикалық байқау мақсаттарына сәйкестікке талданады. Көтерме саудада сату бағасын ай сайын зерттеу міндеті болып бірнеше жыл бойы үздіксіз серпінділік қатары бар баға индексін құру болып табылады. Іріктемеге тауар қозғалысы жыл бойы маусымдық (уақытша) және кезеңдік сипаттамаға ие кластар қамтылмайды.

      22. Көтерме сауда өнімдерін, тауарлар түрлерін, кіші түрлерін іріктеу үшін ағымдағы жыл және өткен есепті жылға көтерме саудада сату көлемдері туралы жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың деректері пайдаланылады.

      Тауарлар, өнімдер түрлерін, кіші түрлерін іріктеудің әдістері ассортименттің кеңдігі мен көтерме сауда нарығындағы сауданың тұрақтылығына, тауарлық тобының ерекшеліктеріне байланысты.

      Өңірлік өкілдігі 50 пайыздан астам болатын тауарлардың, өнімдер түрлері, кіші түрлері іріктеледі.

      Жаппай сұранысқа ие тауарлар арасынан типтік іріктеу әдісі қолданылады, оның критерийлері көтерме сауда қызметінің осы класының нақты көлемінде тауардың, өнім түрінің, кіші түрлерінің басымдылық дәрежесі болып табылады.

      Жаппай сұраныстағы емес тауарлар мен олардың ерекше түрлері арасынан типтік өкілдерді қосумен қатар мақсатты іріктеу пайдаланылады.

      Өндіріс құралдарына және аралық тұтынуға арналған шикізатқа жататын тауарлар, өнімдердің түрлерін, кіші тармақтарын іріктеу кезінде оларға кіретін тауарлардың, өнімдердің гомогендік факторы ескеріледі. Мақсаты және өлшем бірліктерінің сәйкестігі бойынша біртектілік қасиеттері басым түрлер мен кіші түрлері, нақты түр бөліктері іріктеледі.

      Барлық тауар топтамаларында олардың тауар айналымы шамасына қарамастан көтерме сауда нарығында импорттық өндіріс тауарларымен ұсынылған тауарлар, өнімдердің түрлері, кіші түрлері міндетті түрде іріктеледі.

      23. Көтерме сауда қызметтерінің іріктелген кластарының негізінде және оларға таңдалған тауарлардың, өнімдердің түрлері, кіші түрлері негізінде республиканың әрбір өңірінен көтерме сауда мамандануын көрсететін бағалық байқау үшін өңірлік тізім анықталады.

      24. Әрбір тауарлар, өнімдер түрі, кіші түрі бойынша нақты өкіл тауарлар анықталады, олар бойынша көтерме саудада сату бағасы туралы ақпарат ұсынылады.

      Сапалық ерекшеліктері өзгермейтін, жеткізудің көтерме партиясының белгілі мөлшеріндегі, оларды сату мен төлеудің бірдей шарттарындағы өкіл тауарлар зерттеледі. Байқау үшін іріктелген өкіл тауардың ерекшелігіне: маркасы, сұрпы, моделі, көлем мен салмағы, орауы, тұтынушы типі және басқалар жатады.

      25. Өкіл тауарлар келесі критерийлерге сәйкес іріктеледі:

      1) тауардың, өнімнің сол немесе өзге түрінің түрішілік және ассортименттік ерекшеліктерін көрсетеді;

      2) тауардың осы түрiн сатудың едәуір жаппай көтерме партиясын көрсетеді (сатудың жалпы көлемінің 30 пайызынан артық);

      3) ұзақ уақыт бойы сатылымда бар және тауар айналымының жоғары жылдамдығымен сипатталады;

      4) бағалық ақпаратты жинау тұрғысынан алғанда қолжетімді және бір атаулы әртүрлі түрлердің арасынан бағаның өзгермелілігін төмендетуді қамтамасыз етеді.

      Өңірлік тізбе тауарлары, өнімдердің әрбір түрі, кіші түрі бойынша өкіл тауарлардың кемінде 3-5 түр-түрі іріктеледі, мысалы:

      1) өнім түрі – "Жаңадан сойылған, тоңазытылған, мұздатылған тауықтар, күркетауықтар, үйректер, қаздар және мысыр тауықтары, ұшаларының бөліктері";

      2) өкіл тауарлар:

      тоңазытылған тауық жамбасы, ыдыстағы, өндіруші Өскемен құс фабрикасы, Қазақстан Республикасы (бұдан әрі – ҚР);

      мұздатылған тауық жамбасы, мұздатылған, 500 грамм вакуумдық орама,өндіруші Ресей;

      тауық сирағы, мұздатылған, 500 грамм вакуумдық орама, өндіруші ҚР және өндіруші Ресей;

      тауықтың төсі, мұздатылған, 500 грамм вакуумдық орама, өндіруші ҚР және өндіруші Украина;

      үйректің жон еті, мұздатылған, 500 грамм вакуумдық орама, өндіруші Қытай.

      26. Бағалық байқау үшін анықталған өкіл тауарлардың жинағы есепті жыл бойы өзгеріссіз қалады. Іріктелген өкіл тауар бойынша байқау мүмкін емес болған жағдайда тауар, өнім түрінің, кіші түрінің ішіне жаңа өкіл тауарларды енгізуге болады. Жаңа өкіл тауарлар шығып қалғандар елі сияқты өндіріс елінікі болуы тиіс, сипаттамалары бойынша жақын ерекшеліктерге ие болып, баға деңгейі бойынша шамалы ерекшеленуі тиіс (ауытқу 10 пайыздан артық емес).

5-бөлім. Бағаны тіркеу

      Ескерту. 5-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 08.09.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Көтерме саудада сату бағаларын тіркеу базалық объектілердің тауарларды, өнімдерді көтерме саудада сату (жеткізу) бағаларын жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанына толтыруы және мемлекеттік статистика органдарына ұсынуы арқылы ай сайынғы негізде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 08.09.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру үшін құжаттар(шот-фактуралар, келісім-шарттар, төлем тапсырмалары және бухгалтерлік есептің өзге құжаттары), сондай-ақ бекітілген прайс-парақтары негіз болып табылады.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 08.09.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Тіркеу кезінде көтерме бағаның құрамына тұтынушыларды тарту үшін пайдаланылатын ынталандыру жеңілдіктері мен үстемелері және оларды тауар айналымын ұлғайту және тауар айналымын жылдамдату мақсатында ынталандыру енгізілмейді.

      Тұтынушыларды ынталандырудың негізгі құралдары:

      1) көлемі үшін бағадан жеңілдіктер ұсыну (шоғырламалық, шоғырламалық емес жеңілдіктер);

      2) сатып алатын ассортиментке жаңа тауарды енгізгені үшін жеңілдіктер ұсыну (ескі тауар қосу жаңаның үлгісі тегін);

      3) төлем мерзімі басталғанға дейін тауар үшін есеп айырысқанда, оның құнынан жеңілдік-сконто;

      4) дистрибьюторлық жеңілдіктер және басқаларды ұсыну болып табылады.

      Өнеркәсіптік бағыттағы тауарларды сатып алушыларды ынталандыру тауарға қосалқы бөлшектерді жеткізу, монтаждау, жабдықты жөндеу, кепіл және кепілден кейінгі қызмет көрсету, ескірген жабдықты қабылдауды ұсыну, персоналды оқыту есебінен жүзеге асырылады.

      30. Бағаны тіркеу өкіл тауарды көтерме жеткізу мөлшеріне байланысты сараланған түрде жүзеге асырылады:

      1) стандартты көтерме – жеткізу көлемі бойынша стандартты көтерме партиясы, неғұрлым қалыпты;

      2) ірі көтерме – жеткізу көлемі бойынша барынша ірі көтерме партиясы;

      3) шағын көтерме – жеткізу көлемі бойынша барынша шағын көтерме партия;

      31. Республиканың әртүрлі өндірушілерінің (бұдан әрі - ҚР арнасы), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД арнасы) және басқа елдердің (бұдан әрі – ТМД-дан тыс арна) жеткізу арналары бойынша өкіл тауарларға баға тіркеледі. Өкіл тауардың орамасындағы өндірушінің таңбалануына сәйкес өндіруші елі анықталады.

      Жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанының "сипатттамасы" бағанында салыстырмалылықты қамтамасыз ету үшін өндіруші елдің нақты қаласы, сондай-ақ белгілі бір зауыт, фабрика көрсетіледі.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 08.09.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Белгіленген стандартты өлшем бірлігіне баға тіркеледі. Өкіл тауарларды сату кезінде басқа өлшем бірліктері болған жағдайда, баға қайта есептеледі, ал орамасы өкіл тауарлардың ерекшелік элементі болып табылады.

      33. Есепті жыл бойы "таза" баға өзгерісін көрсету үшін тіркеу өкіл тауарлардың салғастырылатын түрлеріне жүзеге асырылады. Мыналардың өкіл тауарларына бағалар салғастырылмайды:

      1) ТМД елдерінің – өндіруші Беларусь және өндіруші Ресей бір жеткізу арналары шегінде әртүрлі жеткізушілердің;

      2) жеткізудің әтүрлі партияларының (стандартты көтерме немесе шағын көтерме);

      3) оларды жеткізуге төлем төлеудің (алдын ала аудару немесе қолма-қол ақша төлеу) және жеткізу мерзімдерінің өзгертілген шарттарымен (бір-екі айдан кейін емес немесе дереу).

      Тіркеуге мыналар жатпайды:

      1) бір реттік сипаттағы мәмілелер кезінде бекітілетін ең жоғарғы және демпингтік (төмен) баға;

      2) сатып алулардың көлемдерін ұлғайтуға ниеттендіру мақсатында конкурстарда, лотереяларда ұсынылатын тауарларға баға;

      3) олардың ерекшеліктерін көрсетпей тауарлық топқа орташаландырылған баға. Бұл жағдайларда бағаның өзгеруі топтағы өкіл тауар ассортиментінің өзгеруінен туындайды;

      4) жарамдылық мерзімінің өтуі немесе оның жақындауына байланысты өкіл тауарларға төмен баға.

      34. Өкіл тауарларға негізсіз баға өзгерісін анықтау және оны жою мақсатында бағалық ақпаратқа логикалық бақылау жүргізіледі:

      1) жеткізілім партиялары арасында:

      ірі көтерме саудада баға стандартты көтермеде кем немесе тең және ұсақ көтермеде анағұрлым кем;

      ұсақ көтерме саудада баға стандартты көтермеде артық немесе тең және ірі көтермеде анағұрлым артық.

      2) бір өңірдің әртүрлі базалық объектілердегі ұқсас өкіл тауарлары арасында;

      3) сапаға байланысты тұрақтанған баға пропорцияларына сәйкес аттас өкіл тауарлардың арасында. Майлылығы 6 пайыз сүт 3,2 пайыз сүттен қымбат, АИ-95 бензині АИ-80 бензинінен қымбат және осыған ұқсастар логикалық тұрғыдан дұрыс;

      4) бөлшек саудадағы өнеркәсіптік және ауылшаруашылығы өнімін отандық өндіруші-кәсіпорындарда өкіл тауарлардың түрлері, кіші түрлері мен әр түрлері арасында.

      Өндірушінің баға құрамында қосылған құнға салықтың болмауы есебінен көтерме саудада сату бағаларының деңгейінен қарағанда өндіруші кәсіпорындардың баға деңгейі төмен, ал бөлшек сауда бағасының деңгейі көтерме бағаға дүкендердің сауда үстемесін және көлік шығыстарын қосу есебінен жоғары болады.

      35. Көтерме саудада сату бағасын тіркеу кезінде сатылымда уақытша болмауына байланысты жекелеген өкіл тауарларға ақпаратты ұсынбау жиі кездеседі. Есепті жыл ішінде баға индекстерінің серпінділік қатарының үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін "шартты" бағаны пайдалану арқылы уақытша жоқ өкіл тауарлардың бағасын ауыстыру жүзеге асырылады.

      Ауыстырудың келесі әдістері пайдаланылады:

      1) өткен айдың бағасына тең "шартты" бағаны пайдалану;

      2) осы өкіл тауарлар бойынша, бірақ басқа жеткізілім партиясы немесе өндіруші елдің бағасы өзгерісіне түзетілген "шартты" бағаны пайдалану;

      3) басқа базалық объектілердің ұқсас өкіл тауарларына баға өзгерісіне түзетілген "шартты" бағаны пайдалану.

      Көтерме саудада сату бағасының индексін құру кезінде тауарларды, өнімдерді сату фактісіне негізделген, олардың бағалық өзгерісін анық көрсететін ауыстырудың бірінші әдісі пайдаланылады.

      Өткен айдың бағасы деңгейінде "шартты" бағаны пайдалану өкіл тауарды сатудың келесі фактісіне дейін жүзеге асырылады. Үш айдан аса өкіл тауарға бағаны тіркеу мүмкін болмаған жағдайда базалық объектіде тауардың ескі түрін жаңа өкіл тауармен ауыстыру рәсімі қолданылады.

      36. Көтерме және бөлшек саудада сату арасындағы айырмашылықты табу қиын болатын тауарлардың, өнімдердің жекелеген түрлері, кіші түрлері бойынша бөлшек сауда бағасын тіркеуге рұқсат етіледі. Тауарлардың, өнімдердің мұндай түрлеріне:

      1) автомобильдер;

      2) радио және телевизиялық аппаратура;

      3) ұсақ және ірі тұрмыстық электрлік тауарлар;

      4) компьютерлер, портативті сандық есептеуіш машиналар;

      5) шалғай жабдық (принтерлер, пернетақта және т.б);

      6) кеңсе жабдықтары мен машиналары және басқалар жатады.

      Осы тауарларға көтерме баға сарапшылық жолмен анықталады: бөлшек баға тіркеледі, бөлшек үстемелер мен көлік шығыстарының шамасы шегеріледі, олардың мөлшері байқаудың базалық объектісіндегі кеңесші сатушылардан анықталады. Есептеу кезінде бөлшек бағадан сауда үстемесі бірінші алынып тасталады, одан кейін аралық нәтижеден көлік шығыстары шегеріледі. Егер бөлшек сауда 23 546 теңгені, сату үстемесі 20 пайыз, көлік шығыстары 15 пайызды құраса, онда көтерме баға былай анықталады: (23 546/1,20)/1,15=17 062 теңге.

6-бөлім. Индекс салмағы

      Ескерту. 6-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 08.09.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Көтерме саудада сату бағасының индексін құру көтерме тауар айналымының құрылымын көрсететін салмақтау сызбасын құруды көздейді. Салмақтау сызбасын пайдалану арқылы тауарлар, өнімдердің түрлері, кіші түрлері бойынша орташа баға және өңір мен жалпы республика бойынша агрегатталған баға индексі есептеледі.

      Көтерме саудада сату бағасының индексі үшін салмақтау сызбасын құру белгілі бір базалық жылдағы көтерме сауда қызметтерінің құны туралы орташа жылдық деректер негізінде жүзеге асырылады. Салмақтау сызбасы әрбір өңір бойынша жеке-жеке және жалпы республика бойынша орталықтан құрылады.

      38. Салмақтау сызбасын құру үшін "Қосымша салмақтық құрамдастардың анықтамалығы" (бұдан әрі – Ақсқ) құрылады. Оның қажеттілігі алғашқы деректерді жинау кезінде пайдаланылатын көтерме сауда қызметтері саласын бағалық зерттеудің іріктемелі әдісіне негізделеді.

      Ақсқ-да көтерме сауда қызметтерінің әрбір зерттелетін класында тауардың, өнімнің үлес салмақтары анықталады. Ол үшін көтерме саудада сату тауарларының, өнімдердің толық жинағы бойынша құн бағалық байқау үшін іріктеп алынған тауарлар, өнімдер түрлері бойынша қайта бөлінеді. Қайта бөлу кезінде бастапқы қалыптасқан құрылымдық пропорциялар ескеріледі. Тауарлардың, өнімдердің түрлері, кіші түрлерінің қайта бөлінген құны бойынша көтерме сауданың тиісті класындағы олардың үлес салмағы табылады.

      Кейбір жағдайларда үлес салмағын анықтау үшін Ақсқ басқа ақпараттық ағындарды пайдаланады. Кейбір азық-түлік тауарларының көтерме сатылымының үлес салмағы оларға халықтың тұтыну шығыстарына сүйене отырып анықталады, көтерме сатылым қызметтерін мұнай өнімдері түрлері бойынша топтарға бөлу үшін, оларды отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының өндіруі құрылымы қолданылады.

      Сондай-ақ Ақсқ-да көтерме сатылым көлеміндегі ТМД елдерінің және ТМД-дан тыс елдердің жеткізу арналары үлесі белгіленеді. Үлестер республикаға әртүрлі елдер тауарларының импорты құрылымы туралы деректер бойынша анықталады.

      39. Салмақтау сызбасын құру үдерісі мыналарды қамтиды:

      1) көтерме сауда қызметтерінің кластары бойынша және тауарлар, өнімдердің түрлері, кіші түрлері бойынша алдын-ала құнын анықтау;

      2) өңірлерде тауарлар, өнімдердің түрлері, кіші түрлері бойынша және көтерме сауда қызметтерінің кластары бойынша құнды түзету;

      3) түпкілікті құндарды көтерме сауда қызметтерінің кластары, өнімдер мен тауарлар түрлері, кіші түрлері бойынша қалыптастыру.

      40. Көтерме сауда қызметтерінің кластары бойынша алдын-ала құнды анықтау байқау үшін іріктелген көтерме саудада сату қызметтерінің кластары бойынша деректерді толтыру негізінде жүзеге асырылады. Көтерме сауда қызметтерінің бағалық зерттеумен қамтылмаған кластары бойынша құны мақсаты бойынша олардың біртектілігіне сүйене отырып, іріктелгендермен біріктіріледі немесе пропорционалды түрде қайта бөлінеді. Ақсқ-дағы елдер үлестеріне сәйкес импорт тауарларымен көтерме сауда құны ТМД елдері және ТМД – дан тыс елдер тауарларының көтерме сатылым құнына бөлінеді.

      Көтерме саудада сату қызметтерінің кластары бойынша табылған құндар өңірлер бойынша ерекшеленеді, бұл мамандануына және өңірдегі көтерме тауарайналымының қалыптасқан құрылымына байланысты.

      Тауарлардың, өнімдердің түрлері, кіші түрлері бойынша алдын ала құнды анықтау көтерме сауда қызметтері кластарының және өндіруші елдердің құнын олардың Ақсқ-дағы үлес салмағына сәйкес тауарлардың, өнімдердің класқа кіретін түрлері, кіші түрлері бойынша бөлу арқылы жүзеге асырылады.

      Бұл кезеңде өңірлер үшін Ақсқ бірыңғай үлес салмағы қолданылатындықтан және өнімдердің, тауарлардың түрлері, кіші түрлері бірыңғай іріктелген тізбесі пайдаланылатындықтан деректер тауарлар, өнімдердің түрлері, кіші түрлері бойынша алдын-ала құндар өңірлік мамандануды көрсетпейді.

      41. Тауарлар, өнімдердің түрлері, кіші түрлері бойынша құнды қалыптастыру үшін әрбір өңір бойынша алдын-ала құндық деректер тауарлар, өнімдердің түрлері мен кіші түрлерінің іріктелген өңірлік тізбесіне сәйкестендіріледі.

      Құнды түзету немесе қосу тиісті өндіру елі – ҚР, ТМД, ТМД-дан тыс елдерге сәйкес бағандар бойынша әрбір кіретін тауарлық айқындама бойынша жүзеге асырылады.

      Арналардың бірі бойынша құн жойылған жағдайда шығарылып тасталған құн қалыптасқан құрылымдық пропорцияларды бұзбауы үшін деректер қалған арналар арасында бөлінеді.

      Жүргізілген түзетуді есепке алумен тауарлар, өнімдердің түрлері, түр тармақтары бойынша түпкілікті құн анықталады және салмақтаудың өңірлік сызбасының қорытынды айқындамалары қайта есептеледі. Құн көзделген айқындамалар бойынша бағалық байқау жүзеге асырылады.

      42. Республика бойынша салмақтау сызбаларын қалыптастыру төмендегідей жүргізіледі:

      1) тауарлар және өнімдердің түрлері, кіші түрлері деңгейінде – өңірлер бойынша құндардың сомасы ретінде;

      2) көтерме сауда қызметтерінің кластары, топтары және бөлімдері деңгейінде – дәйекті түрде кірістердің сомасы ретінде біріктірудің барлық сатылары бойынша.

      43. Құрастырылған салмақтау сызбасы бірнеше жылдар бойы қолданылады. Салмақтау сызбасын толық ауыстыру қазіргі уақыттың көтерме сауда айналымы мен базалық ретінде пайдаланылатын кезеңнің едәуір құрылымдық өзгерістері бойынша жүзеге асырылады.

      Салмақтау сызбасы алдағы есепті жылға зерттеуге көтерме сауда қызметтерінің жаңа түрлерін енгізу қажеттілігі жағдайында немесе өңірлердегі бұдан бұрын іріктелген тауарлар мен өнімдердің түрлері мен кіші түрлерін едәуір қайта қарау кезінде қайта қарастырылады. Сонымен бір уақытта Ақсқ қайта қалыптастырылады.

7-бөлім. Орташа бағаны және баға индексін есептеу

      Ескерту. 7-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 08.09.2020 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      44. Көтерме саудада сату бағасының индексін есептеу келесі кезеңдерді қамтиды:

      1-кезең – өңір бойынша әртүрлі жеткізу арналары бойынша тауарлардың, өнімдердің және республика бойынша әртүрлі жеткізу арналары бойынша тауарлардың, өнімдердің орташа бағасын анықтау;

      2-кезең – өңір және республика бойынша есепті кезеңнің өткен айға тауар, өнімге жеке баға индекстерін анықтау;

      3-кезең – агрегаттаудың әрбір сатысы бойынша есепті кезеңнің өткен айға өнімнің агрегатталған баға индекстерін анықтау;

      4-кезең – есепті кезеңнің барлық салыстыру кезеңдеріне (өткен жылғы желтоқсанға, тиісті айға, тоқсанға, өткен жылғы кезеңге және т.б.) жеке және агрегатталған баға индекстерін анықтау.

      45. Өңірлер бойынша ҚР, ТМД және ТМД-дан тыс арналар бойынша тауарлар, өнімдер бойынша орташа баға орташа геометриялық формула бойынша анықталады:


(1)

      мұндағы,


– t есепті кезеңдегі j тауар, өнім бойынша орташа баға;

– n есепті кезеңдегі j тауар, өнім бойынша өкіл тауарға баға (баға белгіленімі);

баға саны (баға белгіленімі).

      Орта бағаны есептеу кезінде салыстырылып отырған кезеңдегі баға белгіленімінің санының теңдігі назарға алынады.

      Өңірлер бойынша есептелген орта бағалар егер олар есепті кезеңде есеп берген кем дегенде үш әртүрлі базалық объектілердің бағаларынан құралса, зерттеліп отырған құбылыстың барлық жиынтығының баға деңгейін көрсететін репрезентативті болып саналмайды.

      Мұндай жағдайда өңір бойынша көтерме саудада сатудың орта бағасы есепті кезенде жарияланбайды, бірақ республика бойынша орташа бағаның және баға индексінің болашақта есептеулерінде қолданылады.

      46. Республика бойынша тауарлар, өнімдер бойынша орташа баға өңірлердегі және олардың салмақтары бойынша баға деңгейінен орташа салмақталған шамасы (құны) ретінде қалыптасады.

      Есептеу мынадай тәртіпте жүзеге асырылады:

      1) ҚР, ТМД, ТМД-дан тыс әрбір арна бойынша орташа салмақталған баға анықталады:


(2)

      мұндағы,

      Pwjj айқындамасы бойынша орташа салмақталған баға;

      Pjj айқындамасы ҚР, ТМД және ТМД-дан тыс елдер бойынша сәйкес баға;

      Wjj айқындамасы бойынша ҚР, ТМД және ТМД-дан тыс елдердің сәйкес салмағы (құны).

      2) алынған орташа салмақталған баға қосылады;

      3) республика бойынша орташа баға орташа салмақталған бағалар қосындысын базистік кезеңдегі салмақ қосындысына бөлумен анықталады:


(3)

      мұндағы,


- j айқындамасы бойынша республика бойынша орташа баға;

j айқындамасы бойынша орташа өлшенген салмақталған сома;

j айқындамасы бойынша базистік салмақ (құны).

      47. Өкіл тауар бойынша бағаның жеке индексі ағымдағы және өткен кезеңдерде тауардың, өнімнің әрбір түрін базалық объектінің көтерме сауда сатуының нақты бағасын салыстырудың қарапайым салыстырмалы шамасы болып табылады.


, (4)

      мұндағы,


– бағаның жеке индексі;

t есепті кезеңдегі өкіл тауар бағасы;

– t-1 өткен кезеңдегі өкіл тауар бағасы.

      Өңірлер бойынша тауарлар, өнімдер бойынша бағаның жеке индексі екі кезеңдегі салмақталмаған орташа геометриялық бағаның қатынасы ретінде Джевонс формуласымен есептеледі:


(5)

      мұндағы,

      i – жеке индекстер;

      t, t-1 – сәйкесінше салыстырудың есепті және өткен кезеңдері;

      pt, pt-1 – сәйкес кезеңге тауардың бірлігіне баға;

      j – салмағы бар және бірнеше нақты өкіл тауарларды (бірден k-ға дейін) біріктіретін тауар түрі;

      k – тауар түрін анықтайтын өкіл тауарлар саны.

      48. Әрбір жеткізу арнасы бойынша республика бойынша тауарлар, өнімдер бойынша бағаның жеке индекстері өңірлерден алынған көтерме бағаның салыстырмалы көрсеткіштерінің және өңірлік үлес салмақтарының негізінде төмендегі формула бойынша есептеледі:


(6)

      мұндағы,

      Ipj – республика бойынша j тауарына көтерме сатуда сату бағасының жеке индексі;

      I1j, I2j,…,IRj – өңірлердегі j тауарға жеке көтерме саудада сату бағасының жеке индексі;

      R – есептеуге қатысатын өңірлер саны;

      W1, W2,…, WR - өңірлік үлес салмақтары.

      49. Көтерме саудада сату бағасының индексін құрудың барлық келесі кезеңдерінде агрегатталған индекс қолданылады.

      Есептеу үшін салмақтаудың тұрақты сызбасы арқылы салмақталған бағаның жүйелі байқауларының негізінде баға индексін есептеуге мүмкіндік беретін Ласпейрес формуласы қолданылады:


(7)

      кезінде


      мұндағы,

      IL – t-1 алдыңғы кезеңмен салыстырғанда t есепті кезеңіне баға индексі;


t-1кезеңіне t есепті кезеңіне тауарлар, өнімдер түрлері бойынша жеке баға индексі;

– агрегаттау үшін стандартты салмақ ретінде пайдаланылатын, базистік кезең бағасына тауарлардың, өнімдердің құны;

– есепті кезеңдегі өнімдердің, тауар түрлерінің құны;

– өнімнің, тауардың, өткен кезеңге жеке баға индексінің туындысы.

      50. База ретінде есептеуді белгіленген бастау нүктесі немесе базалық кезеңі бар тізбелі серпінді қатарды құру үшін бірқатар жылдардағы айлық баға индекстерін өзара байланыстыруды (тіркеме) көздейтін, өткен жылғы тиісті кезеңге (ай, тоқсан, өсу қорытындысымен кезең) баға индекстерін қалыптастыру "базистік" әдіспен жүргізіледі.

      Өткен жылғы тиісті айға есепті жылғы бағаның айлық индексін есептеу есепті жылғы индекстік қатардағы бағаның айлық индексін өткен жылғы осы қатардағы бағаның айлық индексіне бөлумен жүзеге асырылады:


(8)

      мұндағы,

      It – g-1 өткен жылғы тиісті айға g есепті жылғы t айға баға индексі;

      Itg – индекстік қатардағы g есепті жылғы t айға баға индексі;

      It(g-1) – индекстер қатарындағы g-1 өткен жылғы t айға баға индексі.

      Өткен жылғы тиісті кезеңге өспелi қорытындымен баға индекстерi салыстырмалы кезеңдегі индекстік қатардағы бағаның айлық индекстерінің қосындысын өткен жылғы осы қатардағы сәйкес бағаның айлық индекстерінің қосындысына бөлумен анықталады:


(9)

      мұндағы,


есепті жылғы қаңтар-желтоқсандағы баға индексі өткен жылғы қаңтар-желтоқсанға;

      I1g, I2g, ..., I12g – индекстік қатардағы g есепті жылғы қаңтар, ақпан,... желтоқсандағы баға индексі;

      I1(g-1), I2(g-1),…, I12(g-1) – индекстік қатардағы g-1 өткен жылғы қаңтар, ақпан, ... желтоқсандағы баға индексі.

      Есепті жылғы тоқсан, жартыжылдық және тоғыз айдағы баға индексі өткен жылғы тиісті кезеңге осыған ұқсас есептеледі. Тоқсандағы өткен тоқсанға баға индекстері есептік тоқсанды анықтайтын индекстік қатардағы бағаның айлық индекстерінің қосындысын өткен кезеңнің индекстік қатарындағы бағаның айлық индекстерінің қосындысына қатынасымен анықталады:


(10)

      мұндағы,


есепті жылдың екінші тоқсанының бірінші тоқсанға баға индексі;

      I4g, I5g, I6gиндекстік қатардың g есепті жылғы сәуір, мамыр, маусымға баға индексі;

      I1g, I2g, I3g – индекстік қатардың g есепті жылғы қаңтар, ақпан, наурызға баға индексі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады