Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.05.2022 № 303 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 100-бабы 2-тармағының 24-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелер;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімінің үлгілік нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйегі № 493 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттары, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелер
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттары, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелер (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 24-9) тармақшасына және 244-1-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелерді айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) көлік құралы – ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, адамдарды, жүктерді немесе өзінде орнатылған жабдықты тасымалдауға арналған құрылғы, оның ішінде техникалық жағынан күрделі бұйым;
2) көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру – осы Қағидаларға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес оқшалауды бағалаудың балдық жүйесі талаптарын орындауды қосатын, көлік құралдарын сериялық өндірісінің жүйесі;
3) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) – индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) мен Қазақстан Республикасының көлік құралдарының өндірісін жүзеге асыратын заңды тұлғасы (бұдан әрі - өндіруші) арасында азаматтық заңнамаға, Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарына және осы Қағидаларға сәйкес жасалатын азаматтық-құқықтық шарт;
4) көлік құралына компонент – көлік құралы конструкциясының құрамдас бөлігі, бөлшек, торап, жинақтауыш бұйым, материал, химиялық өнім, лак-бояу өнімі және көлік құралының өндірісі үшін қажетті өзге де жинақтауыш;
3. Келісім көлік құралдарына әрбір сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі - СЭҚ ТН) әрбір коды бойынша өндірушімен 20 жыл мерзімге осы бұйрыққа 2-қосымшада келтірілген үлгілік нысанға сәйкес жасалады.
2-тарау. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу тәртібі мен шарттары
4. Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім бұрын жасалмаған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ершікті тартқыштардың (СЭҚ ТН 870120101), автобустардың (СЭҚ ТН 8702), арнайы техниканың (СЭҚ ТН 8705), жеңіл (СЭҚ ТН 8703) және жүк (СЭҚ ТН 8704) автомобильдерінің СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім осы Қағидаларыға сәйкес технологиялық жабдықты пайдалануды қосатын оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің бастапқы талаптары осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес орындағаннан кейін жасалады.
5. 2020 жылғы 31 желтоқсанда өз күшін тоқтататын, моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (көпжақты келісім) бұрын жасалған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ершікті тартқыштардың, автобустардың, арнайы техниканың, жеңіл және жүк автомобильдерінің СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды орындауды қоса алғанда, моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің (көпжақты келісімнің) бұрын қабылданған шарттары мен міндеттемелері орындалғаннан кейін ғана жасалады.
Жеңіл автомобильдердің СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы көпжақты келісімнен басқа, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының бірімен жасалған келісім шеңберінде көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы көпжақты келісімді жасасуға жол беріледі.
2021 жылғы 1 қаңтардан кейін күшіне енетін Келісімдерге осы Қағидаларға және осы келісімдерді жасасу шарттарына сәйкес оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің талаптары қолданылады.
ЕАЭО СЭҚ ТН 8704 коды бойынша моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің бұрын қабылданған шарттары мен міндеттемелерін орындау ЕАЭО СЭҚ ТН 8701 және 8705 кодтары бойынша келісім жасасуға құқық береді.
6. ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 кодын қоспағанда, ЕАЭО СЭҚ ТН 8701-8705 кодтары бойынша көпжақты келісімдерді уәкілетті орган моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің бұрын қабылданған шарттары мен міндеттемелерін орындаған Қазақстан Республикасының заңды тұлғасымен және көлік құралдарын өндіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының басқа заңды тұлғасымен шанағын немесе кабинасын дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды көпжақты келісім жасалған кезден бастап екі жылдан аспайтын мерзімде орындаған жағдайда осындай заңды тұлғамен жасайды.
7. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ершікті тартқыштардың, автобустардың, арнайы техниканың, жеңіл және жүк автомобильдерінен басқа СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім кемінде 700000 (жеті жүз мың) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде негізгі қаражат болған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген техникалық операцияларға сәйкес оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесін қолданусыз жасалады.
8. Келісімнің қолданылу кезеңінде оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесіне сәйкес келген кезде заңды тұлға мынадай технологиялық операцияларды орындау кезінде СЭҚ ТН тиісті коды бойынша көлік құралдарын шығарады:
қозғалтқышты орнату және бекіту, басқару тетіктерін қозғалтқышқа қосу;
артқы және (немесе) алдынғы аспаларды орнату;
газ шығару жүйесін орнату;
ернеулік электр тізбектерін тексеріп, аккумулятор батареяларын орнату және қосу;
жүру доңғалақтарын орнату;
тежеуіштік және салқындатқыш сұйықтықпен толтыру;
тежеуіш жүйесінің тиімділігін тексеру;
дайын моторлы көлік құралдарына бақылау сынақтарын жүргізу:
Өндірушінің шассиімен үйлесімді қоқыс шығару жабдығы мен өрт қондырымы бойынша көлік құралдарына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы жасалған келісім болған жағдайда, қоқыс тасығыш пен өрт техникасын өндіруші осындай жабдықты өндіріс кезінде пайдалануға не мынадай технологиялық операциялардың орындалуын қамтамасыз етеді:
дайындамаларды пішу және ию, шанақты (бункерлерді, контейнерлерді, цистерналарды (ыдыстарды) немесе арнайы мақсаттағы қондырмаларды) құрастыру, дәнекерлеу, бояу;
жақтауларды құрастыру, дәнекерлеу (конструкцияда бар болса);
шанақты (бункерлерді, контейнерлерді) немесе цистерналарды (ыдыстарды) немесе жалпы (арнайы) мақсаттағы қондырмаларды және аспалы жабдықты монтаждау;
басқару органдарын монтаждау;
электр жабдығы жүйесін, пневможабдықтар жүйесін (конструкцияда бар болса), гидрожабдықтар жүйесін (конструкцияда бар болса) монтаждау.
9. Оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің талаптары осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген Келісімдерді қоспағанда осы Қағидаларға және осындай Келісімдер жасасу шарттарына сәйкес жасалған келісімдердің күшіне енген сәттен бастап, бірақ 2021 жылғы 1 қаңтардан ерте емес қолданылады.
10. Осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес келісімді жасау үшін өндіруші уәкілетті органға еркін нысанда жазбаша өтініш жібереді.
Осы Қағидалардың 4-тармағы шеңберінде өтінішке мынадай құжаттар:
1) екі ауысымдық жұмыс режимі кезінде кәсіпорынның өндірістік қуаты жеңіл автомобильдерге қатысты - жылына кемінде жиырма бес мың, ершікті тартқыштарға, арнайы техникаға және жүк автомобильдеріне қатысты - жылына кемінде он мың, автобустарға қатысты - жылына кемінде бір мың екі жүз болатын СЭҚ ТН-ның тиісті коды бойынша жеңіл автомобильдерге қатысты - кемінде екі модельді, ершікті тартқыштарға, автобустарға, арнайы техникаға және жүк автомобильдеріне қатысты кемінде бір модельді дәнекерлеу, бояу (жеңіл автомобильдер бойынша катафорезді қоса алғанда) және шанақты (кабинаны) құрастыру жөніндегі технологиялық операцияларды кәсіпорында ұйымдастыруды растайтын құжаттардың көшірмелері;
Дәнекерлеу, бояу (жеңіл автомобильдер бойынша катафорезді қоса алғанда) және шанақты (кабинаны) құрастыру жөніндегі технологиялық операцияларды кәсіпорында ұйымдастыруды растайтын құжаттар:
жабдықтың түрін және өндірістік қуатты көрсете отырып, шанақты (кабинаны) дәнекерлеу, бояу және құрастыру жөніндегі өндірістік қуаттарды пайдалануға беру актісі;
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жабдықтың шығу тегі туралы декларация немесе шанақты дәнекерлеу, бояу және құрастыру жөніндегі жабдықтың шығу тегі туралы сертификат;
тауар таңбасының және (немесе) көлік құралы конструкциясының иесінен көлік құралын шығарудың лицензиялық құқықтарын растайтын құжат;
өндірушінің басшысы куәландырған ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша көлік құралының түрін мақұлдаудың көшірмесі;
2) осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің бастапқы талаптарына сәйкес өндірістік активтердің болуы туралы аудиттелген қаржылық есептілік;
3) технологиялық операцияларды ескере отырып қалыптастырылатын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді іске асырудың жоспар-кестесінің жобасы (бұдан әрі – жоспар-кесте) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде, екі данада қоса беріледі;
11. Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес Келісімді жасау үшін өндіруші 2020 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей уәкілетті органға еркін нысанда жазбаша өтініш жібереді.
Осы Қағидалардың 5-тармағы шеңберінде өтінішке мынадай құжаттар:
1) уәкілетті органнан хабарлама алғаннан кейін бір ай мерзімде анықталған бұзушылықтарды жоймау немесе тиісінше жоймау бөлігінде моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің (көпжақты келісімнің) бұрын қабылданған шарттары мен міндеттемелері орындалмаған жағдайда дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды орындауды және жобалық қуатты қоса алғанда, моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің (көпжақты келісімнің) бұрын қабылданған шарттары мен міндеттемелерінің орындалуын растайтын құжаттардың көшірмелері.
Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің (көпжақты келісімнің) шарттары мен міндеттемелері орындалғандығын растайтын құжаттар:
жабдықтың түрін және өндірістік қуатты көрсете отырып, шанақты (кабинаны) дәнекерлеу, бояу және құрастыру жөніндегі өндірістік қуаттарды пайдалануға беру актісі;
Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісі;
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жабдықтың шығу тегі туралы декларация немесе шанақты дәнекерлеу, бояу және құрастыру жөніндегі жабдықтың шығу тегі туралы сертификат;
тауар таңбасының және (немесе) көлік құралы конструкциясының иесінен көлік құралын шығарудың лицензиялық құқықтарын растайтын құжат;
өндірушінің басшысы куәландырған ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша көлік құралының түрін мақұлдаудың көшірмесі;
2) технологиялық операцияларды ескере отырып қалыптастырылатын жоспар-кестесінің жобасы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде, екі данада қоса беріледі;
12. Осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес келісімді жасау үшін өндіруші уәкілетті органға еркін нысанда жазбаша өтініш жібереді.
Осы Қағидалардың 7-тармағы шеңберінде өтінішке мынадай құжаттар:
1) ершікті тартқыштардың, автобустардың, арнайы техниканың, жеңіл және жүк автомобильдерінен басқа СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өндіруді кәсіпорында ұйымдастыруды растайтын құжаттардың көшірмелері;
Ершікті тартқыштардың, автобустардың, арнайы техниканың, жеңіл және жүк автомобильдерінен басқа СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өндіруді кәсіпорында ұйымдастыруды растайтын құжаттар:
өндірушінің қолымен расталған ұсыну күніне негізгі қаражаттарды көрсете отырып қаржылық есептілігі
көлік құралын шығару құқығын растайтын құжаты болып табылады;
2) технологиялық операцияларды ескере отырып қалыптастырылатын жоспар-кестесінің жобасы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде, екі данада қоса беріледі.
13. Уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде өндіруші ұсынған құжаттардың қарайды және келісім жасасу туралы немесе келісім жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және өндірушіні жазбаша хабарлайды.
Уәкілетті орган өндірушіні кемінде үш жұмыс күні бұрын алдын ала хабардар ете отырып, өндіруші ұсынған құжаттардың сәйкестігін және дұрыстығын тексеру мақсатында комиссияның шығуын ұйымдастыруға құқылы. Көшпелі тексерудің қорытындылары бойынша комиссия хаттамалық шешім қабылдайды және оның шығуы жүзеге асырылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде өндірушіге жібереді. Көшпелі тексеру мерзімдері осы Қағидалардың 10, 11 және 12-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның қарау мерзіміне енгізілмейді.
14. Келісім жасасу туралы шешім қабылданған жағдайда уәкілетті орган өндірушіге Келісім жобасын және жоспар-кестені мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жібереді.
15. Өндіруші Келісім жобасын мен жоспар-кестенің жобаларын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өндірушінің қолымен расталған келісім мен жоспар-кесте жобаларының даналарын не болмаса келісімді жасасудан уәжді бас тарту туралы хабарламаны жібереді.
16. Уәкілетті органға өндірушінің қолымен расталған келісім мен жоспар-кесте жобаларының даналарын осы Қағидалардың 16-тармағында белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда өндіруші келісімді жасасудан бас тартқан болып саналады.
17. Келісім жобасының және жоспар-кестенің даналарын алғаннан кейін уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде келісімге және жоспар-кестеге қол қояды, тіркейді және бір данасын өндірушіге жібереді.
Жасалған келісімдерді есепке алуды уәкілетті орган жүзеге асырады.
18. Өндірушіге мынадай:
1) осы Қағидалардың 10, 11 және 12-тармақтарында көзделген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған;
2) өндіруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің), оның ішінде комиссияны тексеру нәтижесінде дұрыс еместігін анықтаған жағдайларда келісім жасасудан бас тартады
3-тарау. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімді өзгерту және бұзу үшін негіздемелер
19. Келісімге мынадай негіздер бойынша:
1) осы Келісімнің ережелерін нашарлатуға әкелмеген жағдайда өндірушінің қызметіне қатысы Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде;
2) тараптардың бірі көпжақты келісімнің талаптарын орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты не осындай тараптың бастамасы бойынша шығарылған кезде;
3) заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда;
4) келісімде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кез келген өзге де жағдайларда өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
20. Келісім мынадай негіздер бойынша:
1) тараптардың келісімі бойынша;
2) өндіруші анықталған бұзушылықтарды, хабарламада көрсетілген мерзімде, уәкілетті органның бастамасы бойынша бір жақты тәртіпте жоймаған жағдайда;
3) уәкілетті органды алдын ала хабардар ете отырып, өндірушінің бастамасы бойынша;
4) келісімде және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда бұзылады.
21. Осы Қағидалардың 21-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша Келісім бұзылған кезде тиісті тарап келісімді бұзудың болжамды күніне дейін отыз жұмыс күні бұрын Келісімде көзделген тәртіппен екінші тарапты хабардар етуі тиіс.
22. Өндіруші Келісімнің талаптарын орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты Келісімді бұзған кезде өндіруші Келісім жасалған күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына және Келісімге сәйкес ЕАЭО СЭҚ ТН тиісті коды бойынша ұсынылған жеңілдіктерді өтейді.
Тараптардың бірінің көпжақты келісімнің талаптарын орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты көпжақты келісім бұзылған жағдайда, оны бұзған тарап көпжақты келісім жасалған күннен бастап оған берілген барлық жеңілдіктерді өтейді.
4-тарау. Ершікті тартқыштарға, автобустарға, арнайы техника мен жеңіл және жүк автокөліктерге қатысты өндірісті оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесі
23. Келісімді іске асыру шеңберінде уәкілетті орган Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің және Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін көлік құралына көлік құралдарын өндіру кезінде бұйымдар мен құрауыштарды, сондай-ақ көлік құралдарын құрастыру жөніндегі технологиялық операцияларды және өзге де талаптарды қолдануды бағалауды жүргізеді, оның қорытындысы бойынша өндірушіге осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларына сәйкес көлік құралының СЭҚ ТН әрбір коды бойынша балл беріледі.
24. Өндірушілерді көлік құралдарын өндіру кезінде осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің және Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін көлік құралдарына қосымша бұйымдар мен құрауыштарды, технологиялық операцияларды және өзге де талаптарды қолдану бойынша ынталандыру мақсатында көлік құралдарын өнеркәсіптік жинау үшін әрбір бес жыл сайын ұлғайтылатын шекті балдар белгіленеді.
Өндіруші келісім жасасу кезінде және оның қолданылу кезеңінде қол жеткізуге тиіс шекті мән 3000 баллды құрайды. Әрбір келесі бес жыл сайын шекті мән 2000 балға ұлғайтылатын болады. Ағымдағы кезеңге белгіленген шекті мәннен баллдар асып кеткен жағдайда, көрсетілген баллдар келесі кезеңге арналған шекті мәнді есептеу кезінде ескеріледі.
25. Өндіруші Келісімнің қолданылуы кезінде шекті мәнге қол жеткізбеген жағдайда, Келісім осы Қағидалардың 20-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұзылады.
26. Уәкілетті орган осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес баллдарды көрсете отырып, келісім жасасу кезінде көлік құралдары өндірісін оқшаулауды бағалауды растауды жазбаша түрде (бұдан әрі – растау хаты) өндірушіге жібереді.
27. Растау хаты өндірушінің көлік құралдарын өнеркісіптік құрау үшін осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің және Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін көлік құралдарына қосымша бұйымдар мен құрауыштарды, технологиялық операцияларды және өзге де талаптарды қолдану кезінде өзектендіріледі.
28. Растау хатын өзектендіру өндірушінің уәкілетті органға растайтын құжаттарды ұсына отырып, жазбаша өтініші бойынша және жоспар-кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
29. Уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды, оның қорытындысы бойынша жаңартылған растау хатын береді немесе өндіруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда, өндірушіні растау хатын жаңартудан бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттары, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелеріне 1-қосымша |
Оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің бастапқы талаптары
№ | Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік құрастыру үшін бастапқы талаптар тізбесі |
1. | моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім бұрын жасалмаған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен жеңіл автомобильдерін өндіруге қатысты |
1) | 18 млн. АЕК-тен кем емес өндірістік активтердің болуы |
2) | Екі ауысымдық режимде өндірістік қуаты жылына 25 мың бірліктен кем емес болуы |
3) | Кемінде шанақтың екі моделін дәнекерлеу |
4) | Катафорезді қоса алғанда, кемінде шанақтың екі моделін бояу |
5) | Көлік құралын құрастыру (күштік агрегатты, артқы осьті, шығару жүйесін, электр жабдығының элементтерін, аспа элементтерін монтаждау, дайын көлік құралдарына бақылау сынақтарын жүргізу) |
2. | Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім бұрын жасалмаған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ершікті тартқыштар, автобустар, арнайы техника және жүк автомобильдерін өндіруге қатысты |
1) | ершікті тартқыштарға, автобус, арнайы техникаға және жүк автомобильдеріне қатысты – 750 мың АЕК-тен кем емес өндірістік активтердің болуы |
2) | Екі ауысымдық режимде өндірістік қуаты жылына ершікті тартқыштарға, арнайы техникаға және жүк автомобильдеріне қатысты - жылына кемінде он мың, автобустарға қатысты - жылына кемінде бір мың екі жүз болуы |
3) | Автобустарға қатысты кемінде шанақтың бір моделін дәнекерлеу, ершікті тартқыштар, арнайы техника және жүк автомобильдеріне қатысты кемінде кабинаның бір моделін дәнекерлеу |
4) | Автобустарға қатысты кемінде шанақтың бір моделін бояу, ершікті тартқыштар, арнайы техника және жүк автомобильдеріне қатысты кемінде кабинаның бір моделін бояу |
5) | Көлік құралын құрастыру (күштік агрегатты, артқы осьті, шығару жүйесін, электр жабдығының элементтерін, аспа элементтерін монтаждау, дайын көлік құралдарына бақылау сынақтарын жүргізу) |
6) | Арнайы техникаға қатысты – дайындамаларды пішу және ию, шанақты немесе өзге де аспалы жабдықты құрастыру, дәнекерлеу, бояу |
7) | Оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің бастапқы талаптарының 2-тармағының 1-тармақшасына қосымша автобустарға қатысты – ажарлау цехының, құрғақ типті бүріккішпен бояу және кептіру бөлмелерінің, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды: корпусты ажарлау, базалық және аралық қабатты сырлау және кептіру, тегістеуді орындау үшін жабдықтардың болуы |
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттары, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелеріне 2-қосымша |
Жеңіл автомобильдерін өндіруге қатысты оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесі
№ | Қазақстан Республикасында өндірістік құрастыру үшін талаптар тізбесі | Баллы |
1 | Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім бұрын жасалмаған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен жеңіл автомобильдерін өндіруге қатысты оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің бастапқы талаптары орындау | 3000 |
2 | Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (көпжақты келісім) бұрын жасалған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің (көпжақты келісімнің) бұрын қабылданған шарттары мен міндеттемелерін орындау | 3000 |
3 | Негізгі қаражаттарға кемінде 2 млн. АЕК қосымша инвестициялар | 500 |
4 | Көлік құралының бір моделінің шанағын (қара шанақ массасының 50%-дан кем емес) қалыптау | 500 |
5 | Көлік құралының қосымша моделінің шанағын (қара шанақ массасының 50%-дан кем емес) қалыптау | 500 |
6 | Көлік құралының қосымша моделінің шанағын дәнекерлеу | 1000 |
7 | Көлік құралының қосымша моделінің шанағын бояу | 1000 |
8 | Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдер мен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін көлік құралына бұйымдар мен құрауыштарды қолдану: | |
1) | Қозғалтқыш | 500 |
2) | АБҚ (берілісті ауыстыру қорабы) | 500 |
3) | Вариатор | 500 |
4) | АКБ (аккумулятор батареясы)* | 500 |
5) | Дөңгелек дискілер* | 500 |
6) | Шина* | 500 |
7) | Бампер* | 500 |
8) | Орындықтар* | 200 |
9) | Шығару жүйесі | 100 |
10) | Диагностика және қашықтықтан басқару жүйелері | 100 |
11) | Шыны | 100 |
12) | Сымдардың бумасы* | 500 |
13) | Техникалық сұйықтықтар: | |
а | Мотор майы* | 50 |
б | АБҚ майы | 20 |
в | Тежегіш сұйықтығы | 20 |
г | Салқындатқыш | 20 |
д | Жуу сұйықтығы | 10 |
14) | Сүзгілер* | 200 |
15) | Радиатор | 100 |
16) | Түтіктер мен құбыршектер | 50 |
17) | Мойынтіректер | 50 |
18) | Қауіпсіздік белдіктері | 50 |
19) | Қауіпсіздік жастықтары | 200 |
20) | Сыртқы жарықтандыру бұйымдары | 100 |
21) | Сөндіргіш және газ шығаратын түтік | 50 |
22) | Тежегіш жүйесі | 100 |
23) | Қозғалтқышты басқарудың электрондық блогы | 200 |
24) | Бұғаттаушқа қарсы жүйені және автомобильді динамикалық тұрақтандырудың электрондық жүйесін басқару блоктары, гидроблок (модулятор) | 200 |
25) | Трансмиссияны басқарудың электрондық блогы | 200 |
26) | Шанақ электроникасың электронды басқару блогы | 200 |
27) | Аспаптар комбинациясын басқару блогы | 200 |
28) | Жақтау | 100 |
29) | Кергіш | 100 |
30) | Спойлер | 100 |
31) | Тұтқа жүйесі | 200 |
32) | Тұтқа дөңгелегі | 50 |
33) | Айналар | 50 |
34) | Ақпараттық-ойын-сауық жүйесінің аспаптары, мультимедиялық жүйе | 100 |
35) | Лак-бояу материалдары | 100 |
36) | Аспа немесе пневмоаспа | 100 |
37) | Отын багы (электромобильдерден басқа) | 50 |
38) | Көпірлер мен көпір бәсеңдеткіштері | 200 |
39) | ЭВАК немесе ГЛОНАСС түріндегі шұғыл шақыру жүйесінің блогы | 100 |
9 | Көлік құралдарын құрастыру бойынша технологиялық операциялар: | |
1) | Қозғалтқышы орнату | 200 |
2) | АБҚ орнату | 100 |
3) | Вариаторды орнату | 100 |
4) | АКБ (аккумуляторлық батарея) орнату | 50 |
5) | Шиналарды орнату | 50 |
6) | Бамперді орнату | 50 |
7) | Спойлерді орнату | 20 |
8) | Орындықты орнату | 50 |
9) | Радиаторды орнату | 20 |
10) | Шығару жүйесін орнату | 20 |
11) | Диагностика және қашықтықтан басқару жүйесін орнату | 20 |
12) | Шыныны орнату | 20 |
13) | Қауіпсіздік жастығын орнату | 50 |
14) | Жарықтандыру жүйесін орнату | 20 |
15) | Тежегіш жүйесін орнату | 50 |
16) | Қозғалтқышты басқарудың электрондық блогын орнату | 50 |
17) | Трансмиссияны басқарудың электрондық блогын орнату | 50 |
18) | Шанақ электроникасын басқарудың электрондық блогын орнату орнату | 50 |
19) | Аспаптар комбинациясын басқару блогын орнату | 20 |
20) | Жақтауды, кергішті орнату | 20 |
21) | Тұтқы жүйесін орнату | 50 |
22) | Тұтқы дөңгелегін орнату | 20 |
23) | Ақпараттық-ойын-сауық жүйесінің (мультимедиялық жүйенің) аспаптарын орнату | 20 |
24) | Аспаны немесе пневмоаспаны орнату | 20 |
25) | Отын багының орнату | 20 |
26) | Кондиционерлеу жүйесін орнату | 100 |
27) | Салонды жылыту жүйесін орнату | 50 |
28) | ЭВАК немесе ГЛОНАСС түріндегі шұғыл шақыру жүйесін орнату | 100 |
10 | Өзге талаптар: | |
1) | Өнертабысқа патенттер (өткен жылы алынған әрбір патент үшін) | 100 |
2) | ҒЗТКЖ (түсімнің әрбір 0,05% үшін) | 50 |
3) | Экологиялық стандарттарға (ISO 14001, ISO 9004, ISO 9001, ISO 9014) сәйкес келетін "жасыл" технологияларды қолдану және/немесе "жасыл" жобаларға/бастамаларға қатысу | 100 |
4) | Кадрларды даярлау мақсатында кәсіпорын құрылымында оқыту орталықтарының болуы немесе біліктілікті арттыру мақсатында персоналды оқыту | 100 |
5) | Кәсіпорында дуальді оқыту жүйесін іске асыру: жоғары оқу орындарымен және колледждермен шарттардың, оқу бағдарламалары мен жоспарларының болуы | 30 |
6) | Оқу инфрақұрылымының: жабдықталған оқу сыныптары, жаттығу алаңдары, oқу жабдықтарыболуы | 20 |
7) | Жоғары және орта оқу орындарының студенттері мен оқытушылары үшін өндірістік тағылымдамалар мен практика жүйесінің: тағылымдамалар бағдарламалары, сертификаттар, тізімдерінің болуы | 30 |
8) | Кадрларды кәсіби даярлаудың, дуальді оқытудың және адами ресурстарды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысу | 30 |
9) | Процестерді автоматтандыруға, өнімділік пен тиімділікті арттыруға бағытталған цифрландыру және/немесе ақпараттық технологиялар бойынша технологияларды қолдану | 200 |
10) | Жылына өндірілген көлік құралдары экспортының әрбір 5% үшін | 250 |
11) | Компонентердің шағын өндірушілері үшін технологиялық және/немесе индустриялық паркті құру | 200 |
* Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген жиынтықтаушы бұйымдар мен материалдар. Көлік құралын өндіру үшін бұйымдар мен материалдар үйлеспейтін жағдайда, уәкілетті органға барлық қажетті растайтын құжаттарды ұсына отырып, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмеген жинақтаушы бұйымдар мен материалдарды пайдалануға 0.5 коэффициентін қолданумен жол беріледі.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттары, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелеріне 3-қосымша |
Ершікті тартқыштар, автобустар, арнайы техника және жүк автомобильдерін өндіруге қатысты оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесі
№ | Қазақстан Республикасында өндірістік құрастыру үшін талаптар тізбесі | Баллы |
1 | Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім бұрын жасалмаған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ершікті тартқыштар, автобустар, арнайы техника және жүк автомобильдерін өндіруге қатысты оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің бастапқы талаптары орындау | 3000 |
2 | Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (көпжақты келісім) бұрын жасалған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің (көпжақты келісімнің) бұрын қабылданған шарттары мен міндеттемелері орындау | 3000 |
3 | Негізгі қаражаттарға кемінде 100 мың АЕК қосымша инвестициялар | 500 |
4 | Көлік құралының қосымша моделінің (3 модельден артық емес) шанағын/кабинасын қалыптау | 500 |
5 | Көлік құралының қосымша моделінің (3 модельден артық емес) шанағын/кабинасын дәнекерлеу | 500 |
6 | Көлік құралының қосымша моделінің (3 модельден артық емес) шанағын/кабинасын бояу | 500 |
7 | Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдер мен Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін көлік құралына бұйымдар мен құрауыштарды қолдану: | |
1) | Қозғалтқыш: | 500 |
2) | АБҚ (ауыспалы беріліс қорабы)* | 500 |
3) | Вариатор | 600 |
4) | АКБ (аккумулятор батареясы)* | 500 |
5) | Дискілер | 500 |
6) | Шиналар* | 500 |
7) | Бамперлер* | 500 |
8) | Орындықтар* | 200 |
9) | Шығару жүйесі | 100 |
10) | Диагностика және қашықтықтан басқару жүйелері | 100 |
11) | Шыны | 100 |
12) | Сымдардың бумасы* | 400 |
13) | Техникалық сұйықтықтар* | |
а | Мотор майы* | 50 |
б | АБҚ майы | 20 |
в | Тежегіш сұйықтығы | 20 |
г | Салқындатқыш | 20 |
д | Жуу сұйықтығы | 10 |
14) | Сүзгілер* | 200 |
15) | Радиатор | 100 |
16) | Түтіктер мен құбыршектер | 50 |
17) | Мойынтіректер | 50 |
18) | Қауіпсіздік белдіктері | 50 |
19) | Қауіпсіздік жастықтары | 200 |
20) | Сыртқы жарықтандыру бұйымдары | 100 |
21) | Сөндіргіш және газ шығаратын түтік | 50 |
22) | Тежегіш жүйесі | 100 |
23) | Қозғалтқышты басқарудың электрондық блогы | 200 |
24) | Бұғаттаушқа қарсы жүйені және автомобильді динамикалық тұрақтандырудың электрондық жүйесін басқару блоктары, гидроблок (модулятор) | 200 |
25) | Трансмиссияны басқарудың электрондық блогы | 200 |
26) | Шанақ электроникасың электронды басқару блогы | 200 |
27) | Аспаптар комбинациясын басқару блогы | 200 |
28) | Жақтау | 100 |
29) | Кергіш | 100 |
30) | Тұтқа жүйесі | 200 |
31) | Тұтқа дөңгелегі | 50 |
32) | Айналар | 50 |
33) | Ақпараттық-ойын-сауық жүйесінің аспаптары, мультимедиялық жүйе | 100 |
34) | Лак-бояу материалдары | 100 |
35) | Аспа немесе пневмоаспа | 200 |
36) | Отын багы (электромобильдерден басқа) | 50 |
37) | Көпірлер және (немесе) көпір бәсеңдеткіштері* | 500 |
38) | Жүк көлік құралының жетекші көпірін басты берілісі | 200 |
39) | ЭВАК немесе ГЛОНАСС түріндегі шұғыл шақыру жүйесінің блогы | |
40) | Жалпы және (немесе) арнайы мақсаттағы қондырма: | |
а | Автокран | 100 |
б | Рефрижератор | 100 |
в | Цистерна* | 500 |
г | Самосвал корпусы | 100 |
д | Борттық платформа | 75 |
е | Өрт сөндіру автомобилі* | 500 |
ж | Қоқыс тасушы* | 500 |
з | Реанимобиль | 100 |
и | Медициналық автокөлік | 100 |
к | Тұтқындарды тасымалдауға арналған автомобиль | 100 |
л | Эвакуатор | 100 |
м | Демонстранттарды таратуға арналған автомобиль | 100 |
н | Коммуналдық-жол техникасы | 100 |
о | Өнеркәсіптік тауар фургоны | 100 |
п | Изотермиялық фургон | 100 |
р | Самосвал | 100 |
с | Арнайы мақсаттағы басқа қондырмалар | 100 |
т | Жалпы мақсаттағы басқа қондырмалар | 100 |
8 | Көлік құралдарын құрастыру бойынша технологиялық операциялар: | |
1) | Қозғалтқышты орнату | 100 |
2) | АБҚ орнату | 100 |
3) | АКБ (аккумуляторлық батарея) орнату | 20 |
4) | Шиналарды орнату | 50 |
5) | Бамперді орнату | 50 |
6) | Орындықты орнату | 20 |
7) | Радиаторды орнату | 20 |
8) | Шығару жүйесін орнату | 20 |
9) | Шыныны орнату | 20 |
10) | Қауіпсіздік жастығын орнату | 50 |
11) | Сыртқы жарықтандыру бұйымдарын орнату | 20 |
12) | Тежегіш жүйесін орнату | 50 |
13) | Қозғалтқышты басқарудың электрондық блогын орнату | 50 |
14) | Трансмиссияны басқарудың электрондық блогын орнату | 50 |
15) | Шанақ электроникасын басқарудың электрондық блогын орнату | 50 |
16) | Аспаптар комбинациясын басқару блогын | 20 |
17) | Жақтауды, кергішті құрастыру, орнату | 20 |
18) | Тұтқы жүйесін орнату | 20 |
19) | Тұтқы дөңгелегін құрастыру, орнату және бақылау сынақтарын жүргізу | 50 |
20) | Ақпараттық-ойын-сауық жүйесінің (мультимедиялық жүйенің) аспаптарын орнату | 20 |
21) | Аспаны немесе пневмоаспаны орнату | 20 |
22) | Отын багының орнату | 20 |
23) | Кондиционерлеу жүйесін орнату | |
24) | Салонды жылыту жүйесін орнату | |
25) | ЭВАК немесе ГЛОНАСС түріндегі шұғыл шақыру жүйесін орнату | |
26) | Жалпы және (немесе) арнайы мақсаттағы қондырманы орнату: | |
а | Автокран | 100 |
б | Рефрижератор | 100 |
в | Цистерна* | 100 |
г | Самосвал корпусы | 100 |
д | Борттық платформа | 100 |
е | Өрт сөндіру автомобилі | 100 |
ж | Қоқыс тасушы | 100 |
з | Реанимобиль | 100 |
и | Медициналық автокөлік | 100 |
к | Тұтқындарды тасымалдауға арналған автомобиль | 100 |
л | Эвакуатор | 100 |
м | Демонстранттарды таратуға арналған автомобиль | 100 |
н | Коммуналдық-жол техникасы | 100 |
о | Өнеркәсіптік тауар фургоны | 100 |
п | Изотермиялық фургон | 100 |
р | Самосвал | 100 |
с | Арнайы мақсаттағы басқа қондырмалар | 100 |
т | Жалпы мақсаттағы басқа қондырмалар | 100 |
9 | Өзге талаптар: | |
1) | Өнертабысқа патенттер (өткен жылы алынған әрбір патент үшін) | 100 |
2) | ҒЗТКЖ (түсімнің әрбір 0,05% үшін) | 50 |
3) | Экологиялық стандарттарға (ISO 14001, ISO 9004, ISO 9001, ISO 9014) сәйкес келетін "жасыл" технологияларды қолдану және/немесе "жасыл" жобаларға/бастамаларға қатысу | 100 |
4) | Кадрларды даярлау мақсатында кәсіпорын құрылымында оқыту орталықтарының болуы немесе біліктілікті арттыру мақсатында персоналды оқыту | 100 |
5) | Кәсіпорында дуальді оқыту жүйесін іске асыру: жоғары оқу орындарымен және колледждермен шарттардың, оқу бағдарламалары мен жоспарларының болуы | 30 |
6) | Оқу инфрақұрылымының: жабдықталған оқу сыныптарының, жаттығу алаңдарының, oқу жабдықтарының болуы | 20 |
7) | Жоғары және орта білім беру оқу орындарының студенттері мен оқытушылары үшін өндірістік тағылымдамалар мен практика жүйесінің: тағылымдамалар бағдарламаларының, сертификаттардың, тізімдерінің болуы | 30 |
8) | Кадрларды кәсіби даярлаудың, дуальді оқытудың және адами ресурстарды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысу | 30 |
9) | Процестерді автоматтандыруға, өнімділік пен тиімділікті арттыруға бағытталған цифрландыру және/немесе ақпараттық технологиялар бойынша технологияларды қолдану | 200 |
10) | Жылына өндірілген көлік құралдары экспортының әрбір 5% үшін | 250 |
11) | Компонентердің шағын өндірушілері үшін технологиялық және/немесе индустриялық паркті құру | 200 |
* Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген жиынтықтаушы бұйымдар мен материалдар. Көлік құралын өндіру үшін бұйымдар мен материалдар үйлеспейтін жағдайда, уәкілетті органға барлық қажетті растайтын құжаттарды ұсына отырып, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмеген жинақтаушы бұйымдар мен материалдарды пайдалануға 0.5 коэффициентін қолданумен жол беріледі.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттары, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелеріне 4-қосымша |
Ершікті тартқыштарды, автобустарды, арнайы техниканы, жеңіл және жүк автомобильдерін қоспағанда, көлік құралдарын өндіру бойынша технологиялық операциялар
ЕАЭО СЭҚ ТН* коды | Көлік құралының атауы | Технологиялық операциялар** |
8429 | Жол-құрылыс техникасы (Экскаватор-тиегіштер) |
1.Өндіріс басталған сәтте (жаңа өндіріс) немесе келісім жасалған сәтте (қолданыстағы өндіріс) мыналарды : |
8703 | Қар-батпақ, қарда жүргіш, квадроцикл |
1. Өндіріс басталған сәтте (жаңа өндіріс) немесе келісім жасалған сәтте (қолданыстағы өндіріс) және келісім жасалған сәттен бастап немесе өндіріс басталған сәттен бастап келесі жылдары мынадай операциялар мен талаптарды жүзеге асыру: |
8716 | Тіркемелер, жартылай тіркемелер, тіркеме-цистерналар, жартылай тіркеме-цистерналар |
Тіркемелерді, жартылай тіркемелерді, тіркеме-цистерналарды, жартылай тіркеме-цистерналарды жинауды, дәнекерлеуді және бояуды қоса алғанда, өндірісті (дайындамаларды пішуді және июді қоса алғанда), сондай-ақ мынадай операциялардың кемінде 4-ін жүзеге асыру: |
Ескертпе:
* ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасы.
** Технологиялық операциялар көлік құралының конструкциясында аталған бөліктер мен түйіндер болған кезде қолданылады.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу қағидалары мен шарттары, сондай-ақ оны өзгерту және бұзу үшін негіздемелеріне 5-қосымша |
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімін жүзеге асырудың жоспар-кестесі
№ | ЕАЭО СЭҚ ТН* коды | СЭҚ ТН коды бойынша көлік құралдарының атауы | көлік құралдарын (моделін) өндіру бойынша технологиялық операциялар | Орындау мерзімдері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ескертпе:
* ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасы.
Уәкілетті орган |
Өндіруші |
_____________________________________________ |
________________________________________ |
Күні 20__ жылғы "___" _______
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы ___________ № ____ бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісіміне үлгілік нысан
Нұр-Сұлтан қ.
_________________
(күні, айы, жылы)
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы осы келісім (бұдан әрі – Келісім) бұдан әрі Тараптар деп аталатын
____________________________ негізінде әрекет ететін ___________________ атынан
(өкілеттігін растайтын құжат) (уәкілетті органның атауы)
_________________________________________________________________________
(бұдан әрі –Уәкілетті орган) (басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тегі,
аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
және __________________________________________________ негізінде әрекет ететін
(өкілеттігін растайтын құжат)
______________________________________. атынан _____________________________
Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы
_________________________________________________________________________
бірінші басшының немесе өзге уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
(бұдан әрі – Өндіруші) арасында жасалып, мыналар:
1) Уәкілетті органға осы Келісімді жасасуға және оның орындалуын бақылауға тікелей байланысты құқықтар берілгені;
2) Тараптар Келісімнің шарттарын іске асыру кезінде оның өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласты және төмендегілер туралы осы Келісімді жасасқаны назарға алынды.
1-тарау. Келісімнің мәні
1. Осы Келісімнің мәні Қазақстан Республикасының мемлекеттік қолдауын ескере отырып, көлік құралдары өндірісінің дамуына бағытталған көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру кезінде өзара міндеттемелер мен кепілдіктерді белгілеу және іске асыру жөніндегі Тараптардың өзара іс-қимылы болып табылады.
2. Мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы нашарлату жағына қарай өзгерген жағдайда келісім күшіне енген кезде қолданылатын заңнамалар нормалары қолданылады.
2-тарау. Тараптардың міндеттері мен құқықтары
3. Өндіруші:
1) көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыруды қамтамасыз етуге;
2) оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің талаптарын орындауға;
3) келісім жасасқаннан кейін әрбір келесі бес жылда оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесінің шекті мәніне қол жеткізуге;
4) Уәкілетті органның сұрауы бойынша ол қабылдаған міндеттемелерді орындау жөніндегі барлық қажетті құжаттарды ұсынуға, сондай-ақ комиссияның көшпелі тексеруі кезінде өндірістік қуаттарды және (немесе) жүзеге асырылатын технологиялық операцияларды көрсетуге;
5) анықталған бұзушылықтар жойылған кезде Уәкілетті органға бір ай мерзім ішінде растайтын құжаттарды ұсына отырып, оларды жою туралы хабарлама жіберуге міндеттенеді.
4. Уәкілетті орган:
1) осы Келісімнің шарттарын нашарлату жағына өзгертуге әкеп соқтыратын Өндірушінің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізбеуге;
2) келісімнің іске асырылуын бақылауды;
3) Уәкілетті орган тексеру жүргізгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде өндірушіге келісім шеңберінде қабылданған міндеттемелерді өндірушінің орындауы, орындамауы немесе тиісінше орындамауы туралы хаттамалық шешім ұсынуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндеттенеді.
5. Өндіруші мыналарға:
1) өзіне алған міндеттемелерді іске асыру үшін Келісімнің шарттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген іс-әрекеттер жасауға;
2) Уәкілетті органға келісім жасасқан өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын енгізуге қатысты ұсыныстар жіберуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кез келген жолмен өз құқықтарын қорғауғаға және:
- мемлекеттік билік органының заңға сәйкес келмейтін актісін шығаруға, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) нәтижесінде;
- уәкілетті органның осы Келісім бойынша міндеттемелерді бұзуы нәтижесінде өзіне келтірілген шығындардың толық өтелуін талап етуге;
4) Келісімнің қолданылу кезеңінде оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесіне сәйкес келген кезде мынадай:
қозғалтқышты орнату және бекіту, басқару тетіктерін қозғалтқышқа қосу;
артқы аспаларды және (немесе) алдыңғы аспаларды орнату;
газ шығару жүйесін орнату;
ернеулік электр тізбектерін тексеріп, аккумулятор батареяларын орнату және қосу;
жүру доңғалақтарын орнату;
тежеуіштік және салқындатқыш сұйықтықпен толтыру;
тежеуіш жүйесінің тиімділігін тексеру;
дайын моторлы көлік құралдарына бақылау сынақтарын жүргізу;
Өндірушінің шассиімен үйлесімді қоқыс тасығыш жабдық пен өрт қондырмасы бойынша көлік құралдарына құрауыштарды өнеркәсіптік құрау туралы жасалған келісім бар болған жағдайда, қоқыс тасығыш және өрт техникасын өндіруші мұндай жабдықты өндіріс кезінде пайдалануы немесе мынадай технологиялық операцияларды орындауды қамтамасыз етеді:
дайындамаларды пішу және ию, шанақты (бункерлерді, контейнерлерді, цистерналарды (ыдыстарды) немесе арнайы мақсаттағы қондырмаларды) құрастыру, дәнекерлеу, бояу;
жақтауларды құрастыру, дәнекерлеу (конструкцияда бар болса);
шанақты (бункерлерді, контейнерлерді) немесе цистерналарды (ыдыстарды) немесе жалпы (арнайы) мақсаттағы қондырмаларды және аспалы жабдықты монтаждау;
басқару органдарын монтаждау;
электр жабдығы жүйесін, пневможабдықтар жүйесін (конструкцияда бар болса), гидрожабдықтар жүйесін (конструкцияда бар болса) монтаждау технологиялық операцияларды орындау кезінде СЭҚ ТН-нің тиісті коды бойынша көлік құралдарын өндіруге;
5) өнеркәсіптік құрастыру кезінде басқа қазақстандық заңды тұлғалармен жекелеген операцияларды бірлесіп жүргізуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды орындауға құқылы.
6. Уәкілетті орган мыналарға:
1) келісімнің шарттарын орындау бойынша қажетті ақпаратты сұратуға;
2) осы Келісімде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау мақсатында жылына екі реттен асырмай көшпелі тексерулерді жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының аумағында жекелеген құрауыштардың өндірістері және (немесе) көлік құралдарын құрастыру бойынша техникалық операциялары пайда болған кезде оқшаулауды бағалаудың балдық жүйесін жаңарту;
4) келісім жасасқан өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын енгізуге қатысты ұсыныстар әзірлеуге және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.
3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
6. Келісімді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар осы Келісімге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
7. Келісім орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда уәкілетті орган өндірушіге анықталған бұзушылықтарды көрсете отырып, бұзушылықтарды жою қажеттігі туралы жазбаша нысанда хабарлама жібереді.
Бұзушылықтарды жоюды өндіруші хабарламаны алған күннен бастап бір ай мерзімде жүзеге асырады.
8. Тараптар осы Келісімді:
1) Тараптардың келісімі бойынша;
2) өндіруші осы Қелісімнің 7-тармағына сәйкес анықталған бұзушылықтарды хабарламада көрсетілген мерзімде жоймаған жағдайда бір жақты тәртіппен уәкілетті органның бастамасы бойынша;
3) форс-мажор жағдайлардың болуы;
4) Келісімде және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген өзге жағдайларла мерзімінен бұрын бұзуға құқылы.
9. Уәкілетті орган өндірушіні келісімді бұзудың болжамды күніне дейін 30 (отыз) жұмыс күні бұрын жазбаша ескерте отырып, осы Келісімді біржақты тәртіппен мынадай:
1) өндіруші Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған;
2) өндірушінің келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамауынан немесе тиісінше орындамауынан туындаған бұзушылықтар уәкілетті органның осындай бұзушылықтар туралы хабарламасында көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайларда бұзуға құқылы.
10. Уәкілетті органның келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы кезінде Өндіруші Келісімді бұзу күніне дейін 30 (отыз) жұмыс күні бұрын уәкілетті органды жазбаша ескерте отырып, осы Келісімді біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
4-тарау. Форс-мажор
11. Егер келісім бойынша міндеттемелерді орындамау немесе орындауда кідіріс еңсерілмейтін күш (форс-мажор) жағдайында туындаған болса, Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындамағаны үшін Тараптардың ешқайсысы жауапты болмайды.
12. Форс-мажорға әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей зілзалалар (өрттер, ірі авариялар, коммуникациялардың бұзылуы және тағы сол сияқтылар) мен өзге де төтенше және алдын алу мүмкін емес жағдайлар жатады.
13. Форс-мажорлық жағдай туындаған жағдайда, олардан зардап шеккен тарап форс-мажор туындаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде екінші Тарапқа форс-мажордың басталу күнін және оның мән-жайларын сипаттай отырып, жазбаша хабарлама тапсыру арқылы хабарлайды.
14. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайды шешу үшін дереу келіссөздер жүргізеді және осындай жағдайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
5-тарау. Құпиялылық
15. Тараптар Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Келісімді іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысты барлық құжаттар, ақпараттар мен есептер бойынша құпиялылық шарттарын сақтайды.
16. Тараптардың ешқайсысы екінші Тараптың жазбаша келісімін алмай, келісімнің мазмұнына қатысты ақпаратты немесе құпия деп есептелетін және мынадай.
1) ақпарат сот талқылауы барысында пайдаланылатын;
2) ақпарат келісім бойынша Тараптардың бірінің қызмет көрсететін үшінші тұлғаларға берілген жағдайда, мұндай үшінші тұлға осындай ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтау және оны тараптар белгілеген мақсаттарда және тараптар белгілеген мерзімде ғана пайдалану міндеттемесін өзіне алған;
3) ақпарат банкке немесе келісім бойынша тарап қаржы қаражатын алатын өзге қаржы ұйымына берілсе, мұндай банк немесе қаржы ұйымы осындай ақпараттың құпиялылық шарттарын сақтау міндеттемесін өзіне алған;
4) ақпарат Өндірушінің кез келген банктік шоттарына қатысты, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік банктерде ашылған кез келген ақпаратқа, оның ішінде банктік құпия болып табылатын ақпаратқа рұқсаты бар Қазақстан Республикасының салық немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарына берілген жағдайлардан басқа осы Келісімнің ережелерін іске асыруға байланысты өзге де ақпаратты ашуға құқылы емес.
6-тарау. Дауларды реттеу
17. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 244-1-бабының 4-тармағымен көзделген жағайлардан басқа, осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген дау консультациялар мен келіссөздер жолымен шешіледі.
18. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.
7-тарау. Қорытынды ережелер, келісімнің күшіне енуі және қолданысын тоқтатуы
19. Осы Келісім ұзарту мүмкіндігімен 20 жылға жасалды және ___________ жылға дейін қолданылады.
20. ______ қаласында ___ "___" ____________ ______ әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде бірдей заңды күші бар екі данада, тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір) данадан жасалды. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Уәкілетті орган |
Өндіруші |
_____________________________________ |
____________________________________ |
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісіміне үлгілік нысанына қосымша |
Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімін жүзеге асырудың жоспар-кестесі
№ | ЕАЭО СЭҚ ТН* коды |
СЭҚ ТН коды бойынша | көлік құралдарын (моделін) өндіру бойынша технологиялық операциялар |
Орындау |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ескертпе:
* ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауарлық номенклатурасы.
Уәкілетті орган |
Өндіруші |
____________________________________ |
______________________________________ |
Күні 20__ жылғы "___" _______