"Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1113 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 11-1-4/269 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қыркүйекте № 21324 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12572 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтаң кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 292-бабының 1-тармағына, 296-2-бабының 1-тармағына, және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      осы бұйрықпен бекітілген инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптардың:

      4-тармағы 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) шикізатты, материалдар мен жабдықтарды жеткізу:

      пайдаланатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесі;

      пайдаланылатын шикізат пен материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, инвестициялық жоба шеңберінде жабдықта шығарылатын дайын өнім бірлігінің өндірісіне импортталатын шикізат пен материалдар шығыстарының орташа нормасы (технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың импорты кезінде кеден баждарын төлеуден босату, сонымен қатар шикізат пен (немесе) материалдардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеуден босату кезінде толтырылады);

      қажетті технологиялық жабдықтардың тізбесі;

      технологиялық жабдықтың жаңалығы (жабдықтың шығарылған күні мен моделі).";

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялық комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
М. Тілеуберді

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 1133 "О некоторых вопросах государственной поддержки инвестиций"

Приказ Министра иностранных дел Республики Казахстан от 30 сентября 2020 года № 11-1-4/269. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 сентября 2020 года № 21324

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 1133 "О некоторых вопросах государственной поддержки инвестиций" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 12572, опубликован 13 января 2016 года в Информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      преамбулу приказа изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 1 статьи 292, пунктом 1 статьи 296-2, Предпринимательского Кодекса Республики Казахстан от 29 октября 2015 года и пунктом 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в требованиях по составлению бизнес-плана инвестиционного проекта, утвержденных указанным приказом:

      подпункт 1) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "1) поставки сырья, материалов и оборудования:

      перечень видов используемого сырья и материалов;

      усредненная норма расходов импортируемого сырья и материалов на производство единицы готовой продукции, выпускаемой на оборудовании в рамках инвестиционного проекта, с указанием наименования и объема используемого сырья и материалов (заполняется при освобождении от обложения таможенными пошлинами при импорте данного сырья и материалов, а также при освобождении от уплаты налога на добавленную стоимость при импорте сырья и (или) материалов);

      перечень необходимого технологического оборудования;

      новизна технологического оборудования (дата выпуска и модель оборудования).";

      2. Комитету по инвестициям Министерства иностранных дел Республики Казахстан обеспечить:

      1) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства иностранных дел Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства иностранных дел Республики Казахстан сведений о выполнении мероприятий, предусмотренных в подпунктах 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Министра иностранных дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр иностранных дел
Республики Казахстан
М. Тілеуберді

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан