Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1113 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда № 12572 тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 296-2-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 31.12.2024 № 11-1-4/747 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) алып тасталды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 31.12.2024 № 11-1-4/747 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2) алып тасталды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 31.12.2024 № 11-1-4/747 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес инвестициялық келісімшартты орындау туралы жартыжылдық есептің нысаны;

      3) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес инвестициялық келісімшарттың жұмыс бағдарламасын орындаудың ағымдағы жай-күйінің актісінің нысаны бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 31.12.2024 № 11-1-4/747 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының кейбір бұйрықтарының күші жойылды дел танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.Қ. Хаиров):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4. осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде 3-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитетінің төрағасы

      _____________ Ә. Смайлов

      2015 жылғы қараша



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 1133 бұйрығына
1-қосымша
  Нысан

Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім

      Ескерту. Нысан алып тасталды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 31.12.2024 № 11-1-4/747 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 1133 бұйрығына
2-қосымша

Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар

      Ескерту. Талаптар алып тасталды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 31.12.2024 № 11-1-4/747 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 1133 бұйрығына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 11.08.2022 № 11-1-4/417 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан 20___жылғы "____" ______ №____ инвестициялық келісімшартты орындау туралы жартыжылдық есеп

      Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетіне

      Әкімшілік деректердің нысаны интернет - ресурста орналастырылған: www.mfa.gov.kz

      Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: 20___жылғы "____" ______ №____ инвестициялық келісімшартты орындау туралы жартыжылдық есеп

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): № 1 - ИК нысан

      Кезеңділік: жартыжылдық

      Есепті кезең: ағымдағы жылғы 25 шілдеге дейін және есептік кезеңнен кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен инвестициялық келісімшартты жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ағымдағы жылғы 25 шілдеге дейін және есептік кезеңнен кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін

1-бөлім. Тіркелген активтерге инвестициялар, мың теңге

Р/н

Шығын баптары

Жоспар

Нақты

Ауытқулар (+;-)

Ауытқу себебі

Растайтын құжаттар (атауы, №, күні)

1

2

3

4

5

6

7

1







2

Пайдалануға енгізген күні






3








Жиыны:






2-бөлім. Технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектер, шикізат пен материалдар импорты

4

Қосалқы бөлшек (саны, өлшем бірлігі)






5

Атауы






6

Теңгерім есептерінде кірістерді растайтын құжат






7







8

Шикізат және материалдар (саны, өлшем бірлігі)






9







10








Жиыны:






3-бөлім. Өндірістік көрсеткіштер
_______________________________________
(шығарылатын өнімнің атауы)

11

Өнімді шығарудың/ қызметтерді көрсетудің басталған күні






12

Өндірілген өнімнің/көрсетілген қызметтің көлемі






13

Пайдаланылған шикізаттың және материалдың көлемі






      Осымен инвестициялық Келісімшарттың талаптарына сәйкес тіркелген активтер жалға берілмегенін, иеліктен айырылмағанын және берілген мемлекеттік заттай гранттың және сатып алынған тіркелген активтердің нысаналы мақсаты өзгертілмегенін растаймыз. Көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын және түпнұсқалығын куәландырамыз.

      Орындаушы ______________ Тел. _____________ E-mail __________

      Тегі, аты, әкесінің аты

      Қолы _______________

      Басшы ______________________ Қолы _____________________ М.О.

      Тегі, аты, әкесінің аты

      Бас бухгалтер _______________ Қолы ___________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты

      "20___жылғы "____" ______ №____ инвестициялық келісімшартты орындау туралы жартыжылдық есеп" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша түсініктеме

      1. Нысан, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 296-2-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген.

      2. Нысан, Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен инвестициялық келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен белгіленген активтердің пайдалануға берілуін, технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізаттың және (немесе) материалдардың жеткізілуі мен пайдаланылуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жұмыс бағдарламасында көзделген шығын баптары бойынша толық жазылып, 25 қаңтардан және 25 шілдеден кешіктірмей ұсынылады.

      3. Нысан мынадай түрде толтырылады:

      1-бөлім. "Тіркелген активтерге инвестициялар, мың теңге":

      "Р/н №" деген 1-бағанда рет бойынша нөмірмен көрсетіледі. Кейінгі ақпарат рет бойынша нөмірлеуді үзбеуі тиіс;

      "Шығын баптары" деген 2-бағанда есептік кезең ішінде "Жұмыс бағдарламасы" инвестициялық келісімшартқа 1-қосымшадан шығын баптары көрсетіледі;

      "Жоспар" деген 3-бағанда есептік кезең ішінде "Жұмыс бағдарламасы" инвестициялық келісімшартқа 1-қосымшадан шығын сомасы көрсетіледі;

      "Нақты" деген 4-бағанда есептік кезең ішінде расталатын құжаттарға сәйкес шығын сомасы көрсетіледі;

      "Ауытқу (+;-)" деген 5-бағанда "4" баған дерегінен "3" баған дерегін шегереміз;

      "Ауытқу себебі" деген 6-бағанда "4" және "3" бағанар арасында туындаған айырмашылық себебі көрсетіледі;

      "Растайтын құжаттар (атауы, №, күні)" деген 7-бағанда есептік кезең ішінде шығын сомасын растайтын құжаттың атауы, нөмірі және күні көрсетіледі;

      "Пайдалануға енгізілген күні" деген жолда 1-жолдың шығын бабында көрсетілген, тіркелген активтердің пайдалануға енгізілген күні көрсетіледі;

      1-бөлімнің қалған жолдары "1" жолға ұқсас толтырылады.

      2-бөлім. "Технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектері, шикізат және (немесе) материалдардың импорты, өлшем бірлігі".

      2-бөлімнің деректері 1-бөлімге ұқсас толтырылады, бұл ретте "Шығын баптары" және "Жоспар" деген бағандардың көрсекіштері инвестициялық келісімшартқа 2-қосымшаға сәйкес көрсетіледі.

      3-бөлім. "Өндірістік көрсеткіштер".

      "Жоспар" деген бағандағы 3-бөлімнің деректері инвестициялық келісімшарт жасаған заңды түлға Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімге ұсынылған бизнес-жоспардан көрсетіледі. Қалған көрсеткіштер 1 және 2-бөлімдерге ұқсас толтырылады.

      Қосымшалар: тіркелген активтердің пайдалануға енгізілгенін, технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізаттың және (немесе) материалдардың жеткізілуі мен пайдаланылуын растайтын құжаттардың Инвестициялық келісімшартты жасасқан заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған көшірмелері қоса беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 1133 бұйрығына
4-қосымша

      Нысан

_______ жылғы "____" _______ № ________ Инвестициялық келісімшарттың жұмыс
бағдарламасын орындаудың ағымдағы жай-күйінің
АКТІСІ

      Ескерту. Нысан жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.01.2018 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20____ жылғы "__" _______ № ________

      Тіркелген активтерге инвестициялар

Келісімшартқа 1-қосымшаның және 2- қосымшаның 1-бөлімнің мәліметтері

Тексеру барысында белгіленген нақты деректер

Сомасының ауытқуы, +/- ("5" баған - "3" баған)

шығын баптары

сомасы (мың теңге)

пайдалануға енгізілген күні

сомасы (мың теңге)

пайдалануға енгізілген күні


1

2

3

4

5

6

7

1.1







және т.б.















Жиыны:






Растайтын құжаттарды көрсете отырып, нақты көрсеткіштердің жоспарлыдан ауытқу себептері мен дәлелдері




      Қосымшалар:

      1) инвестициялық келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауды растайтын

      құжаттардың жиынтық тізілімі;

      2) инвестициялық қызмет объектісінің фото суреттері;

      3) инвестициялық келісімшартқа қатысты қосымша құжаттар.

      Тексеруші: ________________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)

      Мен, _____________________________________________________________________

      (Инвестициялық келісімшарт жасасқан заңды тұлға басшысының тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы)

      тексеру үшін ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығы мен дұрыстығын растаймын.

      Тексеру нәтижелерімен таныстым.

      ________________________________________________________________________________

      (өткізілген тексеру бойынша ескертулер және/немесе ұсыныстар)

      __________________________

      (қолы және мөрі)

      Бас бухгалтер: _____________________________________________      ____________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)                  (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 1133 бұйрығына
5-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 7760 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылы 22 тамызда № 534-539 (27612) ресми жарияланған);

      2. "Инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласындағы нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 229 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8639 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылы 26 қазанда № 240 (28179) ресми жарияланған);

      3. "Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Индуситрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусмыдағы № 184 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 18 шілдедегі № 2 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9714 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2015 жылы 15 қазанда № 197 (28675) ресми жарияланған);

      4. "Инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласындағы нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 229 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 14 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 9776 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 10 қарашада жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады