Инженерлік-геологиялық ізденістер қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 509 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 қыркүйекте № 21338 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Инженерлік-геологиялық іздестірулерді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология, геология және

      табиғи ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министірінің
2020 жылғы 30 қыркүйегі
№ 509 бұйрығымен
бекітілген

Инженерлік- геологиялық іздестірулерді жүзеге асыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Инженерлік – геологиялық іздестірулерді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-16) тармақшасына сәйкес әзірленді және құрылыстың жобалық дайындығын негіздеу үшін инженерлік-геологиялық іздестірулер, сондай-ақ объектілерді салу, пайдалану және кейіннен кәдеге жарату кезеңінде орындалатын инженерлік-геологиялық іздестірулер өндірісінің тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің барлық субъектілері үшін сақталуға тиіс.

      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) орындаушы – тиісті қызмет түріне лицензиясы бар, тапсырыс берушімен жасалатын шарт немесе мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша құрылыс үшін инженерлік-геологиялық іздестірулерді орындайтын жеке немесе заңды тұлға;

      2) тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

      4. Құрылыс үшін инженерлік-геологиялық іздестірулерді жүргізу кезінде "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызмет туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ сәулет, қала құрылыс және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді басшылыққа алу қажет.

      5. Құрылыс үшін инженерлік-геологиялық іздестірулерді "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен берілген тиісті лицензиялары бар заңды және жеке тұлғалар орындайды.

      6. Инженерлік-геологиялық іздестірулер жобаланатын құрылыс аумағының (ауданның, алаңның, учаскенің, трассаның) инженерлік-геологиялық жағдайларын кешенді зерделеуді және қала құрылысы қызметін жоспарлауды негіздеу және жобалық шешімдерді әзірлеу кезінде қажетті және жеткілікті материалдарды алу үшін жобаланатын объектілердің геологиялық ортамен өзара іс-қимылы саласында олардың ықтимал өзгерістерінің болжамын жасауды қамтамасыз етеді.

      7. Тапсырыс беруші:

      1) дербес не бөгде мамандарды тарта отырып, құрылыс үшін инженерлік-геологиялық іздестірулерді орындауға техникалық тапсырма жасайды, оны басшы немесе оны алмастыратын тұлға бекітеді және мөрмен (бар болса) растайды.

      Құрылыс үшін инженерлік-геологиялық зерттеулерді орындауға арналған техникалық тапсырма шарттың ажырамас бөлігі болып табылады және тапсырыс беруші бекіткен сәттен бастап тараптар үшін міндетті болады.

      Инженерлік іздестірулер процесінде құрылыстар салу мен пайдалануға және тіршілік ету ортасына қолайсыз әсер етуі мүмкін күрделі табиғи және техногендік жағдайлар (жұмыстардың алдыңғы кезеңдері мен жобалау сатыларында құрылыс объектісі аумағының жеткіліксіз зерделенуіне байланысты) анықталған жағдайда, инженерлік іздестірулерді орындаушы тапсырыс берушіні құрылыс үшін инженерлік-геологиялық іздестірулерді орындауға арналған техникалық тапсырмаға қосымша зерделеу және өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туралы хабардар етеді. Егер құрылыс үшін инженерлік-геологиялық іздестірулерді орындауға арналған техникалық тапсырмаға тапсырыс берушінің бастамасы бойынша енгізілген түзетулер пысықтауды талап еткен жағдайда орындалған жұмыс көлемін ескере отырып, шартқа қосымша келісім жасалады.

      2) "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тапсырыс беруші мемлекеттік емес инвестициялар есебінен қаржыландырылатын жағдайларды қоспағанда, құрылыс үшін инженерлік-геологиялық іздестірулерді орындауға ұйымдарды таңдауды жүзеге асырады және олармен шарттар жасасады;

      3) орындаушыға сыртқы инженерлік желілер трассаларын салу үшін инженерлік-геологиялық іздестірулер үшін бастапқы материалдарды және схемаларын ұсынады.

      4) орындаушыдан техникалық есепті (қорытындыны) қағаз тасығышта кемінде екі данада және электрондық тасығышта екі данада қабылдауды жүзеге асырады.

      8. Шарт жасалғаннан кейін орындаушы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасы негізінде және бұрын орындалған инженерлік іздестірулердің материалдарын және ауданның, алаңның, учаскенің, іздестірулер трассасының табиғи жағдайлары туралы басқа да мәліметтерді барынша пайдалана отырып, сондай-ақ егер ол жүргізілген болса, ауданды далалық зерттеу нәтижелерін ескере отырып, инженерлік-геологиялық іздестірулер бағдарламасын жасайды.

      9. Бағдарламада есеп беру материалдарының толықтығы мен сенімділігін қамтамасыз ететін жұмыстың құрамы мен көлемі, технологиясы мен дәйектілігі, әдістемесі бар, сонымен қатар жұмыстарды ұтымды ұйымдастыруды және белгіленген мерзімде зерттеулерді аяқтауды қарастырады.

      10. Құрылыс үшін инженерлік іздестірулер бағдарламасына техникалық тапсырманың көшірмесі және іздестірулер жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да құжаттама қоса беріледі.

      11. Тапсырыс берушінің инженерлік-геологиялық іздестірулер бағдарламасын жасау туралы талабы болмаған жағдайда, бағдарламаның орнына инженерлік іздестірулер жүргізуге нұсқама жасауға жол беріледі.

      12. Орындалған инженерлік-геологиялық іздеулердің нәтижелері бойынша тапсырыс берушіге беру үшін техникалық есеп (қорытынды) жасалады. Техникалық есеп (қорытынды) техникалық тапсырмада және инженерлік-геологиялық іздестірулерге арналған бағдарламада көзделген деректерді, сондай-ақ жіберілген өзгерістердің негіздемелерін қамтиды.

      13. Инженерлік-геологиялық іздестірулерді тиісінше орындамағаны және техникалық есепті (қорытындыны) Қазақстан Республикасы заңнамасының және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза отырып ұсынғаны, сондай-ақ дұрыс емес мәліметтерді, не шындыққа сай келмейтін мәліметтерді қасақана бергені үшін тапсырыс беруші мен орындаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

      14. Инженерлік-геологиялық іздестірулер техникалық есебінің (қорытындысының) қолданылу мерзімі оларды бекіткен сәттен бастап және жобалау құжаттамасын әзірлеу басталғанға дейін:

      бірегей объектілер – 6 (алты) айды;

      сәулет, қала құрылысы және құрылыс жобалары – 36 (отыз алты) айды құрайды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 10.02.2023 № 87 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Жобалау алдындағы құжаттаманы және қала құрылысы жобасын әзірлеу үшін инженерлік-геологиялық іздестірулер

      15. Жобалау алдындағы құжаттаманы әзірлеу үшін инженерлік-геологиялық іздестірулер жобаланатын құрылыс аумағының (ауданның, алаңның, трассаның) инженерлік-геологиялық жағдайларын зерделеуді және кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану кезеңінде осы жағдайлардың өзгеру болжамын жасауды қамтамасыз етуі тиіс.

      16. Қала құрылысы құжаттамасын (бас жоспар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы және құрылыс салу жобасы) әзірлеу үшін инженерлік-геологиялық іздестірулерді қала құрылысы жобасының ауқымына сәйкес келетін инженерлік-геологиялық түсірілім ауқымында жүргізу қажет.

3-тарау. Жобаны әзірлеу үшін инженерлік-геологиялық іздестірулер

      17. Кәсіпорындардың, ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс жобасын әзірлеу үшін инженерлік-геологиялық іздестірулер таңдап алынған алаңның (учаскенің, трассаның) инженерлік-геологиялық жағдайларын кешенді зерделеуді және жобалау шешімдерін әзірлеу үшін жеткілікті егжей-тегжейлі құрылыс және пайдалану кезеңінде олардың өзгерістерін болжауды қамтамасыз етеді.

      18. Инженерлік-геологиялық іздестірулер ғимараттар мен құрылыстардың жинақталуын, конструктивтік және көлемдік-жоспарлау шешімдерін негіздеу, жобаланатын объектінің бас жоспарын жасау, инженерлік қорғау, геологиялық ортаны қорғау және халықтың қауіпсіз өмір сүруіне жағдай жасау жөніндегі іс-шаралар мен құрылыстарды әзірлеу үшін материалдар мен деректер алуды, құрылысты ұйымдастыру жобасын қамтамасыз етеді.

      19. Таңдап алынған алаң (трасса) аумағының инженерлік-геологиялық жағдайларын кешенді зерттеу кезінде іздестірулер жұмыстарының құрамы мен көлемі жоспарда және тереңдігі бойынша инженерлік-геологиялық элементтерді бөлу үшін, олар үшін топырақтың беріктігі мен деформациялық сипаттамаларын, олардың нормативтік және есептік мәндерін зертханалық және (немесе) далалық әдістермен анықтай отырып, сондай-ақ гидрогеологиялық параметрлерді, геологиялық және инженерлік-геологиялық процестердің даму қарқындылығының сандық көрсеткіштерін белгілеу, жерасты суларының бетонға агрессивтілігін және жобаланып отырған объектінің геологиялық ортамен өзара іс-қимылы саласындағы металдарға коррозиялық белсенділігін арттыру үшін жеткілікті болуы тиіс.

      20. Қажетті егжей-тегжейлі жобалау алдындағы құжаттама үшін инженерлік-геологиялық іздестіру материалдары бар өндірістік және тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердің құрылысына арналған жұмыс жобасын әзірлеу үшін іздестіру жұмыстары осы Қағидалардың 21, 22 және 23-тармақтарына сәйкес орындалады.

4-тарау. Жұмыс құжаттамасын әзірлеу үшін инженерлік-геологиялық іздестірулер

      21. Жұмыс құжаттамасын әзірлеу үшін инженерлік-геологиялық іздестірулер жобаланатын ғимараттар мен құрылыстар құрылысының нақты учаскелерінің инженерлік-геологиялық жағдайларын айқындау мен нақтылауды және түпкілікті жобалау шешімдерін негіздеу үшін қажетті және жеткілікті егжей-тегжейлі құрылыс салу мен пайдалану кезеңінде олардың өзгерістерін болжауды қамтамасыз етуі тиіс.

      22. Инженерлік-геологиялық іздестірулерді жобаға сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды орналастырудың нақты учаскелерінде, оның ішінде жеке жобалау және желілік құрылыстар трассаларының табиғи және жасанды кедергілері арқылы өтетін учаскелерде орындау қажет.

      23. Іздестірулер жұмыстарының құрамы мен көлемдері ғимараттар мен құрылыстардың (трассалардың) түрін (мақсатын), олардың жауапкершілік деңгейін, инженерлік-геологиялық жағдайлардың күрделілігін, бұрын орындалған іздестірулер деректерінің болуын және инженерлік-геологиялық элементтердің түпкілікті бөлінуін қамтамасыз ету қажеттілігін, олар үшін жер қабаттарының физикалық, беріктілік, деформациялық, сүзгіштік және басқа да қасиеттерінің зертханалық және (немесе) далалық әдістерімен анықтау негізінде нормативтік және есептік көрсеткіштерді белгілеуді, су тұтқыш жиектердің гидрогеологиялық параметрлерін, геологиялық процестер серпінінің сандық сипаттамаларын нақтылау және негіздер, іргетастар және ғимараттар мен құрылыстардың конструкциялары есептерін жүзеге асыру үшін, оларды инженерлік қорғауды негіздеу үшін, сондай-ақ жобаны әзірлеу, келісу және бекіту кезінде туындаған жекелеген мәселелерді шешу үшін алынған басқа да деректерді ескере отырып, іздестірулер бағдарламасында белгіленеді.

5-тарау. Ғимараттар мен құрылыстарды салу, пайдалану және кейіннен кәдеге жарату кезеңіндегі инженерлік-геологиялық іздестірулер

      24. Кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды салу, пайдалану және жою кезеңінде инженерлік-геологиялық іздестірулер объект аумағындағы геологиялық ортаның жекелеген компоненттерінің жай-күйі мен өзгеруі туралы материалдар мен деректер алуды қамтамасыз етуі тиіс.

      25. Құрылыс кезеңінде құрылыс ойықтарының және құрылыс негіздерінің геологиялық құжаттамасын жүргізу, сондай-ақ жер жұмыстарын жүргізуге геотехникалық бақылау жүзеге асырылады. Жұмыстардың басқа түрлері, оның ішінде іздестірулер ұйымының авторлық қадағалауы қажет болған жағдайда құрылысқа авторлық қадағалауды жүзеге асыратын жобалау ұйымының техникалық тапсырмасы бойынша орындалады.

      26. Инженерлік-геологиялық іздестірулерге арналған техникалық тапсырмада құрылыс жұмыстарын орындаудың кезеңдері мен мерзімдері туралы, қолданылатын техникалық құралдар, міндеттер және құрылыстың әрбір кезеңінде бақылау жүргізудің талап етілетін реттілігі, іздестірулер өнімдерін ұсыну және алынған деректерді құрылыс жұмыстарын жүргізумен байланыстыру жөніндегі мәселелерді жедел шешу тәртібі, жұмыстарды қабылдау актілерін келісу, сараптау және бекіту, сондай-ақ оларды жасауға қатысу тәртібі туралы деректер болуы тиіс.

      27. Құрылыс кезеңінде іздестірулер кезінде жобалау құжаттамасында қабылданған инженерлік-геологиялық шарттардың қазаншұңқырларға, туннельдерге, тіліктерге және басқа да ойықтарға зерттеу жүргізудің және инженерлік-геологиялық құжаттамалардың негізінде, қатпарлану сипатын, топырақ құрамын, жерасты суларын сорып алу, осы ойықтардағы топырақтың жай-күйі мен қасиеттерін зерделеу нәтижелері бойынша іс жүзіндегі талаптарға сәйкестігі белгіленеді.

      28. Ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану кезеңінде инженерлік-геологиялық іздестірулер:

      негіздегі жүктеменің ұлғаюымен және (немесе) күрделі құрылыс объектісін кеңейтумен ұштасқан реконструкциялау (күрделі жөндеу) үшін жобалау құжаттамасын дайындау; аварияға дейінгі жағдайдың туындауы және іргетастарды нығайту және (немесе) нығайту үшін қажеттілік;

      инженерлік қорғау іс-шараларын жобалау;

      аварияның себептерін тексеру және (немесе) оның зардаптарын барынша азайту жағдайларында орындалады.

      29. Объектілерді пайдалану кезеңінде іздестірулер кезінде (қажет болған жағдайларда және тапсырыс берушінің тапсырмасына сәйкес құрылыс кезеңінде):

      іргетастарға уақытша және тұрақты жүктемелерді ұлғайта отырып, ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау мүмкіндіктері;

      деформациялардың себептерін анықтау және олардың одан әрі дамуын болдырмау, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстарды қалыпты пайдалану жағдайларын қалпына келтіру үшін шаралар әзірлеу;

      іргетас топырақтарының жай-күйін, ғимараттар мен құрылыстарды салу ұзақ уақыт консервациялағаннан кейін оларды аяқтау мүмкіндігі мен жағдайларын анықтау;

      қолданыстағы ғимараттарға жапсаржай-ғимараттардың жанасу орындарының жай-күйін анықтау және олардың орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу;

      жертөлелер мен басқа да жерасты құрылыстарын су басу және су алып кету себептерін анықтау міндеттерін шешу мақсатында қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың іргетастары негіздерінің топырақтарына тексеру жүргізіледі.

      30. Ғимараттар мен құрылыстардың іргетастары негіздерінің топырақтарын тексеру кезінде шурфтар мен ұңғымалар өтеді, зертханалық анықтау үшін топырақ үлгілері мен жерасты суларының сынамалары алынады, зондтау, геофизикалық зерттеулер және басқа да инженерлік-геологиялық жұмыстар жүргізіледі, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстар негіздерінің топырақтарының деформациясына және жерасты суларының режиміне стационарлық бақылау жүргізеді.

      31. Іргетастар негіздерінің топырақтарын зерттеу нәтижелері туралы техникалық есепте ғимараттарды (құрылыстарды) салу және пайдалану кезеңіндегі геологиялық ортаның өзгерістері және олардың болжамға сәйкестігі, оның ішінде гидрогеологиялық жағдайлардың, топырақтың беріктік және деформациялық сипаттамаларының өзгеруі туралы және бөлінген инженерлік-геологиялық элементтер топырақтарының нормативтік және есептік көрсеткіштерін іргетастар астында және олардың әсер ету аймағынан тыс жерлерде, сондай-ақ өткен жылдардағы іздестірулер материалдары бойынша осы ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға қосымша мәліметтер келтіріледі.

      32. Объектіні (кәсіпорындарды, ғимараттарды немесе құрылыстарды) кейіннен кәдеге жарату кезеңінде инженерлік-геологиялық іздестірулер аумақтарды санациялау (сауықтыру) және қайта өңдеу (топырақты, жерді қалпына келтіру) жөніндегі жобалық шешімдерді негіздеу үшін материалдар мен деректерді алуды қамтамасыз етуге тиіс.

      33. Объектіні кейіннен кәдеге жарату кезеңінде инженерлік-геологиялық іздестірулер кезінде геологиялық ортада халықтың денсаулығы үшін қауіпті ластаушы заттардың бар-жоғын анықтайды және осы заттарды кәдеге жарату және бейтараптандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асырады, топырақ жамылғысының жай-күйіне тексеру жүргізеді және аумақтың жекелеген учаскелерінде топырақ пен топырақты ауыстыру жөнінде ұсынымдар береді, объектіні кейіннен кәдеге жаратудан болатын қауіп-қатерді және тәуекелдерді бағалауды жүзеге асырады.

      34. Жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін салуға, сондай-ақ қолданыстағыларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 болып тіркелген) Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ қолданыстағыларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес құрылыс алаңының инженерлік іздестірулерінің техникалық есебіне (қорытындысына) бағалау жүргізіледі.

Об утверждении Правил осуществления инженерно-геологических изысканий

Приказ Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 сентября 2020 года № 509. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 сентября 2020 года № 21338.

      В соответствии с подпунктом 11-16) статьи 20 Закона Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила осуществления инженерно-геологических изысканий согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр индустрии и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
Б. Атамкулов

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство экологии, геологии и
природных ресурсов Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Министра индустрии и
инфраструктурного развития
Республики Казахстан
от 30 сентября 2020 года № 509

Правила осуществления инженерно-геологических изысканий

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления инженерно-геологических изысканий (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 11-16) статьи 20 Закона Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" и определяют порядок производства инженерно-геологических изысканий для обоснования проектной подготовки строительства, а также инженерно-геологических изысканий, выполняемых в период строительства, эксплуатации и постутилизации объектов. 

      2. Правила подлежат соблюдению для всех субъектов архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, осуществляемой на территории Республики Казахстан.

      3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) исполнитель - физическое или юридическое лицо, имеющее лицензию на соответствующий вид деятельности, выполняющее инженерно-геологические изыскания для строительства по договору или договору о государственных закупках, заключаемому с заказчиком;

      2) заказчик - физическое или юридическое лицо, осуществляющее деятельность в соответствии с законодательством Республики Казахстан об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности.

      4. При проведении инженерно-геологических изысканий для строительства необходимо руководствоваться Законом Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республики Казахстан", а также государственными нормативами в сфере архитектуры, градостроительства и строительства.

      5. Инженерно-геологические изыскания для строительства выполняются юридическими и физическими лицами, имеющие соответствующие лицензии, выданные в порядке, установленном Законом Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях".

      6. Инженерно-геологические изыскания обеспечивают комплексное изучение инженерно-геологических условий территории (района, площадки, участка, трассы) проектируемого строительства и составление прогноза возможных их изменений в сфере взаимодействия проектируемых объектов с геологической средой для получения необходимых и достаточных материалов при обосновании планирования градостроительной деятельности и разработке проектных решений.

      7. Заказчик:

      1) самостоятельно либо с привлечением сторонних специалистов составляет техническое задание на выполнение инженерно-геологических изысканий для строительства, утверждает руководителем или лицом, заменяющего его и заверяет печатью (при ее наличии).

      Техническое задание на выполнение инженерно-геологических изысканий для строительства является неотъемлемой частью договора и становится обязательным для сторон с момента его утверждения заказчиком.

      В случае выявления в процессе инженерных изысканий сложных природных и техногенных условий (в связи с недостаточной изученностью территории объекта строительства на предшествующих этапах работ и стадиях проектирования), которые могут оказать неблагоприятное влияние на строительство и эксплуатацию сооружений и среду обитания, исполнитель инженерных изысканий ставит в известность заказчика о необходимости дополнительного изучения и внесения изменений и дополнений в техническое задание на выполнение инженерно-геологических изысканий для строительства. В случае, если внесенные по инициативе заказчика поправки в техническое задание на выполнение инженерно-геологических изысканий для строительства требуют доработки, заключается дополнительное соглашение к договору с учетом выполненных объемов работ.

      2) в соответствии с Законом Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года "О государственных закупках" осуществляет выбор организаций на выполнение инженерно-геологических изысканий для строительства, за исключением случаев, когда заказчик финансируется за счет негосударственных инвестиций и заключает с ними договоры;

      3) предоставляет исполнителю исходные материалы для инженерно-геологических изысканий для строительства и схемы трасс наружных инженерных сетей.

      4) осуществляет приемку от исполнителя технического отчета (заключения) в количестве не менее двух экземпляров на бумажном носителе и в двух экземплярах на электронном носителе.

      8. После заключения договора исполнитель составляет программу инженерно-геологических изысканий на основе технического задания заказчика в соответствии с требованиями нормативных документов и с максимальным использованием материалов ранее выполненных инженерных изысканий и других сведений о природных условиях района, площадки, участка, трассы изысканий, а также с учетом результатов полевого обследования района, если оно проводилось.

      9. Программа содержит состав и объемы, методику технологию и последовательность выполнения работ, обеспечивающих полноту и достоверность отчетных материалов, а также предусматривает рациональную организацию работ и завершения изысканий в установленные сроки.

      10. К программе инженерных изысканий для строительства прилагается копия технического задания и другая документация, необходимая для производства изыскательских работ.

      11. При отсутствии требования заказчика о составлении программы инженерно-геологических изысканий, допускается взамен программы составлять предписание на производство инженерных изысканий.

      12. По результатам выполненных инженерно-геологических изысканий составляется технический отчет (заключение) для передачи заказчику. Технический отчет (заключение) содержит данные, предусмотренные техническим заданием и программой на инженерно-геологические изысканий, а также обоснования допущенных изменений.

      13. За ненадлежащее выполнение инженерно-геологических изысканий и предоставление технического отчета (заключения) с нарушением требований законодательства Республики Казахстан и государственных нормативов в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности, а также умышленное предоставление не достоверных сведений либо сведений, не соответствующих действительности, заказчик и исполнитель несут ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      14. Срок действия технического отчета (заключения) инженерно-геологических изысканий с момента их утверждения и до начала разработки проектной документации составляет:

      уникальные объекты - 6 (шесть) месяцев;

      архитектурные, градостроительные и строительные проекты - 36 (тридцать шесть) месяцев.

      Сноска. Пункт 14 - в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 10.02.2023 № 87 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Инженерно-геологические изыскания для разработки предпроектной документации и градостроительных проектов

      15. Инженерно-геологические изыскания для разработки предпроектной документации обеспечивают изучение инженерно-геологических условий территории (района, площадки, трассы) проектируемого строительства и составление прогноза изменения этих условий в период строительства и эксплуатации предприятий, зданий и сооружений.

      16. Инженерно-геологические изыскания для разработки градостроительных проектов (генеральный план, проект детальной планировки и проект застройки) производят в масштабах инженерно-геологической съемки соответствующей масштабу градостроительного проекта.

Глава 3. Инженерно-геологические изыскания для разработки проекта

      17. Инженерно-геологические изыскания для разработки проекта строительства предприятий, зданий и сооружений обеспечивают комплексное изучение инженерно-геологических условий выбранной площадки (участка, трассы) и прогноз их изменений в период строительства и эксплуатации с детальностью, достаточной для разработки проектных решений. 

      18. Инженерно-геологические изыскания обеспечивают получение материалов и данных для обоснования компоновки зданий и сооружений, конструктивных и объемно-планировочных решений, составления генерального плана проектируемого объекта, разработки мероприятий и сооружений по инженерной защите, охране геологической среды и созданию безопасных условий жизни населения, проекта организации строительства. 

      19. При комплексном изучении инженерно-геологических условий территории выбранной площадки (трассы) состав и объемы изыскательских работ должны быть достаточными для выделения в плане и по глубине инженерно-геологических элементов с определением для них лабораторными и (или) полевыми методами прочностных и деформационных характеристик грунтов, их нормативных и расчетных значений, а также установления гидрогеологических параметров, количественных показателей интенсивности развития геологических и инженерно-геологических процессов с учетом требований, агрессивности подземных вод к бетону и коррозионной активности к металлам в сфере взаимодействия проектируемого объекта с геологической средой.

      20. Для разработки рабочего проекта на строительство объектов производственного и жилищно-гражданского назначения, по которым имеются материалы инженерно-геологических изысканий для предпроектной документации с необходимой детальностью, изыскательские работы выполняются в соответствии с пунктами 21, 22 и 23 настоящих Правил. 

Глава 4. Инженерно-геологические изыскания для разработки рабочей документации

      21. Инженерно-геологические изыскания для разработки рабочей документации обеспечивают детализацию и уточнение инженерно-геологических условий конкретных участков строительства проектируемых зданий и сооружений и прогноз их изменений в период строительства и эксплуатации с детальностью, необходимой и достаточной для обоснования окончательных проектных решений.

      22. Инженерно-геологические изыскания выполняют на конкретных участках размещения зданий и сооружений в соответствии с проектом, в том числе на участках индивидуального проектирования и переходов через естественные и искусственные препятствия трасс линейных сооружений. 

      23. Состав и объемы изыскательских работ устанавливают в программе изысканий с учетом вида (назначения) зданий и сооружений (трасс), уровня их ответственности, сложности инженерно-геологических условий, наличия данных ранее выполненных изысканий и необходимости обеспечения окончательного выделения инженерно-геологических элементов, установления для них нормативных и расчетных показателей на основе определений лабораторными и (или) полевым и методами физических, прочностных, деформационных, фильтрационных и других характеристик свойств грунтов, уточнения гидрогеологических параметров водоносных горизонтов, количественных характеристик динамики геологических процессов и получения других данных для осуществления расчетов оснований, фундаментов и конструкций зданий и сооружений, обоснования их инженерной защиты, а также для решения отдельных вопросов, возникших при разработке, согласовании и утверждении проекта. 

Глава 5. Инженерно-геологические изыскания в период строительства, эксплуатации и постутилизации зданий и сооружений

      24. Инженерно-геологические изыскания в период строительства, эксплуатации и постутилизации предприятий, зданий и сооружений обеспечивают получение материалов и данных о состоянии и изменениях отдельных компонентов геологической среды на территории объекта.

      25. В период строительства осуществляются ведение геологической документации строительных выемок и оснований сооружений, а также геотехнический контроль за производством земляных работ. Другие виды работ, в том числе авторский надзор изыскательской организации, выполняются в случае необходимости по техническому заданию проектной организации, осуществляющей авторский надзор за строительством. 

      26. Техническое задание на инженерно-геологические изыскания в период строительства содержат данные об этапах и сроках выполнения строительных работ, о применяемых технических средствах, задачах и требуемой последовательности ведения контроля на каждом этапе строительства, порядке представления изыскательской продукции и оперативного решения вопросов по увязке полученных данных с производством строительных работ, порядке согласования, экспертизы и утверждения актов приемки работ, а также участия в их составлении. 

      27. При изысканиях в период строительства устанавливают соответствие инженерно-геологических условий, принятых в проектной документации, фактическим - на основе проведения обследования и инженерно-геологической документации котлованов, туннелей, прорезей и других выемок по результатам изучения характера напластования, состава грунтов, высачивания подземных вод, состояния и свойств грунтов в этих выемках. 

      28. Инженерно-геологические изыскания в период эксплуатации зданий и сооружений выполняют в случаях:

      подготовки проектной документации для реконструкции (капитального ремонта) сопряженной с увеличением нагрузок на основания и (или) расширением объекта капитального строительства;

      возникновение предаварийной ситуации и необходимости для укрепления основания и (или) усиления фундаментов; проектирования мероприятий инженерной защиты;

      расследование причин аварии и (или) минимизация ее последствий.

      29. При изысканиях в период эксплуатации объектов (в необходимых случаях и в период строительства в соответствии с заданием заказчика) проводят обследование грунтов оснований фундаментов существующих зданий и сооружений с целью решения следующих задач:

      возможности надстройки, реконструкции зданий и сооружений с увеличением временных и постоянных нагрузок на фундаменты;

      установления причин деформаций и разработки мер для предотвращения их дальнейшего развития, а также восстановления условий нормальной эксплуатации зданий и сооружений;

      определения состояния грунтов основания, возможности и условий достройки зданий и сооружений после длительной консервации их строительства;

      определения состояния мест примыкания зданий-пристроек к существующим зданиям и разработки мер по обеспечению их устойчивости;

      выяснения причин затапливания и подтапливания подвалов и других подземных сооружений.

      30. При обследовании грунтов оснований фундаментов зданий и сооружений проходят шурфы и скважины, отбирают образцы грунтов и пробы подземных вод для лабораторных определений, выполняют зондирование, геофизические исследования и другие инженерно-геологические работы, а также проводят стационарные наблюдения за деформациями грунтов оснований зданий и сооружений и режимом подземных вод.

      31. В техническом отчете о результатах обследования грунтов оснований фундаментов дополнительно приводят сведения об изменениях геологической среды за период строительства и эксплуатации зданий (сооружений) и их соответствии прогнозу, включая изменения гидрогеологических условий, прочностных и деформационных характеристик грунтов и приводят нормативные и расчетные показатели грунтов выделенных инженерно-геологических элементов отдельно под фундаментами и за пределами зоны их влияния, а также их значения до строительства и эксплуатации этих зданий и сооружений по материалам изысканий прошлых лет.

      32. Инженерно-геологические изыскания в период постутилизации объекта (предприятий, зданий или сооружений) обеспечивают получение материалов и данных для обоснования проектных решений по санации (оздоровлению) и рекультивации (восстановлению почв, земель) территорий.

      33. При инженерно-геологических изысканиях в период постутилизации объекта выявляют наличие загрязняющих веществ в геологической среде, опасных для здоровья населения, и осуществляют разработку предложений по утилизации и нейтрализации этих веществ, проводят обследование состояния почвенного покрова и приводят рекомендации по замене грунтов и почв на отдельных участках территории, оценку опасности и риска от постутилизации объекта.

      34. При проведении комплексной вневедомственной экспертизы технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации, предназначенных для строительства новых, а также изменения (реконструкции, расширения, технического перевооружения, модернизации и капитального ремонта) существующих зданий и сооружений, их комплексов, инженерных и транспортных коммуникаций независимо от источников финансирования проводится оценка технического отчета (заключения) инженерных изысканий площадки строительства в соответствии с Правилами проведения комплексной вневедомственной экспертизы технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации, предназначенных для строительства новых, а также изменения (реконструкции, расширения, технического перевооружения, модернизации и капитального ремонта) существующих зданий и сооружений, их комплексов, инженерных и транспортных коммуникаций независимо от источников финансирования, утвержденными приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 1 апреля 2015 года № 299 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10722).