"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын тағайындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 339 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 қазанда № 21420 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ережесінің 15-тармағының 120) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 02.02.2022 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса берілген "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын тағайындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаларында бекітілген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2020 жылғы 12 қазаны
№ 339 Бекітілген

"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын тағайындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ережесінің 16-тармағы орталық аппаратының функцияларының 124) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын беру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) волонтер – волонтерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

      2) волонтерлер тобы – волонтерлік қызметті бірлесіп жүзеге асыру мақсатында құрылған жеке тұлғалардың тіркелмеген ерікті қоғамдастығы;

      3) волонтерлік ұйым – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және волонтерлік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым (діни бірлестіктерді, тұтыну кооперативтерін, сондай-ақ саяси партиялар немесе кәсіптік одақтар нысанындағы қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда);

      4) волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – волонтерлік қызмет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4-1) мүдделер қақтығысы – "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын беру жөніндегі комиссия мүшелерінің жеке мүдделілігі объективті шешім қабылдауға әсер етуі мүмкін жағдай;

      5) "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығы (бұдан әрі – Сыйлық) – әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан үміткерлерге берілетін ақшалай емес сыйақы.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 02.02.2022 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. "Волонтер жылы" халықаралық сыйлығын беру тәртібі

      3. Сыйлық әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан волонтерлерге, волонтерлер тобына, волонтерлік ұйымдарға, халықаралық волонтерлік ұйымдарға (бұдан әрі - үміткерлер) беріледі.

      4. Сыйлық мынадай номинациялар бойынша беріледі:

      1) үздік волонтерлік ұйым;

      2) корпоративтік волонтерлік көшбасшысы;

      3) алып тасталды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 02.02.2022 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4) тұрақты даму мақсатының көшбасшылары;

      5) үздік әлеуметтік көмекші;

      6) төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін;

      7) хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін;

      8) құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін;

      9) денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін;

      10) салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін;

      11) білімді әйгілеудегі үлесі үшін;

      12) қоршаған ортаны сақтау және қорғау үшін қосқан үлесі үшін;

      13) бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін;

      14) тарихи-мәдени мұраларды сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін;

      15) жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін;

      16) әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 02.02.2022 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Сыйлықты өткізу туралы ақпараттық хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында, уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, волонтерлердің qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасында, сондай-ақ уәкілетті органның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында өтінімдерді қабылдаудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік 20 (жиырма) күнге дейін жарияланады.

      6. Үміткерлердің өтінімдеріне бағалау жүргізу үшін уәкілетті орган жанында "Волонтер жылы" халықаралық сыйлығын беру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.

      7. Комиссия құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі және уәкілетті органның интернет-ресурсында, qazvolunteer.kz волонтерлердің бірыңғай онлайн-платформасында, сондай-ақ уәкілетті органның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында орналастырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 02.02.2022 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ саннан тұрады және он бес адамнан кем болмауы керек.

      Комиссияны төраға, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары басқарады.

      9. Комиссия мүшелері өтінімдерді қабылдау барысында алынған мәліметтерді жария етпейді.

      10. Сыйлыққа қатысу үшін qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасына мынадай құжаттарды электронды түрде (DOC, DOCX, PDF форматы) орналастырады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу туралы өтінім;

      2) волонтерлік ұйымдар үшін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама;

      3) қолдау хат пен үміткердің волонтерлік қызметке қатысты жетістіктері туралы анықтама (бар болса);

      4) волонтерлік қызметке қатысты марапаттау дипломдарының, грамоталардың, алғыс хаттардың көшірмелері (бар болса);

      5) волонтерлік қызметке қатысты үміткердің немесе үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (бар болса).

      10-1. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, сондай-ақ сыйлықақы алуға арналған өтінімнің осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкессіздігі анықталған жағдайда, уәкілетті орган сыйлықақы алуға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сыйлықақыны алуға арналған өтінімде көрсетілген үміткердің электрондық мекенжайына өтінімді талаптарға сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде үміткер уәкілетті органға ескертулерді ескере отырып, құжаттарды және сыйлықақы алуға талаптарға сәйкес келтірілген өтінімді ұсынады.

      Сыйлықақы алуға арналған өтінім осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде үміткерге сыйлық алуға өтінімді қараудан бас тарту туралы жазбаша уәжді жауап жібереді.

      Ескерту. Қағида 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Сол бір үміткер Сыйлықтың бір номинациясынан артық ізденуші бола алмайды. Сыйлыққа ұсынылған үміткерлер туралы жалған ақпарат анықталған жағдайда, ол үміткерлер конкурсқа жіберілмейді.

      12. Уәкілетті орган өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Сыйлыққа үміткерлердің тізбесін qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасында орналастырады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 02.02.2022 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Сыйлыққа ұсынылған ізденушілердің тізбесі екі кезеңде қаралады.

      14. Бірінші кезеңде уәкілетті орган волонтерлердің qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасында ашық онлайн-дауыс беру Сыйлыққа үміткерлердің тізімі орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде өткізіледі.

      Онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша волонтерлердің qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасында үміткерлердің тізімі дауыс саны бойынша жарияланады.

      15. Екінші кезеңге әр номинациядан ең көп дауыс жинаған 10 (он) артық емес үміткер өткізіледі. Егер дауыстар тең болса, екі үміткер де өтеді.

      16. Уәкілетті орган онлайн-дауыс беру аяқталған сәттен бастап күнтізбелік бір күн ішінде Комиссия мүшелеріне Сыйлыққа үміткерлердің өтінімдері мен бағалау парақтарын электрондық пошта арқылы жібереді.

      17. Комиссия мүшелері Сыйлыққа үміткерлердің өтінімдерін уәкілетті органнан алған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде зерделейді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағын толтыра отырып, төмендегі өлшемшарттарға сәйкес 0-ден 5 балға дейін бағалайды:

      1) әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесі;

      2) ұсынылған бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі;

      3) қызметтегі инновациялары;

      Әр өлшемшарт бойынша балдар жинақталады және қорытынды балл қойылады.

      Комиссия мүшелері уәкілетті органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім берген үміткерлермен мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы хабарлама ұсынады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 02.02.2022 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Егер Сыйлыққа қатысуға бір ғана өтінім жіберілсе, онда оны ұсынған үміткер балдық бағалау қолданылмай жеңімпаз деп танылады.

      19. Комиссияның үміткерлерге Сыйлық тағайындау туралы шешімі әр номинация бойынша Комиссия мүшелерінің жалпы бағалау нәтижелері негізінде Комиссияның отырысында қабылданады.

      Балдар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы болса, отырыс заңды деп саналады.

      20. Әр номинациядан ең көп балл жинаған үш үміткер жеңімпаз болып танылады.

      21. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.

      Үміткерге хаттамаға қол қойылғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хаттама жобасы мен бағалау парағы қоса беріле отырып, хабарлама жіберіледі.

      Үміткер хаттаманың алдын ала жобасын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хаттаманың алдын ала жобасына қарсылық береді.

      Үміткерлердің хаттама жобасына қарсылықтары келіп түскен жағдайда, олар қаралғаннан кейін Комиссия төрағасы мен оның мүшелері Комиссия хаттамасына қол қояды және волонтерлердің qazvolunteer.kz. бірыңғай онлайн-платформасында орналастырылады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Уәкілетті орган Комиссияның шешімі негізінде Сыйлықты тағайындауды жүзеге асырады.

      23. Сыйлық уәкілетті органның бұйрығымен тағайындалады.

      24. Сыйлыққа ие болған адамдарға диплом және естелік мүсінше беріледі.

  "Жыл волонтері" халықаралық
сыйлығын тағайындау
қағидаларына
№ 1 қосымша

Сыйлық алуға үміткердің тіркелу өтінімі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 30.12.2021 № 425 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Толық атауы (заңды тұлғалар үшін)/тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),

      (жеке тұлғалар үшін)______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      2. Номинациясы ____________________________________________________________

      3. Әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесін сипаттаңыз

      ________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

      4. Байланыс телефоны ______________________________________________________ 

      5. Электрондық мекенжайы__________________________________________________

      Толтырылған күні: 20___ жылғы "____" __________.

      ________________________ _________________________________________

      (қолы)                   тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

  "Жыл волонтері" халықаралық
сыйлығын тағайындау
қағидаларына
№ 2 қосымша
  Нысан

Бағалау парақшасы

Комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда):
_______________________________________________________________________________
Толтырылған күні _______________

Іріктеу өлшемшарттары:
1. Әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесі (нәтиже жоқтығы – 0 балл, төмен нәтиже – 1-2 балл, қанағаттанарлық нәтиже – 3 балл, жақсы нәтиже – 4 балл, керемет нәтиже – 5 балл)
2. Ұсынылған бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (тәжірибе жоқтығы – 0 балл, бір жылдан төмен – 1 балл, 1-ден 2 жылға дейін – 2 балл, 2-ден 4 жылға дейін – 3 балл, 5-тен 7 жылға дейін – 4 балл, 7 жылдан жоғары – 5 балл)
3. Қызметтегі инновациялары (инновация жоқтығы – 0 балл, жобалардағы шешім жаңашылдығы – 1-2 балл, жұмыста жаңа технологиялар мен әдістерді қолдану және әзірлеу – 3-4 балл, зияткерлік меншіктің болуы – 5 балл)

   
  ____________
  (Қолы)


Атауы

Волонтерліктің дамуына қосқан үлесі

Ұсынылған бағыт бойынша жұмыс тәжірибесі

Қызметтегі инновациялары

Балдар қосындысы

Түсініктеме

1

2

3

4

5

6

7

1.







2.













  "Жыл волонтері" халықаралық
сыйлығын тағайындау
қағидаларына
№ 3-қосымша
  Кімге:
(мемлекеттік органның атауы)
Кімнен: ______________
(сарапшының тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда)

"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын алуға қатысатын үміткерлермен мүдделер қақтығысының болуы не болмауы (керегінің асты сызылсын) туралы хабарлама

      Ескерту. Қағида 3-қосымшамен толықтырылды- ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 02.02.2022 № 481 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Мен_____________________________ "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын
алуға өтінім беретін үміткерлермен мүдделер қақтығысының жоқтығы туралы (сарапшының
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) хабарлаймын, тәуелсіз сарапшы ретінде өз қызметін
жүзеге асыру кезінде "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын алуға өтінім беретін
үміткерлермен мүдделер қақтығысының болуы туралы әділдік пен объективтілік
қағидаттарын мүлтіксіз ұстануға міндеттенемін (қажеттісін атап өтуге).

      Сіз кандидаттың мүшесі (қатысушысы), құрылтайшысы (керегінің асты сызылсын)
болып табыласыз ба (егер солай болса, онда кандидат ұйымының атауын көрсетіңіз):

      ____________________________________________________________________

      Сіз басқару органының мүшесі, кандидаттың басшысы болып табыласыз ба (егер
солай болса, онда басқару органының, кандидат ұйымының атауын және атқаратын
лауазымыңызды көрсетіңіз):

      ____________________________________________________________________

      Сіз соңғы үш жыл ішінде кандидаттан көрсетілген қызметтер үшін төлем немесе
тікелей қаржылық қолдау алдыңыз ба (егер солай болса, нақты қандай қызметтер мен
кандидат ұйымының атауын көрсетіңіз):

      ____________________________________________________________________

      Сізде кандидатпен жақын туыстық байланыстарыңыз бар ма (егер болса, онда
жұмыскердің тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), ол жұмыс істейтін кандидат
ұйымының атауын, туыстық дәрежесін көрсетіңіз):

      ___________________________________________________________________.

      Сізде өзге де ықтимал мүдделер қақтығысы бар ма (егер бар болса, қандай екенін
көрсетіңіз):

      ____________________________________________________________________

      Мен мүдделер қақтығысына қатысты саясатты түсінетінімді растаймын және аталған
хабарламаны толтыру кезіндегі ақпараттың анықтығына жауапты боламын.

  20___жылғы "____" _______________
  Қолы _________________


Об утверждении Правил присуждения международной премии "Волонтер года"

Приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 12 октября 2020 года № 339. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 октября 2020 года № 21420.

      В соответствии с подпунктом 120) пункта 15 Положения Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2019 года № 142 ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра информации и общественного развития РК от 02.11.2022 № 481 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые правила присуждения международной премии "Волонтер года".

      2. Комитету по делам гражданского общества Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридической департамент Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра информации и общественного развития.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его официального опубликования.

      Министр информации и общественного развития
Республики Казахстан
А. Балаева

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство иностранных дел
Республики Казахстан

  Утверждены
Министр информации и
общественного развития
Республики Казахстан
от 12 октября 2020 года № 339

Правила присуждения международной премии "Волонтер года"

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила присуждения международной премии "Волонтер года" (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 124) функций центрального аппарата пункта 16 Положения Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2019 года № 142 и определяют порядок присуждения международной премии "Волонтер года".

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра информации и общественного развития РК от 30.12.2021 № 425 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. В настоящих правилах используются следующие основные понятия:

      1) волонтер – физическое лицо, осуществляющее волонтерскую деятельность;

      2) группа волонтеров – добровольное незарегистрированное сообщество физических лиц, образованное в целях совместного осуществления волонтерской деятельности;

      3) волонтерская организация – некоммерческая организация (за исключением религиозных объединений, потребительских кооперативов, а также общественных объединений в форме политических партий или профессиональных союзов), созданная и осуществляющая волонтерскую деятельность в соответствии с законами Республики Казахстан;

      4) уполномоченный орган в сфере волонтерской деятельности (далее - уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в сфере волонтерской деятельности;

      4-1) конфликт интересов – ситуация, при которой личная заинтересованность членов Комиссии по присуждению международной премии "Волонтер года" может повлиять на объективное принятие решения;

      5) международная премия "Волонтер года" (далее - Премия) – не денежное вознаграждение, присуждаемая претендентам, внесшим вклад в решение социально направленных, общественно полезных задач.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции приказа Министра информации и общественного развития РК от 02.11.2022 № 481 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок присуждения международной премии "Волонтер года"

      3. Премия присуждается волонтерам, группам волонтеров, волонтерским организациям, международным волонтерским организациям (далее - претенденты) внесшим вклад в решение социально направленных, общественно полезных задач.

      4. Премия присуждается по следующим номинациям:

      1) лучшая волонтерская организация;

      2) лидер корпоративного волонтерства;

      3) исключен приказом Министра информации и общественного развития РК от 02.11.2022 № 481 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);

      4) лидеры целей устойчивого развития;

      5) лучший социальный помощник;

      6) за активное участие в ликвидации чрезвычайных ситуаций;

      7) за активное участие в поиске пропавших без вести людей;

      8) за активное участие в оказании помощи жертвам правонарушений;

      9) за активное участие в развитии здравоохранения;

      10) за активное участие в пропаганде здорового образа жизни;

      11) за вклад в популяризации знаний;

      12) за вклад в сохранении и защиты окружающей среды;

      13) за вклад в укреплении мира, дружбы и согласия;

      14) за вклад в сохранении и развитии историко-культурного наследия;

      15) за вклад в решении вопросов зоозащиты;

      16) за вклад в решении социальных задач.

      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным приказом Министра информации и общественного развития РК от 02.11.2022 № 481 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Информационное сообщение о проведении Премии публикуется в средствах массовой информации, на официальном интернет-ресурсе уполномоченного органа, на единой онлайн-платформе волонтеров qazvolunteer.kz., а также на официальных аккаунтах в социальных сетях уполномоченного органа не менее чем за 20 (двадцать) календарных дней до дня окончательного приема заявок.

      6. Для проведения оценки заявок претендентов при уполномоченном органе создается Комиссия по присуждению международной премии "Волонтер года" (далее – Комиссия).

      7. Состав Комиссии утверждается приказом уполномоченного органа и размещается на интернет-ресурсе уполномоченного органа, на единой онлайн-платформе волонтеров qazvolunteer.kz., а также на официальных аккаунтах в социальных сетях уполномоченного органа.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции приказа Министра информации и общественного развития РК от 02.11.2022 № 481 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Общее количество членов Комиссии составляет нечетное число и должно быть не менее пятнадцати человек.

      Комиссию возглавляет председатель, а в случае его отсутствия заместитель председателя.

      9. Члены Комиссии не разглашают сведения, полученные в ходе рассмотрения заявок.

      10. Для участия в Премии претенденты размещают на единой онлайн-платформе волонтеров qazvolunteer.kz следующие документы в электронном виде (формат DOC, DOCX, PDF):

      1) регистрационную заявку по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      2) справку о государственной регистрации для волонтерских организаций;

      3) рекомендательное письмо и справку о достижениях претендента относящиеся к волонтерской деятельности (при наличии);

      4) копии наградных дипломов, грамот, благодарственных писем относящиеся к волонтерской деятельности (при наличии);

      5) копии статей, публикаций претендента или о претенденте относящиеся к волонтерской деятельности (при наличии);

      10-1. В случае представления неполного пакета документов, а также выявления несоответствия заявки на соискание Премии требованиям, указанным в пункте 10 настоящих Правил, уполномоченный орган в течение 2 (двух) рабочих дней со дня окончания срока приема заявок на соискание Премии направляет уведомление о необходимости приведения заявки в соответствие с требованиями на электронный адрес претендента, указанный в заявке на соискание Премии.

      В течение 2 (двух) рабочих дней со дня получения уведомления претендент представляет в уполномоченный орган недостающие с учетом замечаний документы и приведенную в соответствие заявку на соискание Премии.

      В случае не приведения в соответствие заявки на соискание Премии с требованиями, указанными в пункте 10 настоящих Правил, уполномоченный орган в течение 1 (одного) рабочего дня направляет письменный мотивированный ответ претенденту об отказе в рассмотрении заявки на соискание Премии.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 10-1 в соответствии с приказом Министра информации и общественного развития РК от 30.12.2021 № 425 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Претенденты принимают участие на соискание Премии не более чем по одной номинации. В случае выявления ложной информации о претендентах, выдвинувших на соискание Премии, данные претенденты не участвуют в конкурсе.

      12. Уполномоченный орган в течение 5 (пяти) рабочих дней после окончания приема заявок размещает перечень претендентов Премии на единой онлайн-платформе волонтеров qazvolunteer.kz.

      Сноска. Пункт 12 - в редакции приказа Министра информации и общественного развития РК от 02.11.2022 № 481 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13. Перечень претендентов, выдвинувших на соискание Премии, рассматриваются в два этапа.

      14. На первом этапе уполномоченный орган проводит открытое онлайн-голосование на единой онлайн-платформе волонтеров qazvolunteer.kz в течение 10 (десяти) календарных дней со дня размещения списка претендентов Премии.

      По результатам онлайн-голосования на единой онлайн-платформе волонтеров qazvolunteer.kz, размещается список претендентов с количеством голосов в порядке убывания.

      15. На второй этап проходят не более 10 (десяти) претендентов из каждой номинации, набравших наибольшее количество голосов. При равенстве голосов проходят оба претендента.

      16. В течение одного календарного дня с момента окончания онлайн - голосования уполномоченный орган направляет членам Комиссии посредством электронной почты заявки претендентов Премии и оценочные листы.

      17. Члены Комиссии в течение 7 (семи) календарных дней со дня получения заявок претендентов Премии от уполномоченного органа, изучают и оценивают заявки от 0 до 5 баллов по ниже перечисленным критериям, заполнив оценочный лист по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам:

      1) внесенный вклад в решение социально направленных, общественно полезных задач;

      2) опыт работы по выдвигаемому направлению;

      3) инновации в деятельности;

      Баллы по каждому критерию суммируются и выставляется общий балл.

      Члены Комиссии представляют в уполномоченный орган уведомление о наличии либо отсутствии конфликта интересов с претендентами, подавшими заявку по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

      Сноска. Пункт 17 - в редакции приказа Министра информации и общественного развития РК от 02.11.2022 № 481 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      18. В случае если к участию в Премии допущена только одна заявка, то претендент, подавший ее, признается победителем Премии без применения балльной оценки.

      19. Решение Комиссии о присуждении Премии претендентам, принимается на заседании Комиссии на основе общих итогов оценок членов Комиссии по каждой номинации.

      В случае равенства баллов, принятым считается решение, за которое проголосовал председатель.

      Заседание считается правомочным, при наличии не менее половины от общего числа членов Комиссии.

      20. Победителями признаются три претендента по каждой номинации, набравших наибольшее количества баллов.

      21. Решение Комиссии оформляется протоколом.

      Претенденту направляется уведомление с приложением проекта протокола и оценочного листа не позднее чем за 3 (три) рабочих дня до подписания протокола.

      Претендентом предоставляется возражение к предварительному проекту протокола в срок не позднее 2 (двух) рабочих дней со дня получения предварительного проекта протокола.

      После рассмотрения возражений претендентов к проекту протокола, в случае их поступления, председателем и членами Комиссии подписывается протокол Комиссии и размещается на единой онлайн-платформе волонтеров qazvolunteer.kz.

      Сноска. Пункт 21 - в редакции приказа Министра информации и общественного развития РК от 30.12.2021 № 425 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      22. Уполномоченный орган на основании решения Комиссии осуществляет присуждение Премии.

      23. Премия присуждается приказом уполномоченного органа.

      24. Претендентам, удостоенным Премии, вручаются диплом и памятная статуэтка.

  Приложение № 1
к Правилам присуждения
международной премии
"Волонтер года"

Регистрационная заявка претендента на соискание Премии

      Сноска. Приложение 1 - в редакции приказа Министра информации и общественного развития РК от 30.12.2021 № 425 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Полное наименование (для юридических лиц)/ фамилия, имя, отчество
(при его наличии) (для физических лиц)
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
2. Номинация ___________________________________________________________
3. Опишите внесенный вклад в решение социально направленных, общественно
полезных задач
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
4. Контактный телефон ___________________________________________________
5. Электронный адрес ____________________________________________________
Дата заполнения: "_____" __________20___ года.
___________________ ____________________________________________________
(подпись) Фамилия, имя, отчество (при его наличии)
Место печати (при его наличии)

  Приложение № 2
к Правилам присуждения
международной премии
"Волонтер года"
  Форма

Оценочный лист

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) члена Комиссии:
____________________________________________________________________________
Дата заполнения _______________

Критерии отбора:
1. Внесенный вклад решение социально направленных, общественно полезных задач (нет эффекта – 0 балл, слабый эффект – 1-2 балла, удовлетворительный эффект – 3 балла, хороший эффект - 4 балла, отличный эффект – 5 баллов)

2. Опыт работы по выдвигаемому направлению (нет опыта – 0 балл, менее одного года – 1 балл, от 1 до 2 лет – 2 балла, от 2 до 4 лет – 3 балла, от 5 до 7 лет - 4 балла, от 7 лет и выше – 5 баллов)

3. Инновации в деятельности (нет инновации – 0 балл, новизна решений в проектах – 1-2 балла, разработка и использование новых технологий и методов в работе – 3-4 балла, наличие интеллектуальной собственности – 5 баллов)

____________
(Подпись)

Наименование

Внесенный вклад развитие волонтерства

Опыт работы по выдвигаемому направлению

Инновации в деятельности

Сумма баллов

Пояснение

1

2

3

4

5

6

7

1.







2.













  Приложение № 3
к Правилам присуждения
международной премии
"Волонтер года"
Кому: __________________
(наименование
государственного органа)
от кого: ________________
(фамилия, имя, отчество
(при его наличии) эксперта)

Уведомление о наличии либо об отсутствии (нужное подчеркнуть) конфликта интересов с претендентами, принимающие участие на соискание международной премии "Волонтер года"

      Сноска. Правила дополнены приложением 3 в соответствии с приказом Министра информации и общественного развития РК от 02.11.2022 № 481 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Я _____________________________________ уведомляю (фамилия, имя, отчество
(при его наличии) эксперта) об отсутствии конфликта интересов с претендентами,
подаваемыми заявку на соискание международной премии "Волонтер года",
обязуюсь при осуществлении своей деятельности в качестве независимого эксперта
неукоснительно следовать принципам справедливости и объективности о наличии
конфликта интересов с претендентами, подаваемыми заявку на соискание
международной премии "Волонтер года" (отметить нужное).
Являетесь ли Вы членом (участником), учредителем (нужное подчеркнуть) кандидата
(если да, то указать наименование организации кандидата):
_______________________________________________________________________.
Являетесь ли Вы членом органа управления, руководителем кандидата (если да, то
указать орган управления, наименование организации кандидата и занимаемую
должность):
_______________________________________________________________________.
Получали ли Вы в течение последних трех лет оплату за оказанные услуги или
прямую финансовую поддержку от кандидата (если да, то указать, какие именно
услуги и наименование организации кандидата):
_______________________________________________________________________.
Имеются ли у Вас близкие родственные связи с кандидатом (если да, то указать
фамилию, имя, отчество (при его наличии) работника, наименование организации
кандидата, в которой он работает, степень родства):
_______________________________________________________________________.
Имеется ли у Вас иной потенциальный конфликт интересов (если да, то указать какой):
_______________________________________________________________________.
Я подтверждаю, что понимаю политику в отношении конфликта интересов и несу
ответственность за достоверность информации при заполнении данного уведомления.
"____" ________________20___год
Подпись _________________