"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 339 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 2 қарашадағы № 481 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 қарашада № 30415 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 339 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21420 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ережесінің 15-тармағының 120) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын тағайындау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) волонтер – волонтерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;

      2) волонтерлер тобы – волонтерлік қызметті бірлесіп жүзеге асыру мақсатында құрылған жеке тұлғалардың тіркелмеген ерікті қоғамдастығы;

      3) волонтерлік ұйым – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және волонтерлік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым (діни бірлестіктерді, тұтыну кооперативтерін, сондай-ақ саяси партиялар немесе кәсіптік одақтар нысанындағы қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда);

      4) волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – волонтерлік қызмет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4-1) мүдделер қақтығысы – "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын беру жөніндегі комиссия мүшелерінің жеке мүдделілігі объективті шешім қабылдауға әсер етуі мүмкін жағдай;

      5) "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығы (бұдан әрі – Сыйлық) – әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан үміткерлерге берілетін ақшалай емес сыйақы.";

      4-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Комиссия құрамы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі және уәкілетті органның интернет-ресурсында, qazvolunteer.kz волонтерлердің бірыңғай онлайн-платформасында, сондай-ақ уәкілетті органның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында орналастырылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Уәкілетті орган өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Сыйлыққа үміткерлердің тізбесін qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасында орналастырады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Комиссия мүшелері Сыйлыққа үміткерлердің өтінімдерін уәкілетті органнан алған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде зерделейді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағын толтыра отырып, төмендегі өлшемшарттарға сәйкес 0-ден 5 балға дейін бағалайды:

      1) әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге қосқан үлесі;

      2) ұсынылған бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі;

      3) қызметтегі инновациялары;

      Әр өлшемшарт бойынша балдар жинақталады және қорытынды балл қойылады.

      Комиссия мүшелері уәкілетті органға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім берген үміткерлермен мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы хабарлама ұсынады.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын тағайындау қағидаларына 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Д. Қыдырәлі
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2022 жылғы 2 қарашадағы
№ 481 бұйрығына қосымша
"Жыл волонтері" халықаралық
сыйлығын тағайындау
қағидаларына
№ 3-қосымша
  Кімге:
(мемлекеттік органның атауы)
Кімнен: ______________
(сарапшының тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда)

"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын алуға қатысатын үміткерлермен мүдделер қақтығысының болуы не болмауы (керегінің асты сызылсын) туралы хабарлама

      Мен_____________________________ "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын
алуға өтінім беретін үміткерлермен мүдделер қақтығысының жоқтығы туралы (сарапшының
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) хабарлаймын, тәуелсіз сарапшы ретінде өз қызметін
жүзеге асыру кезінде "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын алуға өтінім беретін
үміткерлермен мүдделер қақтығысының болуы туралы әділдік пен объективтілік
қағидаттарын мүлтіксіз ұстануға міндеттенемін (қажеттісін атап өтуге).

      Сіз кандидаттың мүшесі (қатысушысы), құрылтайшысы (керегінің асты сызылсын)
болып табыласыз ба (егер солай болса, онда кандидат ұйымының атауын көрсетіңіз):

      ____________________________________________________________________

      Сіз басқару органының мүшесі, кандидаттың басшысы болып табыласыз ба (егер
солай болса, онда басқару органының, кандидат ұйымының атауын және атқаратын
лауазымыңызды көрсетіңіз):

      ____________________________________________________________________

      Сіз соңғы үш жыл ішінде кандидаттан көрсетілген қызметтер үшін төлем немесе
тікелей қаржылық қолдау алдыңыз ба (егер солай болса, нақты қандай қызметтер мен
кандидат ұйымының атауын көрсетіңіз):

      ____________________________________________________________________

      Сізде кандидатпен жақын туыстық байланыстарыңыз бар ма (егер болса, онда
жұмыскердің тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), ол жұмыс істейтін кандидат
ұйымының атауын, туыстық дәрежесін көрсетіңіз):

      ___________________________________________________________________.

      Сізде өзге де ықтимал мүдделер қақтығысы бар ма (егер бар болса, қандай екенін
көрсетіңіз):

      ____________________________________________________________________

      Мен мүдделер қақтығысына қатысты саясатты түсінетінімді растаймын және аталған
хабарламаны толтыру кезіндегі ақпараттың анықтығына жауапты боламын.

  20___жылғы "____" _______________
  Қолы _________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады