БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерін арнайы автокөлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 19-42-3.3.22 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19742 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 26 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің қаржы және бухгалтерлік есеп секторы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары – бас бухгалтер Е.К.Арпабаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы |
Н.Онжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
___________________________
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерін арнайы автокөлік құралдарымен қамтамасыз етудің ЗАТТАЙ НОРМАЛАРЫ
Арнайы автокөлік құралдарын қолдануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер | Функционалдық мақсаты | Арнайы автокөлік құралдарының заттай нормалары * | |
жеңіл автомобиль | жүк автомобилі және/немесе жолаушылар автобусы, микроавтобус | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі | жедел | - | 1 |
Ескертпе:* - бір автокөліктің бір айдағы жүру лимиті 2100 км.