Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерін арнайы автокөлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің арнайы автокөлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2017 жылғы 15 мамырдағы № 17-42-3.3.7 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15262 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіде 2017 жылғы 3 шілдеде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің қаржы және бухгалтерлік есеп секторы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары – бас бухгалтер Е.К.Арпабаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы |
Н. Онжанов |
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 19-42-3.3.22 бұйрығына ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерін арнайы автокөлік құралдарымен қамтамасыз етудің ЗАТТАЙ НОРМАЛАРЫ
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияа – ҚР Президенті Кеңсесі бастығының 27.10.2020 № 20-42-3.3.15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Арнайы автокөлік құралдарын қолдануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер | Функционалдық мақсаты | Арнайы автокөлік құралдарының заттай нормалары * | |
жеңіл автомобиль | жүк автомобилі және/немесе жолаушылар автобусы, микроавтобус | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі | жедел | - | 1 |
Ескертпе:* - бір автокөліктің бір айдағы жүру лимиті 2100 км.