"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерін арнайы автокөлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 19-42-3.3.22 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2020 жылғы 27 қазандағы № 20-42-3.3.15 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 қарашада № 21671 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерін арнайы автокөлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 19-42-3.3.22 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19742 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 26 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің қаржы және бухгалтерлік есеп секторы:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары – бас бухгалтер Е.К.Арпабаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесінің бастығы
Н.Онжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      ___________________________

  Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесі бастығының
2020 жылғы 27 қазандағы
№ 20-42-3.3.15 бұйрығына
ҚОСЫМША
  Қазақстан Республикасы
Президенті Кеңсесі бастығының
2019 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 19-42-3.3.22 бұйрығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерін арнайы автокөлік құралдарымен қамтамасыз етудің ЗАТТАЙ НОРМАЛАРЫ

Арнайы автокөлік құралдарын қолдануға құқығы бар мемлекеттік мекемелер

Функционалдық мақсаты

Арнайы автокөлік құралдарының заттай нормалары *

жеңіл автомобиль

жүк автомобилі және/немесе жолаушылар автобусы, микроавтобус

1

2

3

4

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесі

жедел

-

1

      Ескертпе:* - бір автокөліктің бір айдағы жүру лимиті 2100 км.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады