Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ оларды кеден органдарының, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-202/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 желтоқсанда № 21706 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 № 42 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 45-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 № 42 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кеден органдарының, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесін ұсыну қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 № 42 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мыналардың:

      1) "Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 421 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11904 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 14 қыркүйекте жарияланған);

      2) "Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 421 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 474 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14645 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 19 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 25 қарашадағы
№ ҚР ДСМ-202/2020 бұйрығына
1-қосымша

Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесі

      1. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ұсынатын камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесі:

      1) жөнелткен елі;

      2) тауарларға арналған декларацияның (бұдан әрі –ТД) тіркеу нөмірі;

      3) декларациялаудың мемлекеттік кірістер департаменті;

      4) тауардың шыққан елі;

      5) жөнелтуші және (немесе) экспорттаушы;

      6) сыртқы экономикалық қызметке қатысушының (бұдан әрі – СЭҚҚ) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және (немесе) атауы;

      7) СЭҚҚ-ның жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН);

      8) СЭҚҚ, заңды мекенжайы;

      9) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) бойынша тауардың коды;

      10) тауардың атауы;

      11) ТД-дағы тауардың сипаттамасы;

      12) тауардың салмағы, нетто (кг);

      13) қосымша өлшем бірліктерімен (бұдан әрі – ҚӨБ) саны;

      14) тауардың шартты шығарылуы туралы белгі.

      2. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ұсынатын камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесі:

      1) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және (немесе) атауы, мекенжайы, БСН және (немесе) ЖСН;

      2) дайындаушының (өндірушінің) атауы;

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (ЕАЭО СЭҚ ТН) бойынша коды (кодтары);

      4) тауарлар бойынша сандық мәліметтер;

      5) нормативтік құқықтық актілер және талаптарға сәйкестігін растау жүргізілген нормативтік құжаттар туралы ақпарат;

      6) өнімнің нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкестігіне дәлел ретінде сәйкестікті растау жөніндегі органға өтініш беруші ұсынған құжаттар туралы ақпарат, жүргізілген зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер туралы ақпарат (сынақ хаттамасының күні, нөмірі, сынақ хаттамасын берген сынақ зертханасының атауы және аккредиттеу аттестатының нөмірі, шетелдік сертификаттың берілген күні, нөмірі, оны берген органның атауы);

      7) сәйкестік сертификатының (сәйкестік туралы декларацияның) қолданылуын тоқтата тұру, қайта жалғастыру немесе тоқтату күні және себебі;

      8) сәйкестік сертификатының (сәйкестік туралы декларацияның) қолданылуын ұзарту күні, мерзімі және оны ұзартуға негіз;

      9) сәйкестік сертификатына (сәйкестік туралы декларацияға) қосымша (қосымшалар) туралы мәліметтер;

      10) сәйкестік сертификатын (сәйкестік туралы декларацияны) берген (тіркеген) сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы, мекенжайы, аккредиттеу аттестатының нөмірі мен берілген күні;

      11) сәйкестік сертификатын (сәйкестік туралы декларацияны) берген (тіркеген) сертификаттау жөніндегі орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

      12) сарапшы-аудитордың (сарапшының) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);

      13) сәйкестік сертификатының (сәйкестік туралы декларацияның) қолданылу мерзімі, тіркеу нөмірі, сәйкестік сертификаты (сәйкестік туралы декларация) ресімделген бланктің есептік нөмірі.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 25 қарашадағы
№ ҚР ДСМ-202/2020 бұйрығына
2-қосымша

Кеден органдарының, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесін ұсыну қағидалары

      Ескерту. Қағидаларының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 № 42 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 45-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдардың, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы, импортталатын тауарлар бойынша және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға (бұдан әрі – мемлекеттік орган) өнімдердің сәйкестігін растауға (бағалауға) жүгінген өтініш берушілер туралы мәліметтер тізбесін ұсыну тәртібін, сондай-ақ камералдық бақылауды жүзеге асыру мақсатында олардың мәліметтерді беру нысаны мен тәсілдерін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.06.2024 № 42 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдар осы Қағидаларға сәйкес мәліметтерді мемлекеттік органға ұсынады.

      3. Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдар мемлекеттік органға осы Қағидаларға сәйкес мәліметтерді дайындауға, беруге жауапты лауазымды адамдарды айқындау туралы жазбаша түрде хабарлайды, процесс автоматтандырылған жағдайда мәліметтер автоматты режимде беріледі және лауазымды адамдарға жүйеге қол жеткізу құқығы беріледі.

      4. Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдар мемлекеттік органға ақпаратты электрондық тасығышта қоса бере отырып, ілеспе хатты ресімдеу жолымен мәліметтерді ұсынады, автоматтандырылған жағдайда осы Қағидалардың 5 және 7-тармақтарында көзделген мерзімдерде автоматты режимде беріледі.

      Камералдық бақылау процесі автоматтандырылған жағдайда жауапты лауазымды адамдарға мәліметтерді жүйеге автоматты режимде беру үшін қол жеткізу құқығы беріледі.

      Ілеспе хатқа қоса берілетін ақпарат (мәліметтер) санамаланған форматтардың (Excel, SQL, DBF) бірінде байланыс арналары арқылы немесе электрондық тасығыштарда жіберіледі.

      5. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бесінші күніне дейін мемлекеттік органға Кодекстің 45-бабының 1-тармағына сәйкес камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесіне сәйкес мәліметтерді ұсынады.

      6. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган сәйкестікті растау жөніндегі органдардан өнім және өнімнің сәйкестігін растау (бағалау) үшін жүгінген өтініш берушілер туралы мәліметтерді жинауды ұйымдастырады.

      7. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ай сайын есепті айдан кейінгі айдың оныншы күніне дейін мемлекеттік органға Кодекстің 45-бабының 1-тармағына сәйкес камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесіне сәйкес мәліметтерді ұсынады.

Об утверждении перечня сведений, необходимых для осуществления камерального контроля, а также правил их представления таможенными органами, уполномоченным органом в области технического регулирования

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-202/2020. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 декабря 2020 года № 21706.

      Сноска. Заголовок - в редакции приказа Министра здравоохранения РК от 28.06.2024 № 42 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 45 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения", ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра здравоохранения РК от 28.06.2024 № 42 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить:

      1) перечень сведений, необходимых для осуществления камерального контроля согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) правила представления перечня сведений, необходимых для осуществления камерального контроля таможенными органами, уполномоченным органом в области технического регулирования согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным приказом Министра здравоохранения РК от 28.06.2024 № 42 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившим силу:

      1) приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 5 июня 2015 года № 421 "Об утверждении Перечня сведений, необходимых для осуществления камерального контроля, а также Правил их представления уполномоченными органами в сфере таможенного дела и в области технического регулирования, органами по подтверждению соответствия и испытательными лабораториями (центрами)" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11904, опубликован 14 сентября 2015 года в Информационно-правовой системе "Әділет");

      2) приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 11 ноября 2016 года № 474 "О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 5 июня 2015 года № 421 "Об утверждении Перечня сведений, необходимых для осуществления камерального контроля, а также Правил их представления уполномоченными органами в сфере таможенного дела и в области технического регулирования, органами по подтверждению соответствия и испытательными лабораториями (центрами) (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 14645, опубликован 19 января 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Комитету санитарно-эпидемиологического контроля Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет–ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
Республики Казахстан
А. Цой

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 25 ноября 2020 года
№ ҚР ДСМ-202/2020

Перечень сведений, необходимых для осуществления камерального контроля

      1. Перечень сведений, необходимых для осуществления камерального контроля, предоставляемый уполномоченным органом в сфере таможенного дела:

      1) страна отправления;

      2) регистрационный номер декларации на товары (далее – ДТ);

      3) департамент государственных доходов декларирования;

      4) страна происхождения товара;

      5) отправитель и (или) экспортер;

      6) фамилия, имя, отчество (при его наличии) и (или) наименование участника внешнеэкономической деятельности (далее – УВЭД);

      7) индивидуальный идентификационный номер (далее – ИИН) и (или) бизнес идентификационный номер (далее – БИН) УВЭД;

      8) УВЭД, юридический адрес;

      9) код товара по товарной номенклатуре внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза (далее – ТН ВЭД ЕАЭС);

      10) наименование товара;

      11) описание товара из ДТ;

      12) вес товара, нетто (килограмм);

      13) количество в дополнительных единицах измерения (далее – ДЕИ);

      14) отметка об условном выпуске товара.

      2. Перечень сведений, необходимых для осуществления камерального контроля, предоставляемый уполномоченным органом в области технического регулирования:

      1) фамилия, имя, отчество (при его наличии) и (или) наименование, адрес, БИН и (или) ИИН заявителя;

      2) наименование изготовителя (производителя);

      3) код (коды) по товарной номенклатуре внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза (ТН ВЭД ЕАЭС);

      4) количественные сведения по товарам;

      5) информация о нормативных правовых актах и нормативных документах, на соответствие требованиям которых проводилось подтверждение соответствия;

      6) информация о документах, представленных заявителем в орган по подтверждению соответствия в качестве доказательства соответствия продукции требованиям нормативных правовых актов, информация о проведенных исследованиях (испытаниях) и измерениях (дата, номер протокола испытаний, наименование и номер аттестата аккредитации испытательной лаборатории, выдавшей протокол испытаний, дата, номер иностранного сертификата, наименование органа его выдавшего);

      7) дата и причина приостановления, возобновления или прекращения действия сертификата соответствия (декларации о соответствии);

      8) дата, срок продления действия сертификата соответствия (декларации о соответствии) и основание для его продления;

      9) сведения о приложении (приложениях) к сертификату соответствия (декларации о соответствии);

      10) наименование, адрес, номер и дата выдачи аттестата аккредитации органа по подтверждению соответствия, выдавшего (зарегистрировавшего) сертификат соответствия (декларацию о соответствии);

      11) фамилия, имя, отчество (при его наличии) руководителя органа по сертификации, выдавшего (зарегистрировавшего) сертификат соответствия (декларацию о соответствии);

      12) фамилия, имя, отчество (при его наличии) эксперта-аудитора (эксперта);

      13) срок действия, регистрационный номер сертификата соответствия (декларации о соответствии), учетный номер бланка, на котором оформлен сертификат соответствия (декларация о соответствии).

  Приложение 2 к приказу
Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 25 ноября 2020 года
№ ҚР ДСМ-202/2020

Правила представления перечня сведений, необходимых для осуществления камерального контроля таможенными органами, уполномоченным органом в области технического регулирования

      Сноска. Наименование правил - в редакции приказа Министра здравоохранения РК от 28.06.2024 № 42 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие правила представления перечня сведений, необходимых для осуществления камерального контроля (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 45 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее – Кодекс) и определяют порядок представления уполномоченными органами в сфере таможенного дела и в области технического регулирования перечня сведений об участниках внешнеэкономической деятельности, по импортируемым товарам и о заявителях, обратившихся за подтверждением (оценкой) соответствия продукции государственному органу в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения (далее – государственный орган), а также форму и способы передачи сведений с целью им осуществления камерального контроля.

      Сноска. Пункт 1- в редакции приказа Министра здравоохранения РК от 28.06.2024 № 42 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Уполномоченные органы в сфере таможенного дела и в области технического регулирования представляют сведения в государственный орган в соответствии с настоящими Правилами.

      3. Уполномоченные органы в сфере таможенного дела и в области технического регулирования письменно уведомляют государственный орган об определении должностных лиц, ответственных за подготовку, передачу сведений в соответствии с настоящими Правилами, в случае автоматизации процесса сведения передаются в автоматическом режиме и должностным лицам предоставляются права доступа к системе.

      4. Сведения представляются уполномоченными органами в сфере таможенного дела и в области технического регулирования в государственный орган путем оформления сопроводительного письма с приложением информации на электронном носителе, в случае автоматизации передаются в автоматическом режиме в сроки, предусмотренные в пунктах 5 и 7 настоящих Правил.

      В случае автоматизации процесса камерального контроля ответственным должностным лицам предоставляются права доступа для передачи сведений в систему в автоматическом режиме.

      Прилагаемая к сопроводительному письму информация (сведения) направляется в одном из перечисленных форматов (Excel, SQL, DBF) по каналам связи или на электронных носителях.

      5. Уполномоченный орган в сфере таможенного дела ежемесячно до пятого числа, месяца следующего за отчетным, предоставляет в государственный орган сведения согласно перечня сведений, необходимых для осуществления камерального контроля в соответствии с пунктом 1 статьи 45 Кодекса.

      6. Уполномоченный орган в области технического регулирования организует сбор от органов по подтверждению соответствия сведений о продукции и заявителях, обратившихся за подтверждением (оценкой) соответствия продукции.

      7. Уполномоченный орган в области технического регулирования ежемесячно до десятого числа месяца, следующего за отчетным представляет в государственный орган сведения согласно перечня сведений, необходимых для осуществления камерального контроля в соответствии с пунктом 1 статьи 45 Кодекса.