"Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 421 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 474 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 5 қаңтардағы № 14645 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-202/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.11.2020 № ҚР ДСМ-202/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 6-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 111) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 421 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11904 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Аталған бұйрықпен бекітілген Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесін Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) табыс ету қағидаларында:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдар осы Қағидаларға сәйкес мәліметтерді дайындауға, беруге жауапты лауазымды адамдарды айқындау туралы жазбаша түрде ведомствоға хабарлайды, процесс автоматтандырылған жағдайда мәліметтер автоматты режимде беріледі және лауазымды адамдарға жүйеге қол жеткізу құқығы беріледі.

      4. Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдар электрондық жеткізгіштегі ақпаратты қоса бере отырып, ілеспе хатты ресімдеу жолымен мәліметтерді ведомствоға табыс етеді, автоматтандырылған жағдайда осы Қағидалардың 5 және 7-тармақтарында көзделген мерзімдерде автоматты режимде беріледі.

      Камералдық бақылау процесі автоматтандырылған жағдайда, жауапты лауазымды адамдарға мәліметтерді жүйеге автоматты режимде беру үшін қол жеткізу құқықтары беріледі.

      Ілеспе хатқа қоса берілетін ақпарат (мәліметтер) тізбеленген форматтардың (Excel, SQL, DBF) бірінде байланыс арналары арқылы немесе электрондық жеткізгіштерде жіберіледі.";

      8-тармақ алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
Қ. Бишімбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму

      министрі

      _____________ Ж. Қасымбек

      2016 жылғы 18 қараша

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 29 қараша

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 11 қарашадағы
№ 474 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 5 шілдедегі
№ 421 бұйрығына
1-қосымша

Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесі

      1. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ұсынатын, камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесі:

      1) жөнелткен елі;

      2) тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірі (бұдан әрі -ТД).

      3) декларациялаудың мемлекеттік кірістер департаменті;

      4) тауардың шыққан елі;

      5) бизнес-әріптес;

      6) сыртқы экономикалық қызметке қатысушының (бұдан әрі - СЭҚҚ) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) / атауы;

      7) СЭҚҚ жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) / бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН);

      8) СЭҚҚ, заңды мекенжайы;

      9) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі - ЕЭО СЭҚ ТН) бойынша тауардың коды;

      10) тауар атауы;

      11) Т-дағы тауардың сипаттамасы;

      12) тауар салмағы, нетто (кг);

      13) саны қосымша өлшем бірліктермен (бұдан әрі -ҚӨБ);

      14) тауардың орналасқан жері;

      15) тауарға сәйкестік сертификаттарының немесе тауардың сәйкестігі туралы декларациялардың тіркеу нөмірлері және күні;

      16) тауардың шартты шығарылуы туралы белгі;

      2. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ұсынатын, камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесі:

      1) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) / атауы, мекенжайы, БСН/ЖСН;

      2) дайындаушының (өндірушінің) атауы;

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі - ЕЭО СЭҚ ТН) бойынша коды (кодтары);

      4) тауарлар бойынша сандық мәліметтер;

      5) нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан олардың сәйкестігін растау жүргізілгені туралы ақпарат;

      6) өнімнің нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкестігіне дәлел ретінде сәйкестікті растау жөніндегі органға өтінім беруші ұсынған құжаттар туралы ақпарат, жүргізілген зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер туралы ақпарат (сынақтар хаттамасының күні, нөмірі, сынақтар хаттамасын берген сынақ зертханасының атауы және аккредиттеу аттестатының нөмірі, шетелдік сертификаттың берілген күні, нөмірі, оны берген органның атауы);

      7) сәйкестік сертификатының (сәйкестік туралы декларацияның) қолданылуын тоқтата тұру, қайта жалғастыру немесе тоқтату күні және себебі;

      8) сәйкестік сертификатының (сәйкестік туралы декларация) берілген күн, оның қолданылуын ұзарту мерзімі және оны ұзарту негізі;

      9) сәйкестік сертификатына (сәйкестік туралы декларацияға) қосымша (қосымшалар) туралы мәліметтер;

      10) сәйкестік сертификатын (сәйкестік туралы декларацияны) берген (тіркеген) сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы, мекенжайы, аккредиттеу аттестатының нөмірі мен берілген күні;

      11) сәйкестік сертификатын (сәйкестік туралы декларацияны) берген (тіркеген) сәйкестікті растау жөніндегі орган басшысының тегі, аты мен әкесінің аты (болған жағдайда);

      12) сарапшы-аудитордың (сарапшының) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мекенжайы;

      13) оны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін өнім туралы ақпарат;

      14) сәйкестік сертификатының (сәйкестік туралы декларацияның) тиісті позициясында көрсетілген қосымша ақпарат;

      15) сәйкестік сертификатының (сәйкестік туралы декларацияның) қолданылу мерзімі, тіркеу нөмірі, сәйкестік сертификаты (сәйкестік туралы декларация) ресімделген бланкінің есептік нөмірі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады