Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 421 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 тамызда № 11904 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-202/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 25.11.2020 № ҚР ДСМ-202/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесін табыс ету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 10 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 30 маусым



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 5 шілдедегі
№ 421 бұйрығына
1-қосымша

Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.11.2016 № 474 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ұсынатын, камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесі:

      1) жөнелткен елі;

      2) тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірі (бұдан әрі -ТД).

      3) декларациялаудың мемлекеттік кірістер департаменті;

      4) тауардың шыққан елі;

      5) бизнес-әріптес;

      6) сыртқы экономикалық қызметке қатысушының (бұдан әрі - СЭҚҚ) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) / атауы;

      7) СЭҚҚ жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) / бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН);

      8) СЭҚҚ, заңды мекенжайы;

      9) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі - ЕЭО СЭҚ ТН) бойынша тауардың коды;

      10) тауар атауы;

      11) Т-дағы тауардың сипаттамасы;

      12) тауар салмағы, нетто (кг);

      13) саны қосымша өлшем бірліктермен (бұдан әрі -ҚӨБ);

      14) тауардың орналасқан жері;

      15) тауарға сәйкестік сертификаттарының немесе тауардың сәйкестігі туралы декларациялардың тіркеу нөмірлері және күні;

      16) тауардың шартты шығарылуы туралы белгі;

      2. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ұсынатын, камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесі:

      1) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) / атауы, мекенжайы, БСН/ЖСН;

      2) дайындаушының (өндірушінің) атауы;

      3) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (бұдан әрі - ЕЭО СЭҚ ТН) бойынша коды (кодтары);

      4) тауарлар бойынша сандық мәліметтер;

      5) нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан олардың сәйкестігін растау жүргізілгені туралы ақпарат;

      6) өнімнің нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкестігіне дәлел ретінде сәйкестікті растау жөніндегі органға өтінім беруші ұсынған құжаттар туралы ақпарат, жүргізілген зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер туралы ақпарат (сынақтар хаттамасының күні, нөмірі, сынақтар хаттамасын берген сынақ зертханасының атауы және аккредиттеу аттестатының нөмірі, шетелдік сертификаттың берілген күні, нөмірі, оны берген органның атауы);

      7) сәйкестік сертификатының (сәйкестік туралы декларацияның) қолданылуын тоқтата тұру, қайта жалғастыру немесе тоқтату күні және себебі;

      8) сәйкестік сертификатының (сәйкестік туралы декларация) берілген күн, оның қолданылуын ұзарту мерзімі және оны ұзарту негізі;

      9) сәйкестік сертификатына (сәйкестік туралы декларацияға) қосымша (қосымшалар) туралы мәліметтер;

      10) сәйкестік сертификатын (сәйкестік туралы декларацияны) берген (тіркеген) сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы, мекенжайы, аккредиттеу аттестатының нөмірі мен берілген күні;

      11) сәйкестік сертификатын (сәйкестік туралы декларацияны) берген (тіркеген) сәйкестікті растау жөніндегі орган басшысының тегі, аты мен әкесінің аты (болған жағдайда);

      12) сарапшы-аудитордың (сарапшының) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), мекенжайы;

      13) оны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін өнім туралы ақпарат;

      14) сәйкестік сертификатының (сәйкестік туралы декларацияның) тиісті позициясында көрсетілген қосымша ақпарат;

      15) сәйкестік сертификатының (сәйкестік туралы декларацияның) қолданылу мерзімі, тіркеу нөмірі, сәйкестік сертификаты (сәйкестік туралы декларация) ресімделген бланкінің есептік нөмірі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 5 маусымдағы
№ 421 бұйрығына
2-қосымша

Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер
тізбесін Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу
саласындағы уәкілетті органдардың, сәйкестікті растау жөніндегі
органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының)
табыс ету қағидалары

      1. Осы Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесін табыс ету қағидалары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы, импортталатын тауарлар бойынша және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – ведомство) өнімдердің сәйкестігін растауға (бағалауға) жүгінген өтініш берушілер туралы мәліметтер тізбесін табыс ету тәртібін, сондай-ақ камералдық бақылауды жүзеге асыру мақсатында олардың мәліметтерді беру нысаны мен тәсілдерін айқындайды.

      2. Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдар осы Қағидаларға сәйкес мәліметтерді ведомствоға табыс етеді.

      3. Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдар осы Қағидаларға сәйкес мәліметтерді дайындауға, беруге жауапты лауазымды адамдарды айқындау туралы жазбаша түрде ведомствоға хабарлайды, процесс автоматтандырылған жағдайда мәліметтер автоматты режимде беріледі және лауазымды адамдарға жүйеге қол жеткізу құқығы беріледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.11.2016 № 474 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдар электрондық жеткізгіштегі ақпаратты қоса бере отырып, ілеспе хатты ресімдеу жолымен мәліметтерді ведомствоға табыс етеді, автоматтандырылған жағдайда осы Қағидалардың 5 және 7-тармақтарында көзделген мерзімдерде автоматты режимде беріледі.

      Камералдық бақылау процесі автоматтандырылған жағдайда, жауапты лауазымды адамдарға мәліметтерді жүйеге автоматты режимде беру үшін қол жеткізу құқықтары беріледі.

      Ілеспе хатқа қоса берілетін ақпарат (мәліметтер) тізбеленген форматтардың (Excel, SQL, DBF) бірінде байланыс арналары арқылы немесе электрондық жеткізгіштерде жіберіледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.11.2016 № 474 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бес бесінші күніне дейін ұсынатын мәліметтердің тізбесіне сәйкес мәліметтерді ведомствоға табыс етеді.

      6. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган сәйкестікті растау жөніндегі органдардан өнім және өнімнің сәйкестігін растау (бағалау) үшін жүгінген өтінім берушілер туралы мәліметтер жинауды ұйымдастырады.

      7. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ай сайын есепті айдан кейінгі айдың оңыңшы күніне дейін ұсынатын мәліметтердің тізбесіне сәйкес мәліметтерді ведомствоға табыс етеді.

      8. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.11.2016 № 474 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту. Қағидаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.11.2016 № 474 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады