Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 маусымда № 34661 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 28 маусымдағы
№ 42 Бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ оларды кеден органдарының, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-202/2020 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 21706 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін

      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ оларды кеден органдарының, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның ұсыну қағидаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 45-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кеден органдарының, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесін ұсыну қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген кеден органдарының, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесін ұсыну қағидалары:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кеден органдарының, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесін ұсыну қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесін ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 45-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдардың, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы, импортталатын тауарлар бойынша және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға (бұдан әрі – мемлекеттік орган) өнімдердің сәйкестігін растауға (бағалауға) жүгінген өтініш берушілер туралы мәліметтер тізбесін ұсыну тәртібін, сондай-ақ камералдық бақылауды жүзеге асыру мақсатында олардың мәліметтерді беру нысаны мен тәсілдерін айқындайды.";

      2. "Денсаулық сақтау субъектілерінің кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың, оның ішінде жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты кәсіптік ауруларға және (немесе) улануға күдіктенудің барлық оқиғаларын олардың анықталған жері бойынша тіркеу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-284/2020 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 21841 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Денсаулық сақтау субъектілерінің кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың, оның ішінде жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты кәсіптік ауруларға және (немесе) улануға күдіктенудің барлық оқиғаларын, оның ішінде жұмыс берушімен еңбек қатынастары тоқтатылғаннан кейін олардың анықталған жері бойынша кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін тіркеу тәртібін бекіту туралы";

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 106-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау субъектілерінің кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың, оның ішінде жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты кәсіптік ауруларға және (немесе) улануға күдіктенудің барлық оқиғаларын, оның ішінде жұмыс берушімен еңбек қатынастары тоқтатылғаннан кейін олардың анықталған жері бойынша кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін тіркеу тәртібі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінің кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың, оның ішінде жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты кәсіптік ауруларға және (немесе) улануға күдіктенудің барлық оқиғаларын олардың анықталған жері бойынша тіркеу тәртібі:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Денсаулық сақтау субъектілерінің кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың, оның ішінде жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты кәсіптік ауруларға және (немесе) улануға күдіктенудің барлық оқиғаларын, оның ішінде жұмыс берушімен еңбек қатынастары тоқтатылғаннан кейін олардың анықталған жері бойынша кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін тіркеу тәртібі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Денсаулық сақтау субъектілерінің кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың, оның ішінде жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты кәсіптік ауруларға және (немесе) улануға күдіктенудің барлық оқиғаларын, оның ішінде жұмыс берушімен еңбек қатынастары тоқтатылғаннан кейін олардың анықталған жері бойынша кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін тіркеу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 106-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.";

      2-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2 тарау. Денсаулық сақтау субъектілерінің кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың, оның ішінде жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты кәсіптік ауруларға және (немесе) улануға күдіктенудің барлық оқиғаларын, оның ішінде жұмыс берушімен еңбек қатынастары тоқтатылғаннан кейін олардың анықталған жері бойынша кәсіптік патология және сараптама саласында мамандандырылған медициналық көмек көрсететін тіркеу тәртібі";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Созылмалы кәсіптік ауру туралы хабарлама диагноз қойылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімшеге, науқасты кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын анықтау сараптамасына жіберген медициналық ұйымға және зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлармен байланыстағы науқастың соңғы жұмыс орны бойынша жұмыс берушіге, оның ішінде жұмыс берушімен еңбек қатынастары тоқтатылғаннан кейін жіберіледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінің кәсіптік аурулардың және (немесе) уланудың, оның ішінде жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін не жұмыс берушінің мүддесі үшін өз бастамасы бойынша өзге де әрекеттерді орындауына байланысты жұмыскерге зиянды өндірістік факторлардың әсер етуіне байланысты кәсіптік ауруларға және (немесе) улануға күдіктенудің барлық оқиғаларын олардың анықталған жері бойынша тіркеу тәртібіне қосымша, осы тізбегдегі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

  Тізбеге қосымша
Денсаулық сақтау
субъектілерінің кәсіптік
аурулардың және (немесе)
уланудың, оның ішінде
жұмыскердің өз еңбек
(қызметтік) міндеттерін не
жұмыс берушінің мүддесі үшін
өз бастамасы бойынша өзге де
әрекеттерді орындауына
байланысты жұмыскерге зиянды
өндірістік факторлардың әсер
етуіне байланысты кәсіптік
ауруларға және (немесе) улануға
күдіктенудің барлық
оқиғаларын, оның ішінде жұмыс
берушімен еңбек қатынастары
тоқтатылғаннан кейін олардың
анықталған жері бойынша
кәсіптік патология және
сараптама саласында
мамандандырылған
медициналық көмек көрсететін
тіркеу тәртібіне қосымша

Кәсіптік аурулар және (немесе) уланулар оқиғаларын есепке алу журналы Журнал учета случаев профессиональных заболеваний и (или) отравлений

      Басталды (Начат) "____"______________________________(г.)

      Аяқталды (Окончен) "____"___________________________(г.)

Тіркеу нөмірі
Регистрационный номер

ТАӘ (болған жағдайда) ФИО (при наличии)

Жынысы Пол

Жасы Возраст

Ұйымның атауы Наименование организации

Цех, бөлімше, учаске Цех, отделение, участок

Кәсібі Профессия

Жұмыс өтілі Стаж работы

Жалпы еңбек өтілі Общий стаж работы

Кәсіби ауруды туғызған өндірістік зиянды факторлармен жанасуда болған В контакте с вредными производственными факторами, вызвавшими профессиональное заболевание состоял

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Өндірістік зиянды факторлар Вредные производственные факторы

Диагнозы Диагноз

Қорытынды диагнозды қойған ұйымның атауы Наименование организации, установившей окончательный диагноз

Ескерту Примечание

10

11

12

13





      Ескертпе:

      ТАӘ – Тегі, аты, әкесінің аты;

      ФИО – Фамилия, имя, отчество;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады