"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 220-бабының 4-тармағына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 40-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.04.2023 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес клиникалық база туралы ереже және оған қойылатын талаптар;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының клиникасы туралы ереже және оған қойылатын талаптар;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес университеттік аурухана туралы ереже және оған қойылатын талаптар;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес резидентура базасы туралы ереже және оған қойылатын талаптар;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес интеграцияланған академиялық медициналық орталық туралы ереже және оған қойылатын талаптар бекітілсін.
2. "Медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базалары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 628 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8010 тіркелген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 15 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
"___"____________2020 жыл
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-304/2020 Бұйрығына 1 қосымша |
Клиникалық база туралы ереже және оған қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы клиникалық база туралы ереже және оған қойылатын талаптар (бұдан әрі – Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 220-бабының 4-тармағына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 40-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.04.2023 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
2) білім алушылар – студенттер, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының қосымша білім бағдарламаларының тыңдаушылары;
3) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымы – "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Денсаулық сақтаумен және әлеуметтік қамсыздандырумен (медицина) байланысты пәнаралық бағдарламалар" даярлық бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
4) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын ұсынып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
5) жабдықтар – денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымында және емдеу және (немесе) білім беру процестерінде клиникалық базада қолданылатын медициналық бұйымдар, оқу жабдықтары (муляждар);
6) клиникалық база – бірлесіп қызмет ету туралы шарт бойынша денсаулық сақтау саласында кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру үшін білім беру ұйымы пайдаланатын денсаулық сақтау ұйымы;
7) резидент-дәрігер – резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алатын және тәлімгердің қадағалауымен медициналық ұйымда жұмыс істейтін дәрігер;
8) тәлімгер – медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға және жас мамандарға кәсіптік бейімделуде практикалық көмек көрсету үшін медициналық ұйымның немесе медициналық білім беру ұйымының басшысы тағайындайтын, кемінде бес жыл өтілі бар, қызметін білім берудің, ғылым мен практиканың үш тұғырлығы негізінде жүзеге асыратын медицина қызметкері;
2-тарау. Клиникалық базалардың негізгі міндеттері мен функциялары
3. Клиникалық базалардың негізгі міндеттері:
1) клиникалық базаның бейініне сәйкес медициналық қызметтер көрсету шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының білім алушыларына практикаға бағдарланған клиникалық даярлау үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) клиникалық база қызметкерлерін үздіксіз кәсіби дамыту үшін денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымымен ынтымақтастық мүмкіндіктерін пайдалану, клиникалық базаның жұмысына ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет нәтижелерін енгізу болып табылады.
4. Алға қойылған міндеттерді шешу үшін клиникалық базалар келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының бейінді бөлімшелерінің оқу процесін және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау, оған қоса:
денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына қажетті оқу және қосалқы бөлмелерді беру;
денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық кадрлары мен білім алушыларына интернетке қолжетімділік беру;
денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық кадрларын, клиникалық кафедраларының мамандарын және білім алушыларын медициналық ұйымда, оның ішінде операциялық блок, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесін қоса алғанда, медициналық ұйымның мамандандырылған бөлімшелеріне білім беру және емдеу процестерінің қажеттіліктеріне және медициналық ұйымның ішкі ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарында белгіленген тәртіпке сәйкес консультациялық жұмыстың білім беру, ғылыми, емдеу-диагностикалық процесін, білім алушыларды емдеу процесіне жіберу қолданыстағы заңнамамен және/немесе пациенттердің талаптарымен рұқсат етілмейтін жағдайларды қоспағанда жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеке тұлғалар (пациенттер) туралы ақпаратқа қатысты қолданыстағы заңнамада көзделген құпиялылық шарттарын сақтай отырып, медициналық құжаттамаға, статистикалық деректерге және мұрағаттық құжаттарға қолжетімділік беру;
денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен білім алушыларын клиникалық база аумағындағы кез келген жұмыс түрлерін орындау кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету;
еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларын өткізу;
денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлері мен білім алушыларына (интерндерге, резиденттерге) клиникалық базаның мамандандырылған бөлімшелерінде жұмыс істеу үшін қажетті жеке қорғану құралдарын беру;
медициналық және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді лауазымдық нұсқаулықтармен және ішкі тәртіп қағидаларымен және медициналық қызметті жүзеге асыру тәртібіне қатысты клиникалық базаның басқа да ішкі ұйымдастырушылық және өкімдік актілерімен таныстыру;
практикалық оқыту мазмұны мен оның әдістемелерін қалыптастыруға, жұмыс бағдарламаларын құруға, түрлі практикаларды өткізу процесіне қатысу;
теориялық білімді бекіту және кәсіби құзыреттіліктерді игеру мақсатында кәсіптік практиканы өткізу кезінде өзіндік жұмыстың жеткілікті көлемін ұсыну;
клиникалық базаның медициналық персоналы қатарынан тәлімгерді міндетті түрде бекіте отырып, теориялық оқытуды клиникалық базаларда практикалық оқытумен ұштастыруды көздейтін дуальді оқытуды енгізу: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық ұйымдар үшін – бір тәлімгерге бес білім алушыдан аспайтын есеппен, медициналық колледждер үшін – бір тәлімгерге үштен көп емес білім алушыны бекіту, бұл түлектерді кейіннен жұмысқа орналастырудың тиімді тетіктерін қамтитын нақты еңбек функцияларын орындауға толық дайын мамандарды даярлау мәселесін шешуге мүмкіндік береді;
2) клиникалық базадағы медицина қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету, оның ішінде олар үшін денсаулық сақтау ұйымы клиникалық база болып табылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының базасында;
3) пациенттерге медициналық қызмет көрсету.
3-тарау. Клиникалық базаларға қойылатын талаптар
5. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникалық базаларына қойылатын талаптар:
1) көрсетілетін медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігіне аккредиттеудің бар болуы;
2) клиникалық базаларға қойылатын талаптарға сәйкес аккредиттеудің бар болуы;
3) денсаулық сақтау ұйымы мен денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымы арасындағы бірлескен қызмет туралы шарттың бар болуы;
4) клиникалық базаларда білім алушыларды даярлау кезеңінде тәлімгер ретінде клиникалық базаның білікті медицина қызметкерлерін тарту мүмкіндігін беру болып табылады.
6. Клиникалық база болып табылатын медициналық ұйым, клиникалық кафедралардың оқытушыларын "Ресурстарды басқару жүйесі" порталында бейіні бойынша қосымша атқарушылар ретінде немесе штаттан тыс қызметкерлердің жеке доменін құру жолымен тіркейді, емдеу-диагностикалық қызметті жүзеге асыру мақсатында ұйымның кешенді медициналық ақпараттық жүйесіне қол жеткізу үшін логин мен пароль береді.
7. Клиникалық базаларда білім алушыларды даярлауға тартылатын тәлімгерлер білім алушылардың клиникалық база жағдайында теория мен практикалық дағдыларын бекітуге ықпал етеді, клиникалық даярлық сапасын арттыруға әсерін тигізеді және мынадай өлшемшарттарға сәйкес келеді:
1) негізгі қызметі бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар білікті бейінді маман;
2) медициналық білімнің тиісті деңгейінің (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура)) білім беру бағдарламасын іске асыру үшін тәлімгер ретінде даярлықтан өткен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-304/2020 Бұйрығына 2 қосымша |
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының клиникасы туралы ереже және оған қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының клиникасы туралы ереже және оған қойылатын талаптар (бұдан әрі – Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 220-бабының 4-тармағына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 40-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.04.2023 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымы – "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Денсаулық сақтаумен және әлеуметтік қамсыздандырумен (медицина) байланысты пәнаралық бағдарламалар" даярлық бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
4) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының клиникасы (бұдан әрі – ДСБҰК) – білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі немесе денсаулық сақтау ұйымы, оның базасында ғылым мен практиканың қазіргі жетістіктері негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша медициналық білімнің білім беру бағдарламалары іске асырылады;
5) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын ұсынып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
6) резидент-дәрігер – резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алатын және тәлімгердің қадағалауымен медициналық ұйымда жұмыс істейтін дәрігер;
7) тәлімгер – медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға және жас мамандарға кәсіптік бейімделуде практикалық көмек көрсету үшін медициналық ұйымның немесе медициналық білім беру ұйымының басшысы тағайындайтын, кемінде бес жыл өтілі бар, қызметін білім берудің, ғылым мен практиканың үштігі негізінде жүзеге асыратын медицина қызметкері.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.04.2023 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. ДСБҰК мәртебесін:
1) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының емдеу-профилактикалық құрылымдық бөлімшесі;
2) меншік иесінің және уәкілетті органның келісімі болған кезде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде екінші деңгейде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы алады.
Денсаулық сақтау ұйымы денсаулық сақтау саласындағы бір ғана білім беру ұйымына қатысты ДСБҰК мәртебесін алады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.04.2023 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. ДСБҰК-да денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының бөлімшелері (бейінді клиникалар, клиникалық кафедралар) құрылады. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары бөлімшелерінің (бейінді клиникалар, клиникалық кафедралар) үлесі ДСБҰК медициналық қызметтер көрсетілетін барлық клиникалық бөлімшелерінің 50%-ынан аспайды.
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары бөлімшелерінің штаттық құрылымында (бейінді клиникаларда, клиникалық кафедраларда) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары оқытушыларының (қос қызмет атқарушылар) кемінде 50%-ы дәрігер болып жұмыс істейді.
5. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының құрылымдық бөлімшелерінде орналасқан ДСБҰК клиникалық бөлімшелерінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін қосымша қаржыландыру коэффициенті белгіленеді.
6. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымы мен ДСБҰК болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы арасындағы өзара қарым-қатынас ДСБҰК базасында денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің болуын көздейтін екі жақты келісімдер негізінде жүзеге асырылады және осы Ережемен реттеледі.
2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары клиникасының негізгі міндеттері мен функциялары
7. ДСБҰК негізгі міндеттері:
1) ДСБҰК бейініне сәйкес медициналық қызмет көрсету шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының білім алушыларына практикаға бағдарланған клиникалық даярлау үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және спектрін кеңейту үшін қажетті жағдайлар жасау, өз базасында денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының бөлімшелерін табудан артықшылықтарды пайдалану негізінде ДСБҰК қызметкерлерін үздіксіз кәсіби дамыту;
3) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының бейінді бөлімшелерінің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметі үшін қажетті қолдауды қамтамасыз ету және жағдай жасау;
4) ДСБҰК жұмысына ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет нәтижелерін енгізу үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.
8. Алға қойылған міндеттерді шешу үшін ДСБҰК келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) ДСБҰК клиникалық бөлімшелерінің, зертханаларының және қосалқы бөлімшелерінің бейінді кафедралармен денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының ғылыми бөлімшелерімен бірлескен жұмысын қамтамасыз ету;
2) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының бейінді бөлімшелерінің оқу процесін және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау, оған қоса:
денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына оқу (дәріс аудиториялары, оқу бөлмелері, зертханалар, симуляциялық кластар) және қосалқы (білім алушыларға арналған киім ілетін орындар, зертханалық бөлмелер, тамақтануға арналған жағдайлар) бөлмелер беру;
денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық кадрлары мен білім алушыларына интернетке қолжетімділікті беру;
денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық кадрларын, клиникалық кафедраларының мамандарын және білім алушыларын медициналық ұйымда, ДСБҰК-да консультациялық жұмыс, ғылыми, емдеу-диагностикалық процесін, оның ішінде операциялық блок, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесін қоса алғанда, медициналық ұйымның мамандандырылған ДСБҰК бөлімшелеріне білім беру, ДСБҰК ішкі ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарында белгіленген тәртіпке сәйкес білім алушыларды емдеу үрдісіне жіберу қолданыстағы заңнамамен және (немесе) пациенттердің талаптарымен рұқсат етілмейтін жағдайларды қоспағанда жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына ғылыми педагогикалық қызметкерлеріне (оқытушыларына) емдеу-диагностикалық жұмыстарды жүргізу кезінде медициналық және (немесе) мейіргерлік құжаттаманы жүргізу құқығын ұсыну, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің жоғары сапалы, әр пациентке жеке қызмет көрсетуге бағытталған практикалық (клиникалық) жұмыс дағдылары мен құзыреттерін қалыптастыру және дамыту мақсатында білім алушылардың медициналық және (немесе) мейіргерлік құжаттарына оқытушылардың бақылауы және жауапкершілігімен жазба енгізуге мүмкіндік беру;
денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеке тұлғалар (пациенттер) туралы ақпаратқа қатысты қолданыстағы заңнамада көзделген құпиялылық шарттарын сақтай отырып, медициналық құжаттамаға, статистикалық деректерге және мұрағаттық құжаттарға қолжетімділік беру;
оқу-өндірістік процесті және бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен білім алушыларына ДСБҰК аумағындағы жұмыс орындау кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету;
еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларын өткізу;
денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлері мен білім алушыларына мамандандырылған ДСБҰК бөлімшелерінде жұмыс атқару үшін қажетті жеке қорғану құралдарын беру;
медициналық және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерді лауазымдық нұсқаулықтармен және ішкі тәртіп қағидаларымен және медициналық қызметті жүзеге асыру тәртібіне қатысты ДСБҰК ішкі ұйымдастырушылық және өкімдік актілерімен таныстыру;
практикалық оқыту мазмұны мен оның әдістемелерін қалыптастыруға, жұмыс бағдарламаларын құруға, түрлі практикаларды өткізу процесіне қатысу;
теориялық білімді бекіту және кәсіби құзыреттіліктерді игеру мақсатында кәсіптік практиканы өткізу кезінде өзіндік жұмыстың жеткілікті көлемін ұсыну;
клиникалық базаның ДСБҰК медициналық персоналы қатарынан тәлімгерді міндетті түрде бекіте отырып, теориялық оқытуды клиникалық базаларда практикалық оқытумен ұштастыруды көздейтін дуальді оқытуды енгізу: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық ұйымдар үшін – бір тәлімгерге бес білім алушыдан аспайтын есеппен, медициналық колледждер үшін – бір тәлімгерге үштен көп емес білім алушыны бекіту, бұл түлектерді кейіннен жұмысқа орналастырудың тиімді тетіктерін қамтитын нақты еңбек функцияларын орындауға толық дайын мамандарды даярлау мәселесін шешуге мүмкіндік береді;
3) ДСБҰК медицина қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби дамуын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының қатысуымен қамтамасыз ету;
4) пациенттерге медициналық қызмет көрсету;
5) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының мамандандырылған құрылымдармен бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
6) белгіленген тәртіпте клиникалық зерттеулерді, диагностиканы, емдеудің жаңа тиімді әдістерін әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз ету;
7) клиникалық, ғылыми-практикалық және патологиялық-анатомиялық конференциялар, семинарлар, мастер-кластар, кеңестер, клиникалық талдаулар өткізу;
8) бірлескен ғылыми еңбектер мен ғылыми және медициналық әзірлемелерді, әдістемелік құралдар мен ұсыныстарды басып шығару;
9) ДСБҰК медициналық препараттарын бірлесіп пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастырып жетілдіру және ДСБҰК аумағында медициналық немесе ғылыми қызметте қолданылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беруді ұйымдастыру.
3-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының клиникаларына қойылатын талаптар
9. ДСБҰК қойылатын талаптар:
1) медициналық қызметтер көрсету;
2) көрсетілетін медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігіне аккредиттеудің бар болуы;
3) ДСБҰК қойылатын талаптарға сәйкес аккредиттеудің бар болуы;
4) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының емдеу-профилактикалық құрылымдық бөлімшесі немесе денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін ДСБҰК ретінде денсаулық сақтау ұйымы үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімі, меншік иесінің және уәкілетті органның келісімінің болуы;
5) ДСБҰК денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары бөлімшелерінің (мамандандырылған клиникалар, клиникалық кафедралар) болуы;
6) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымына білім алушыларды даярлау кезеңінде тәлімгер ретінде клиникалық базаның білікті медицина қызметкерлерін тарту мүмкіндігін беру болып табылады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.04.2023 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Клиникалық база болып табылатын медициналық ұйым, клиникалық кафедралардың оқытушыларын "Ресурстарды басқару жүйесі" порталында бейіні бойынша қосымша атқарушылар ретінде немесе штаттан тыс қызметкерлердің жеке доменін құру жолымен тіркейді, емдеу-диагностикалық қызметті жүзеге асыру мақсатында ұйымның кешенді медициналық ақпараттық жүйесіне қол жеткізу үшін логин мен пароль береді.
11. ДСБҰК білім беру ұйымдарының бөлімшелеріне басшы лауазымына тағайындалған адамдарға қойылатын талаптар (мамандандырылған клиникалар, клиникалық кафедралар) клиникалық мамандығы бойынша кемінде бес жыл және медициналық практикада жетістіктерінің болуы болып табылады.
12. ДСБҰК білім алушыларды даярлауға тартылатын тәлімгерлер білім алушылардың ДСБҰК жағдайында теория мен практикалық дағдыларын бекітуге ықпал етеді, клиникалық даярлық сапасына бақылауды жүзеге асырады және мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) негізгі қызметі бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар білікті бейінді маман;
2) медициналық білімнің (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура) тиісті деңгейінің білім беру бағдарламасын іске асыру үшін тәлімгер ретінде даярлықтан (біліктілікті арттырудың сертификаттық курсы) өткен.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-304/2020 Бұйрығына 3 қосымша |
Университеттік аурухана туралы ереже және оған қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы университеттік аурухана туралы ереже және оған қойылатын талаптар (бұдан әрі – Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 220-бабының 4-тармағына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 40-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.04.2023 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
2) білім алушылар – студенттер, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының қосымша білім бағдарламаларының тыңдаушылары;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын ұсынып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
5) резидент-дәрігер – резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алатын және тәлімгердің қадағалауымен медициналық ұйымда жұмыс істейтін дәрігер;
6) тәлімгер – медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға және жас мамандарға кәсіптік бейімделуде практикалық көмек көрсету үшін медициналық ұйымның немесе медициналық білім беру ұйымының басшысы тағайындайтын, кемінде бес жыл өтілі бар, қызметін білім берудің, ғылым мен практиканың үш тұғырлығы негізінде жүзеге асыратын медицина қызметкері;
7) университеттік аурухана – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының көпбейінді емдеу-профилактикалық құрылымдық бөлімшесі немесе көпбейінді емдеу-профилактикалық ұйым, оның базасында ғылым мен практиканың қазіргі заманғы жетістіктері негізінде жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша медициналық білімнің білім беру бағдарламалары іске асырылады.
3. Университеттік ауруханалардың жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттесу түрлері:
1) жоғары медициналық және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарының үш деңгейлі медициналық көмек көрсететін көп салалы құрылымдық бөлімшесі болып табылады;
2) медициналық көмек көрсететін көпбейінді денсаулық сақтау ұйымы:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беруді сенімгерлік басқаруындағы ұйым;
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымының еншілес ұйымы болып табылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.04.2023 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Университеттік аурухана мәртебесі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымының корпоративтік басқару органының (директорлар кеңесі және (немесе) байқау кеңесі) ұсынысы бойынша меншік иесінің келісімімен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілеті органымен беріледі.
5. Университеттік ауруханаларда медициналық қызмет көрсетілетін университеттік ауруханалардың барлық құрылымдық бөлімшелерінің кем дегенде 90%-нан бейіндік клиникалар (клиникалық кафедралар) құрылады.
Университеттік аурухананың штаттық құрылымына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымының профессорлық-оқытушылық құрамы, жоғары білікті дәрігерлер мен мейіргерлер штат кестесінен, тарифтік ставканың (жалақы) кемінде үштен екісі беріледі.
6. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшелері орналасқан, университеттік аурухананың клиникалық бөлімшелерінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін қосымша қаржыландыру коэффициенті белгіленеді.
2-тарау. Университеттік аурухананың негізгі міндеттері мен функциялары
7. Университеттік аурухананың негізгі міндеттері:
1) барлық деңгейдегі медициналық көмек көрсету шеңберінде, сондай-ақ оқытудың қазіргі заманғы нысандары мен әдістерін, медицина ғылымы мен практикалық денсаулық сақтау жетістіктерін пайдалана отырып, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының білім алушыларын практикаға бағдарланған клиникалық даярлау үшін қажетті жағдайлар жасау;
2) көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және спектрін кеңейту, университеттік аурухана мен денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымы қызметкерлерінің Үздіксіз кәсіби дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау;
3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беруді ұйымдардың мамандандырылған бөлімшелерімен бірлесіп денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
4) ғылыми-зерттеулер нәтижелерін практикалық денсаулық сақтау қызметіне және білім алушылардың клиникалық дайындығы процесінде жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау;
5) алдынғы кезекте пациенттердің өмірі мен денсаулығына қамқорлық жасайтын медицинананың болашағына жауапты көшбасшылар тәрбиелеу.
8. Алға қойылған міндеттерді шешу үшін университеттік ауруханалар келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) университеттік аурухананың клиникалық бөлімдерінің, зертханалары және қосалқы құрылымдарының мамандандырылған кафедраларымен/ циклдық әдістемелік комиссиялар/курстар/модульдер, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарының ғылыми бөлімдерімен бірлескен жұмысын қамтамасыз ету;
2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарының бейінді бөлімшелерінің оқу процесін және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау, оған қоса:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарына университеттік ауруханалардың оқу және қосалқы үй-жайларды беру;
университеттік ауруханалардың оқу және қосалқы үй-жайларының жабдықтары мен жиһаздарының ең аз тізбесімен қамтамасыз ету;
денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық кадрларын, клиникалық кафедраларының мамандарын және білім алушыларын университеттік ауруханада, оның ішінде мамандандырылған университеттік ауруханасы және (немесе) клиникасы бөлімшелеріне білім беру және емдеу процесінің қажеттіліктеріне және медициналық ұйымның ішкі ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарында белгіленген тәртіпке сәйкес консультациялық жұмыстың білім беру, ғылыми, емдеу-диагностикалық процесін, білім алушыларды емдеу процесіне жіберу қолданыстағы заңнамамен және/немесе пациенттердің талаптарымен рұқсат етілмейтін жағдайларды қоспағанда жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлеріне (оқытушыларына) емдеу-диагностикалық жұмыстарды жүргізу кезінде медициналық және (немесе) мейіргерлік құжаттаманы жүргізу жұмысына, сондай-ақ көрсетілетін медициналық қызметтердің жоғары сапалы, әр пациентке жеке қызмет көрсетуге бағытталған практикалық (клиникалық) жұмыс дағдылары мен құзыреттерін қалыптастыру және дамыту мақсатында білім алушылардың медициналық және (немесе) мейіргерлік құжаттарына оқытушылардың бақылауы және жауапкершілігімен жазба енгізу;
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарына құпиялылық шарттарын сақтай отырып, медициналық құжаттамаға, статистикалық деректерге және мұрағаттық құжаттарға қол жеткізуді ұсыну;
оқу-өндірістік процесті және бірлескен ғылыми жобаларды материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен білім алушыларын клиникалық база аумағында жұмыстың орындау кезінде салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету;
еңбекті қорғау мен қауіпсіздік бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын өткізу;
университеттік ауруханалардың мамандандырылған бөлімшелерінде жұмыс атқару үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлері мен білім алушыларына жеке қорғаныс құралдарын беру;
практикалық оқыту мазмұны мен оның әдістемелерін қалыптастыруға, жұмыс бағдарламаларын құруға, түрлі практикаларды өткізу процесіне қатысу; теориялық білімді бекіту және кәсіби құзіреттіліктерді игеру мақсатында кәсіптік практиканы өткізу кезінде өзіндік жұмыстың жеткілікті көлемін ұсыну;
теориялық оқытуды университеттік ауруханаларда практикалық оқытумен ұштастыруды көздейтін дуальді оқытуды енгізу, университеттік аурухананың медициналық персоналы қатарынан тәлімгерді бекіте отырып, бір тәлімгерге бес білім алушыдан аспайтын есеппен, бұл түлектерді кейіннен жұмысқа орналастырудың тиімді тетіктерін қамтитын нақты еңбек функцияларын орындауда толық дайын мамандарды.
3) университеттік аурухананың медицина қызметкерлерін, оның ішінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарының базасында біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
4) пациенттерге медициналық қызмет көрсету;
5) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі мамандандырылған медициналық білім беру ұйымдарымен бірлесіп жүргізу;
6) белгіленген тәртіпте клиникалық зерттеулерді, диагностиканы, ,пациенттерді оңалту,емдеудің жаңа тиімді әдістерін әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз ету;
7) клиникалық, ғылыми-практикалық және патологиялық-анатомиялық конференциялар, семинарлар, мастер-кластар, кеңестер, клиникалық талдаулар өткізу;
8) бірлескен ғылыми еңбектер мен ғылыми және медициналық әзірлемелерді, әдістемелік құралдар мен ұсыныстарды басып шығару;
9) университеттік аурухананың аумағында медициналық, білім беру немесе ғылыми іс-әрекетте қолданылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру және университеттік аурухананың медициналық құрылғыларын бірлесіп пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру.
3-тарау. Университеттік ауруханаларға қойылатын талаптар
9. Университеттік ауруханаларға қойылатын талаптар:
1) медициналық қызметтер көрсету;
2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымының көп салалы медициналық-профилактикалық құрылымдық бөлімшесінің немесе көп салалы медициналық-профилактикалық ұйымының мәртебесі болуы;
3) көрсетілетін медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігіне аккредиттеудің бар болуы;
4) университеттік ауруханаларға қойылатын талаптарға сәйкес аккредиттеудің бар болуы;
5) медициналық қызметтер көрсетілетін университеттік аурухананың барлық құрылымдық бөлімшелерінің кем дегенде 90%-ында мамандандырылған клиникаларды (клиникалық бөлімдер) құру;
6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымының профессорлық-оқытушылық құрамына дәрігерлердің, жоғары білімді мейіргерлердің штат кестесінің (жалақының) үштен екі бөлігінен кем емес бөлігін ұсыну.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.04.2023 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Университеттік аурухана болып табылатын медициналық ұйым клиникалық кафедралардың оқытушыларын емдеу-диагностикалық қызметті жүзеге асыру мақсатында ұйымның кешенді медициналық ақпараттық жүйесіне қол жеткізу үшін логин мен пароль бере отырып, штаттан тыс қызметкерлердің жеке доменін құру жолымен "Ресурстарды басқару жүйесі" порталында қоса атқарушылар ретінде тіркейді.
11. Университеттік ауруханаларда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдары бөлімшелерінің басшылары лауазымдарына тағайындалатын адамдарға қойылатын талап клиникалық мамандық бойынша кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесінің болуы болып табылады.
12. Университеттік ауруханада білім алушыларды дайындауға тартылатын тәлімгерлер университеттік аурухана жағдайында білім алушыларда теория мен практиканы бекітуге ықпал етеді, клиникалық даярлық сапасын арттыруға ықпал етеді және мынадай талаптарға сәйкес келеді:
1) негізгі қызметі бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар білікті бейінді маман;
2) медициналық білімнің (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура) медициналық білімнің) тиісті деңгейінің білім беру бағдарламасын іске асыру үшін тәлімгер ретінде даярлықтан (біліктілікті арттырудың сертификаттық курсынан) өткен адам қатыса алады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-304/2020 Бұйрығына 4 қосымша |
Резидентура базасы туралы ереже және оған қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы резидентура базасы туралы ереже және оған қойылатын талаптар (бұдан әрі – Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 220-бабының 4-тармағына және 1-бабы 1-тармағының 217) тармақшасына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 40-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.04.2023 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
2) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының клиникасы – білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі немесе денсаулық сақтау ұйымы, оның базасында ғылым мен практиканың қазіргі заманғы жетістіктері негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша медициналық білімнің білім беру бағдарламалары іске асырылады;
3) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын ұсынып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орны;
5) жабдықтар – денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымында және емдеу және (немесе) білім беру процестерінде клиникалық базада қолданылатын медициналық бұйымдар, оқу жабдықтары (муляждар);
6) медициналық білім беру ұйымы – "Денсаулық сақтау" даярлық бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
7) резидентура базасы – базасында уәкілетті орган белгілеген тәртіппен резидентура бағдарламалары іске асырылатын медициналық ұйым ретінде аккредиттелген денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының клиникасы, университеттік аурухана, ұлттық орталық, ғылыми орталық немесе ғылыми-зерттеу институты;
8) резидент-дәрігер – резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алатын және тәлімгердің қадағалауымен медициналық ұйымда жұмыс істейтін дәрігер;
9) тәлімгер – медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға және жас мамандарға кәсіптік бейімделуде практикалық көмек көрсету үшін медициналық ұйымның немесе медициналық білім беру ұйымының басшысы тағайындайтын, кемінде бес жыл өтілі бар, қызметін білім берудің, ғылым мен практиканың үш тұғырлығы негізінде жүзеге асыратын медицина қызметкері;
10) университеттік аурухана – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының көпбейінді емдеу-профилактикалық құрылымдық бөлімшесі немесе көпбейінді емдеу-профилактикалық ұйым, оның базасында ғылым мен практиканың қазіргі заманғы жетістіктері негізінде жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша медициналық білімнің білім беру бағдарламалары іске асырылады.
2-тарау. Резидентура базалары қызметінің ерекшеліктері
3. Резидентураның бағдарламаларын жүзеге асыруды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдары денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының аккредиттелген клиникаларында, университеттік ауруханаларда, сондай-ақ резидентура базасы ретінде аккредиттелген ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтарда, ғылыми-зерттеу институттарында жүзеге асырылады.
4. Резидент-дәрігерлерді жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базаларында, ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтарда, ғылыми-зерттеу институттарында орналастыру денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарының, ұлттық және (немесе) медициналық ұйымдардың ұсынысы негізінде жүзеге асырылады.
5. Резидентура базасының меңгерушісі резидент-дәрігерлердің медициналық қызмет көрсететін бөлімшелер құрамына енгізілуін қамтамасыз етеді және клиникалық базада оқу кезеңінде резидент дәрігерлерді жұмыспен қамтамасыз етеді.
6. Резидент-дәрігерді оқытудың және оны қызмет көрсетуге тартуы үшін:
1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұйымдастыру үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы, резидентура базасы мен резидент-дәрігер арасында жасалған оқу туралы келісім шарт;
2) аккредиттелген ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтарда, ғылыми-зерттеу институттарында резиденттік база ретінде ұлттық және (немесе) ғылыми орталық, ғылыми-зерттеу институты мен резидент-дәрігер арасында жасалған оқу туралы келісім шарт.
Резидентура бағдарламасы бойынша оқыту туралы шарттың үлгілік нысанын уәкілетті орган бекітеді.
7. Резидентура базасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының, сондай-ақ ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтың, ғылыми-зерттеу институтының резидентура шартының негізінде резидент-дәрігерге жұмыс орнын ұсынады.
8. Резидентура базасының ұйымдық құрылымында резидент-дәрігерлердің медициналық қызмет көрсету сапасын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын студенттерге бақылау жасайтын лауазымды тұлға анықталады.
9. Резидентура базасын басқару резидент дәрігерлердің ұйымның қолданыстағы процедуралары туралы ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз етеді, персоналдың, оның ішінде резидент дәрігерлердің құпия ақпаратқа қол жетімділік деңгейлерін анықтайды.
10. Резидентура базасы резиденттерге сәйкестендіру белгілерін, қажетті қорғаныс киімдерін, жеке қорғаныс құралдарын және қорғаныс құралдарын (радиациялық қауіпсіздік техникасын) ұсынады (немесе қамтамасыз етеді).
11. Резидентура базасы резиденттердің жұмыс жүктемесін бақылайды, резиденттерге стрессті азайтуға және оған қарсы тұруға психологиялық қолдау көрсетеді.
12. Резидентура базасында пациенттердің қауіпсіздігін ұйымдастыру және сақтау процедураларының сақталуы үшін ағымдағы және жабық медициналық құжаттарда тұрғындардың қабылдау кестелеріне таңдамалы клиникалық аудит жүргізіледі.
13. Оқу кезеңінде резидент дәрігер жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының, ұлттық және (немесе) ғылыми орталықтың, ғылыми-зерттеу институтының резидентура базасының күндізгі қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттеріне, еңбек ережелеріне, қауіпсіздік және еңбекті қорғауға қойылатын талаптарға бағынады.
14. Резидентура базасында білім алу барысында жоғары курс дәрігер-резиденттеріне интерндерге және төменгі курс дәрігер-резиденттеріне тәлімгерлік қызмет атқаруға мүмкіндік беріледі.
3-тарау. Резидентура базаларына қойылатын талаптар
15. Резидентура базаларына қойылатын талаптар:
1) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының немесе университеттік аурухананың немесе ұлттық орталықтың немесе ғылыми орталықтың немесе ғылыми-зерттеу институтының клиникасы мәртебесінің болуы;
2) көрсетілетін медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкес аккредиттеудің бар болуы;
3) резидентура базаларына қойылатын талаптарға сәйкес аккредиттеудің бар болуы;
4) резидент дәрігерлер үшін резидентура базасының штат кестесінде жұмыс орындарының бар болуы.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-304/2020 Бұйрығына 5 қосымша |
Интеграцияланған академиялық медициналық орталық туралы ереже және оған қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы интеграцияланған академиялық медициналық орталық туралы ереже және оған қойылатын талаптар (бұдан әрі – Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 220-бабының 4-тармағына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 40-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.04.2023 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымы – "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Денсаулық сақтаумен және әлеуметтік қамсыздандырумен (медицина) байланысты пәнаралық бағдарламалар" даярлық бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
2) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының клиникасы – білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі немесе денсаулық сақтау ұйымы, оның базасында ғылым мен практиканың қазіргі заманғы жетістіктері негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша медициналық білімнің білім беру бағдарламалары іске асырылады;
3) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыратын жоғары оқу орны;
4) интеграцияланған академиялық медициналық орталық – білім беруді, зерттеулер мен клиникалық практиканы интеграциялау арқылы медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін ресурстарды бірлесіп пайдалану мақсатында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi медициналық білім беру ұйымын денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдармен және денсаулық сақтау ұйымдарымен біріктіру;
5) жабдықтар – денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымында және емдеу және (немесе) білім беру процестерінде клиникалық базада қолданылатын медициналық бұйымдар, оқу жабдықтары (муляждар);
6) медициналық білім беру ұйымы – "Денсаулық сақтау" даярлық бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
7) университеттік аурухана – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының көпбейінді емдеу-профилактикалық құрылымдық бөлімшесі немесе көпбейінді емдеу-профилактикалық ұйым, оның базасында ғылым мен практиканың қазіргі заманғы жетістіктері негізінде жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша медициналық білімнің білім беру бағдарламалары іске асырылады.
3. Интеграцияланған академиялық медициналық орталық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдардың, клиникалық базалардың, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары клиникаларының, медициналық қызмет көрсетудің толық циклі, жаңа технологияларды әзірлеу мен енгізу және кадрлар даярлау қағидаты бойынша университеттік аурухананың функциональдық немесе ұйымдық бірлестігі негізінде қалыптастырылады.
3-1. Базасында денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының бөлімшелері (бейінді клиникалар, клиникалық кафедралар) орналасқан интеграцияланған академиялық медициналық орталықтың клиникалық бөлімшелерінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қосымша қаржыландыру коэффициенті белгіленеді.
Ескерту. Қағида 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.04.2023 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Интеграцияланған академиялық медициналық орталықтардың негізгі міндеттері мен функциялары
4. Интеграцияланған академиялық медициналық орталықтың негізгі міндеттері мыналар:
1) стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің бірлігі негізінде академиялық және өндірістік процестерді тиімді басқаруды қалыптастыру;
2) университеттік клиникалар мен клиникалық базалар жағдайында қазіргі заманғы теориялық білім мен нақты практикалық дағдыларды алу негізінде сапалы медициналық білімді қалыптастыру және дамыту;
3) озық технологиялар мен ғылыми әзірлемелерге қол жеткізу негізінде медициналық көмек көрсетудің сапасын тұрақты арттыру;
4) өзекті ғылыми зерттеулер жүргізу үшін олардың нәтижелерін практикалық денсаулық сақтауға дереу трансферттей отырып, кең көлемді клиникалық және зертханалық базаларды дамыту;
5) ресурстарды біріктіру және бірлесіп пайдалану негізінде бірлестіктің барлық мүшелерінің қаржылық тұрақтылығы мен тиімділігін арттыру болып табылады.
5. Алға қойылған міндеттерді шешу үшін интеграцияланған академиялық медициналық орталық мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ғылыми зерттеулердің нәтижелерін оқу және клиникалық процесте пайдалану, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымының, ғылыми ұйымдар мен клиникалық базалар арасында тығыз байланыстар орнату есебінен білімнің, ғылымның және практиканың интеграциялануын қамтамасыз ету;
2) ғылыми, білім беру және клиникалық қызметтердің тиімділігін арттыру үшін ресурстарды бірлесіп пайдалану;
3) білім беру, ғылыми және клиникалық қызметтерді қамтамасыз ету үшін бірыңғай ақпараттық орта құру;
4) бірлестік базасында денсаулық сақтау қызметкерлерін үздіксіз кәсіптік дамытуды даярлаудың бірыңғай жүйесін іске асыру;
5) ғылыми зерттеулердің нәтижелерін білім беру процесі мен практикаларға тиімді көшіруді қамтамасыз ету;
6) денсаулық сақтаудың басым бағыттары бойынша мамандар даярлау үшін қазіргі заманғы базаны құру;
7) ақпаратпен және қабылданатын шешімдермен алмасу кезінде транспаренттілікті арттыру, өкілеттіктер мен міндеттерді бөлу, еңбек жағдайлары мен қоршаған орта үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету жолымен басқарудың тиімді корпоративтік жүйесін қалыптастыру;
8) үздік халықаралық практика негізінде диагностика және емдеу хаттамаларын талдау, сынақтан өткізу, енгізу және іске асыру, оларды кейіннен республиканың практикалық денсаулық сақтау саласына, оның ішінде республикада тіркелмеген және (FDA) (Америка Құрама Штаттары) сертификаты, (CE) (Еуропалық Одақ) сертификаты бар дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды қолдана отырып трансляциялау;
9) халықаралық танылған санитариялық-эпидемиологиялық стандарттарды талдау, сынақтан өткізу, енгізу және пайдалану;
10) өз біліктілігін арттыру және мамандандыру бағдарламаларын іске асыру;
11) инновациялық медициналық технологияларды әзірлеу және клиникалық практикаға енгізу;
12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде медициналық білім беру жүйесін дамытуды қамтамасыз ету үшін озық әлемдік білім беру технологияларын енгізу;
13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде халықаралық тәсілдер негізінде республиканың практикалық денсаулық сақтау қажеттілігіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
14) денсаулық сақтау жүйесіне апробацияланған инновациялық медициналық технологияларды, біліктілікті арттыру және мамандандыру бағдарламаларын, білім беру бағдарламаларын, халықаралық стандарттарды трансляциялау.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.04.2023 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Интеграцияланған академиялық медициналық орталыққа қойылатын талаптар
6. Интеграцияланған академиялық медициналық орталыққа қойылатын талаптар:
1) интеграцияланған академиялық медициналық орталықтың құрамына енетін ұйымдар арасында жасалған бірлескен қызмет туралы шарттың болуы;
2) алқалы басқару органы мен атқарушы органның болуы;
3) интеграцияланған академиялық медициналық орталықтың алқалы басқару органы бекіткен даму стратегиясының болуы;
4) интеграцияланған академиялық медициналық орталық құрамына кіретін Университеттің шетелдік оқытушы-профессорлар құрамының үлесі штат санының кемінде бес пайызын құрайды;
5) халықаралық біріккен комиссияның (JCI, Америка Құрама Штаттары) стандарттары бойынша аккредиттеуден өткені туралы куәлігі бар өзінің көпбейінді университеттік ауруханасының болуы;
6) тиісті зертханалық практика (GLP) және (немесе) тиісті клиникалық практиканың (GCP) стандарттарына сәйкес келетін өзінің ғылыми зертханасының болуы.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.04.2023 № 69 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.