БҰЙЫРАМЫН:
1. "Клиникалық база, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйым клиникасы, университеттік аурухана, резидентура базасы, интеграцияланған академиялық медициналық орталық туралы ережелерді және оларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ – 304/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21848 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 220-бабының 4-тармағына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 40-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген клиникалық база туралы ереже және оған қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы клиникалық база туралы ереже және оған қойылатын талаптар (бұдан әрі – Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 220-бабының 4-тармағына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 40-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.";
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының клиникасы туралы ереже және оған қойылатын талаптарда:
1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының клиникасы туралы ереже және оған қойылатын талаптар (бұдан әрі – Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 220-бабының 4-тармағына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 40-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.";
"2. Осы Ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымы – "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Денсаулық сақтаумен және әлеуметтік қамсыздандырумен (медицина) байланысты пәнаралық бағдарламалар" даярлық бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
4) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының клиникасы (бұдан әрі – ДСБҰК) – білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі немесе денсаулық сақтау ұйымы, оның базасында ғылым мен практиканың қазіргі жетістіктері негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша медициналық білімнің білім беру бағдарламалары іске асырылады;
5) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын ұсынып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;
6) резидент-дәрігер – резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алатын және тәлімгердің қадағалауымен медициналық ұйымда жұмыс істейтін дәрігер;
7) тәлімгер – медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға және жас мамандарға кәсіптік бейімделуде практикалық көмек көрсету үшін медициналық ұйымның немесе медициналық білім беру ұйымының басшысы тағайындайтын, кемінде бес жыл өтілі бар, қызметін білім берудің, ғылым мен практиканың үштігі негізінде жүзеге асыратын медицина қызметкері.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) меншік иесінің және уәкілетті органның келісімі болған кезде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде екінші деңгейде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымы алады.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) медициналық қызметтер көрсету;";
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген Университеттік аурухана туралы ереже және оған қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы университеттік аурухана туралы ереже және оған қойылатын талаптар (бұдан әрі – Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 220-бабының 4-тармағына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 40-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) медициналық көмек көрсететін көпбейінді денсаулық сақтау ұйымы:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беруді сенімгерлік басқаруындағы ұйым;
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымының еншілес ұйымы болып табылады.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) медициналық қызметтер көрсету;";
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшамен бекітілген Резидентура базасы туралы ереже және оған қойылатын талаптар:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы резидентура базасы туралы ереже және оған қойылатын талаптар (бұдан әрі – Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 220-бабының 4-тармағына және 1-бабы 1-тармағының 217) тармақшасына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 40-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.";
көрсетілген бұйрыққа 5-қосымшамен бекітілген интеграцияланған академиялық медициналық орталық туралы ереже және оған қойылатын талаптарда:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы интеграцияланған академиялық медициналық орталық туралы ереже және оған қойылатын талаптар (бұдан әрі – Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 220-бабының 4-тармағына және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 40-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"Базасында денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарының бөлімшелері (бейінді клиникалар, клиникалық кафедралар) орналасқан интеграцияланған академиялық медициналық орталықтың клиникалық бөлімшелерінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қосымша қаржыландыру коэффициенті белгіленеді.";
5, 6 - тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Алға қойылған міндеттерді шешу үшін интеграцияланған академиялық медициналық орталық мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) ғылыми зерттеулердің нәтижелерін оқу және клиникалық процесте пайдалану, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру ұйымының, ғылыми ұйымдар мен клиникалық базалар арасында тығыз байланыстар орнату есебінен білімнің, ғылымның және практиканың интеграциялануын қамтамасыз ету;
2) ғылыми, білім беру және клиникалық қызметтердің тиімділігін арттыру үшін ресурстарды бірлесіп пайдалану;
3) білім беру, ғылыми және клиникалық қызметтерді қамтамасыз ету үшін бірыңғай ақпараттық орта құру;
4) бірлестік базасында денсаулық сақтау қызметкерлерін үздіксіз кәсіптік дамытуды даярлаудың бірыңғай жүйесін іске асыру;
5) ғылыми зерттеулердің нәтижелерін білім беру процесі мен практикаларға тиімді көшіруді қамтамасыз ету;
6) денсаулық сақтаудың басым бағыттары бойынша мамандар даярлау үшін қазіргі заманғы базаны құру;
7) ақпаратпен және қабылданатын шешімдермен алмасу кезінде транспаренттілікті арттыру, өкілеттіктер мен міндеттерді бөлу, еңбек жағдайлары мен қоршаған орта үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету жолымен басқарудың тиімді корпоративтік жүйесін қалыптастыру;
8) үздік халықаралық практика негізінде диагностика және емдеу хаттамаларын талдау, сынақтан өткізу, енгізу және іске асыру, оларды кейіннен республиканың практикалық денсаулық сақтау саласына, оның ішінде республикада тіркелмеген және (FDA) (Америка Құрама Штаттары) сертификаты, (CE) (Еуропалық Одақ) сертификаты бар дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды қолдана отырып трансляциялау;
9) халықаралық танылған санитариялық-эпидемиологиялық стандарттарды талдау, сынақтан өткізу, енгізу және пайдалану;
10) өз біліктілігін арттыру және мамандандыру бағдарламаларын іске асыру;
11) инновациялық медициналық технологияларды әзірлеу және клиникалық практикаға енгізу;
12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде медициналық білім беру жүйесін дамытуды қамтамасыз ету үшін озық әлемдік білім беру технологияларын енгізу;
13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде халықаралық тәсілдер негізінде республиканың практикалық денсаулық сақтау қажеттілігіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
14) денсаулық сақтау жүйесіне апробацияланған инновациялық медициналық технологияларды, біліктілікті арттыру және мамандандыру бағдарламаларын, білім беру бағдарламаларын, халықаралық стандарттарды трансляциялау.";
"6. Интеграцияланған академиялық медициналық орталыққа қойылатын талаптар:
1) интеграцияланған академиялық медициналық орталықтың құрамына енетін ұйымдар арасында жасалған бірлескен қызмет туралы шарттың болуы;
2) алқалы басқару органы мен атқарушы органның болуы;
3) интеграцияланған академиялық медициналық орталықтың алқалы басқару органы бекіткен даму стратегиясының болуы;
4) интеграцияланған академиялық медициналық орталық құрамына кіретін Университеттің шетелдік оқытушы-профессорлар құрамының үлесі штат санының кемінде бес пайызын құрайды;
5) халықаралық біріккен комиссияның (JCI, Америка Құрама Штаттары) стандарттары бойынша аккредиттеуден өткені туралы куәлігі бар өзінің көпбейінді университеттік ауруханасының болуы;
6) тиісті зертханалық практика (GLP) және (немесе) тиісті клиникалық практиканың (GCP) стандарттарына сәйкес келетін өзінің ғылыми зертханасының болуы.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Ғиният |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрілігі