"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы 1-бабы 31-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес кейбір қаулылардың күші жойылды деп танылсын.
2. "Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Бектұроваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің міндетін атқарушы |
Е. Кизатов |
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 26 қазаны № 502-2499 қаулысына қосымша |
Күші жойылды деп танылған кейбір қаулылардың тізбесі
1. "Кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 111-1820 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 864 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 желтоқсанда "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
2. "Кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 111-1820 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 111-2033 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 984 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
3. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 102-959 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1030 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2016 жылғы 23 маусымда "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
4. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 102-960 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1031 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2016 жылғы 23 маусымда "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
5. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 102-961 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1032 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2016 жылғы 23 маусымда "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
6. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 102-962 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1033 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2016 жылғы 23 маусымда "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
7. "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 102-1473 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1060 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2016 жылғы 24 қыркүйекте "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
8. "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қазандағы № 180-1852 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1075 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2016 жылғы 5 қарашада "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
9. "Кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 111-1820 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 111-405 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1097 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2017 жылғы 15 сәуірде "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған).
10. "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 102-1473 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 502-993 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1241 болып тіркелген, 2019 жылғы 7 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған).